"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 86 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:

      15-тармақтың 4) тармақшасында:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидаларын;";

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын;

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бақылау материалдарын беру қағидаларын;";

      19-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Есеп комитеті мүшелерінің қызметін бағалау әдістемесін бекітеді;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев