РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына) көзделген бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Әскери соттың әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына) республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) қарамағындағы аумақтық органдар осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 60, 589-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (соттар әкімшілері бар) жергілікті және басқа да соттардың (бұдан әрі - соттар әкімшілері) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
15-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) соттардың, Департаменттің және соттар әкімшілерінің ғимараттарын, үй-жайларын салуды, жөндеуді және техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;
12) соттар әкімшілерінің, Департаментке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджет қаражатын жұмсауына бақылауды жүзеге асыру, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау;»;
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) соттар әкімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргізу;»;
20-тармақта:
1), 3), 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге қызметкерлерін, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
8) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және соттар әкімшілері туралы үлгілік ережені бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;»;
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Департаменттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1-тармақ алып тасталсын.
Департаменттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
17. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Әскери соттың әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
5. Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында тіркелуін және қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 165 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Ақмола облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Алматы облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Атырау облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Шығыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
6. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Жамбыл облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
7. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
8. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
9. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қостанай облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
10 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
11. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Маңғыстау облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
12. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Павлодар облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
13. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
14. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
15. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Астана қалалық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін» қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
16. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Алматы қалалық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.