Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – Шарт), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауды қарау;
2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдары шешімдерінің ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық одақтың сотына (бұдан әрі – Одақ Соты) Қазақстан Республикасының атынан жүгінуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 27.02.2021 № 526; 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.1-1. Мемлекеттік органдардың Одақ Сотына өтініштері Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жіберіледі.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 27.02.2021 № 526; жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті ұйым ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өз функцияларының шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін білдіру, қорғау мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен Одақ Сотына өтінішпен жүгіне алады.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Одақ Сотын хабардар етсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |