Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 341 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып:
Рычков                       - Қазақстан Республикасы Әскери
Владимир Васильевич            сотының судьясы тағайындалсын;
      аталған Кеңестің құрамынан Ж.Р. Аланов шығарылсын;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі" деген сөздер "мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органының басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев