Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс   

      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына
өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бекітілсін.»;
      2) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат):
      1-тармақ алып тасталсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 523 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілімге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2014.06.17 № 837; 28.07.2014 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.08.2014 N 900; 18.06.2015 № 40 жарлықтарымен.

Мемлекеттік саяси лауазымдар

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік
Кеңесінің хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, оның орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры, оның орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры, оның орынбасарлары

«Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры, оның орынбасарлары

«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары

Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы және оның орынбасарлары

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар

«А» корпусы

1-санат

Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері аппараттарының басшылары

Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының (құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары (құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңестерінің төрағалары

Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары

Облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері

2-санат

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері

«Б» корпусы

А санаттарының тобы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

А-1 санаты

Инспектор

А-2 санаты

Консультант

А-3 санаты

Сарапшы

А-4 санаты

Референт

В санаттарының тобы

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

В-1 санаты

Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары

В-2 санаты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы, бас инспекторы

В-3 санаты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты басшысының көмекшісі
Сектор меңгерушісі
Бас консультант

В-4 санаты

Бас сарапшы
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі

В-5 санаты

Сарапшы

С санаттарының тобы

Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін органдар
Орталық атқарушы органдар
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Орталық атқарушы органдардың ведомстволары
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері

С-1 санаты

Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары
Департамент директоры1
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Сенімді уәкіл
Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары
Бас консул
Шетелдегі мекеменің кеңесшісі - уәкілі

      __________________
      1Орталық атқарушы органдардың, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ведомстволарын қоспағанда

С-2 санаты

Департамент директорының орынбасары
Шетелдегі мекеменің кеңесшісі

С-3 санаты

Басқарма басшысы
Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы
Шетелдегі мекеменің бірінші хатшысы
Консул - консулдықтың басшысы

С-4 санаты

Бас сарапшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің екінші хатшысы
Бас консулдықтың консулы

С-5 санаты

Сарапшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің үшінші хатшысы
Бас консулдықтың вице-консулы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің атташесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің референті

Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және
облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік
органдардың астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы
бөлімшелері
Облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері

С-О-1 санаты

Басшы

С-О-2 санаты

Басшының орынбасары
Облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі

С-О-3 санаты

Басқарма басшысы2
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы (құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда)
Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы

С-O-4 санаты

Бөлім басшысы
Сот орындаушысы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының консультанты

С-О-5 санаты

Бас маман
Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы

С-О-6 санаты

Жетекші маман
Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы

_____________
2Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық, облыстық бөлімшелерінің кем дегенде 100 бірлік штат саны кезінде енгізіледі (аудандық аумақтық органдарды есептемегенде)

Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының
аудандардағы, қаладағы аудандардағы және облыстық маңызы бар
қалалардағы бөлімшелері
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері

С-R-1 санаты

Аудандық аумақтық басқарманың басшысы
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі

С-R-2 санаты

Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары

С-R-3 санаты

Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы

С-R-4 санаты

Бас маман
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы

С-R-5 санаты

Жетекші маман
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы

D санаттарының тобы

Облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала
әкімдерінің аппараттары
Облыстар Астана, республикалық маңызы бар қала
мәслихаттарының аппараттары
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар
қала тексеру комиссияларының аппараттары
Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қаланың
Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)

D-1 санаты

Мәслихат аппаратының басшысы

D-2 санаты

Әкім аппараты басшысының орынбасары
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары
Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі

D-3 санаты

Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі, кеңесшісі
Бас инспектор
Баспасөз хатшысы

D-4 санаты

Бас маман

D-5 санаты

Жетекші маман

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
облыстық атқарушы органдар, астананың, республикалық маңызы бар
қаланың атқарушы органдары

D-O-1 санаты

Басшы

D-O-2 санаты

Басшы орынбасары

D-O-3 санаты

Бөлім басшысы

D-O-4 санаты

Бас маман

D-O-5 санаты

Жетекші маман

D-O-6 санаты

Маман

Е санаттарының тобы

Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар
әкімдерінің аппараттары
Аудандар мәслихаттарының аппараттары

Е-1 санаты

Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары

Е-2 санаты

Аппарат басшысы

Е-3 санаты

Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Аудан әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, бас инспекторы

Е-4 санаты

Бас маман

Е-5 санаты

Жетекші маман

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
аудандық атқарушы органдар
Аудандық маңызы бар қалалардың,
селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері

Е-R-1 санаты

Аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық
округтердің әкімдері
Бөлім басшысы

Е-R-2 санаты

Бөлім басшысының орынбасары

Е-R-3 санаты

Сектор меңгерушісі

Е-R-4 санаты

Бас маман

Е-R-5 санаты

Жетекші маман

Аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер,
селолық округтер әкімдерінің аппараттары

E-G-1 санаты

Әкімнің орынбасары

E-G-2 санаты

Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Әкімнің көмекшісі, кеңесшісі

E-G-3 санаты

Бас маман

E-G-4 санаты

Жетекші маман