Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6, 10, 31, 34-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Шымкент қалалық соты;
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты;
Түркістан облысы Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты;
Түркістан облысы Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты құрылсын.
2. Мыналар:
Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Түркістан облыстық соты болып;
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Түркістан облысының аудандық және оған теңестірілген соттары болып;
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары Шымкент қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары болып;
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық соты Түркістан облысының Жетісай аудандық соты болып;
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының № 2 аудандық соты Түркістан облысы Мақтаарал аудандық соты болып;
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының № 2 аудандық соты Түркістан облысы Келес аудандық соты болып қайта аталсын.
3. Қайта аталатын соттардың төрағалары мен судьялары қайта аталған соттардың төрағалары мен судьялары болып есептелсін.
4. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының № 3 аудандық соты таратылсын.
5. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес соттардың кейбір төрағалары мен судьялары қызметке тағайындалсын және қызметінен босатылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
7. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
8. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 60, 589-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Департаменттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2-тармақ алып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.";
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
"18. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
9. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
10. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Презнденті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 717 Жарлығына ҚОСЫМША |
1. Төраға қызметіне:
Ақмола облысы бойынша: | |
Атбасар аудандық сотына | Бекенов Нұрлан Сәдуұлы осы облыстың Астрахан аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Жақсы аудандық сотына | Ахметжанов Ермек Басбатырұлы осы облыстың Жарқайың аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Ақтөбе облысы бойынша: | |
Ырғыз аудандық сотына | Бақытжан Ерлан Сағынайұлы осы облыстың Ақтөбе қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Дүйсен Мақсат Құдайбергенұлы осы облыстың Мәртөк аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Ақтөбе қалалық сотына | Сембеков Қанат Сейітжаппарұлы; |
Алматы облысы бойынша: | |
Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Алдабергенов Айдын Сайлаубекұлы; |
Талғар аудандық сотына | Текетаев Мақсұт Нысанбайұлы; |
Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына | Алдабергенова Эльмира Сатыбалдықызы; |
Атырау облысы бойынша: | |
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Дүйсебалиева Бақытгүл Сағынқызы осы облыстың Атырау қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша: | |
Аягөз аудандық сотына | Мергембаев Берғали Нұрғалиұлы осы облыстың Зайсан аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Бесқарағай аудандық сотына | Қалиев Ардақ Серікбосынұлы; |
Зайсан аудандық сотына | Хасенбаев Нияз Зиядабекұлы; |
Күршім аудандық сотына | Байжумин Нұрлан Болтанұлы осы облыстың Зырян ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Зырян ауданының № 2 аудандық сотына | Қостыбаев Ерлан Мырзатайұлы осы облыстың Зырян аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Сәрсенбаев Санат Слямжанұлы осы облыстың Өскемен қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қарағанды облысы бойынша: | |
Жезқазған қалалық сотына | Шортанбаев Жанболат Бектұрсынұлы осы облыстың Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына | Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы осы облыстың Шахтинск қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Теміртау қалалық сотына | Амрашев Талғат Балташұлы осы облыстың Саран қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Ұлытау аудандық сотына | Базылова Гүлсім Зеймолдақызы осы облыстың Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қостанай облысы бойынша: | |
Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Райысов Абай Әбдіғалиұлы осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қызылорда облысы бойынша: | |
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Тұрғанбаев Марат Айтбайұлы осы облыстың Байқоңыр қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Маңғыстау облысы бойынша: | |
Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Елемесов Бауыржан Жәумітбайұлы осы облыстың Мұнайлы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Павлодар облысы бойынша: | |
Ақтоғай аудандық сотына | Кенишев Серік Болатқазыұлы осы облыстың Екібастұз қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Ертіс аудандық сотына | Нұржанова Динара Қабдылманапқызы; |
Павлодар қалалық сотына | Жаманбаев Бақытберген Мейірханұлы Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: | |
Тайынша ауданының № 2 аудандық сотына | Әлнәзіров Қайрош Бейсекұлы Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Қайратұлы Дәурен осы облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Шал ақын аудандық сотына | Курынова Татьяна Борисовна осы облыстың Петропавл қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Түркістан облысы бойынша: | |
Түлкібас аудандық сотына | Бекназаров Маратәлі Өсербайұлы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Шымкент қаласы бойынша: | |
мамандандырылған тергеу сотына | Мыңбатыров Ғалым Қанбатырұлы Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Алматы қаласы бойынша: | |
Жетісу ауданының № 2 аудандық сотына | Мыятбеков Тұрысбек Ерболғанұлы Алматы облысы Талғар аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына | Қатықбаев Болатбек Әділханұлы Алматы қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Астана қаласы бойынша: | |
мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына | Бекназаров Нариман Бектасұлы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып |
тағайындалсын.
