Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 371 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі

      актілерінің жинағында және республикалық

      баспасөзде жариялануға тиіс

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Президент Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 13, 231-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Президенті елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайын жолдау (бұдан әрі - жолдау) арнайды. Жолдаудың ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен түзету үшін, оның ішінде алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

      Жолдаудың жобасын әзірлеу, келісу, сондай-ақ жолдауды іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, іске асыру, оның мониторингі, бағалау және іске асыруды бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының іске асырылу мониторингі мен бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді, соның негізінде оны түзету жүзеге асырылуы мүмкін.

      Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

      Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру, оның мониторингі, бағалау және іске асыруды бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, олардың мониторингі бағалау және іске асыруды бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен жолдау ескеріле отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бесжылдық кезеңге әзірленеді және мыналарды:

      1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:

      экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;

      орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсаттары мен міндеттерін;

      бес жылға арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары мен шараларын;

      бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

      шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

      әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

      басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін;

      2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:

      өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;

      мыналарды:

      тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерін;

      өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

      басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қамтуы тиіс, үш жылға арналған бюджеттік параметрлерді қамтиды.

      Сандық және сапалық нәтижелерді айқындау үшін шешуші бағыттар (салалар) бойынша мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштер белгіленіп, оған қол жеткізуге бесжылдық кезең ішінде Қазақстан Республикасының немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталуға тиіс.

      24. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мониторингі, бағалауы және бақылауы жүзеге асырылмайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананың дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.

      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары жүргізеді.

      Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, іске асырылуды бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы), облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, дамыту бағдарламаларын іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде өзінің жұмыс жоспарына сәйкес аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу, іске асыру, оның мониторингі, бағалау және іске асыруды бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелер көрсеткіштерін айқындайды, қаржыландыру көлемдерімен қоса олармен өзара байланысқан бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және осы Жүйенің 35-тармағының төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен келісіледі.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Стратегиялық жоспарларды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған мемлекеттік органдар әзірлемейді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға бекітеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларын осы мемлекеттік органдардың басшылары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен бекітеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарын мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіспей, мемлекеттік органның басшысы бекітеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бекітілген/түзетілген стратегиялық жоспарының көшірмесі бекітілген күннен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жолданады.

      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын оны тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келіскеннен кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітеді.";

      38, 39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.

      39. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.

      40. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды мемлекеттік органдар өздері жүзеге асырады.

      41. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, олардың мониторингі, бағалау және іске асыруды бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының іске асырылуына мониторингті Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының мониторингі және бағалауы нәтижелерін веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 44-2-тармақпен толықтырылсын:

      "44-2. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылауды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

      Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясы мен даму жоспарын бақылауды оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Салалық бағдарламаларды және оларды әзірлеу, іске асыру, олардың мониторингі, бағалау және бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      47-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджетті әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік бюджетті жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық, даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің процестері оның құжаттарын әзірлеу, бекіту, іске асыру, олардың мониторингі, бағалау, түзету және іске асыруды бақылау болып табылады.

      Мониторинг - бұл Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және тұжырымдау.

      Бағалау - бұл Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы.

      Түзету - аталған құжаттың іске асырылуына мониторинг пен бағалау жүргізу нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының ережелерін, Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген тапсырмаларын орындау үшін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

      Бақылау - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының толықтығына және уақтылы орындалуына талдау жасау.".

      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 15.02.2018 № 636 Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның сандық мәні;

      2) жоспарлы кезеңнің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаты әзірленетін кезең.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасының тиісті он жылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуші мемлекеттік органға және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға, аумақтарды дамыту бағдарламалары - тиісті аумақтардың әкімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары - тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Құжаттар мониторингі құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есеп қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіпте жүзеге асырылады.

      18. Іске асыру туралы есеп:

      1) құжаттың деректемелерін;

      құжаттың атауын, нөмірін, күнін;

      әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;

      іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең-кезеңімен;

      2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды міндеттер нәтижелері көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;

      3) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;

      4) қаржыландыру көздері бойынша бөліне отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);

      5) құжаттың іске асырылуына қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;

      6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;

      7) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуі тиіс);

      8) игілік алушылардың қанағаттанушылығының деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда нақты көрсетілген мемлекеттік қызметтердің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуі тиіс);

      9) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстарды қамтуы тиіс.

      19. Стратегиялық мен бағдарламалық құжаттарды бағалау жүргізілетін жылы оларды іске асыру туралы есеп барлық бағалау кезеңінде осы Ережелердің 18-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.";

      20 және 21-тармақтар алып тасталсын;

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Іске асыру туралы есептің негізінде қорытынды дайындалады.

      Стратегиялық мен бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізілетін жылы мониторинг қорытындысы қалыптастырылмайды.

      23. Қорытынды:

      1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);

      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;

      5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;

      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;

      9) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы тиіс.";

      24. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің нәтижелері бойынша оларды түзетуді жүзеге асыруға болады.";

      25 және 28-тармақтар алып тасталсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Құжаттарды бағалау: барлық бағалау кезеңіндегі, осы Ережелердің 17, 18, 19-тармақтарына сәйкес жасалатын іске асыру туралы есептер, статистикалық ақпарат; бақылау тексерістері; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және тағы басқа бағалаулардың негізінде жүргізіледі.";

      30, 31, 32, 33, 34 және 35-тармақтар алып тасталсын;

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде қорытынды дайындалады.";

      37. Қорытынды:

      1) деректемелерді (стратегиялық мен бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);

      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;

      5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;

      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;

      9) құжатты іске асыру барысының нәтижелілігі мен тиімділігі туралы тұжырымдар;

      10) құжатты іске асыруды ұйымдастыру деңгейі туралы тұжырымдар;

      11) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған құжатты іске асыру ықпалының дәрежесі туралы тұжырымдар;

      12) бағалау нәтижелеріне байланысты ұсынымдар: құжатты түзету туралы; мемлекеттік органның қызметін жақсарту бойынша; қаржыландыру көлемдері мен көздері бойынша; қолданыстағы заңнаманың өзгертуі және басқалар туралы қамтуы тиіс.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының толықтығы және уақтылы орындалуына талдауды жүзеге асыру бақылау (бұдан әрі осы бөлімде - құжаттарды бақылау) болып табылады.";

      43, 45, 46 және 47-тармақтар алып тасталсын;

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингін мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:

      "66-1. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингін жүргізу үшін нысаналы индикаторларға кол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының іске асырылу туралы ақпаратты ұсынады.";

      67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мониторинг жөніндегі іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      68. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін кажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бес жыл өткеннен кейін бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізеді.";

      71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      72. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытынды есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей бapлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.";

      73 және 75-тармақтар алып тасталсын;

      77, 78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуі;

      2) елді перспективалық аумақтық ұйымдастыру мәселелерін ашып көрсету;

      3) экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндіргіш күштерді ұйымдастырудың жаңа жүйелерін пайдалану мәселелерін ашып көрсету;

      4) аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін қамтуы тиіс.

      78. Аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;

      2) аумақтық-кеңістіктікте дамуының негізгі бағыттары;

      3) Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары;

      4) алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын іске асыру мониторингінің индикаторлары.

      79. "Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау" бөлімі тұтастай елдегі және оның әрбір өңіріндегі елдің даму басымдықтарын, еңбек және демографиялық әлеуетті бағалауды негізге ала отырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін бағалауды, әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу мәселелерін қамтуы тиіс.";

      80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89 және 90-тармақтар алып тасталсын;

      91, 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. "Аумақтық-кеңістік дамытудың негізгі бағыттары" бөлімі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының мақсаттарынан, міндеттері мен негізгі тәсілдерінен, өңірлердің даму спенарийлерінен, өңірлерді дамытудың стратегиялық бағыттарынан, ірі агломерацияларды тиімді дамыту мәселелерінен және басқа да таратып орналастыру жүйелерінен, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мен базалық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарын енгізуден тұрады.

      92. "Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары" бөлімі индустриялық сектордың перспективалық даму, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту схемаларын қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 92-1-тармақпен толықтырылсын:

      "92-1. "Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктің дамуының болжамды схемасын іске асырудың мониторингіне арналған индикаторлар" бөлімі өңірлерді дамытудың алдағы онжылдық кезеңіне арналған негізгі көрсеткіштерін, салаларды дамытудың болжамды параметрлерін қамтиды.";

      93-тармақ алып тасталсын;

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын іске асыру үшін кезең-кезеңмен, әрбір орта мерзімді кезеңге Іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      Іс-шаралар жоспарын Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасы бекітілген күннен бастап үш ай мерзімде немесе іске асырудың кезекті кезеңі басталардан бір ай бұрын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының мониторингін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 96-1 -тармақпен толықтырылсын:

      "96-1. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын іске асыру туралы ақпарат береді.";

      97 және 98-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобаны қалыптастырады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру туралы есепті және мониторинг жөніндегі қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      98. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жоба қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бес жыл өткеннен кейін бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізеді.";

      101 және 102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      102. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытынды есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.";

      103 және 105-тармақтар алып тасталсын;

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып жүргізіледі.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуші мемлекеттік орган іске асырудың барлық кезеңіне немесе кезең-кезеңімен әрбір орта мерзімді кезеңге әзірлейді және оны мемлекеттік бағдарлама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде немесе іске асырудың келесі кезеңі басталардан бір ай бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      137 және 138-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.

      138. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі бір жылда бір рет жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.";

      139, 140 және 141-тармақтар алып тасталсын;

      142, 143 және 144-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:

      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынатын іске асыру ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есеп қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      143. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрбірі бойынша қорытынды жобалар жасайды және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      144. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жобалары қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобаларын пысықтайды және қорытындыларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.";

      145, 146, 147 және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкі) бойынша жүзеге асырылады.

      146. Мемлекеттік бағдарламаны бағалау осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      147. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытынды жобаларын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептерді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      148. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытындылар жобалары қаралғаннан кейін мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жөніндегі қорытындылар қажет болған жағдайда пысықтайды және оларды барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.";

      150 және 152-тармақтар алып тасталсын;

      159-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары;";

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      160-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      163-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "163. "Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары" деген бөлімде:";

      4) тармақшада "көрсеткіштері баяндалады." деген сөздер "көрсеткіштері;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) қойылған міндеттерге қол жеткізу баяндалады.";

      мынадай мазмұндағы 168-1-тармақпен толықтырылсын:

      "168-1. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте әзірленеді.";

      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "169. Әрбір міндет бөлінісінде аумақты дамыту багдарламасының іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу және алдағы міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізілуін және әрбір міндеттің шешілуін толық көлемде және қажетті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.";

      170-тармақ алып тасталсын;

      175 және 176-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын орындау арқылы жүзеге асырылады.

      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру оны іске асыру жөніндегі іc-шаралар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады.

      176. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарын айқындай отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.";

      178, 179, 180 және 181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының мониторингін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.

      179. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының мониторингін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.

      180. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жыл қорытындылары бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.

      181. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының мониторингін жыл қорытындылары бойынша жүргізу үшін:

      ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған іске асыру туралы ақпарат негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 181-1-тармақпен толықтырылсын:

      "181-1. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының мониторингін жыл қорытындылары бойынша жүргізу үшін:

      облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған іске асыру туралы ақпарат негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қойған қолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.";

      182 және 183-тармақтар алып тасталсын;

      184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. Тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.";

      185, 186 және 187-тармақтар алып тасталсын;

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде аумақты дамыту бағдарламасын бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы (ұсынымы) қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.";

      189, 190, 191, 192 және 194-тармақтар алып тасталсын;

      195-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Әрбір міндет үшін есепті және жоспарлы кезеңдерде міндеттің шешілу деңгейін барынша көрсететін нәтижелердің санмен өлшенетін көрсеткіштері келтіріледі.";

      214-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

      "214. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жоспарланатын іс-шаралар стратегиялық жоспардың стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері бөлінісінде жазылады.";

      220-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді (тікелей және түпкілікті нәтижелерді, сондай-ақ сапа мен тиімділік көрсеткіштерін қамтуы мүмкін);";

      223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "223. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі "Бюджеттік бағдарламалар" бөлімін әзірлеуді жүзеге асырмайды.";

      228, 229 және 230-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "228. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі жылына бір peт есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      229. Мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер дайындайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      230. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кірмейтін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі Президент Әкімшілігі айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 230-1-тармақпен толықтырылсын:

      "230-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін мемлекеттік органдар мониторинг қорырытындылары бойынша жасалған іске асыру туралы есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептердің негізінде жүргізілген мониторинг бойынша қорытындылар жобаларын қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      Мониторинг бойынша қорытындылар жобалары қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қажеттігіне қарай қорытындылар жобаларын пысықтайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей іске асыру туралы есептермен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.".

      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "231. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі есептерді дайындайды және оларды бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарынан кешіктірмей орналастырады.

      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.";

      232-тармақ алып тасталсын;

      233-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "233. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық, жоспарларын бағалау (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудан басқа) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.";

      235 және 236-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "235. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

      236. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.";

      238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "238. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізетін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының ұсынысы қабылданғаннан кейін стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органға және бақылау объектілеріне жібереді.";

      240-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "240. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бақылауды жүзеге асыру тәртібін заңнамаға сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.".

      4. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес, бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағалайтын мемлекеттік органдарға тиісті бағыттар бойынша қорытындылар ұсынады.".

      5. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):

      1) Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру;

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, тапсырмалары және жолдауы жобаларын сапалы дайындауды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, тапсырмаларын және жолдауын толық және уақтылы орындауды қамтамасыз ету;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы - Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөліммен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу.

      3-1. Жыл сайын қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының мазмұнының негізгі тәсілдерін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.

      3-2. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының негізгі тәсілдері орталық мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      3-3. Орталық мемлекеттік органдар 1 қарашадан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына ұсыныстар жібереді.

      3-4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 10 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақталған ұсыныстарды қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      3-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 20 қарашаға дейін қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан орталық мемлекеттік органдармен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына бұрын жіберілген жинақталған ұсыныстарды түзету жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      3-6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 25 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақталған ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

      3-7. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақтап қорытылған ұсыныстар қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.

      3-8. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасын қарайды, қажет болған жағдайда пысықтайды және Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізеді.

      3-9. Қазақстан Республикасының Президенті жолдауының жобасын дайындауда өзгеше тәртіп және оны дайындау мерзімдері белгіленуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру тәртібі.

      35-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      35-2. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауынан кейін үш жұмыс күні ішінде орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде осы Жарлыққа 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      35-3. Орталық мемлекеттік органдардан жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      35-4. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан мемлекеттік органдармен келісілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын түзету бойынша ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      35-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан ұсыныстарды алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      35-6. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.

      35-7. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      46-1-тармақтағы "1-1" деген цифрлар "1-2" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 47-2-тармақпен толықтырылсын:

      "47-2. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингі арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жеке тармақтарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті жылдың 5 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынады;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жинақталған ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жинақталған ақпарат қаралғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті жылдың 25 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынады.

      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат осы Жарлықтың 1-3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

      1-1-қосымша осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Жарлықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 1-2 және 1-3-қосымшалармен толықтырылсын;

      3, 4 және 5-қосымшалар алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 39-құжат):

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.".

      8. Күші жойылды - ҚР Президентінің 01.03.2016 № 205 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау, келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-1-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орын

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.





2.





...





  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау. келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-2-ҚОСЫМША

      КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

      ______________________ ______________________

      20 _____ жылғы ___ №__ 20 _____ жылғы ___ №__

Ұйымдастыру іс-шаралары жоспары
(жол картасы)

      Құжаттың түрі:

      Тапсырманың мазмұны:

      Аралық бақылау мерзімі:

      Соңғы орындалу мерзімі:

      Жауапты орындаушы мемлекеттік орган:

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы)

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалу индикатарлары

Әкімшіліктің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшесі

1-кезең. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары

1







2







2-кезең. Іс жүзіне асыру

1







  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау. келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-3-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы
туралы ақпарат

Р/с №

Жоспар тармағының №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







...