"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 727 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
2-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесіндегі:
мына жол:
"
Астана және Алматы қалаларының прокурорлары, облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлар | Бас Прокурор | Бас Прокурор | Комиссия* |
" |
мынадай редакцияда жазылсын:
"
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының прокурорлары, облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлар | Бас Прокурор | Бас Прокурор | Комиссия* |
"; |
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ережеде:
19-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас Прокурордың орынбасарлары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасы; Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, бірінші проректоры;".
3. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комитеттің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, облыстарда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.".
4. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-49, 313-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:
6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) тізбесі
1) Ақмола облысының прокуратурасы;
2) Ақтөбе облысының прокуратурасы;
3) Алматы облысының прокуратурасы;
4) Атырау облысының прокуратурасы;
5) Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы;
6) Жамбыл облысының прокуратурасы;
7) Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы;
8) Қарағанды облысының прокуратурасы;
9) Қостанай облысының прокуратурасы;
10) Қызылорда облысының прокуратурасы;
11) Маңғыстау облысының прокуратурасы;
12) Павлодар облысының прокуратурасы;
13) Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы;
14) Түркістан облысының прокуратурасы;
15) Астана қаласының прокуратурасы;
16) Алматы қаласының прокуратурасы;
17) Шымкент қаласының прокуратурасы;
18) Бас әскери прокуратура;
19) Бас көлік прокуратурасы.";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесіне ("Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісімен).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 727 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына 2-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы прокуратурасының
ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ
Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары | 5716 |