Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 727 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 7 тамыздағы
№ 727 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

      2-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комитеттің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, облыстарда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.".

      4. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-49, 313-құжат):

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

      6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) тізбесі

      1) Ақмола облысының прокуратурасы;

      2) Ақтөбе облысының прокуратурасы;

      3) Алматы облысының прокуратурасы;

      4) Атырау облысының прокуратурасы;

      5) Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы;

      6) Жамбыл облысының прокуратурасы;

      7) Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы;

      8) Қарағанды облысының прокуратурасы;

      9) Қостанай облысының прокуратурасы;

      10) Қызылорда облысының прокуратурасы;

      11) Маңғыстау облысының прокуратурасы;

      12) Павлодар облысының прокуратурасы;

      13) Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы;

      14) Түркістан облысының прокуратурасы;

      15) Астана қаласының прокуратурасы;

      16) Алматы қаласының прокуратурасы;

      17) Шымкент қаласының прокуратурасы;

      18) Бас әскери прокуратура;

      19) Бас көлік прокуратурасы.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесіне ("Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісімен).

 
  Қазақстан Республикасы Президентінің
2018 жылғы 7 тамыздағы
№ 727 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы прокуратурасының
ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары

5716