2. Судья қызметіне:
Шымкент қалалық сотына | Әуезов Наурызбай Тәжіханұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Биболов Нұрлан Зұлпыхарұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Дүйсебеков Бәйдібек Сәулебекұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Керімшеев Әділ Құлманұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Ким Жанна Викторовна Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Қыдырбаева Гүлмира Дұрысбекқызы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Мирошников Виталий Николаевич Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Орынбаева Лаура Орынбайқызы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Парменов Мұхтар Абайұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Смайылова Тамара Қалиқызы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Тәкішева Ләйлә Мәденқызы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Чокморова Аида Сүйерқұлқызы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Шығыс Қазақстан облыстық сотына | Берікболов Ернар Бұқарбайұлы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Николаева Ирина Владимировна Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қызылорда облыстық сотына | Өміртайұлы Нұрлан Ақмола облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Солтүстік Қазақстан облыстық сотына | Садықова Сәуле Жолдасқызы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Ақмола облысы бойынша: | |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына | Жақыпов Арай Ашмұхамбетұлы осы облыстың Жақсы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Ақтөбе облысы бойынша: | |
Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Әбдіров Асхат Амантайұлы осы облыстың Әйтеке би аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Алматы облысы бойынша: | |
Талдықорған қалалық сотына | Қырғабақов Марлен Болатұлы Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша: | |
Риддер қалалық сотына | Оспанова Ғалия Жеңісқызы осы облыстың Риддер қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына | Жүніспекова Салтанат Серікжанқызы осы облыстың Күршім ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Семей қаласының № 2 сотына | Шымыров Ермек Тілеубекұлы осы облыстың Күршім аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Қарағанды облысы бойынша: | |
Бұқар жырау аудандық сотына | Муталяпова Айгүл Төлегенқызы осы облыстың Қаражал қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотына | Жолкенов Шамшилдин Жолкенұлы осы облыстың Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына | Дүйсенбаев Дәурен Кәкемұлы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Мақсұтов Данияр Нығметұлы осы облыстың Шахтинск қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Қожабергенов Марат Амангелдіұлы осы облыстың Қаражал қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Қостанай облысы бойынша: | |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына | Найманов Мұрат Құлбайұлы осы облыстың Қостанай қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Маңғыстау облысы бойынша: | |
Жаңаөзен қалалық сотына | Дарғұлова Несіп Терекбайқызы осы облыстың Қарақия аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Түпқараған аудандық сотына | Бегенов Едіге Берекетұлы осы облыстың Ақтау қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: | |
Петропавл қалалық сотына | Жаналина Әсем Маратқызы осы облыстың Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына | Оразымбетова Эльвира Назымбекқызы осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Түркістан облысы бойынша: | |
Жетісай аудандық сотына | Қожамқұлов Ермек Амангелдіұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы № 3 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қазығұрт аудандық сотына | Рахымбаева Гүлмира Диханқызы Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Мақтаарал аудандық сотына | Сарқұлов Иржан Жолбарысұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы № 3 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына | Жанысбаева Гүлзат Үсенқызы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Қосмұратов Әбдуәли Сматуллаұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Шымкент қаласы бойынша: | |
Әл-Фараби аудандық сотына | Медеубекова Айжан Ақылбекқызы Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына | Балтаева Феруза Анарқұлқызы Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Рүстемова Айгүл Мақсатбекқызы Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына | Қарабаев Әбинұр Бердібекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Шахидинов Әбсаттар Әбдіхалықұлы Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына | Дербісова Айгүл Мамырқызы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Жүсіпова Айгүл Дәуітқызы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Қалдиева Луара Нұрмаханбетқызы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Кәрім Серік Сейтжанұлы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Мұздыбаева Махаббат Амангелдіқызы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Рахынбаев Нұрдаулет Нұрлыбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Тұрлыбекова Гүлжан Паезиллақызы Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Алматы қаласы бойынша: | |
мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына | Жарылғасова Марал Серікбайқызы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Астана қаласы бойынша: | |
Алматы аудандық сотына | Байкенова Айгүл Бақытқызы Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Бозжігітова Аннаш Дүйсенбайқызы Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Мырзатаева Эльмира Әдеханқызы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Щеглов Сержан Бақытбекұлы Павлодар облысы Павлодар қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Есіл аудандық сотына | Аяпбергенова Айгүл Дүйсенбекқызы Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Дәулетова Мәдина Мұратқызы Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Сарыарқа аудандық сотына | Рашқалиева Гүлзада Елтайқызы Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Шәймерденова Айгүл Садыққызы Қарағанды облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Шәмшілдін Толқын Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына | Нұрғалиева Жанар Жамбылқызы Павлодар облысы Павлодар қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып |
тағайындалсын.
3. Атқаратын қызметінен:
Ақтөбе облыстық сотының судьясы | Алматова Бақыт-Жамал Шахқызы орнынан түсуіне байланысты; |
Алматы облыстық сотының судьясы | Сағымбеков Жасамұрат Әбілмажинұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы | Рычков Владимир Васильевич зейнеткерлік жасқа толуына байланысты; |
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы | Бычков Владимир Евгеньевич орнынан түсуіне байланысты; |
Маңғыстау облыстық сотының судьялары | Иманғалиева Гүлжахан Мырзағұлқызы орнынан түсуіне байланысты; Шоқанова Бекзат Шұғайқызы орнынан түсуіне байланысты; |
Ақмола облысы бойынша: | |
Шортанды аудандық сотының төрағасы | Бейсекеев Қанат Әміржанұлы судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша; |
Алматы облысы бойынша: | |
Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы | Шұтанбаев Бүркітбай Имашұлы қайтыс болуына байланысты; |
Жамбыл облысы бойынша: | |
Тараз қалалық сотының судьясы | Бейсенбаев Досбол Тоқтарбекұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша; |
Қарағанды облысы бойынша: | |
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының судьясы | Жұмағұлов Мәулет Аханұлы орнынан түсуіне байланысты |
босатылсын.