Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 316 Жарлығы.

Жаңартылған

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 316 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі
мәселелері бойынша енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:

      Исекешев - Астана қаласының әкімі, төраға

      Әсет Өрентайұлы орынбасары енгізілсін;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Ә.Р. Жақсыбеков шығарылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

      Жұмагелдиева - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар

      Гүлнар Амангелдіқызы федерациясы төрағасының орынбасары

      (келісім бойынша) енгізілсін;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Қ.Қ. Айтуғанов шығарылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.

      4. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 973 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 75, 665-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамына:

      Қасымбек - Қазақстан Республикасының

      Жеңіс Махмұдұлы Инвестициялар және даму министрі,

      Тоқтабаев - Қазақстан Республикасының

      Тимур Серікұлы Инвестициялар және даму вице-министрі енгізілсін;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Ә.Ө. Исекешев, С.С. Сәрсенов шығарылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:

Мырзахметов
Асқар Исабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі,

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі енгізілсін;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Ә.Ө. Исекешев шығарылсын.

      6. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына:

      Жақсыбеков - Қазақстан Республикасы Президенті

      Әділбек Рыскелдіұлы Әкімшілігінің Басшысы, төраға енгізілсін;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.З. Нығматулин шығарылсын.