"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 567 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      5-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев