Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі» мемлекеттік мекемесі:
      1) оны мынадай мемлекеттік мекемелерге:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосына;
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге бөлу арқылы;
      2) оның жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ радиоэлектрондық және радиотехникалық барлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже (құпия);
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық қызметінің қарамағындағы аумақтық органдар осы Жарлыққа қосымшаға (құпия) сәйкес таратылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы Жарлық, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он төртінші, он бесінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, отыз бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жүз он бірінші және жүз он екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 954 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) күзетуге, Үкіметтік байланыс қызметінің міндеттерін іске асыруға басшылықты, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.»;
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, аумақтық және өзге де органдары, сондай-ақ мынадай: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (құпия), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі (құпия) ведомстволары бар.»;
      11-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;»;
      мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-2) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу;
      8-3) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
      8-4) ұлттық қауіпсіздік органдарын басқару, олардың қызметін ұйымдастыруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру және іске асыру;
      8-5) заңнамада белгіленген тәртіппен жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру және жүргізу;
      8-6) жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;»;
      12-тармақта:
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел-іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радиоқарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;»;
      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «53) ұлттық қауіпсіздік органдарының психофизиологиялық зерттеулерді жүргізу тәртібін, ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуі адамдардың денсаулығы жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «53-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында полиграфологиялық зерттеулердің жүргізілу тәртібін айқындайды;»;
      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «55) ұлттық қауіпсіздік органдарының уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында, абақтыларында ұсталғандарды, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға күдіктілерді, айыпталушыларды заңнамаға сәйкес қамауда ұстауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, олардың жұмыс істеу және оларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалау тәртібін белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 64-1), 64-2), 64-3), 64-4), 64-5), 64-6), 64-7), 64-8), 64-9), 64-10), 64-11), 64-12), 64-13), 64-14), 64-15), 64-16), 64-17) және 64-18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «64-1) (құпия);
      64-2) (құпия);
      64-3) (құпия);
      64-4) (құпия);
      64-5) (құпия);
      64-6) (құпия);
      64-7) (құпия);
      64-8) (құпия);
      64-9) (құпия);
      64-10) (құпия);
      64-11) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      64-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      64-13) Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімімен айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      64-14) ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің және өзге де сыртқы барлау субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың (жедел бүркеме құжаттарын) құжаттарын дайындауды және (немесе) ресімдеуді белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;
      64-15) радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
      64-16) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды;
      64-17) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;
      64-18) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;»;
      12-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің функциялары:
      «1) (құпия);
      2) (құпия);
      3) (құпия);
      4) (құпия);
      5) (құпия);
      6) (құпия);
      7) (құпия);
      8) (құпия);
      9) (құпия);
      10) (құпия);
      11) (құпия);
      12) (құпия);
      13) (құпия);
      14) (құпия);
      15) (құпия).»;
      12-3-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) жұмысы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін радиоэлектрондық құралдармен берілетін радиосәулелерді анықтауға;»;
      13-тармақта:
      1)5)7)9)11) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тергеп-тексерілуі заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жалпы және арнайы жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, сараптамалық-криминалистикалық, психологиялық-социологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуге;»;
      «5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамамен көзделген шектерде басқа органдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;»;
      «7) заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негізді күдік туғызған кезде азаматтардан олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға күдік туғызған адамдарды ұстауға, құжаттарды тексеруді, ұсталғандарды және олардың көлік құралдарын жеке тексеріп қарауды, сондай-ақ олардың өздерімен болған заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыруға;»;
      «9) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік туғызған адамдарды қудалау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге бару және жедел медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалануға құқылы. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары олардың байланыс құралдары мен көлік құралдары иелерінің талаптары бойынша осының салдарынан келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;»;
      «11) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қатерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізуге;»;
      «14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстаған адамдарға қатысты оларды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторы және тергеу изоляторлары бар болуға құқылы. Жекелеген жағдайларда, олар ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімімен, - құқық қорғау органдары, соттар ұстаған және қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін пайдаланады;»;
      19-1) тармақша алып тасталсын;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін немесе құпия негізде ұлттық қауіпсіздік органдарына жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалануға, әзірлеуге және (немесе) ресімдеуге құқылы.
