Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат; 2012 ж., № 40, 520-құжат; 2012 ж., № 77-78, 1133-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі» деген 4-бөлімнің 2-кіші бөлімінде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаражатты пайдаланудың жаңа тәсіліне сәйкес 2011 жылдан бастап абсолютті мәні 8 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тіркеу оның жаңалығы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға арнап республикалық бюджетке Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді бөлуден басқа, шығыстардың басқа түрлерін қаржыландыруға, оның ішінде мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлар субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарын сатып алуға, заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде активтерді пайдалануға тыйым салынады.»;
екінші және жетінші бөліктер алып тасталсын;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшін тиісті қаржы жылының соңына ЖІӨ-нің болжамды мәнінің 20 %-ы мөлшерінде азайтылмайтын қалдық белгіленеді. Бұл ретте республикалық бюджетке кепілдендірілген және/немесе нысаналы трансфертті жүзеге асыру үшін Ұлттық қордың қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, азайтылмайтын қалдық лимитін сақтау қажеттілігіне байланысты кепілдендірілген және/немесе нысаналы трансферттің мөлшері тиісті шамаға азайтылатын болады.».
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Астана-Алматы, Астана-Павлодар автомобиль жолдарын салу үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 25,5 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт бөлінсін.
3. Осы Жарлық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев