Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 527 Жарлығы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығына:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
      2-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; 2011 ж., № 52, 710-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiнде:
      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
      «62-1. Егер бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiк көрсеткiштерi төмендегені, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталса, Сараптама комиссиясы істің жай-күйіне бағалау жүргізілген орталық атқарушы органның тиiстi мемлекеттiк саяси қызметшiсiнің жауаптылығы туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 
      2. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 527 Жарлығымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2000 жылғы 21 қаңтардағы
№ 327 Жарлығымен  
бекітілген    

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).