Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік берілген органдар мен ұйым туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 20 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Әділет және Қаржы министрліктері 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі - Шарт), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауды қарау;
      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика және Әділет министрліктері Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдары шешімдерінің ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық одақтың сотына (бұдан әрі - Одақ Соты) Қазақстан Республикасының атынан жүгінуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті ұйым ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өз функцияларының шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін білдіру, қорғау мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен Одақ Сотына өтінішпен жүгіне алады.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Одақ Сотын хабардар етсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев