Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.
      2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев
 

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына  
1-ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 27.09.2016 № 341 Жарлығымен.

      Смолин Анатолий               - Төраға
      Сергеевич

      мүшелері:

      Рычков                        - Қазақстан Республикасы Әскери
      Владимир Васильевич             сотының судьясы

      Балағұмарова                  - Астана қалалық сотының
      Ардақ Дүйсенбекқызы             судьясы

      Қаржаубаев                    - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
      Ербол Қазиұлы                   ұлттық университетінің кафедра
                                      меңгерушісі, заң ғылымдарының
                                      докторы, профессор

      Кудекова                      - Астана қаласы Алматы аудандық
      Ләзат Серікқызы                 сотының судьясы

      Құрықбаев                     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
      Әділ Жамбасбайұлы               Сотының судьясы

      Мамонтов                      - отставкадағы судья
      Николай Иванович

      Пазылов                       - отставкадағы судья
      Нәби Әлиакбарұлы

      Раисова                       - Республикалық адвокаттар алқасы
      Балгүл Амангелдіқызы            төрағасының кеңесші

      Хожабергенов                  - Астана қаласы Алматы аудандық
      Мұрат Амангелдіұлы              сотының судьясы

      Кеңес құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы кіреді.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына  
2-ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір күші
жойылған жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 482-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығының 1-тармағының 11) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 74 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 440-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 664-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 351-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 676 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 832-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).