Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 және "Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 295 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 10-11, 125-құжат; № 52, 710-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
      32-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әкімшіліктің Басшысы осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге ие болады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың, 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге: Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы, Президенттің көмекшілері, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің кеңесшілері ие болады.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінде:
      17-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы бойынша қарсылықтар болмаған жағдайда Президент Әкімшілігінің бірлесіп орындаушы болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылар дайындауы талап етілмейді, олардың сараптамаларының нәтижелері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының бұрыштама қоюы арқылы ресімделеді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
      «34. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасының жобасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қаралуын, оның ішінде осы Ереженің 28-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қаралуын, сондай-ақ оның Президенттің бұрын берілген тапсырмаларымен қосарлануын болдырмауды қамтамасыз етеді және оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізеді. Теріс қорытынды болған жағдайда ескертулермен қатар, қажет кезде, қойылған мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары мен тетіктері көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 46-1, 46-2, 46-3 және 46-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «46-1. Қазақстан Республикасы Президентінің кешенді және ведомствоаралық сипаты бар, орындалу мерзімі алты айдан астам актілері мен тапсырмаларын орындау екі және одан да көп мемлекеттік органның құзыреті шегінде оларға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/ортадағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда:
      1) Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасын әзірлейді және қажет болған жағдайда орындаушы мемлекеттік органмен келіседі;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасының негізінде орындаушы мемлекеттік орган тұжырымдама бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.
      Бұл ретте іске асырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленбейді.
      46-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын орындау мерзімі айқындалып, сондай-ақ орындау нәтижелерінің мақсатты және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасау тәртібі қамтылады.
      Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бірінші басшысы Президент Әкімшілігімен, сондай-ақ егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттігіне қатысты болған жағдайда Премьер-Министрмен (не оның міндетін атқаратын адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін бекітеді.
      Әзірлеушісі өзге, орталық немесе жергілікті атқарушы орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары Президент Әкімшілігімен келіскен соң бекітеді.
      46-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда, мемлекеттік органдардың осы Ереженің 47-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.
      46-4. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасын және ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) жасау тәртібі мен оның мазмұнына қойылатын талаптарды Президент Әкімшілігі айқындайды.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
      «47-1. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар жоспарын жасау кезінде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының үйлестіруі көзделеді.»;
      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
      «49-1. Осы Ереженің 39-тармағында көрсетілген бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапасыз орындалуына және уақтылы орындалмауына дербес жауапты болады.»;
      мынадай мазмұндағы 50-1 және 50-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «50-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігіне Үкімет жіберетін ақпаратқа, оларға Қазақстан Республикасының Президенті не Президент Әкімшілігінің Басшысы берген тапсырмалар бойынша, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды.
      50-2. Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет жіберетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу жай-күйі туралы қорытынды ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) немесе оның орынбасары қол қояды.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде беріледі.»;
      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Егер Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігіне дәлел келтірілген негіздемемен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.
      53. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бір реттен асырмай жол беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
      «54-1. Орындалу мерзімі үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының мерзімін қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін, Президент Әкімшілігіне орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
      Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.»;
      57-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа тапсырмасы;»;
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның), ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының бұрымшамаларымен ресімделген оның келісімі не қол қойылған Заңның, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің қабылданған актісі негізінде Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген орынбасары жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
      «62-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жартыжылда кемінде бір рет Үкімет отырысында, мемлекеттік органдардың алқа отырыстарында және ұйымдардың жиналыстарында қаралады.»;
      66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
      67. Жарлықтарға мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, берілетін ақпаратқа қойылатын талаптар, сондай-ақ жарлықтарға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен жарлықтардың әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін Президент Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.»;
      осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2012 жылғы 8 сәуірдегі
№ 295 Жарлығына     
ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы   
Президентінің актілері мен 
тапсырмаларының жобаларын 
дайындау, келісу, қол қоюға 
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен 
тапсырмаларының орындалуын 
бақылауды жүзеге асыру   
және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік 
Құқықтық жарлықтарына    
мониторинг жүргізу ережесіне
1-1-ҚОСЫМША         

      КЕЛІСІЛДІ                                      БЕКІТЕМІН
___________________                            ___________________
20 ____ жылғы____№____                         20 ____ жылғы____№____

Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары
(Жол картасы)

Құжаттың түрі:
Тапсырманың мазмұны:
Аралық бақылау мерзімі:
Соңғы орындау мерзімі:
Жауапты орындаушы мемлекеттік орган:

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы)

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалу индикаторлары

Әкімшіліктің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшесі

1-кезең. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары

1







2







2-кезең. Практикалық іске асыру

1