Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы
№ 294 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж.,
№ 7, 80-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.»;
7 және 8-тармақтар алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев