Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      (үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 366 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы

33


       "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

33


       ".

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" мемлекеттік мекемесі";

      16-тармақтың 2) тармақшасында:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының функциялары:";

      жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "құрылыстың, қайта жаңарту мен күрделі жөндеудің ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының объектілерін салуды, қайта жаңарту мен күрделі жөндеуді ұйымдастырады, тұрғын үйді, әлеуметтік-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалау мен салуды ұйымдастырады;";

      оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының балансындағы объектілерді пайдалануды, сондай-ақ оларға бекітілген үй-жайларды, жабдық пен өзге де мүлікті, сондай-ақ іргелес аумақты қалыпты жай-күйде күтіп ұстауды ұйымдастырады;

      қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметі үшін қажетті жағдай жасау мақсатында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының жұмысына басшылық етуді, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;";

      он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;";

      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:

      он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      3. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымында оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы".

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығында ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар).

      5. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      Мемлекеттік саяси лауазымдар деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы және оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары";

      Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар деген 2-тарауда:

      "А" корпусы бөлімінде:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары" деген жол алып тасталсын.

      6. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      8-тармақтың 2) тармақшасындағы "төрағалары" деген сөз "төрағалары лауазымдарын қамтиды." деген сөздермен ауыстырылсын, 3) тармақшасы алып тасталсын.

      7. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидаларында:

      4-тармақтың 2) тармақшасында:

      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері; Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры және оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары, олардың орынбасарлары; "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры, атқарушы директоры, директордың орынбасарлары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына;";

      9-тармақта:

      екінші бөлік алып тасталсын.

      8. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      "

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы және оның орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы


       "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы


       ".