Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы N 1157 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат, № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж. № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат, 2008 ж. № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:
      16-1-тармақта:
      «мемлекеттік саяси қызметшілер» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер және олардың орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы» деген сөздер алып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 21 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2007 ж., № 49, 599-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:
      бірінші тараудың тоғызыншы абзацындағы «және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы» деген сөздер алып тасталсын;
      3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына тапсырмалар беру, қаралатын мәселелер бойынша Республика Президентінің тиісті актілерін шығару, сондай-ақ оларды атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Комиссия отырысында тыңдалатын мемлекеттік органның қызметі саласында заңнаманың бұзылу фактілері келтірілген жағдайда, Комиссия мүшелері болып табылатын немесе Комиссия отырысында шақырылған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары орын алған бұзушылық фактілері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның ұстанымын білдіреді.
      Аталған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары осындай бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтуға құқылы.»;
      4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 169-құжат):
      11-тармақта «және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы» деген сөздер алып тасталсын;
      5) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2007 ж., № 49, 599-құжат):
      Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республика Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері туралы ережеде:
      6-тармақтың 3) тармақшасында «және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы» деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев