Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі" мемлекеттік мекемесі:

      1) оны мынадай мемлекеттік мекемелерге:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі" - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосына;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы" - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге бөлу арқылы;

      2) оның жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ радиоэлектрондық және радиотехникалық барлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру арқылы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.07.2022 № 955 Жарлығымен.

      3. Көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық қызметінің қарамағындағы аумақтық органдар осы Жарлыққа қосымшаға (құпия) сәйкес таратылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы Жарлық, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он төртінші, он бесінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, отыз бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жүз он бірінші және жүз он екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 954 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 17.05.2022 № 893 Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында басшылықты және үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету мен шифрлау жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасында үкіметтік байланысты қамтамасыз ететін уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы шифрлау қызметінің орталық органы болып табылады.

      2. Қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Қызмет республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ тіліндегі өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Қызмет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Қызметтің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Қызмет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қызмет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Қызметтің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Сығанақ көшесі, 49.

      9. Қызметтің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Қызметтің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Қызметтің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Қызметке кәсіпкерлік субъектілерімен Қызмет өкілеттіктерінің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Қызметке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Қызметтің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын бейбіт және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын қорғалған байланыспен қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмыстарын ұйымдастыру;

      3) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қорғалған байланыс желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер болып табылады.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер қабылдау;

      2) сотқа жүгіну;

      3) стационарлық объектілерді, телекоммуникация желілерін салуды ұйымдастыру, телкоммуникация құралдары мен шифрлау құралдарын орналастыру және пайдалану;

      4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік және қорғалған байланыс желілерін құру және қайта құру;

      5) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің қаупін іске асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстар енгізу;

      6) үкіметтік және республикалық желілерінің қорғалған байланысты ұйымдастыру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі мен қауіпсіздігі бөлігінде нұсқаулар және (немесе) ұсынымдар жолдау;

      7) телекоммуникация құралдары мен шифрлау құралдары орналасқан, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік және қорғалған байланыс желілері өтетін ғимараттарға, объектілерге, үй-жайларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін кіруге рұқсат алу;

      8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға телекоммуникация құралдарын орналастыру үшін үй-жайлар бөлу қажеттілігі туралы талаптар қою;

      9) телекоммуникация арналарын, үй-жайларды жалға алу бойынша, баланста тұрған телекоммуникация желілеріне техникалық қызмет көрсету бойынша, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік және қорғалған байланыс желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін телекоммуникация құралдары мен электрмен жабдықтау жабдықтарын жеткізуге шарттар жасасу;

      10) үй-жайлар мен телекоммуникация желілерін беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      11) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан үкіметтік байланыс пен шифрлау жұмысы мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      12) шифрлау жұмысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап ету, шифрлау жұмысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ нұсқаулар мен ұсынымдардың орындалуына тиісті тексерулер ұйымдастыру;

      13) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерін және (немесе) жұмыскерлерін тарта отырып, шифрлау жұмысында туындаған мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын құру;

      14) қорғалған байланыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактісі бойынша шифрлау қызметі органдарында қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық ету және қатысу;

      15) ол тұрған жерден тысқары жерлерде Қызмет функциясының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің болуы;

      16) Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін қызметтік іссапарға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберу;

      17) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік байланысы мен құпияландырылған байланысын ұсыну сапасын арттыру;

      18) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік байланыс желілері мен арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің сенімділігін қамтамасыз ету;

      19) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланысының мемлекетаралық, ведомствоаралық және ведомстволық желілерін қайта жарақтау қажеттілігі мен орындылығын айқындау, сондай-ақ тиісті ұсыныстар енгізу;

      20) жеке техникалық базада телекоммуникация құралдары мен шифрлау құралдарына қызмет қөрсету бойынша Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында тиісті курстар ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      21) Қызметке кіретін бөлемшелердің іс-қимылын басқаруды, үйлестіруді және үйлесімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      22) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдау және оларды қарау;

      23) құпия;

      24) құпия;

      25) құпия;

      26) құпия;

      27) құпия;

      28) құпия;

      29) құпия;

      30) құпия;

      31) құпия;

      32) құпия;

      33) құпия;

      34) құпия;

      35) құпия;

      36) құпия;

      37) құпия;

      38) құпия;

      39) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасында үкіметтік байланыс және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қорғалған байланыс желілерінің бейбіт және соғыс уақытында жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      2) үкіметтік, қорғалған байланыс желілерінің және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің бейбіт уақытта, жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік және қорғалған байланыс желілерінің жұмыс істеуі мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

      4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік және қорғалған байланыс желілерінде телекоммуникация құралдары мен желілерін, шифрлау құралдарын техникалық пайдалануды жүзеге асыру;

      5) үкіметтік және қорғалған байланыс желілерінің одан әрі дамуы үшін перспективалық телекоммуникациялық технологияларды, телекоммуникация құралдары мен шифрлау құралдарын зерделеуді, енгізуді жүргізу;

      6) үкіметтік және қорғалған байланыс бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің құзыретті ұйымдарымен белгіленген тәртіпте өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      7) құпия;

      8) құпия;

      9) құпия;

      10) құпия;

      11) құпия;

      12) құпия;

      13) құпия;

      14) құпия;

      15) құпия;

      16) құпия;

      17) құпия;

      18) құпия;

      19) құпия;

      20) құпия;

      21) құпия;

      22) құпия;

      23) құпия;

      24) құпия;

      25) құпия;

      26) құпия;

      27) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Қызметтің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі мен өкілеттігі

      16. Қызметке басшылықты Қызмет директоры жүзеге асырады, оған Қызметке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік жүкетеледі.

      17. Қызмет директоры Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Қызмет директорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Қызмет директорының өкілеттігі:

      1) Қызметтің жұмысын ұйымдастырады;

      2) белгіленген тәртіпте Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар (өкімдер) шығарады және нұсқаулар береді;

      3) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын қозғайтын актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттер арнаулы және құқық қорғау қызметтерімен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Қызметтің атынан өкілдік етеді;

      5) өз орынбасарларына, Қызметтің басшылары мен лауазымды адамдарына өкілеттік береді;

      6) өз құзыреті шегінде Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      7) Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін тәртіптік тұрғыдан көтермелейді және жаза қолданады;

      8) Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне белгіленген тәртіппен материалдық көмек көрсетеді;

      9) Қызметтің қызметкерлеріне өз құзыреті шегінде арнаулы атақтар береді;

      10) ҰҚК Төрағасына Қызметтің бөлімшелерін құру, тарату, орындарын ауыстыру және қайта құру, сондай-ақ оның құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      11) ҰҚК Төрағасы айқындаған өкілеттіктер шегінде Қызмет қызметкерлерінің қызмет өткеруіне, сондай-ақ жұмыскерлерінің еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді шешеді;

      12) белгіленген тәртіппен "лейтенант" және "полковник" арнаулы атағын беруге, Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін ведомстволық наградалармен наградтауға кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;

      13) Қызметтің қызметтік, материалдық-техникалық, әкімшілік және өзге де іс-қимылдарын тексеруді ұйымдастырады;

      14) ережелерін ҰҚК Төрағасы бекітетін Қызметтің орталықтарын қоспағанда, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      15) құпия;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қызмет директоры болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Қызмет директоры өз орынбасарларының, сондай-ақ өзге адамдардың өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

4-тарау. Қызметтің мүлкі

      21. Қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.

      Қызметтің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған мүліктің есебінен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) қалыптастырылады.

      22. Қызметке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қызмет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескертпе: Қызмет осы Ереженің 14-тармағының 13), 16), 20), 24) және 29) тармақшаларын, 19-тармағының 2), 7), 8), 9) 10) және 13) тармақшаларын ҰҚК Төрағасы басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жатқызған Қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты да қолданады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 954 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) күзетуге, Үкіметтік байланыс қызметінің міндеттерін іске асыруға басшылықты, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, аумақтық және өзге де органдары, сондай-ақ мынадай: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (құпия), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі (құпия) ведомстволары бар.";

      11-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;";

      мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-2) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу;

      8-3) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;

      8-4) ұлттық қауіпсіздік органдарын басқару, олардың қызметін ұйымдастыруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру және іске асыру;

      8-5) заңнамада белгіленген тәртіппен жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру және жүргізу;

      8-6) жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;";

      12-тармақта:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел-іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радиоқарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;";

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) ұлттық қауіпсіздік органдарының психофизиологиялық зерттеулерді жүргізу тәртібін, ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуі адамдардың денсаулығы жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "53-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында полиграфологиялық зерттеулердің жүргізілу тәртібін айқындайды;";

      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) ұлттық қауіпсіздік органдарының уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында, абақтыларында ұсталғандарды, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға күдіктілерді, айыпталушыларды заңнамаға сәйкес қамауда ұстауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, олардың жұмыс істеу және оларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалау тәртібін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 64-1), 64-2), 64-3), 64-4), 64-5), 64-6), 64-7), 64-8), 64-9), 64-10), 64-11), 64-12), 64-13), 64-14), 64-15), 64-16), 64-17) және 64-18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64-1) (құпия);

      64-2) (құпия);

      64-3) (құпия);

      64-4) (құпия);

      64-5) (құпия);

      64-6) (құпия);

      64-7) (құпия);

      64-8) (құпия);

      64-9) (құпия);

      64-10) (құпия);

      64-11) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      64-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      64-13) Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімімен айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      64-14) ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің және өзге де сыртқы барлау субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың (жедел бүркеме құжаттарын) құжаттарын дайындауды және (немесе) ресімдеуді белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;

      64-15) радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;

      64-16) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды;

      64-17) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;

      64-18) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;";

      12-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің функциялары:

      "1) (құпия);

      2) (құпия);

      3) (құпия);

      4) (құпия);

      5) (құпия);

      6) (құпия);

      7) (құпия);

      8) (құпия);

      9) (құпия);

      10) (құпия);

      11) (құпия);

      12) (құпия);

      13) (құпия);

      14) (құпия);

      15) (құпия).";

      12-3-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) жұмысы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін радиоэлектрондық құралдармен берілетін радиосәулелерді анықтауға;";

      13-тармақта:

      1), 5), 7), 9), 11) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тергеп-тексерілуі заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жалпы және арнайы жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, сараптамалық-криминалистикалық, психологиялық-социологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуге;";

      "5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамамен көзделген шектерде басқа органдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;";

      "7) заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негізді күдік туғызған кезде азаматтардан олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға күдік туғызған адамдарды ұстауға, құжаттарды тексеруді, ұсталғандарды және олардың көлік құралдарын жеке тексеріп қарауды, сондай-ақ олардың өздерімен болған заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыруға;";

      "9) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік туғызған адамдарды қудалау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге бару және жедел медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалануға құқылы. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары олардың байланыс құралдары мен көлік құралдары иелерінің талаптары бойынша осының салдарынан келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;";

      "11) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қатерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізуге;";

      "14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстаған адамдарға қатысты оларды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторы және тергеу изоляторлары бар болуға құқылы. Жекелеген жағдайларда, олар ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімімен, - құқық қорғау органдары, соттар ұстаған және қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін пайдаланады;";

      19-1) тармақша алып тасталсын;

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін немесе құпия негізде ұлттық қауіпсіздік органдарына жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалануға, әзірлеуге және (немесе) ресімдеуге құқылы.

      Ұлттық қауіпсіздік органдары осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олар беретін құжаттарды пайдалану қажет болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар өтеусіз негізде ұлттық қауіпсіздік органдары үшін бірлескен оларды нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен құжаттарды әзірлейді және (немесе) ресімдейді;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29-1) сыртқы барлау және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында жасау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін әзірлеуге және (немесе) ресімдеуге құқылы.

      Сыртқы барлаудың өзге де субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдар осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін құжаттарды, оның ішінде оларға берілетін құжаттарды пайдалану қажет болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар өтеусіз негізде оларды бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен әзірлейді және (немесе) ресімдейді;

      29-2) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттар мен қызметтік куәліктердің бланкілерін, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сұрауларды жіберуге;";

      мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3), 31-4) және 31-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "31-1) жедел-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға және тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеулер жүргізуге, олар бойынша тиісті қорытындылар беруге;

      31-2) арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар (рұқсат беретін құжаттар) беру, криптографиялық функциялары бар тауарлардың сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу, олар бойынша тиісті рұқсаттарды беру және нотификациялар тіркеу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

      31-3) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың импортына және экспортына лицензияларды келісуді жүзеге асыруға;

      31-4) (құпия);

      31-5) (құпия);";

      16-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) халықаралық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен немесе құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдерін жібереді;";

      76) және 86) тармақшалар алып тасталсын;

      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) (құпия);";

      мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "92-1) (құпия);";

      116) тармақша алып тасталсын;

      117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "117) (құпия);";

      118) тармақша алып тасталсын;

      122) және 123) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "122) (құпия);

      123) (құпия);";

      124-4) тармақша алып тасталсын;

      124-8) және 124-9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-8) (құпия);

      124-9) (құпия);";

      мынадай мазмұндағы 124-10), 124-11), 124-12), 124-13), 124-14) және 124-15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "124-10) (құпия);

      124-11) (құпия);

      124-12) (құпия);

      124-13) (құпия);

      124-14) (құпия);

      124-15) (құпия);";

      125-23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "125-23) Бейбіт уақытта және соғыс уақытында ұлттық қауіпсіздік органдарының құжаттық шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланысының ведомстволық желілерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 125-28) тармақшамен толықтырылсын:

      "125-28) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бағдарламалық құралдармен, арнайы және өзге де техникалық құралдармен жарақтандыру саласында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметін бірыңғай саясатын тұжырымдау үшін консультативтік-кеңесші орган - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Техникалық кеңесі құрылады. Техникалық кеңес қызметінің құрамы мен тәртібі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін Ережемен регламенттеледі.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде арнайы мемлекеттік мұрағат құрылады, оның қызмет тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.";

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі" деген бөлімнің "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпарат қызметі" деген кіші бөлімі алып тасталсын;

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі" деген бөлімнің "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген кіші бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы (құпия).".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2011 ж., № 60, 849-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын актілерден басқа нормативтік құқықтық актілерді бекітуге;".

      3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 470 Жарлығымен.

      4. Құпия.

      5. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат; № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 24, 379-құжат; № 24, 381-құжат; № 29, 439-құжат; № 31, 465-құжат, № 33, 497-құжат, № 43, 633-құжат, 2014 ж., № 1, 1-құжат, № 3, 17-құжат; № 38-39, 368-құжат; № 45, 434-құжат):

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тізбесінде:

      мына:

"Қазақстан Республикасы ҰҚК Арнаулы ақпарат қызметінің директоры

Президент

ҰҚК Төрағасы

Әкімшілік Басшысы"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры

Президент

ҰҚК Төрағасы

Әкімшілік Басшысы";

      2) жоғарғыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ережеде:

      17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, ҰҚК Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, облыстық департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Ғылыми-зерттеу институтының, ҰҚК Арнайы техникалық әзірлемелер орталығының, ҰҚК Академиясының және ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;".

      6. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 53, 742-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат): 10, 11 және 15-1 қосымшалар ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар).

      7. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      8. Құпия.