Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 853 Жарлығы.

Жаңартылған

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 853 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 470 Жарлығымен.

       2. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат; № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 24, 379-құжат, 381-құжат; № 29, 439-құжат; № 31, 465-құжат; № 33, 497-құжат; № 43, 633-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 17-құжат):

       Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

       Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық ҰҚК Әкімшілік

       аппаратының және орталық аппараты Төрағасы Басшысы

       жанындағы департаменттердің бастықтары,

       "Арыстан" қызметінің, ҰҚК Ғылыми-

       зерттеу институтының, Қазақстан

       Республикасы ҰҚК Академиясының және

       Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара

       қызметі академиясының бастықтары

       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

       Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық ҰҚК Әкімшілік

       аппаратының және орталық аппараты Төрағасы Басшысы

       жанындағы департаменттердің бастықтары,

       ҰҚК Ғылыми-зерттеу институтының,

       Қазақстан Республикасы ҰҚК

       Академиясының және Қазақстан

       Республикасы ҰҚК Шекара қызметі

       академиясының бастықтары

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, Арнаулы ақпарат қызметінің директоры, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, ҰҚК Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, облыстық департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Ғылыми-зерттеу институтының, ҰҚК Академиясының және ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;".

      3. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      4. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      5. Құпия.