      Ұлттық қауіпсіздік органдары осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олар беретін құжаттарды пайдалану қажет болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар өтеусіз негізде ұлттық қауіпсіздік органдары үшін бірлескен оларды нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен құжаттарды әзірлейді және (немесе) ресімдейді;»;
      мынадай мазмұндағы 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «29-1) сыртқы барлау және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында жасау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін әзірлеуге және (немесе) ресімдеуге құқылы.
      Сыртқы барлаудың өзге де субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдар осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін құжаттарды, оның ішінде оларға берілетін құжаттарды пайдалану қажет болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар өтеусіз негізде оларды бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен әзірлейді және (немесе) ресімдейді;
      29-2) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттар мен қызметтік куәліктердің бланкілерін, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сұрауларды жіберуге;»;
      мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3), 31-4) және 31-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31-1) жедел-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға және тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеулер жүргізуге, олар бойынша тиісті қорытындылар беруге;
      31-2) арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар (рұқсат беретін құжаттар) беру, криптографиялық функциялары бар тауарлардың сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу, олар бойынша тиісті рұқсаттарды беру және нотификациялар тіркеу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
      31-3) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың импортына және экспортына лицензияларды келісуді жүзеге асыруға;
      31-4) (құпия);
      31-5) (құпия);»;
      16-тармақта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) халықаралық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен немесе құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдерін жібереді;»;
      76) және 86) тармақшалар алып тасталсын;
      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «92) (құпия);»;
      мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «92-1) (құпия);»;
      116) тармақша алып тасталсын;
      117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «117) (құпия);»;
      118) тармақша алып тасталсын;
      122) және 123) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «122) (құпия);
      123) (құпия);»;
      124-4) тармақша алып тасталсын;
      124-8) және 124-9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «124-8) (құпия);
      124-9) (құпия);»;
      мынадай мазмұндағы 124-10), 124-11), 124-12), 124-13), 124-14) және 124-15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «124-10) (құпия);
      124-11) (құпия);
      124-12) (құпия);
      124-13) (құпия);
      124-14) (құпия);
      124-15) (құпия);»;
      125-23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «125-23) Бейбіт уақытта және соғыс уақытында ұлттық қауіпсіздік органдарының құжаттық шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланысының ведомстволық желілерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 125-28) тармақшамен толықтырылсын:
      «125-28) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Бағдарламалық құралдармен, арнайы және өзге де техникалық құралдармен жарақтандыру саласында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметін бірыңғай саясатын тұжырымдау үшін консультативтік-кеңесші орган - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Техникалық кеңесі құрылады. Техникалық кеңес қызметінің құрамы мен тәртібі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін Ережемен регламенттеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде арнайы мемлекеттік мұрағат құрылады, оның қызмет тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.»;
      «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі» деген бөлімнің «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпарат қызметі» деген кіші бөлімі алып тасталсын;
      «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлімнің «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген кіші бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
      «14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы (құпия).».
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2011 ж., № 60, 849-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:
      18-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын актілерден басқа нормативтік құқықтық актілерді бекітуге;».
      3. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат; № 53, 742-құжат; 2012 ж., № 49, 666-құжат; 2013 ж., № 31, 465-құжат; 2014 ж., № 30, 254-құжат; № 32, 279-құжат; № 45, 434-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
      мына:
«Арнаулы ақпарат қызметінің             - ұлттық қауіпсіздік генерал-
директоры                                 майоры»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Үкіметтік байланыс қызметінің          - ұлттық қауіпсіздік генерал-
директоры                                 майоры».
      4. Құпия.
      5. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат; № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 24, 379-құжат; № 24, 381-құжат; № 29, 439-құжат; № 31, 465-құжат, № 33, 497-құжат, № 43, 633-құжат, 2014 ж., № 1, 1-құжат, № 3, 17-құжат; № 38-39, 368-құжат; № 45, 434-құжат):
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тізбесінде:
      мына:

«Қазақстан Республикасы ҰҚК Арнаулы ақпарат қызметінің директоры

Президент

ҰҚК Төрағасы

Әкімшілік Басшысы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры

Президент

ҰҚК Төрағасы

Әкімшілік Басшысы»;

      2) жоғарғыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ережеде:
      17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, ҰҚК Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, облыстық департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Ғылыми-зерттеу институтының, ҰҚК Арнайы техникалық әзірлемелер орталығының, ҰҚК Академиясының және ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;».
      6. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 53, 742-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат): 10, 11 және 15-1 қосымшалар («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).
      7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 449-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 53, 742-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат): 16-қосымша («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).
      8. Құпия.