ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін оның аппараты - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі, Қауіпсіздік Кенесінің Ахуалдық орталығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі, Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі қамтамасыз етіп, олардың құрылымы мен штат санын Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы айқындайды.»;
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2-тармақтармен толықтырылсын:
«25-1. Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары
25-2. Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары»;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2-тармақтармен толықтырылсын:
«29-1. Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары
29-2. Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары»;
3) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2008 ж., № 5, 52-құжат):
1-тармақта «366» деген цифрлар «369» деген цифрлармен
ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің құрылымы:
мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, он бірінші және он екінші жолдармен толықтырылсын:
«Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары»;
«Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі»;
4) «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19,
320-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер
лауазымдарының тізілімінде:
«Мемлекеттік саяси лауазымдар» бөлімінде:
«Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік
Кеңесінің хатшысы, оның орынбасарлары» деген жол мынадай редакцияда
жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік
Кеңесінің хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары».
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев