Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамалары бекітілсін;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидалары.
2. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Ведомстволық наградаларды, сондай-ақ оларға куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 22, 191-құжат; 2002 ж., № 16, 169-құжат):
тақырыбындағы "мен ведомстволық наградалары" деген сөздер алып тасталсын;
кіріспесіндегі "нышандары мен ведомстволық наградаларын" деген сөздер "нышандарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандарын дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Нышандарды дайындау бюджетте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.";
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережесінде:
18-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын.
6. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлық қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларын бекітсін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларын бекітсін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 155 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау
органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының
ТІЗБЕСІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын
және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау
органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесі
Медальдар:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты:
1) "Сот жүйесінің ардагері";
2) I, II, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы:
1) "Прокуратура ардагері";
2) I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін".
3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті:
I, II, III дәрежелі "Қаржы сақшысы".
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері";
2) І, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін";
4) "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін";
5) I, ІІ, III дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны".
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
1) I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
2) "Шекараны үздік күзеткені үшін".
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы):
1) "Қаржы полициясының ардагері";
2) I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін".
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі:
1) "Президент Күзет қызметінің ардагері";
2) І, ІІ, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) I, II, III дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін";
4) "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін".
8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы:
1) "Республикалық ұлан ардагері";
2) I, II, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін".
9. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі:
1) "Сырбар" қызметінің ардагері";
2) I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) "Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін".
10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері";
2) I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін";
4) "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін".
11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) "Ішкі істер органдарының ардагері";
2) I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін";
4) "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін";
5) "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін".
12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті:
I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін".
13. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
1) "Төтенше жағдайлар органдарының ардагері";
2) I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
3) I, II, III дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін";
4) "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін".
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитеті:
1) "Кеден қызметінің ардагері";
2) I, II, III дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін";
3) "Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін".
Төсбелгілер:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты:
1. II дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы:
1) "Прокуратураның құрметті қызметкері";
2) I, II дәрежелі "Прокуратура үздігі".
3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті:
1) "Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері";
2) I, II дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі".
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері";
2) I, II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі".
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
1) "Құрметті шекарашы";
2) I, II дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі".
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы):
I, II дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі".
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі:
"Елбасы қорғаны".
8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы:
1) І, II дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі";
2) "Үздік спортшы-жауынгер";
3) I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер".
9. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі:
"Сырбар" қызметінің үздігі".
10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі";
2) "Үздік спортшы-жауынгер";
3) I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер".
11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) "Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері";
2) I, II дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі";
3) "Оқу орнының үздігі";
4) "Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі".
12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті:
1) I, II дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі";
2) "Үздік спортшы-жауынгер";
3) I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер".
13. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
1) "Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері":
2) "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін";
3) "Оқу орнын үздік бітіргені үшін";
4) "Үздік құтқарушы-жауынгер";
5) "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін";
6) "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін";
7) I, II, III дәрежелі "Құтқарушы";
8) "Халықаралық дәрежелі құтқарушы".
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитеті:
"Кеден қызметінің үздік қызметкері".
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын
және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау
органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының
сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының медальдары
"Сот жүйесінің ардагері" (1-қосымша)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот жүйесінің ардагері" медалі диаметрі 34 мм болатын шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада "заң" деген жазуы бар алтын баған мен сот төрелігі таразысы орналасқан. Жиектің жоғарғы ішкі жағын бойлай "СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІ" деген жазу орналасқан. Мәтіні шығыңқы күңгірт. Медальдің беті жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын түстес. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Бейнелердің бедері шығыңқы күңгірт.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы оң жақ бөлігі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туымен түстес, сол бөлігі - қызыл түсті жібек қатқыл лентамен тысталған, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (2-қосымша)
Медаль диаметрі 34 мм шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада жоғары жақта шаңырақ бейнесі орналасқан. Шаңырақтан төменірек үстіне таразы қойылған тұғыр бейнесі орналасады. Барлық бейнелер жылтырақ алтын түсті.
Медальдің сыртқы жағында ортада "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі бөлігінде - "20 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Бейнелердің бедері шығыңқы күңгірт.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында ені 5 мм екі қызыл жолақ, олардың ортасында ені 6 мм сары жолақ орналасады.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (3-қосымша)
Медаль диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанындағы мельхиордан дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада жоғары жақта шаңырақ бейнесі орналасқан. Шаңырақ аясы жылтырақ. Шаңырақтан төменірек үстіне таразы қойылған тұғыр бейнесі орналасады. Барлық бейнелер жылтырақ алтын түсті.
Медальдің сыртқы жағында ортада "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі бөлігінде - "15 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Бейнелердің бедері шығыңқы күңгірт.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында ені 3 мм екі сары жолақ орналасады, олар үш қызыл жолақпен кезектеседі, олардың шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысының ені 2 мм.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (4-қосымша)
Медаль диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанындағы мельхиордан дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада жоғары жақта шаңырақ бейнесі орналасқан. Шаңырақ аясы жылтырақ. Шаңырақтан төменірек үстіне таразы қойылған тұғыр бейнесі орналасады. Барлық бейнелер жылтырақ сұр түсті.
Медальдің сыртқы жағында ортада "MІHCІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі бөлігінде - "10 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Бейнелердің бедері шығыңқы күңгірт.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында ені 2 мм үш сары жолақ орналасады, олар төрт қызыл жолақпен кезектеседі, олардың шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағыларының ені 1 мм.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
(5-қосымша)
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада жоғары жақта жер шарының бейнесі, жер шары бейнесінің астында - үстіне таразы қойылған тұғыр орналасқан. Тұғырдың беті күңгірт. Жиектің жоғарғы ішкі жағын бойлай "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын түстес. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы оң бөлігі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туымен түстес, сол бөлігі - жасыл түсті жібек қатқыл лентамен тысталған, ені 32 мм және биіктігі 50 мм болатын алты бұрышты тағанға жалғанады.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының медальдары
"Прокуратура ардагері" (6-қосымша)
"Прокуратура ардагері" медалі екі құрамды (негізі мен қондырмасы) құрылымнан тұрады және диаметрі 37 мм сегіз бұрышты жұлдыз түрінде жасалған.
Медальдің негізі сәулелері сары және күрең эмальмен боялған сегіз бұрышты жұлдыз түрінде жасалған. Медальдің негізі мельхиордан дайындалады.
Медальдің қондырма элементі сегіз бұрышты жұлдыз түрінде жасалған, оның ортасындағы көк түсті аяда астында айқастырылған, жүздері төмен бағытталған екі қылыш бар дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқан ұлттық ою-өрнек белгісімен жиектелген. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі орналасады. Қалқанның нобайын бойлай "ПРОКУРАТУРА АРДАГЕРІ" деген жазу орналасқан. Жапсырма элемент жезден жасалады.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазу орындалған.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы, ені 32 мм және биіктігі 50 мм, төменгі жақ бұрыштары қиық, тікбұрышты тағанға жалғанады. Таған көк түсті жібек қатқыл лентамен тысталған. Лентаның ортасында ені 3 мм сары түсті жолақ орналасқан, сары түсті жолақтың шетін бойлай ені 2 мм қызыл түсті екі жолақ орналасқан.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (7-қосымша)
I дәрежелі "MIHCІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Медальдің беті жылтырақ.
Медальдің бет жағында ортада сегіз бұрышты, ою-өрнекті алтын түстес жұлдыз орналасып, астында айқастырылған, жүздері төмен бағытталған екі қылышы бар дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі орындалған. Қалқан ұлттық ою-өрнек белгісімен жиектелген. Қалқанның нобайын бойлай "ҚАЗАҚСТАН ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазу орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігінде "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде ернеуді бойлай Мемлекеттік Тудағы ою-өрнекке ұқсас ою-өрнек орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазу орындалған.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм көк қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 3 мм сары жолақ орналасқан.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (8-қосымша)
II дәрежелі "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанындағы мельхиордан дайындалады.
Медальдағы барлық суреттер мен жазбалар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Медальдің беті жылтырақ.
Медальдің бет жағында ортада жезден дайындалған алтын түстес ою-өрнекті сегіз бұрышты жұлдыз орналасқан. Жұлдыздың ортасында айқастырылған, жүздері төмен бағытталған екі қылышы бар дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі орындалған. Қалқан ұлттық ою-өрнек белгісімен жиектелген. Қалқанның нобайын бойлай "ҚАЗАҚСТАН ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазу орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігінде "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде ернеуді бойлай Мемлекеттік Тудағы ою-өрнекке ұқсас ою-өрнек орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазу орындалған.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм көк қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 2 мм сары екі жолақ орналасқан, олардың ортасы ені 1 мм көк жолақпен бөлектелген.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (9-қосымша)
III дәрежелі "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында мельхиордан дайындалады.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Медальдің беті жылтырақ.
Медальдің бет жағының ортасында беті күңгірттелген сегіз бұрышты, ою-өрнекті жұлдыз орналасқан, оның ортасында айқастырылған, жүздері төмен бағытталған екі қылышы бар дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі орындалған. Қалқан ұлттық ою-өрнек белгісімен жиектелген. Қалқанның нобайын бойлай "ҚАЗАҚСТАН ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазу орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігінде "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде ернеуді бойлай Мемлекеттік Тудағы ою-өрнекке ұқсас ою-өрнек орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазу орындалған.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм көк қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 2 мм сары үш жолақ орналасқан, олардың ортасы ені 1 мм екі көк жолақпен бөлектелген.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
(10-қосымша)
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі қолдан құрастырылған екі бөлек штампіленген элементтерден жасалған.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Медальдің негізі жезден жасалған және диаметрі 45 мм, жеті бұрышты жұлдыздан тұрады, оның ортасында бір бөлігі көк және күрең түсті эмальға боялған жан-жаққа тараған бедерлі сәулелері орындалған.
Жұлдыздың сәулелерінде ақ түсті эмальмен боялған шеңбер түріндегі қондырма орналасқан, онда айқастырылған найзалары мен жасыл түсті лавр бұтақшаларымен көмкерілген қалқанның аясында Фемида бейнеленген. Қондырманың жоғарғы және төменгі жағында көк түсті ленталар жасалған: жоғарғысында - "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ", төменгісінде - "ПРОКУРАТУРАСЫ" деген жазулар жазылған.
Медальдің сыртқы жағында "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу жасалған.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм, төменгі жақ бұрыштары қиық тікбұрышты тағанға жалғанады. Таған жібектен жасалған көк түсті қатқыл лентамен тысталады. Лентаның жиектерін бойлай, әрқайсысы 2 мм жасыл, сары және ақ түсті жолақтар кезектесіп орналасқан.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің медалі
I дәрежелі "Қаржы сақшысы" (11-қосымша)
I дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі диаметрі 35 мм күрделі нысанда болады және жезден дайындалады. Медальдің беті жылтырақ. Медальдің ішінде "I ДӘРЕЖЕЛІ ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ" деген бедерленген жазу орналасқан. Жазудың үстінде қалықтаған қыранның бедерлі бейнесі орналасқан. Қыран бейнесінің бедері шығыңқы күңгірт. Медальдің жоғары жағында қыранның қанаттарының арасында ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан.
Медаль шеңберінің жоғарғы бөлігін бойлай "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген бедерленген жазу орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігі тоғыз кертешпен көмкерілген.
Медальдің төменгі бөлігі үш сәндік шығыңқы элементтен тұратын жартылай шеңберлі кенереден тұрады. Шеңбердің ішінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм тағанға бекітіледі. Таған жезден дайындалады және көгілдір қатқыл лентамен тысталады. Лентаның шетінде ені 2 мм сары түсті екі жолақ орналасқан, олардан кейін ені 3 мм ақ түсті екі жолақ, лентаның ортасында ені 2 мм медальдің I дәрежесін білдіретін көк жолақ орналасқан. Ақ және көк түсті жолақтардың арасы 10 мм.
Медальдің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Қаржы сақшысы" (12-қосымша)
II дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі диаметрі 35 мм күрделі нысанда болады және жезден дайындалады. Медальдің беті жылтырақ. Медальдің ішінде "II ДӘРЕЖЕЛІ ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ" деген бедерленген жазу орналасқан. Жазудың үстінде қалықтаған қыранның бедерлі бейнесі орналасқан. Қыран бейнесінің бедері шығыңқы күңгірт. Медальдің жоғарғы жағында қыран қанаттарының арасында ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан.
Медаль шеңберінің жоғарғы бөлігін бойлай "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген бедерленген жазу орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігі тоғыз кертешпен көмкерілген.
Медальдің төменгі бөлігі үш сәндік шығыңқы элементтен тұратын жартылай шеңберлі кенереден тұрады. Шеңбердің ішінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 50 мм және ені 32 мм тағанға бекітіледі. Таған жезден дайындалады және көгілдір қатқыл лентамен тысталады. Лентаның шетінде ені 2 мм сары түсті екі жолақ орналасқан, олардан кейін ені 3 мм ақ түсті екі жолақ, лентаның ортасында ені 2 мм медальдің II дәрежесін білдіретін екі көк жолақ орналасқан. Ақ және көк түсті жолақтардың арасы 8 мм.
Медальдің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Қаржы сақшысы" (13-қосымша)
III дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі диаметрі 35 мм күрделі нысанында болады және жезден дайындалады. Медальдің беті жылтырақ. Медальдің ішінде ортасына "III ДӘРЕЖЕЛІ ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ" деген бедерленген жазу орналасқан.
Жазудың үстінде қалықтаған қыранның бедерлі бейнесі орналасқан. Қыран бейнесінің бедері шығыңқы күңгірт. Медальдің жоғары жағында қыран қанаттарының арасында ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан.
Медаль шеңберінің жоғарғы бөлігін бойлай "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген бедерленген жазу орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігі тоғыз кертешпен көмкерілген.
Медальдің төменгі бөлігі үш сәндік шығыңқы элементтен тұратын жартылай шеңберлі кенереден тұрады. Шеңбердің ішінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 50 мм және ені 32 мм тағанға бекітіледі. Таған жезден дайындалады және көгілдір қатқыл лентамен тысталады. Лентаның шетінде ені 2 мм сары түсті екі жолақ орналасқан, олардан кейін ені 3 мм ақ түсті екі жолақ, лентаның ортасында ені 2 мм медальдің III дәрежесін білдіретін үш көк жолақ орналасқан. Ақ және көк түсті жолақтардың арасы 6 мм.
Медальдің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің медальдары
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" (14-қосымша)
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" медалі диаметрі 34 мм ұлттық қауіпсіздік органдарының көлемді эмблемасы - диаметрі 12 мм дөңгелек қалқан бейнеленген күміс түсті металл шеңберден тұрады. Қалқанда үй, мемлекет нышанын білдіретін айшықты шаңырақтың көлемді бейнесі орналасқан. Шаңырақтағы сызықтардың ені 0,6 мм, ұзындығы 9 мм, сызықтардың арасы 0,6 мм. Қалқандағы нүктелердің диаметрі 0,6 мм.
Қалқанның астында ені 2,6 мм, ұзындығы 30 мм лента орналасқан. Лентада "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бейнеленген. Әріптердің биіктігі 1,7 мм.
Лента бүгілген жердің үстінде мемлекеттің гүлденуін білдіретін қызғалдақ жапырақтары мен оның гүл жарған суреті симметриялы түрде орналасқан.
Ортада қалқанның астында тігінен найза орналасқан: сабының қалыңдығы 0,6 мм, найза ұшының биіктігі 6 мм. Найза ұшындағы тұмар бейнесінің көлемі 3,5 х 7 мм.
Медаль шеттерін бойлай биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеу бар. Ернеуге жағалай сағат тілі бойынша "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ АРДАГЕРІ" деген мәтін жазылған. Әріптердің биіктігі 1,2 мм. Мәтін көлемді орындалған. ҰҚК эмблемасының астында борыш, даңқ, айбын символдарын білдіретін көлемді лавр бұтағы орналасқан. Эмблеманың көлемі 23 х 5 мм. Медальдің бедері жылтырақ.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 3 мм көк түсті екі жолақшасы бар сұр түсті жібек қатқыл лентамен тысталған 50 х 34 мм көлемдегі алты бұрышты тағанға бекітіледі. Жолақшалардың арасы 10 мм, тағанның шеттері мен жолақшалардың арасы - 9 мм-ден.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (15-қосымша)
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "MIHCІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (16-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (17-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ MІHCIЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін"
(18-қосымша)
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалі диаметрі 34 мм алтын түстес металл шеңберден тұрады. Медальдің шеттерін бойлай биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі болады.
Медальдің жоғарғы жағында үй, мемлекет нышанын білдіретін диаметрі 12 мм көлемді айшықты шаңырақ орналастырылған. Шаңырақтың астында, оның төменгі бөлігін жауып үйдің, халықтың, мемлекеттің қорғаушысын білдіретін қырынан тұрған айшықты қыранның басы бейнеленген. Көлемі 19 х 16 мм қыран басының бейнесі көлемді етіліп жасалған. Қыран басының бейнесі астында медальдің төменгі ернеуін бойлай "ҚАЗАҚСТАН" деген жазуы бар ені 4 мм лента бар. Медаль ернеуін бойлай сағат тілі бойынша "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу. Әріптердің биіктігі 2 мм. Медальдің бедері жылтырақ.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50 х 34 мм, алтын түстес екі жолақшасы бар көктікен түсті жібек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекітіледі. Жолақшалардың ені 3 мм. Жолақшалардың аралығы 10 мм, таған шеті мен жолақтардың аралығы 9 мм. Тағанның төменгі бөлігі құлақшадан оңға және солға қарай бірдей тең алтын түстес лавр бұтақтарымен көмкерілген. Бұтақтарда төрт-төрттен лавр жапырағы бар.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
(19-қосымша)
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі диаметрі 34 мм металл шеңберді білдіреді. Медальдің шеттерінде биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.
Медальдің бет жағында ортада қылышпен, садақпен, жебесі бар қорамсақпен, аттың жалынан жасалған шашақпен безендірілген ұзын найзамен айқастырылған қалқанның бейнесі, төменгі жағында - қол алысуды білдіретін нышан орналасқан. Медальдің жоғарғы ішкі жағын бойлай "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің эмблемасы орналасқан. Эмблеманың төменгі бөлігінде "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын түстес.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50 х 33 мм көгілдір түстес (Мемлекеттік Тудың түсі) жібек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекітіледі. Лентаға солдан оңға қарай ені 4 мм ақ, сары және жасыл түсті үш жолақ жүргізілген. Жолақшалардың аралығы 2 мм, тағанның шеттері мен жолақшалардың арасы 8,5 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" (20-қосымша)
I дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында ортада көлемді шығыңқы ернеуі бар қызыл түсті (Ұлттық қауіпсіздік комитеті эмблемасының түсі) дөңгелек ұлттық қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында көктікен түсті (Ұлттық қауіпсіздік комитеті туының түсі) айшықты шаңырақ бейнесі орналасқан. Қалқандағы шаңырақ аясында айналасын қырағы бақылап отырған алтын түсті қыранның (мемлекетті қорғау нышаны) көлемді бейнесі орналасқан.
Қалқанның шығыңқы ернеулері арасында "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген мәтін орналасқан.
Медальдің жиектерінде ленталармен буылған лавр және емен бұтақтарымен қабатталған десте орналасқан. Дестенің төменгі бөлігінде "XX" рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ" деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде "I" рим цифрі орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50 х 33 мм көктікен түсті жібек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекітіледі. Лентаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, лентаның ортасында ені 2 мм сары жолақшалар орналасқан. Жолақшалардың аралығы 12,5 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" (21-қосымша)
II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі күміс түсті металдан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында ортада көлемді шығыңқы ернеуі бар күміс түсті дөңгелек ұлттық қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында күміс түсті айшықты шанырақ бейнесі орналасқан. Қалқандағы шаңырақ аясында айналасын қырағы бақылап отырған күміс түсті қыранның (мемлекетті қорғау нышаны) көлемді бейнесі орналасқан.
Қалқанның шығыңқы ернеулері арасында "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген жазу орналасқан.
Медальдің жиектерінде ленталармен буылған лавр және емен бұтақтарымен қабатталған десте орналасқан. Дестенің төменгі бөлігінде "XV" рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ" деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде "II" рим цифры орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50 х 33 мм көктікен түсті жібек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекітіледі. Лентаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, лентаның ортасында аралығы 3 мм ені 2 мм екі сары жолақша орналасқан. Қызыл мен сары жолақшалардың аралығы 10 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" (22-қосымша)
III дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі ежелгі қоламен тысталған жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында ортада көлемді шығыңқы ернеуі бар ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында қола түсті айшықты шаңырақ бейнесі орналасқан. Қалқандағы шаңырақ аясында айналасын қырағы бақылап отырған қола түсті қыранның (мемлекетті қорғау нышаны) көлемді бейнесі орналасқан.
Қалқанның шығыңқы ернеулері арасында "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген жазу орналасқан.
Медальдің жиектерінде ленталармен буылған лавр және емен бұтақтарымен қабатталған десте орналасқан. Дестенің төменгі бөлігінде "X" рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ" деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде "III" рим цифры орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50 х 33 мм көктікен түсті жібек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекітіледі. Лентаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, лентаның ортасында аралығы 1 мм ені 2 мм үш сары жолақ орналасқан. Қызыл мен сары жолақшалардың аралығы 9,5 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің медальдары
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (23-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "MIHCІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ MІHCIЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (24-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (25-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "MІHCIЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Шекараны үздік күзеткені үшін" (26-қосымша)
"Шекараны үздік күзеткені үшін" медалі диаметрі 34 мм дөңгелек күңгірт күміс түсті металл шеңбер болып келеді. Медальдің шетін бойлай биіктігі 1 мм және ені 0,5 мм болатын шығыңқы ернеуі бар.
Медальдің бет жағында, диаметрі 24 мм айшықты шаңырақ аясында, орталық белдікте тігінен көлемі 3,2 х 3 мм Мемлекеттік Елтаңбамен бірге көлемі 27 х 5 мм шекара бағанының бейнесі орналасқан. Медаль ернеуі мен шаңырақтың оң жақ және сол жақ арасында симметриялы орналасқан екі бұтақтан шығатын лентамен оралған лавр дестесі түрінде ою-өрнек орналасқан. Лентаның ені 2 мм. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "ШЕКАРАНЫ ҮЗДІК КҮЗЕТКЕНІ ҮШІН" деген жазу төрт жолмен жазылып бейнеленген. Әріптердің биіктігі 2 мм. Жазудан төмен қанатын жайып қалықтаған қыран бейнеленген. Оның қанаттарының ұштарының арасындағы ең үлкен қашықтық 24 мм.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған көлемі 50 х 33 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Лентаның шеттерін бойлай тікелей көгілдір жиектеме орналасқан, одан кейін бірінен кейін бірі келетін жасыл, сары, жасыл, сары жолақтар шығады, ортасында - көгілдір түсті жолақ. Көгілдір жиектеме 1,8 мм, жасыл және сары жолақтар 1,5 мм-ден, көгілдір түсті жолақтың ені 17,4 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
медальдары
"Қаржы полициясының ардагері" (27-қосымша)
"Қаржы полициясының ардагері" медалі алтын түсті металдан дайындалады.
Медальдің ортасында алтын түсті сегіз қырлы жұлдыздың бейнесін білдіретін қаржы полициясы органдарының нышаны орналасқан. Жұлдыз бейнесінің бедері жылтырақ. Жұлдыздың ішінде секіруге дайындалған алтын түсті барыс бейнесі салынған көгілдір түсті дөңгелек қалқан орналасқан. Дөңгелектің бойына мемлекеттің мүдделерін барлық жағынан қорғау нышанын білдіретін алтын түсті сегіз нүкте орналасқан.
Қалқан "ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ" деген ойылып жазылған көк жазумен жиектелген.
Нышанның төменгі жағы сый мен құрмет нышанын білдіретін лентамен ортасынан тысталған лавр бұтақтарынан жасалған дестемен жиектеледі.
Медальдің жоғарғы бөлігінде лавр бұтақтары ұштарының арасында шығып келе жатқан күн сәулесінің аясында елді, халықты және оның тарихын көркейтуді, құрметтеуді бейнелейтін ұлттық ою-өрнегінің элементтері орналасқан.
Медаль адалдықты, сенімділікті және мінсіздікті бейнелейтін көк түсті қатқыл лентамен тысталған көлемі 50 х 32 мм алты бұрышты тағанға құлақша мен шығыршық арқылы бекітіледі.
Медаль тағанының сол жағында ені 3 мм және 1 мм екі қызыл жолақша орналасқан, олардың арасы 2 мм. Оң жағында - даналықты, сынға төтеп беруді бейнелейтін ені 1 мм төрт қызыл жолақша, олардың арасында ені 1 мм үш қара жолақша орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (28-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі алтын түсті металдан дайындалады. Медальдің реңі жылтырақ.
Медальдің ортасында секіруге дайындалған алтын түсті барыс бейнесі орналасқан. Барыс бейнесінің бедері шығыңқы. Барыстың жоғарғы жағында "ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ" деген жазу, астыңғы жағында "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Жазулар бір-бірінен екі сегіз қырлы жұлдызбен бөлінеді. Мәтіні шығыңқы.
Медальдің сыртқы жағында "20 жыл" деген жазу ойылып жазылған.
Медаль адалдықты, сенімділікті және мінсіздікті бейнелейтін көк түсті қатқыл лентамен тысталған көлемі 50 х 32 мм алты бұрышты тағанға құлақша мен шығыршық арқылы бекітіледі.
Медаль тағанының сол жағында батылдықты, ерлікті бейнелейтін ені 2 мм екі қызыл жолақша бар. Қызыл жолақшалардың арасында медальдің І дәрежесін айқындайтын ені 2 мм бір сары жолақша бар. Лентаның оң жағында ені 26 мм көк жолақ орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (29-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі күміс түсті металдан дайындалады. Медальдің реңі жылтырақ.
Медальдің ортасында секіруге дайындалған күміс түсті барыс бейнесі орналасқан. Барыс бейнесінің бедері шығыңқы, күңгірт. Барыстың жоғарғы жағында "ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ" деген жазу, астыңғы жағында "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Жазулар бір-бірінен екі сегіз қырлы жұлдызбен бөлінеді. Мәтіні шығыңқы, күңгірт.
Медальдің сыртқы жағында "15 жыл" деген жазу ойылып жазылған.
Медаль адалдықты, сенімділікті және мінсіздікті айқындайтын көк түсті қатқыл лентамен тысталған көлемі 50 х 32 мм алты бұрышты тағанға құлақша мен шығыршығы арқылы бекітіледі.
Медаль тағанының сол жағында батылдықты, ерлікті бейнелейтін ені 2 мм үш қызыл жолақша бар. Қызыл жолақшалардың арасында медальдің II дәрежесін белгілейтін ені 2 мм екі сары жолақша бар. Лентаның оң жағында ені 22 мм көк жолақ орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (30-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі қола түсті металдан дайындалады. Медальдің реңі жылтырақ.
Медальдің ортасында секіруге дайындалған алтын түсті барыс бейнесі орналасқан. Барыс бейнесінің бедері шығыңқы, жылтырақ. Барыстың жоғарғы жағында "ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ" деген жазу, астыңғы жағында "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Жазулар бір-бірінен екі сегіз қырлы жұлдызбен бөлінеді. Мәтіні шығыңқы, күңгірт.
Медальдің сыртқы жағында "10 жыл" деген жазу ойылып жазылған.
Медаль адалдықты, сенімділікті және мінсіздікті бейнелейтін көк түсті қатқыл лентамен тысталған көлемі 50 х 32 мм алты бұрышты тағанға құлақша мен шығыршық арқылы бекітіледі.
Медаль тағанының сол жағында батылдықты, ерлікті бейнелейтін шеткілерінің ені 1 мм, ортасындағыларының ені 2 мм төрт қызыл жолақша бар. Қызыл жолақшалардың арасында медальдің III дәрежесін айқындайтын ені 2 мм үш сары жолақша бар. Лентаның оң жағында ені 20 мм көк жолақ орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін"
(31-қосымша)
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі алтын түсті металдан дайындалған. Медальдің реңі жылтырақ.
Медальдің ортасында секіруге дайындалған алтын түсті барыс бейнесі бар көгілдір түсті дөңгелек қалқан орналасқан. Шеңбер бойында мемлекеттің мүдделерін барлық жағынан қорғауды білдіретін алтын түсті сегіз нүкте орналасқан.
Қалқан "ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу ойылып жазылған қызыл лентамен жиектелген. Мәтіні шығыңқы.
Медаль адалдықты, сенімділікті және мінсіздікті бейнелейтін көк түсті қатқыл лентамен тысталған көлемі 50 х 32 мм алты бұрышты тағанға құлақша мен шығыршық арқылы бекітіледі.
Медаль тағанының шеттерінде және ортасында батылдықты, ерлікті бейнелейтін шеткілерінің ені 1 мм, ортасындағыларының ені 2 мм алты қызыл жолақша орналасқан. Қызыл жолақшалардың арасында ені 1 мм үш көк жолақша орналасқан. Шеткі және ортасындағы қызыл жолақтардың аралары 9,5 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің медальдары
"Президент Күзет қызметінің ардагері" (32-қосымша)
"Президент Күзет қызметінің ардагері" медалі жезден дайындалады және ортасында алтын сәулелерін шашқан шеңбер нысанында болады. Сәулелер ұшының диаметрі 36 мм.
Медальдің бет жағында ақ түсті эмальмен боялған ішкі шеңбердің ортасында, күн және қалықтаған қыран бар шығыңқы бес бұрышты жұлдыз - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің нышаны орналасқан. Жұлдыз көгілдір түсті эмальмен боялған. Жұлдыз алтын түсті екі лавр бұтағынан тұратын дестемен көмкерілген. Сыртқы шеңбер бойында "ПРЕЗИДЕНТ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРДАГЕРІ" деген жазу орындалған. Сыртқы шеңбердің үсті көк түсті эмальмен боялған.
Медальдің сыртқы жағында ортада "25 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан, оның айналасында шеңбер бойымен "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасып, жылтыр шығыңқы ернеумен көмкерілген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен тысталған биіктігі 50 мм, ені 34 мм тікбұрышты нысанындағы тағанға жалғанады. Қатқыл лентаға көлденеңінен оң жағында кезектесе қара және қызғылт сары түсті жолақтар жүргізілген (Георгиев лентасы).
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (33-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "MІHCІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (34-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (35-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I, II, III дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды
атқарғаны үшін" (36, 37, 38-қосымшалар)
I, II, III дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында ортада күн мен оның астында қалықтаған қыраны бар бес бұрышты шығыңқы жұлдыз - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің нышаны орналасқан. Жұлдыз көгілдір түсті эмальмен боялған. Жұлдыз екі лавр бұтағынан тұратын дестемен көмкерілген. Дестенің лентасында медальдің дәрежесін білдіретін рим цифры (I, II немесе III) жазылған. Дестенің айналасында басы мен аяғы ұлттық ою-өрнекпен бөлінген "ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН АЙБЫНДЫ АТҚАРҒАНЫ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ЕЛБАСЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН" деген жазу орналасқан. Сырт жағында төменгі жақта өсімдік элементтерімен көмкерілген "I (II немесе III) ДӘРЕЖЕ" деген жазу.
I дәрежелі медаль жезден дайындалады. II дәрежелі медаль мельхиордан дайындалады. III дәрежелі медаль қолаға келтіріп жезден дайындалады.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен тысталған биіктігі 50 мм, ені 32 мм алты бұрышты нысандағы тағанға жалғанады. Лентаның он жақ шетінде ені 3 мм көгілдір жолақша орналасқан, одан кейін ені 3 мм (медальдің дәрежесіне байланысты бір, екі, немесе үш) сары түсті жолақ (жолақтар) бар. Сары жолақтардың аралары 2 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
(39-қосымша)
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында ортада қылышпен, садақпен, жебелі қорамсақпен және аттың жалынан жасалған шашақпен безендірілген ұзын найзамен айқастырылған қалқанның бейнесі, төменгі жағында - қол алысуды білдіретін нышан орналасқан. Медальдің жоғары ішкі жағын бойлай "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ" деген жазу, төменірек - тегіс екі қырлы сәулелері бар бес бұрышты жұлдыз, күн мен қалықтаған қыран орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, жылтырақ алтын түстес. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туымен түстес жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасқан. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады. Лентаға солдан оңға қарай ені 4 мм-ден ақ, сары және жасыл түсті үш жолақша жүргізілген. Жолақшалардың арақашықтығы 2 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының медальдары
"Республикалық ұлан ардагері" (40-қосымша)
"Республикалық ұлан ардагері" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында Республикалық ұланның айыру жұлдызы бейнеленген, оның төменгі жағында лавр жапырақтары орналасқан. Жұлдыз бейнесінің бедері жылтырақ. Жұлдыздың ішкі аясы көк түсті эмальмен боялған. Жұлдыздың шеттері ақ түсті эмальмен жиектелген. Жұлдыздың төменгі жағында "ҰЛАН" деген жазуы бар қызыл эмальды лента орналасқан. Жоғарғы бөлігіндегі шеңбер бойымен - "РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛАН АРДАГЕРІ" деген жазу, төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналасады.
Медальдің сыртқы жағында барыстың суреті орналасқан. Барыстың үстінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу, оның астында "РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛАНЫ" деген жазу орналасқан. Жазулар бір-бірінен екі бес бұрышты жұлдызбен бөлінген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 33 мм көгілдір ақық түсті жібек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға жалғанады. Ортасы арқылы ені 7 мм ұлттық ою-өрнек түріндегі алтын түсті жолақ өтеді. Ою-өрнектің оң және сол жағынан әрқайсысының ені 2 мм екі қызыл жолақ өтеді.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (41-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және
диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ MIHCІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (42-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (43-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ MІHCIЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің медальдары
"Сырбар" қызметінің ардагері" (44-қосымша)
"Сырбар" қызметінің ардагері" медалі қанаттары жазылған көлемді бүркіт бейнесі бар диаметрі 34 мм күміс түсті металл шеңберден тұрады. Бүркіт бейнесінің бедері жылтырақ. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Бүркіттің басы геральдикалық оң жаққа бұрылған. Бүркіттің оң шеңгелінде - аттың ақ түсті жалынан жасалған тұмары бар найза, сол шеңгелінде - дөңгелек мәнерлі ұлттық күміс қалқан, оның ортаңғы бөлігі алтын түстес ұлттық ою-өрнек элементтерімен орындалған екі ою-өрнекпен қиыса бөлінген. Қалқанның ортасына аттың ақ түсті жалынан жасалған тұмар бекітілген.
Медальдің шетін бойлай биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар. Ернеуді бойлай сағат тілі бойынша "СЫРБАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АРДАГЕРІ" деген мәтін орналасқан. Мәтін көлемді орындалған, әріптердің биіктігі 1,2 мм. Қыранның астыңғы жағында көлемді лавр бұтағы (борыш, даңқ, айбын дегенді білдіреді) орналасқан.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 3 мм көктікен түсті екі жолақшасы бар көкшіл (көгілдір) түсті жібек матамен тысталған көлемі 5
0 x 33 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Жолақшалардың, таған шетінің және жолақшалардың арасындағы аралық 9 мм-ден.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (45-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және
диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ MІHCIЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (46-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады.
Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (47-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" (48-қосымша)
"Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медалі диаметрі 34 мм алтын түсті металл шеңберден тұрады. Медальдің шетін бойлай биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм болатын шығыңқы ернеуі бар. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің ортасында жер шарының айшықты бедерлі бейнесі орналасқан, оның ортасында ұлттық ою-өрнегі бар ұлттық дөңгелек қалқанның айшықты бейнесі орналасқан. Қалқан бейнесінің бедері жылтырақ. Ою-өрнектің ортасында - аттың желбіреген жалы күйіндегі айшықты тұмар. Қалқанның айналасында - тойтарма шегелер. Медальдің төменгі ернеуін бойлай дөңгелек қалқан бейнесінің астыңғы жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазуы бар ені 4 мм лента. Медальдің айналасында - "СЫРТҚЫ БАРЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу. Әріптердің биіктігі 2 мм.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 3 мм алтын түсті екі жолақша және ені 5 мм көгілдір түсті жолақшасы бар көктікен түсті жібек матамен тысталған көлемі 50 х 33 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Тағанның шеті мен алтын түсті жолақшалардың аралығы - 9 мм, алтын түстес және көгілдір жолақшалардың аралығы 2 мм-ден.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің медальдары
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінін ардагері"
(49-қосымша)
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалі жезден дайындалады және сары түсті тегіс екі қырлы сәулелері бар бес ұшты жұлдыз нысанында болады, сәулелердің араларында негізгі әскер түрлерінің эмблемалары бар бес қалқан орналасқан. Медаль ортасында - алтын түсті күн, қалықтаған қыран және лавр бұтақтарының бейнелері "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРІ" деген жазуы бар сақинамен көмкерілген. Медаль бейнесінің бедері жылтырақ. Медальдің бет жағы тотықтырылған. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің қарама-қарсы жатқан ұштарының ара мөлшері 38 мм.
Медальдің сыртқы жағында ортада "25 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан. Медальдің сыртқы беті күңгірт.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 19 мм көгілдір түсті жолақ бар, лентаның оң жағында ені 1 мм үш қара жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм төрт сары жолақша орналасады. Лентаның сол жағында ені 3 және 1 мм екі қызыл жолақша, олардың арасында ені 2 мм көгілдір жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (50-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (51-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (52-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін"
(53-қосымша)
"Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында ортада жоғары жақта жер шарының бейнесі, оның астында қалықтаған көгершін бейнеленген. Медаль бейнелерінің бедері жылтырақ. Жиектің жоғарғы ішкі жағын бойлай "БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің реңі ұсақ бедермен күнгірттелген.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ" деген жазу, төменгі жағында - тегіс екі қырлы сәулелері бар бес ұшты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын түстес. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы сол жақ жартысы жасыл түсті, оң жағы - ені 16 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрыш нысанындағы тағанға жалғанады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
(54-қосымша)
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында ортада қылышпен, садақпен, жебелі қорамсақпен және аттың жалынан жасалған шашақпен безендірілген ұзын найзамен айқастырылған қалқанның бейнесі, төменгі жағында - қол алысуды білдіретін нышан орналасқан. Медаль бейнелерінің бедері жылтырақ.
Медальдің жоғарғы ішкі жағын бойлай "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген. Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ" деген жазу орналасқан, төменгі жағында - тегіс екі қырлы сәулелері бар бес ұшты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын түстес. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты нысандағы тағанға жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады. Лентаға солдан оңға қарай ені 4 мм ақ, сары және жасыл түсті үш жолақша жүргізілген. Жолақшалардың аралығы 2 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің медальдары
"Ішкі істер органдарының ардагері" (55-қосымша)
"Ішкі істер органдарының ардагері" медалі жезден дайындалады және жеті ұшты бедерлі жұлдыз нысанында болады. Медальдің бедері жылтырақ. Жұлдыздың ортасында Ішкі істер министрлігі нышанының бейнесі бар дөңгелек қалқан орналасқан. Жұлдыздың төменгі жағында бұтақтардың үстінен "ІІМ" деген аббревиатура бар қызыл эмальды лента орналасқан. Қалқанның аясы мөлдір көк эмальмен боялған. Әріптерге, лавр жапырақтарына мен қалқанның ернеуіне алтын жалатылған.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ" деген жазу, төменгі жағында "25 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Медальдің жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы мөлшері 37 мм.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 19 мм көгілдір жолақ, лентаның оң жағын бойлай ені 1 мм үш қара жолақшамен кезектескен ені 1 мм төрт сары жолақ орналасады. Лентаның сол жағында арасында ені 2 мм көгілдір жолағы бар ені 3 мм және 1 мм екі сары жолақ орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (56-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында ортада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің семсер бейнесі жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігінде эмблеманың үстінде бес ұшты жұлдыз орналасқан, эмблеманың астында "ІІМ" деген аббревиатура орналасқан. Медаль бейнесінің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі жағында "20 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 6 мм сары жолағы бар ені 5 мм екі қызыл жолақ орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (57-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында ортада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің семсер бейнесі жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігінде эмблеманың үстінде бес ұшты жұлдыз орналасқан, эмблеманың астында "ІІМ" деген аббревиатура орналасқан. Эмблемаға, жазу мен жұлдызға алтын жалатылған. Медаль бейнесінің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі жағында "15 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысының ені 2 мм үш қызыл жолақпен кезек жүргізілген ені 3 мм екі сары жолақ орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (58-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында ортада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің семсер бейнесі жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігінде эмблеманың үстінде бес ұшты жұлдыз орналасқан, эмблеманың астында "ІІМ" деген аббревиатура орналасқан. Медаль бейнесінің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі жағында "10 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ал ортасындағысының ені 1 мм төрт қызыл жолақпен кезек жүргізілген ені 2 мм үш сары жолақ орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін"
(59-қосымша)
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны орналасқан. Медаль бейнесінің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 3 мм екі қызыл жолақ орналасады, олардың ортасында ені 2 мм көгілдір жолақ, қызыл жолақтардың шеттерінде ені 9 мм көгілдір жолақтар орналасады. Лентаның шеттерін бойлай - ені 3 мм сары жолақтар бар.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
(60-қосымша)
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі ою-өрнекті жеті ұшты, айшықты, үстіңгі беті шашыраған сәуле түріндегі диаметрі 45 мм айшықты жұлдызды білдіреді.
Медаль негізіндегі сәулелерде жұлдыздың ортасында дөңгелек қалқан түріндегі қондырма орналасқан, одан 14 қырлы сәуле тарайды. Қондырманың әрбір екі сәулесі медаль негізінің жеті сәулесінің біріне ось бойымен параллельді бағытталған. Қондырманың сыртқы шеңберін бойлай шеті ширатылып өрілген түрдегі шығыңқы ою-өрнек орындалған. Шеңбермен бөлектелген қондырманың ортаңғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі нышанының бедерлі бейнесі орналасқан. Қондырманын орталық бөлігінің аясы көгілдір түсті эмальмен боялған. Қондырманың екі шеңберінің арасында қаракөк эмаль аясында "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген бедерленген жазу орындалған.
Медальдің негізі күмістен, қондырма алтын жалатылған күмістен дайындалады.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм төменгі бөлігінің бұрыштары кесілген тік бұрышты нысандағы тағанға жалғанады. Таған екі жағын әрқайсысының ені 2 мм жасыл, сары және ақ түсті жолақшалармен көмкерілген көгілдір түсті қатқыл лентамен тысталған. Лентаның ортасында ені 20 мм бір көгілдір жолақ орналасқан.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"
(61-қосымша)
"Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі алтын түстес металдан дайындалады және екі жағы шығыңқы ернеулі диаметрі 40 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында алтын түстес шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны орналасқан. Шеңбердің айналасында ені 3 мм көк түсті жолақ орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында шеңбер бейнеленген, шеңбер бойына ені 3 мм көк түсті жолақ орналасқан. Шеңбер ішінде ортасында "ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу жазылған.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерленген. Медальдің шеттері алтын түстес ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы қаракөк түсті жібек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға жалғанады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ішкі әскерлер комитетінің медальдары
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (62-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және
диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (63-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (64-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің медальдары
"Төтенше жағдайлар органдарының ардагері" (65-қосымша)
"Төтенше жағдайлар органдарының ардагері" медалі жезден дайындалады және сары түсті екі қырлы сәулесі бар сегіз ұшты жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (ішінде көгілдір үшбұрышы бар қызғылт-сары түсті шеңбер) жер шарының айшықты бейнесі, жер шары нобайының астында - қалықтаған қыран. Бейне қызыл түсті сақинаның аясында "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ" деген жазумен көмкерілген. Жер шары мен қалықтаған қыранның аясы көк эмальмен боялған. Жазуға, қалықтаған қыранның нобайына және жер шарының меридиандарына алтын жалатылған.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ" деген жазу, төменгі бөлігінде - "25 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы медальдің көлемі 38 мм.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның ортасында ені 17 мм көгілдір жолақ, лентаның оң шетін бойлай ені 1 мм үш қара жолақпен кезектесетін ені 1 мм төрт қызғылт-сары жолақ орналасады. Лентаның сол шетінде арасында ені 2 мм көгілдір жолағы бар ені 3 мм және 1 мм екі қызғылт-сары жолақ орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (66-қосымша)
I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (67-қосымша)
II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (68-қосымша)
III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.
Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін"
(69-қосымша)
I дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында ортада Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы: қалықтаған қыранның қанаттары арасында айқасқан өрт сөндіру балталары бар өрт сөндіруші каскасының бейнесі орналасқан. Эмблемаға алтын жалатылған.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі бөлігінде "20 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында ені 5 мм екі қызыл жолақ орналасады, олардың арасында ені 6 мм ақ жолақ бар.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз
қызметі үшін" (70-қосымша)
II дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында ортада Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы: қалықтаған қыранның қанаттары арасында айқасқан өрт сөндіру балталары бар өрт сөндіруші каскасының бейнесі орналасқан. Эмблемаға алтын жалатылған.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі бөлігінде "15 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында үш қызыл жолақпен кезек жүргізілген ені 3 мм екі ақ жолақ орналасады, олардың шеткілерінің ені 4 мм, ортаңғысы 2 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз
қызметі үшін" (71-қосымша)
III дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдің реңі ұсақ бедермен күңгірттелген.
Медальдің бет жағында ортада Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы: қалықтаған қыранның қанаттары арасында айқасқан өрт сөндіру балталары бар өрт сөндіруші каскасының бейнесі орналасқан. Эмблемаға күміс жалатылған.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу, төменгі бөлігінде "10 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында төрт қызғылт-сары жолақпен кезек жүргізілген ені 2 мм үш ақ жолақ орналасады, олардың шеткілерінің ені 4 мм, ортаңғысының ені 1 мм.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік
шыққаны үшін"
(72-қосымша)
"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдің бет жағында ортада - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (ішінде көгілдір үшбұрышы бар қызғылт-сары түсті шеңбер) жер шарының айшықты бейнесі, жер шары нобайының астында - қалықтаған қыран. Жер шарының аясы көк эмальмен боялған. Қалықтаған қыранның бейнесіне және жер шарының меридиандарына алтын жалатылған.
Медальдің сыртқы жағында ортада "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЖӘНЕ ЖОЮДА ҮЗДІК ШЫҚҚАНЫ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның ортасында ені 3 мм екі қызыл жолақ орналасады, олардың ортасында ені 2 мм көгілдір жолақ, қызыл жолақтардың шеттерінде ені 3 мм екі ақ жолақ орналасқан. Лентаның шеттерінде - ені 9 мм көгілдір жолақтар.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кеден бақылау комитетінің медальдары
"Кеден қызметінің ардагері" (73-қосымша)
"Кеден қызметінің ардагері" медалі мельхиордан дайындалған көлемді сегіз сәулелі жұлдыз болып келеді. Медальдің беті күңгірттелген.
Бет жағында халықаралық сауда нышаны Меркурий асатаяғы және сегіз ұшты жұлдыздың аясында Қазақстан Республикасы кеден қызметі эмблемасының бедерлі бейнесі. Эмблема бейнесі жылтырақ. Эмблеманың шаңырағы көгілдір эмальмен боялған. Шаңырақтың айналасында ақ алаңда кеден қызметінің атауы мемлекеттік және ағылшын тілдерінде алтын (алтын жалатылған) әріптермен орындалған. Медальдің төменгі бөлігі лавр бұтақтарымен көмкерілген. Композицияны мемлекеттік тілде жазылған "КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ АРДАГЕРІ" деген жазу аяқтайды.
Медальдің сыртқы бетінде көлденеңінен "КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ АРДАГЕРІ" деген жазу орындалған.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I, II, III дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін"
(74, 75, 76-қосымшалар)
I, II, III дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі диаметрі 32 мм шеңбер нысанында болады. Медальдің беті жылтырақ.
I дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі - сары түсті металдан (жезден, алтын жалатылған қоладан) дайындалады.
II дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі - ақ түсті металдан дайындалады, кеден органдарының эмблемасы мен масақтары сары түсті, ал эмблеманың айналасындағы алаңы ақ түсті.
III дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі - ақ түсті металдан (мельхиордан, нейзильберден) дайындалады.
Медальдің бет жағында лавр дестесінің жақтаушасында халықаралық сауданың нышаны Меркурий асатаяғы аясында Қазақстан Республикасы кеден органдарының эмблемасы орналасқан сегіз ұшты жұлдыз орналасқан. Эмблеманың шаңырағы көгілдір эмальмен боялған. Медальдің I және III дәрежелеріндегі эмблеманың беті күнгірттелген. Медальдің II дәрежесіндегі эмблеманың беті алтын жалатыла күңгірттелген.
Медальдің сыртқы жағында "КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу шығыңқы әріптермен көлденең орналасқан және төменде медальдің тиісті дәрежесі бойынша: I дәрежелі - "20 ЖЫЛ", II дәрежелі - "15 ЖЫЛ", III дәрежелі - "10 ЖЫЛ" қызмет мерзімі цифрлармен бейнеленген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір және жасыл түсті (Қазақстан Республикасы кеден органдары туының түсі) қатқыл лентамен тысталған сары түсті металдан жасалған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның сол шетінде әрқайсысының ені 2 мм награданың тиісті дәрежесіне сәйкес келетін қызыл түсті жолақтар орналасады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін" (77-қосымша)
"Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін" медалі нейзильберден дайындалады, екі жағынан шығыңқы ернеулері бар диаметрі 32 мм шеңбер нысанында болады. Медальдің беті жылтырақ.
Бет жағында халықаралық сауданың нышаны Меркурий асатаяғы және сегіз ұшты жұлдыздың аясында Қазақстан Республикасы кеден қызметі эмблемасының бедерлі бейнесі. Эмблеманың шаңырағы көгілдір эмальмен боялған. Эмблеманың беті күңгірттелген. Медаль лавр бұтақтарымен жиектелген. Медальдің төменгі бөлігінде лавр бұтақтары қол алысудың бейнесіне ұласады.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медальдің сыртқы жағында "КЕДЕНДІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТҚАНЫ ҮШІН" деген жазу бар. Жазудың астында айқасқан екі лавр бұталары бар.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек көгілдір түсті қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады, оның шеттерінде ені 2 мм сары, жасыл және ақ түсті жолақтар бар.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төсбелгісі
I дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" (78-қосымша)
I дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі күміс және алтын түсті металдан дайындалады, ені 2,5 мм шығыңқы қырлы ернеумен көмкерілген көлемді сопақша нысанда болады. Сопақшаның нобайын бойлай ені 8 мм алтын түсті жолақпен көмкерілген. Сопақшаның ішінде - таразысы мен семсері бар сот төрелігі құдай анасының (Фемиданың) бейнесі. Жиектің жоғарғы ішкі шетінде "СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ" деген алтын түсті жазу, жиектің төменгі жағын бойлай - "I" цифры бар қалқан орналасқан. Жазу мәтіні мен белгі бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ. Белгінің беті фактураланған.
Белгінің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасады.
Белгінің өлшемдері: биіктігі - 45 мм, ені - 40 мм.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" (79-қосымша)
II дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі күміс және алтын түсті металдан дайындалады, ені 2,5 мм шығыңқы қырлы ернеумен көмкерілген көлемді сопақша нысанда болады. Сопақшаның нобайын бойлай ені 8 мм сұр түсті жолақпен көмкерілген. Сопақшаның ішінде - таразысы мен семсері бар сот төрелігі құдай анасының (Фемиданың) бейнесі. Жиектің жоғарғы ішкі шетінде "СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ" деген сұр түсті жазу, жиектің төменгі жағын бойлай - "II" цифры бар қалқан орналасқан. Жазу мәтіні мен белгі бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ. Белгінің беті фактураланған.
Белгінің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасады.
Белгінің өлшемдері: биіктігі - 45 мм, ені - 40 мм.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының төсбелгілері "Прокуратураның құрметті қызметкері" (80-қосымша)
"Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісі жеке қалыпталып, қолдан құрастырылған екі бөлек элементтен орындалады.
Белгінің негізі алтын жалатылған күміс қорытпасынан (тотықтырылған) жасалған және ішкі бұрыштарынан жан-жаққа тараған бедерлі алтын түстес сәулелер бар биіктігі мен ені 50 мм дұрыс сегіз ұшты жұлдыз болып келеді. Сыртқы бұрыштарында ою-өрнек бар. Жұлдыздың ортасында көк түстің аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан, оның айналасында "ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" деген жазу орналасқан.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Прокуратура үздігі" (81-қосымша)
I дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі жеке қалыпталып, қолдан құрастырылған екі бөлек элементтен орындалып, жезден жасалған. Белгінің беті жылтырақ.
Белгінің негізі ортасынан жан-жаққа тараған бедерлі үшкір сәулелерді лавр дестесі жиектеп тұратын биіктігі 55 мм, ені 41 мм сопақша болып келеді.
Сәулелерде көк түсті эмаль жағылған дұрыс сегіз ұшты жұлдыз түрінде қондырма орналасқан. Жұлдыздың ортасында көк түстің аясында ұлттық ою-өрнек элементімен көмкерілген дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі орналасады. Жұлдыздың артында семсер тігінен орналасқан. Жұлдыздың төменгі сәулелері "ПРОКУРАТУРА ҮЗДІГІ" деген жазу орналасқан көк лентаға бағытталады. Лентаның астында, оның орталық бөлігінде, қырланған алаңша шығып тұрады, оның көк түсінің аясында белгінің дәрежесіне сәйкес келетін "I" рим цифры жазылған.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Прокуратура үздігі" (82-қосымша)
II дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі жеке қалыпталып, қолдан құрастырылған екі бөлек элементтен орындалып, мельхиордан жасалған. Белгінің беті жылтырақ.
Белгінің негізі ортасынан жан-жаққа тараған бедерлі үшкір сәулелерді лавр дестесі жиектеп тұратын биіктігі 55 мм, ені 41 мм сопақша болып келеді.
Сәулелерде көк түсті эмаль жағылған дұрыс сегіз ұшты жұлдыз түрінде қондырма орналасқан. Жұлдыздың ортасында көк түстің аясында ұлттық ою-өрнек элементтерімен көмкерілген дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі орналасқан. Жұлдыздың артында семсер тігінен орналасқан. Жұлдыздың төменгі сәулелері "ПРОКУРАТУРА ҮЗДІГІ" - деген жазу жазылған көк лентаға бағытталады. Лентаның астында, оның орталық бөлігінде қырланған алаңша шығып тұрады, оның көк түсінің аясында белгінің дәрежесіне сәйкес келетін "II" рим цифры жазылған. Қондырма жезден жасалған.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің төсбелгілері
"Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері" (83-қосымша)
"Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері" төсбелгісі диаметрі 35 мм көлемді дөңгелек нысанында болады және жезден дайындалады. Белгінің беті жылтырақ. Шеңбердің ортасына Қазақстан Республикасы картасының сәулелері шашыраған айшықты бедерлі бейнесі орналасады. Картаның үстінде қалықтаған қыранның бедерлі бейнесі орналасқан. Белгінің жоғарғы бөлігінде қыран қанаттарының арасында ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан. Белгінің беті жылтырақ.
Белгінің жоғарғы сыртқы бөлігі тоғыз кертешпен көмкерілген.
Белгінің төменгі бөлігі үш сәндік шығыңқы элементтен тұратын жартылай дөңгелек кенере болып келеді. Кенеренің ішінде ұлттық ою-өрнек бейнесі орналасқан. Белгінің қалған қоршауында "ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" деген бедерленген жазу орналасады. Белгінің төменгі сыртқы бөлігі ұлттық ою-өрнек элементтері бар сәндік әшекеймен көмкерілген. Белгі бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 28 мм тағанға бекітіледі.
Таған жезден дайындалады және тік бұрышты болып келеді, оның төменгі бөлігі лавр бұтақтарымен әшекейленген. Бұтақтар шығыңқы жылтырақ.
Тағанның ішкі алаңында көгілдір түсті эмаль жағылған. Көгілдір алаңның ортасында алтын түстес ұлттық ою-өрнек элементтерінің шығыңқы бейнесі орналасқан.
Белгінің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" (84-қосымша)
I дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісі төменгі бөлігі биіктігі 35 мм көк түсті лентамен жиектелген көгілдір түсті геральдикалық қалқан нысанында болады. Белгінің жоғарғы бөлігі әр бүйірі төрт толқыннан тұратын алтын түстес шығыңқы жиекпен көмкерілген. Белгі бес ұшты жұлдызбен тұйықталады. Жұлдыз алтын түстес, нобайын бойлай көгілдір түстес жолақпен көмкерілген. Белгінің жоғарғы бөлігінде жылтырақ алтын түстес шаңырақтың айшықталған шығыңқы бейнесі орналасады. Белгінің ортасында "I ДӘРЕЖЕЛІ ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген шығыңқы, алтын түстес жазу орналасқан. "I" рим цифрының биіктігі 2 мм, "ДӘРЕЖЕЛІ" сөзі - 1,5 мм, "ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" сөздері - 1 мм.
Көмкеруші лентаның шығыңқы бөліктері бойынша белгінің ені 31, 124 мм. Көк түсті лентаның ішінде жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнектің шығыңқы бейнесі орналасқан. Лентаның сыртқы жағы алтын түстес шығыңқы жиектемемен көмкерілген. Қалқан мен лентаның арасында алтын түстес шығыңқы элемент орналасады. Лента белгінің ортасында кейін қарай бүгіліп, төмен түсіп тұрады.
Белгінің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" (85-қосымша)
II дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісінің төменгі бөлігі биіктігі 35 мм көк түсті лентамен жиектелген көгілдір түсті геральдикалық қалқан нысанында болады. Белгінің жоғарғы бөлігі әр бүйірі төрт толқыннан тұратын алтын түстес шығыңқы жиекпен көмкерілген. Белгі бес ұшты жұлдызбен тұйықталады. Жұлдыз алтын түстес, нобайын бойлай көгілдір түстес жолақпен көмкерілген. Белгінің жоғарғы бөлігінде жылтырақ алтын түстес шаңырақтың айшықталған шығыңқы бейнесі орналасады. Белгінің ортасында "II ДӘРЕЖЕЛІ ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген шығыңқы, алтын түстес жазу орналасқан. "II" рим цифрының биіктігі 2 мм, "ДӘРЕЖЕЛІ" сөзі - 1,5 мм, "ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" сөздері - 1 мм.
Көмкеруші лентаның шығыңқы бөліктері бойынша белгінің ені 31, 124 мм. Көк түсті лентаның ішінде жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнектің шығыңқы бейнесі орналасқан. Лентаның сыртқы жағы алтын түстес шығыңқы жиектемемен көмкерілген. Қалқан мен лентаның арасында алтын түстес шығыңқы элемент орналасады. Лента белгінің ортасында кейін қарай бүгіліп, төмен түсіп тұрады.
Белгінің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төсбелгілері
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері"
(86-қосымша)
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері" төсбелгісі ені 2,5 мм шығыңқы қырлы ернеумен жиектелген көлемді, сұр түсті бес бұрышты қалқанның шығыңқы нысанында болады. Қалқанның ішінде диаметрі 18 мм көк түсті эмальмен боялған көлемді қондырмалы шеңбер орналасқан. Шеңбердің ішінде диаметрі 14 мм айшықты шаңырақ бейнесі орналасқан. Шаңырақ жолақтарының аралығы 1 мм. Шеңбер мен шаңырақ арасында диаметрі 1 мм 6 көлемді нүкте орналасқан. Жолақтар мен нүктелер алтын түстес. Шеңбердің екі жағында алаңы және астында көгілдір түсті (Мемлекеттік Тумен түстес) және жиектері алтын түстес мәнерлі ленталар орналасқан. Ленталардың ені 3 мм. Екі жағындағы ленталардың ұзындығы 21 мм, астыңғысы 20 мм. Екі жағындағы ленталарда "ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" мәтіні, астыңғысында "ҰҚК" аббревиатурасы. Әріптердің биіктігі 2 мм. Әріптер жылтырақ алтын түстес орындалған. Мәтін шығыңқы.
Шаңырақ аясында алтын түстес металдан жасалған қондырмалы көлемді қыран (халыққа, мемлекетке қызмет етуді білдіреді) орналастырылған. Дөңгелек қалқандағы нүктелер мемлекет мүдделерінің барлық жақтан (солтүстік, батыс, оңтүстік, шығыс) қорғалуын білдіреді, екі нүктені қыран жауып түр. Қонақтап отырған қыранның биіктігі 19 мм, ені 7 мм. Қалқан мен төменгі лента астында, білікті бойлай тігінен көне ұлттық қару үлгісінде айшықталған алтын түстес найза орналастырылған. Найза ұшының биіктігі 5 мм, ені 4 мм.
Белгінің төменгі бөлігінде шеңбер мен лентаның астынан қалыңдығы 2 мм алтын түстес найзаның сабы 10 мм шығып түр. Саптың төменгі ұшында, сәулелерінде және олардың қиылысқан жерінде қырлары бар алтын түстес жеті ұшты жұлдыз орналасқан. Сәулелердің ұзындығы 3 мм. Жұлдыз найзаның ұшында орналасқан. Найзаның төменгі ұшы мен жұлдыздың ортасына дейінгі аралық 3 мм.
Белгі күміс және алтын түстес металдан дайындалады. Белгінің беті жылтырақ.
Белгінің сыртқы жағына оның реттік нөмірі орналасады.
Белгінің өлшемдері: биіктігі 45 мм, ені 30 мм.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі"
(87-қосымша)
I дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі алтын түстес көлемді шығыңқы ернеумен жиектелген, көтеріңкі қырланған ұштары бар сегіз ұшты жұлдыз болып келеді. Жұлдыздың ұштары бойынша алғанда диаметрі 35 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің беті жылтырақ.
Жұлдыздың жалпы аясы көктікен түсті эмальмен боялған. Жұлдыздың ортасында диаметрі 22 мм алтын түстес дөңгелек қалқан орналастырылған. Қалқан қондырмалы, ортасында көгілдір түсті эмаль бүркілген көлемді нысанды және аралығында: "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" деген жазу орналасқан көлемді көтеріңкі екі ернеумен жиектелген. Әріптердің биіктігі 1,5 мм, ернеулердің аралығы 3 мм. Қалқанның төменгі бөлігінде үш шығыңқы нүкте орналасқан. Әріптер мен нүктелер алтын түстес.
Қалқанның орталық бөлігінде қырағы көз тастап қонақтап отырған қыранның (мемлекет мүддесі сақшысының нышаны) көлемді қондырмалы бейнесі орналасқан. Көлемі 18 x 6 мм қыран бейнесі алтын түспен орындалады.
Қыран бейнесінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көктікен түсті қатқыл лентамен тысталған көлемі 28 х 17 мм тік бұрышты мәнерлі тағанға бекітіледі. Лентаның ортасында ені 3 мм қызыл түсті жолақша, оның оң және сол жағында ені 1 мм сары түсті жолақшалар орналасқан. Лентаның шеттерінде ені 9,5 мм көктікен түсті жолақшалар орналасқан.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі"
(88-қосымша)
II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі күміс түстес көлемді шығыңқы ернеумен жиектелген, көтеріңкі қырланған ұштары бар сегіз бұрышты жұлдыз болып келеді. Жұлдыздың ұштарынан алғанда диаметрі 35 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің беті жылтырақ.
Жұлдыздың жалпы аясы көктікен түсті эмальмен боялған. Жұлдыздың ортасында диаметрі 22 мм күміс түстес дөңгелек қалқан орналастырылған. Қалқан қондырмалы, ортасында көгілдір түсті эмаль бүркілген көлемді нысанды және аралығында: "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" деген жазу орналасқан көлемді көтеріңкі екі ернеумен жиектелген. Әріптердің биіктігі 1,5 мм, ернеулердің аралығы 3 мм. Қалқанның төменгі бөлігінде үш шығыңқы нүкте орналасқан. Әріптер мен нүктелер күміс түстес.
Қалқанның орталық бөлігінде қырағы көз тастап қонақтап отырған қыранның (мемлекет мүддесі сақшысының нышаны) көлемді қондырмалы бейнесі орналастырылған. Көлемі 18 х 6 мм қыран бейнесі күміс түспен жасалады. Қыран бейнесінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көктікен түсті қатқыл лентамен тысталған көлемі 28 х 17 мм тік бұрышты мәнерлі тағанға бекітіледі. Лентаның ортасында кезектесе, сары, қызыл, көктікен, қызыл, сары түсті ені 1 мм жолақтар жүргізілген. Лентаның шеттерінде ені 9,5 мм көктікен түсті жолақшалар орналасқан.
Белгі мен таған томпак немесе никелді-мыс түріндегі қорытпадан жасалады. Мәтін астындағы аясы күңгірттеледі.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің төсбелгілері
"Құрметті шекарашы" (89-қосымша)
"Құрметті шекарашы" төсбелгісі ені 1 мм қырлы ернеумен жиектелген алтын түстес бес бұрышты мәнерлі шығыңқы қалқан нысанында болады. Белгінің жоғарғы бөлігі (ортасынан оңға және солға қарай) 4 жапырақтан тұратын лавр бұтақтарымен симметриялы безендірілген. Белгінің беті жылтырақ.
Белгінің бет жағы көк түсті эмальмен боялған. Қалқанға тік білікті бойлай тігінен биіктігі 48 мм және ені 6 мм көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) Қазақстан Республикасының шекара бағанының бейнесі салынған.
Шекара бағанының жоғарғы бөлігі алтын түстес. Баған бейнесінің жоғарғы ұшы мен көк түске ауысатын сызыққа дейінгі аралығы 6 мм. Бағанға жасыл түсті шеңбер мен оған салынған көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес) бес ұшты жұлдыз түріндегі Шекара қызметінің эмблемасы салынған. Шеңбер мен жұлдыз ені 0,5 мм алтын түстес жолақпен жиектелген. Жұлдыздың ортасында диаметрі 5 мм алтын түстес күн бейнеленген. Жасыл шеңбердің диаметрі 12 мм, жұлдыз сәулелерінің ұзындығы 6 мм, жұлдыздың жоғарғы сәулесі мен белгінің жоғарғы ұшына дейінгі аралығы 8 мм.
Эмблемадан төменірек алтын түстес қалықтаған қыран бейнеленген. Оның қанат ұштарының аралығы 16 мм. Төменірек белгіні көк түспен екі жолға жазылған "ҚҰРМЕТТІ ШЕКАРАШЫ" деген жазуы бар алтын түстес лента жауып тұр. Лентаның ені 5 мм, әріптердің биіктігі 1,6 мм. Лентаның ұштары белгінің сыртқы жағында айшықталып айқаса, лентаның астынан оң және сол жақтан 2 мм болып бет жағына шығады.
Белгінің сыртқы бетінде оның реттік нөмірі орналасады.
Белгінің өлшемі: биіктігі 48 мм, ені 27 мм.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
I, II дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі"
(90, 91-қосымшалар)
I, II дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісі қырланған шығыңқы сәулесі айшықталған жеті ұшты жұлдызды болып келеді. (I дәрежелі - алтын түстес, II - дәрежелі күміс түстес). Белгінің беті жылтырақ. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 35 мм.
Жұлдыздың ортасында алаңы көгілдір түсті (Мемлекеттік Ту түстес) диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында жасыл түсті шеңбер және оған салынған көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес) бес ұшты жұлдыз түріндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің эмблемасының бейнесі орналасқан. Қалқанның төменгі бөлігінде шеңберді бойлай "ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" деген жазу бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде - қалқанның айшықталған шығыңқы үш тойтарма шегесі. Қалқанның астында ұлттық қару үлгісінде айшықталған айқастырылған семсерлер орналасқан. Семсерлер бейнесінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Қалқанның астында білікті бойлай тігінен биіктігі 37 мм және ені 6 мм көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес) Қазақстан Республикасы шекара бағанының бейнесі орналасқан. Баған бейнесінің үстіңгі ұшынан көк түске ауысатын сызыққа дейінгі аралығы 8 мм. Жасыл шеңбердің диаметрі 12 мм, жұлдыз сәулелерінің ұзындығы 6 мм, жұлдыздың жоғарғы сәулесінен белгінің жоғарғы ұшына дейінгі аралығы 11 мм. Бағанның төменгі бөлігінде тиісінше биіктігі 4 мм "I" және "II" рим цифры орналасқан. Цифрдың түсі белгі металымен түстес.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 27 х 22 мм мәнерлі жолақтары бар тікбұрыш нысанды тағанға бекітіледі. Тағанның ортасында І дәреже үшін қызыл түсті және II дәреже үшін жасыл түсті эмальмен боялған көлемі 24 х 15 мм тікбұрыш бар. Тағанның түсі белгі дәрежесінің түсіне байланысты.
Белгі мен таған томпак немесе никелді-мыс түріндегі қорытпадан жасалады. Жүлдыздың қырланған сәулелері арасындағы сәулелер күңгірттенеді.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
төсбелгісі
I дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" (92-қосымша)
I дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісі алтын түстес металдан жасалады.
Төсбелгінің ортасында шашыраған күн сәулелерінің аясында секіруге дайындалған алтын түстес барыс бейнесі салынған көгілдір түсті дөңгелек қалқан орналасқан. Шеңберді бойлай мемлекеттің мүдделерін барлық жағынан қорғауды білдіретін алтын түстес 8 нүкте орналасқан.
Қалқан "ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген алтын түстес жазуы бар қызыл лентамен көмкерілген. Қалқанның төрт жағында көркейтуді, халықты, елді және оның тарихын құрметтеуді бейнелейтін ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
Белгіден төменірек қызыл лентаның бөлігінде төсбелгінің дәрежесін айқындайтын алтын түстес "I" рим цифры орналасқан.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" (93-қосымша)
II дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісі күміс түстес металдан дайындалады.
Төсбелгінің ортасында шашыраған күн сәулелерінің аясында секіруге дайындалған алтын түстес барыс бейнесі салынған көгілдір түсті дөңгелек қалқан орналасқан. Шеңберді бойлай мемлекеттің мүдделерін барлық жағынан қорғауды білдіретін алтын түстес 8 нүкте орналасқан.
Қалқан "ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген күміс түстес жазуы бар қызыл лентамен көмкерілген. Қалқанның төрт жағында көркейтуді, халықты, елді және оның тарихын құрметтеуді бейнелейтін ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
Белгіден төменірек қызыл лентаның бөлігінде төсбелгінің дәрежесін айқындайтын алтын түстес "II" рим цифры орналасқан.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің төсбелгісі
"Елбасы қорғаны" (94-қосымша)
"Елбасы қорғаны" төсбелгісі күмістен дайындалады және беті шашыраған сәулелер түрінде орындалған мәнерлі қалқан болып келеді. Мәнерлі қалқан тотықталған. Мәнерлі қалқан бетінің ортасында күміс қоспасынан жасалған тутұғыр және екі шоғырланған шеңбер түріндегі қондырма орналасқан. Ішкі шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің нышаны - күн мен оның астында қалықтаған қыраны бар бес ұшты жұлдыз орналасқан. Жұлдыз көгілдір түсті эмальмен боялған. Жұлдыздың арт жағында ақ түсті аяда секіру қалпындағы барыс бейнеленген. Сыртқы шеңбердің жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу, астыңғы бөлігінде "ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫ" деген жазу орындалған. Сыртқы шеңбердің беті көк түсті эмальмен боялған. Тутұғыр тұтқасынан екі жаққа қарай қондырманың астында шашыраған лавр бұтақтары бейнеленген.
Барыс, жұлдыз жиектемесі, жұлдыздың ішіндегі қыран мен күн, тутұғыр, лавр бұтақтары, қондырманың ішкі және сыртқы шеңберлері алтын жалатылған.
Белгінің габариттік өлшемдері 50 х 30 мм.
Белгі киімге бұранда мен тегір арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының төсбелгілері
I дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" (95-қосымша)
I дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі ортасынан жылтырақ алтын түстес шашыраған сәулелері бар бес бұрышқа (бес бұрыштың қарама-қарсы ұштары арасының аралығы 34 мм) салынған көк түсті бес ұшты жұлдыз (жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасының аралығы 34 мм) нысанында жезден дайындалады.
Төсбелгінің ортасында, шеңбер ішінде Республикалық ұланның эмблемасы - ат үстіндегі жауынгер орналасқан. Шеңбердің ішкі бөлігі көк түсті. Шеңбер шеттері бес ұшты жұлдыздың ішкі бұрыштарын жанап өтеді. Жұлдыздың төменгі бөлігінде, шеңбер жиегінің ортасын бойлай қызыл түсті эмаль әдісімен құйылған лента өтеді, оған алтын түстес әріптермен "ҰЛАН" деген жазу орналасқан.
Aт үстіндегі жауынгер мен жұлдыздың қырлары алтын түстес.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы жезден дайындалған тік бұрыш нысандағы тағанға жалғанады. Тағанның биіктігі 17 мм, ұзындығы 28 мм. Тағанның екі жағында тереңдігі 1 мм, биіктігі 7 мм ойықтар бар. Таған көк түсті, ені 1,5 мм жиектері (кенере) алтын түстес.
Белгі киімге бұранда мен тегір арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" (96-қосымша)
II дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі ортасынан жылтырақ алтын түстес шашыраған сәулелері бар бес бұрышқа (бес бұрыштың қарама-қарсы ұштары арасының аралығы 34 мм) салынған көк түсті бес ұшты жұлдыз (жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасының аралығы 34 мм) нысанында мельхиордан дайындалады.
Төсбелгінің ортасында, шеңбер ішінде Республикалық гвардияның эмблемасы - ат үстіндегі жауынгер орналасқан. Шеңбердің ішкі бөлігі көк түсті. Шеңбер шеттері бес ұшты жұлдыздың ішкі бұрыштарын жанап өтеді. Жұлдыздың төменгі бөлігінде, шеңбер жиегінің ортасын бойлай қызыл түсті эмаль әдісімен құйылған лента өтеді, оған күміс түсті әріптермен "ҰЛАН" деген жазу орналасқан.
Ат үстіндегі жауынгер мен жұлдыздың қырлары күміс түстес.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы мельхиордан дайындалған тік бұрыш нысандағы тағанға жалғанады. Тағанның биіктігі 17 мм, ұзындығы 28 мм. Тағанның екі жағында тереңдігі 1 мм, биіктігі 7 мм ойықтар бар. Таған көк түсті, ені 1,5 мм жиектері (кенере) алтын түстес.
Белгі киімге бұранда мен тегір арқылы бекітіледі.
"Үздік спортшы-жауынгер" (97-қосымша)
"Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісі екі бөліктен: белгі мен тағаннан тұрады және оған: жоғарыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны - жұлдыз және екі жағында шығыңқы қырлар бар жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнегі бар жеті жапырақша салынған диаметрі 20 мм көгілдір түсті шеңбер болып келеді. Сыртқы шеңберден жапырақшаның ұшына дейінгі аралығы 4 мм.
Екі шеңбердің (сыртқы және ішкі) арасында алтын түстес "СПОРТШЫ-ЖАУЫНГЕР" деген жазу бар. Ішкі шеңбердің диаметрі 14 мм. Жазу ортасында лавр бұтағы орналасқан. Шеңберлер жиектерінің қалыңдығы 1 мм алтын түстес. Шеңбердің ортасында алтын түстес жүгірушінің бейнесі бар.
Бес ұшты жұлдыздың жоғары жағының диаметрі 12 мм қызыл түсті, оған мемлекеттің нышаны салынған. Жұлдыз қырлары мен нышан жылтырақ алтын түстес. Белгі жазуы мен бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 17 мм және ені 20 мм шығыңқы қырлары бар көгілдір түсті қалқан нысанындағы тағанға бекітіледі.
Таған ортасына "ҮЗДІК" деген жазу орналасқан. Тағанның қырлары мен жазуы алтын түстес.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" (98, 99-қосымшалар)
I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі оған: жоғарыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны - жұлдыз, төменде қалқан және екі жағында шығыңқы қырлар бар жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнегі бар алты жапырақша салынған радиусы 20 мм көгілдір түсті шеңбер болып келеді. Сыртқы шеңберден жапырақшаның ұшына дейінгі аралығы 4 мм.
Екі шеңбердің (сыртқы және ішкі) арасында алтын түстес "СПОРТШЫ-ЖАУЫНГЕР" деген жазу бар. Ішкі шеңбердің диаметрі 14 мм. Шеңберлер жиектерінің қалыңдығы 1 мм алтын түстес. Шеңбердің ортасында алтын түстес жүгірушінің бейнесі бар.
Жоғарыда диаметрі 12 мм қызыл түсті бес ұшты жұлдыз орналасқан, оған мемлекеттің нышаны салынған. Жұлдыз қырлары мен нышан жылтырақ алтын түстес. Белгі жазуы мен бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Қалқанның биіктігі 7 мм, қызыл түсті, ішінде белгінің дәрежесін көрсететін тиісінше "I" немесе "II" цифрлары бар. Қалқанның қырлары мен цифрлары алтын түстес. Белгі тұтастай қалыпталған.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің төсбелгісі
"Сырбар" қызметінің үздігі" (100-қосымша)
"Сырбар" қызметінің үздігі" төсбелгісі алтын түстес шығыңқы қырлы сәулелері бар сегіз ұшты айшықталған жұлдыз болып келеді. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 35 мм.
Жұлдыздың ортасында диаметрі 20 мм көктікен түсті дөңгелек қалқан бар. Қалқанның ортасында айқастырылған ұлттық ою-өрнек аясында жер шарының көкшіл (көгілдір) түсті айшықталған бейнесі. Жер шарының бейнесі ақ түсті тұмары бар тігінен тұрған ұлттық найзаның үстіне салынған. Қалқанның төменгі бөлігінде шеңберді бойлай "СЫРБАР" ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" деген жазу, жоғарғы бөлігінде - қалқанның айшықталған шығыңқы алты тойтарма шеге бейнеленген. Белгі бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 27 х 22 мм мәнерлі жақтары бар көлемі 24 х 15 мм тік бұрыш нысанындағы тағанға бекітіледі. Таған ортасында ені 4 мм сары түсті жолақшасы бар көктікен түсті жібек лентамен тысталған.
Белгі мен таған томпак немесе мыс-никель түріндегі қорытпадан жасалады. Жұлдыздың қырлы сәулелері арасындағы сәулелер күңгірттенеді.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің төсбелгілері
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі" (101-қосымша)
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі" төсбелгісі жезден дайындалады және бұтақтары қалқанның шетінен шығып тұратын алтын жалатылған лавр дестесіне салынған көгілдір түсті шығыңқы төрт бұрышты мәнерлі қалқан нысанында болады. Қалқан шетін бойлай бұранда құрайтын нүктелер үйлесімді орналасқан. Қалқанның жоғарғы бөлігінде бес ұшты қызыл эмальды жұлдыз орналасқан, оның үстіне алтын түстес шашыраған сәулелері бар күн және қалықтаған қыран салынған. Қалқанның ортасында көгілдір эмальмен боялған Қазақстанның географиялық картасы орналастырылған, оның аясында кеудесінде автоматы бар әскери қызметшінің бейнесі. Барлық композиция "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҮЗДІГІ" деген жазуы бар көк эмальды деңгелекшемен көмкерілген, оның басы мен соңында сары түсті нүкте орналасқан.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Белгінің бедері жылтырақ.
Белгі киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Үздік спортшы-жауынгер" (102-қосымша)
"Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісі екі бөліктен: белгі мен тағаннан тұрады және оған: жоғарыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны - жұлдыз және екі жағында шығыңқы қырлар бар жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнегі бар жеті жапырақша салынған диаметрі 20 мм көгілдір түсті шеңбер болып келеді. Сыртқы шеңберден жапырақшаның ұшына дейінгі аралығы 4 мм.
Екі шеңбердің (сыртқы және ішкі) арасында алтын түстес "СПОРТШЫ-ЖАУЫНГЕР" деген жазу бар. Ішкі шеңбердің диаметрі 14 мм. Жазу ортасында лавр бұтағы орналасқан. Шеңберлер жиектерінің қалыңдығы 1 мм алтын түстес. Шеңбердің ортасында алтын түстес жүгірушінің бейнесі бар.
Бес ұшты жұлдыздың жоғары жағының диаметрі 12 мм қызыл түсті, оған мемлекеттің нышаны салынған. Жұлдыз қырлары мен нышан жылтырақ алтын түстес. Белгі жазуы мен бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 17 мм және ені 20 мм шығыңқы кырлары бар көгілдір түсті қалқан нысанындағы тағанға бекітіледі. Таған ортасына "ҮЗДІК" деген жазу орналасқан. Тағанның қырлары мен жазуы алтын түстес.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" (103, 104-қосымшалар)
I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі оған: жоғарыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны - жұлдыз, төменде қалқан және екі жағында шығыңқы қырлар бар жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнегі бар алты жапырақша салынған радиусы 20 мм көгілдір түсті шеңбер болып келеді. Сыртқы шеңберден жапырақшаның ұшына дейінгі аралығы 4 мм.
Екі шеңбердің (сыртқы және ішкі) арасында алтын түстес "СПОРТШЫ-ЖАУЫНГЕР" деген жазу бар. Ішкі шеңбердің диаметрі 14 мм. Шеңберлер жиектерінің қалыңдығы 1 мм алтын түстес. Шеңбердің ортасында алтын түстес жүгірушінің бейнесі бар.
Жоғарыда диаметрі 12 мм қызыл түсті бес ұшты жұлдыз орналасқан, оған мемлекеттің нышаны салынған. Жұлдыз қырлары мен нышан жылтырақ алтын түстес. Белгі жазуы мен бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Қалқанның биіктігі 7 мм, қызыл түсті, ішінде белгінің дәрежесін көрсететін тиісінше "I" немесе "II" цифрлары бар. Қалқанның қырлары мен цифрлары алтын түстес. Белгі тұтастай қалыпталған.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің төсбелгілері
"Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері" (105-қосымша)
"Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісі биіктігі 38,5 мм және ені 31 мм сопақша нысанда болады - белгінің негізі. Сопақшаның ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі нышанының бейнесі бар дөңгелек қалқан түріндегі салғы орналасқан. Қалқанның айналасында өрілген қызыл және жасыл ленталар түріндегі қондырма орналасқан. Қызыл лентада шығыңқы жылтырақ "ІІО ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" деген жазу. Қалқанның астында белгінің сопақша негізінде жазалаушы семсер орналасқан. Семсердің беті жылтырақ. Семсердің ұштары бойынша белгінің биіктігі 47 мм. Сопақша негіздің үсті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.
Қалқанның аясы мөлдір көгілдір түсті эмальмен боялған. Қалқанның беті фактуралық. Әріптерге, Мемлекеттік Тудың элементтеріне, қалқанның жиектері мен ленталарға алтын жалатылған. Семсердің сабы бар белгінің негізі тотықтырылған.
Белгі күмістен дайындалады.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" (106-қосымша)
I дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі қондырмасы мен салғысы бар өрнектелген айшықты сопақша болып келеді.
Мельхиордан жасалған белгінің негізі - қалқанның шетінен шығып тұратын тігінен қойылған семсер бар сопақша қалқан. Семсердің беті жылтырақ.
Белгінің негізіне лентамен байланған дөңгелек қалқан түріндегі жезден жасалған қондырма бекітілген. Қалқан шетінде, аясы екі шығыңқы ернеудің арасында ақ түсті эмальмен боялған, айналасында "ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ" бедерленген жазуы орналасқан. Лента көгілдір эмальмен боялған. Лентада "I" цифры орналастырылған.
Дөңгелек қалқанның ортасында көк түстің аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі нышанының бейнесі бар жезді салғы
бекітілген.
Белгінің габариттік өлшемі: биіктігі (семсердің ұштары бойынша) - 50 мм, ені - 30 мм.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" (107-қосымша)
II дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі мельхиордан жасалады және диаметрі 48 мм өрнектелген айшықты бес ұшты жұлдыз болып келеді. Жұлдыздың беті жылтырақ.
Жұлдыз лавр жапырақтарының дестесіне орналастырылған, төменде лентамен оралған. Лентада "II" деген цифр орналасқан.
Жұлдыздың ортасында дөңгелек қалқанның көк түсті аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі нышанының бейнесі жасалған. Нышан бейнесінің беті жылтырақ. Қалқанның шетінде екі шығыңқы ернеу арасында, аясы ақ түсті эмальмен боялған "ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген бедерленген жазу түсірілген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
"Оқу орнының үздігі" (108-қосымша)
"Оқу орнының үздігі" төсбелгісі жезден жасалған және тігінен 50 мм және көлденеңінен 39 мм көлемдегі сопақша болып келеді. Белгінің бедері шығыңқы жылтырақ, аясы лакпен өңделген.
Сопақшаның орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бедерлі нышаны орналасқан, оның астында алтын түстес "ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген жылтырақ жазуы бар ашық кітап орналасқан. Нышанның дөңгелек қалқаны көгілдір эмальмен боялған.
Ішкі сопақша жалпақ дөңгелекшемен көмкерілген, оның көгілдір түсті аясында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Сақинаның төменгі бөлігін көк түстің аясында "АБЫРОЙ, БІЛІМ, ЗАҢ" деген жазулары бар лента түйістіреді.
Ішкі сопақшаның жоғарғы бөлігі көк эмальмен боялған "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналасқан алтын түстес лентамен көмкерілген. Әріптері батыңқы.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
"Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі" (109-қосымша)
"Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі" төсбелгісі алтын түстес металдан дайындалады және Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі нышанының бейнесі бар сегіз ұшты көп қырлы жұлдыз нысанында болады. Белгінің қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемі 40 мм.
Жұлдыздың ортасында диаметрі 29 мм шеңбер орналасқан, оның аясы көгілдір эмальмен боялған.
Шеңбердің айналасында "ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ" деген жазу түсірілген, оның аясы көк эмальмен боялған.
Белгінің жиектері мен ортасының айналасы ернеумен жиектелген. Сыртқы жағында белгінің ортасында "ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ" деген жазу жазылған. Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы қаракөк түсті жібек қатқыл лентамен тысталған ені 30 мм және биіктігі 22 мм тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаға жылтырақ алтын түстес қалықтаған қыран кескіні кестеленеді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ішкі әскерлер комитетінің төсбелгілері
I дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" (110-қосымша)
I дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі жезден дайындалады және екі семсер айқасқан, сегіз ұшты өрнектелген жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 38 мм. Белгінің бедері шығыңқы жылтырақ. Белгінің беті жылтырақ.
Белгінің ортасында қалқан орналасқан, оның көгілдір аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің нышаны бейнеленген. Қалқанның айналасындағы күрең түстің аясында "ІШКІ ӘСКЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" деген бедерленген жазуы, төменгі жағында "I" рим цифры орналасқан.
Белгі шығыршықтың көмегімен ені 28 мм, биіктігі 17 мм жезден дайындалған мәнерлі тағанға бекітіледі. Тағанның орталық бөлігі күрең түсті эмальмен боялған.
Белгі мөлдір лакпен боялған.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" (111-қосымша)
II дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі мельхиордан дайындалады және екі семсер айқасқан, сегіз ұшты өрнектелген жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 38 мм. Белгінің бедері шығыңқы жылтырақ. Белгінің беті жылтырақ.
Белгінің ортасында қалқан орналасқан, оның көгілдір аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің нышаны бейнеленген. Қалқанның айналасындағы күрең түстің аясында "IШКI ӘСКЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" деген бедерленген жазуы, төменгі жағында "II" рим цифры орналасқан.
Белгі шығыршықтың көмегімен ені 28 мм, биіктігі 17 мм мельхиордан дайындалған мәнерлі тағанға бекітіледі. Тағанның орталық бөлігі күрең түсті эмальмен боялған.
Белгі мөлдір лакпен боялған.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
"Үздік спортшы-жауынгер" (112-қосымша)
"Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісі екі бөліктен: белгі мен тағаннан тұрады және оған: жоғарыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны - жұлдыз және екі жағында шығыңқы қырлар бар жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнегі бар жеті жапырақша салынған диаметрі 20 мм көгілдір түсті шеңбер болып келеді. Сыртқы шеңберден жапырақшаның ұшына дейінгі аралығы 4 мм.
Екі шеңбердің (сыртқы және ішкі) арасында алтын түстес "СПОРТШЫ-ЖАУЫНГЕР" деген жазу бар. Ішкі шеңбердің диаметрі 14 мм. Жазу ортасында лавр бұтағы орналасқан. Шеңберлер жиектерінің қалыңдығы 1 мм алтын түстес. Шеңбердің ортасында алтын түстес жүгірушінің бейнесі бар.
Бес ұшты жұлдыздың жоғары жағының диаметрі 12 мм қызыл түсті, оған мемлекеттің нышаны салынған. Жұлдыз қырлары мен нышан жылтырақ алтын түстес. Белгінің жазулары мен бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 17 мм және ені 20 мм шығыңқы қырлары бар көгілдір түсті қалқан нысанындағы тағанға бекітіледі. Таған ортасына "ҮЗДІК" деген жазу орналасқан. Тағанның қырлары мен жазуы алтын түстес.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" (113, 114-қосымшалар)
I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі оған: жоғарыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны - жұлдыз, төменде қалқан және екі жағында шығыңқы қырлар бар жылтырақ алтын түстес ұлттық ою-өрнегі бар алты жапырақша салынған радиусы 20 мм көгілдір түсті шеңбер болып келеді. Сыртқы шеңберден жапырақшаның ұшына дейінгі аралығы 4 мм.
Екі шеңбердің (сыртқы және ішкі) арасында алтын түстес "СПОРТШЫ-ЖАУЫНГЕР" деген жазу бар. Ішкі шеңбердің диаметрі 14 мм. Шеңберлер жиектерінің қалыңдығы 1 мм алтын түстес. Шеңбердің ортасында алтын түстес жүгірушінің бейнесі бар.
Жоғарыда диаметрі 12 мм қызыл түсті бес ұшты жұлдыз орналасқан, оған мемлекеттің нышаны салынған. Жұлдыз қырлары мен нышан жылтырақ алтын түстес. Белгі бейнелерінің бедері шығыңқы жылтырақ.
Қалқанның биіктігі 7 мм, қызыл түсті, ішінде белгінің дәрежесін көрсететін тиісінше "I" немесе "II" цифрлары бар. Қалқанның қырлары мен цифрлары алтын түстес. Белгі тұтастай қалыпталған.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төсбелгілері
"Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері"
(115-қосымша)
"Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісі жезден қондырмасы бар мельхиордан жасалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша көп бұрышты нысанында болады.
Төсбелгінің шеттері көк лентамен тысталған алтын түстес дестемен жиектелген. Орталық бөлігі көгілдір түсті бояумен жасалған.
Төсбелгінің беткі жағының ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыранның бейнесі, жоғары жақта сопақшаны бойлай көк түсті "ҚҰРМЕТТІ" деген жазу жазылған алтын түстес сопақша жолақ бар. Төменде сопақшаны бойлай көк түсті "ҚЫЗМЕТКЕРІ" деген жазу жазылған алтын түстес сопақша жолақ орналасады, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан. Төсбелгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы орналасқан.
Сыртқы жағында белгінің реттік нөмірі бар.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
"Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"
(116-қосымша)
"Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Төсбелгінің беткі жағының орталық бөлігінде - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасының картасының айшықты бейнесі. Қазақстан Республикасы картасының нобайының астында қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның төменгі жағында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) деген жазу жазылған көгілдір түсті құймалы лента бар.
Төсбелгінің шеттері ернеумен және алтын түстес дестемен жиектелген. Дестенің жоғарғы ішкі жағын бойлай "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу, ішкі төменгі жағын бойлай "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан. Белгі жазулары көк түсті.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген. Белгінің шеттері шеңберді бойлай көгілдір түсті лентамен тысталған ернеумен және лавр дестесімен жиектелген.
Белгі шығыршықтардың көмегімен көгілдір түсті қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның сол жақ шетінде ені 3 мм-ден көгілдір және ақ жолақтар орналасады. Лентаның оң жақ шетінде ені 26 мм көгілдір жолақ орналасады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Оқу орнын үздік бітіргені үшін"
(117-қосымша)
"Оқу орнын үздік бітіргені үшін" төсбелгісі жезден дайындалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанында болады.
Төсбелгі көгілдір түсті ернеумен жиектелген. Ернеудің жоғарғы бөлігінде көгілдір түсті "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" жазуымен жартылай сопақша нысандағы алтын түсті лента орналасқан. Ернеудің ортаңғы бөлігінде ою-өрнек бейнеленген.
Төсбелгінің ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі. Қазақстан Республикасы картасының нобайының астында қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның төменгі жағында "ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК БІТІРГЕНІ ҮШІН" деген жазумен ашылған кітаптың айшықты бейнесі орналасқан.
Белгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента ұлттық ою-өрнектерді жалғайды. Лентаның ортасында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы орналасқан.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
"Үздік құтқарушы-жауынгер" (118-қосымша)
"Үздік құтқарушы-жауынгер" төсбелгісі жезден дайындалады және диаметрі 40 мм сегіз қырлы жұлдыз нысанында болады.
Төсбелгінің орталық бөлігі алтын түстес ернеуі бар көгілдір түсті эмальмен боялған дұрыс шеңбер нысанында болып келеді.
Дөңгелектің жоғарғы бөлігінде алтын түстес "ҮЗДІК ҚҰТҚАРУШЫ-ЖАУЫНГЕР" жазуы орналасады. Төсбелгінің ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасады.
Дөңгелектің төменгі бөлігінде "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасымен жазылған лавр бұтақтарын қосатын көк түсті лента бар.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
"Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін"
(119-қосымша)
"Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және 34 мм шеңбер нысанында болады.
Төсбелгінің беткі жағының ортасында көгілдір түсті шеңбер салынған алтын түстес сегіз бұрыш орналасқан. Шеңбердің ішінде шаңырақ бейнеленген, оның астында қалықтаған қыранның бейнесі.
Сегізбұрыштың төменінде "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы салынған көк түсті лента орналасқан.
Төсбелгінің жиектері ернеумен және алтын түстес дестемен жиектелген. Белгінің төменгі бөлігіндегі ернеуде көк түсті "ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН" деген жазу орналасады.
Төсбелгі шығыршықтар арқылы қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерінде тиісінше сол жағынан ені 2 мм және оң жағынан 11 мм екі қызғылт сары жолақ орналасады, лентаның ортасында ені 19 мм көк түсті жолақ орналасады.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" (120-қосымша)
"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және диаметрі 37 мм көпбұрышты жұлдыз нысанында болады.
Бет жағы ернеуі бар сары түсті сегіз бұрышты жұлдыз болып келеді, оған көк түсті құймамен боялған "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕРЛІГІ ҮШІН" және "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналасқан.
Төсбелгінің беткі жағының орталық бөлігінде, көгілдір түсті құймада - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (қызғылт сары түсті шеңбер ішінде көгілдір түсті үшбұрыш) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Қазақстан Республикасы картасының төменгі жағында қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның нобайының астында көк түсті бояумен "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) деген жазу жазылған лента орналасқан.
Төсбелгі шығыршықтар арқылы көгілдір түсті қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерінде сол жағынан ені 3 мм және оң жағынан 9 мм екі қызғылт сары түсті жолақ орналасады. Қызғылт сары түсті жолақтың оң жағынан ені 2 мм ақ түсті екі жолақ өтеді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі "Құтқарушы" (121-қосымша)
I дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.
Төсбелгінің жиектері мен шеңбері алтын түстес лавр дестесімен жиектелген.
Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "БІРІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағын бойлай лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.
Белгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
II дәрежелі "Құтқарушы" (122-қосымша)
II дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.
Төсбелгінің жиектері мен шеңбері күміс (ақ) түстес лавр дестесімен жиектелген.
Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "ЕКІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағын бойлай лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.
Төсбелгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
III дәрежелі "Құтқарушы" (123-қосымша)
III дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.
Төсбелгінің жиектері мен шеңбері күміс (ақ) түстес лавр дестесімен жиектелген.
Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "ҮШІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағын бойлай лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.
Төсбелгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы орналасқан.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
"Халықаралық дәрежелі құтқарушы" (124-қосымша)
"Халықаралық дәрежелі құтқарушы" төсбелгісі жезден жасалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.
Төсбелгінің жиектері мен шеңбері алтын түстес лавр дестесімен жиектелген.
Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағында лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.
Төсбелгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы орналасқан.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кеден бақылау комитетінің төсбелгісі
"Кеден қызметінің үздік қызметкері" (125-қосымша)
"Кеден қызметінің үздік қызметкері" төсбелгісі ернеулері шығыңқы ені 32 мм және биіктігі 60 мм ақ металдың қорытпасынан жасалатын алты ұшты қалқан болып келеді. Қалқанға халықаралық сауданың нышаны Меркурий асатаяғы аясындағы Қазақстан Республикасы кеден қызметі эмблемасының бедерлі бейнесі салынған. Эмблема бейнесінің бедері шығыңқы, жылтырақ. Меркурий асатаяғының қанаттары қалқанның үш ұшты төбесінен 4 мм шығып тұрады. Қалқанның астыңғы жағында біліктен тігінен өткір жүзі төмен қаратылған семсер орналастырылған. Семсердің сабы қалқанның үстінен 10 мм, ал өткір жүзі қалқанның астынан 5 мм шығып тұрады. Семсердің беті жылтырақ.
Кеден органдарының эмблемасы астында "КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ" деген жазу жазылған ақ лента орналасқан.
Қалқанның аясы жартылай көгілдір түсті эмальмен және жартылай жасыл түсті эмальмен боялған.
Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.
Сипаттамаларға
1-қосымша
"Сот жүйесінің ардагері" медалі
Сипаттамаларға
2-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
3-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
4-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
5-қосымша
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
6-қосымша
"Прокаратура ардагері" медалі
Сипаттамаларға
7-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
8-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
9-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
10-қосымша
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
11-қосымша
І дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі
Сипаттамаларға
12-қосымша
ІІ дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі
Сипаттамаларға
13-қосымша
ІІІ дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі
Сипаттамаларға
14-қосымша
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" медалі
Сипаттамаларға
15-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
16-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
17-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
18-қосымша
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
19-қосымша
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
20-қосымша
І дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі
Сипаттамаларға
21-қосымша
ІІ дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі
Сипаттамаларға
22-қосымша
ІІІ дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі
Сипаттамаларға
23-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
24-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
25-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
26-қосымша
"Шекараны үздік күзеткені үшін" медалі
Сипаттамаларға
27-қосымша
"Қаржы полициясының ардагері" медалі
Сипаттамаларға
28-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
29-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
30-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
31-қосымша
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
32-қосымша
"Президент Күзет қызметінің ардагері" медалі
Сипаттамаларға
33-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
34-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
35-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
36-қосымша
І дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі
Сипаттамаларға
37-қосымша
ІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі
Сипаттамаларға
38-қосымша
ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі
Сипаттамаларға
39-қосымша
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
40-қосымша
"Республикалық ұлан ардагері" медалі
Сипаттамаларға
41-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
42-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
43-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
44-қосымша
"Сырбар" қызметінің ардагері" медалі
Сипаттамаларға
45-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
46-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
47-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
48-қосымша
"Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
49-қосымша
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалі
Сипаттамаларға
50-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
51-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
52-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
53-қосымша
"Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" медалі
Сипаттамаларға
54-қосымша
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
55-қосымша
"Ішкі істер органдарының ардагері" медалі
Сипаттамаларға
56-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
57-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
58-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
59-қосымша
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
60-қосымша
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
61-қосымша
"Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
Сипаттамаларға
62-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
63-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
64-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
65-қосымша
"Төтенше жағдайлар органдарының ардагері" медалі
Сипаттамаларға
66-қосымша
І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
67-қосымша
ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
68-қосымша
ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
69-қосымша
І дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
70-қосымша
ІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
71-қосымша
ІІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
72-қосымша
"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі
Сипаттамаларға
73-қосымша
"Кеден қызметінің ардагері" медалі
Сипаттамаларға
74-қосымша
І дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
75-қосымша
ІІ дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
76-қосымша
ІІІ дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
Сипаттамаларға
77-қосымша
"Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін" медалі
Сипаттамаларға
78-қосымша
І дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
79-қосымша
ІІ дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
80-қосымша
"Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісі
Сипаттамаларға
81-қосымша
I дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
82-қосымша
II дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
83-қосымша
"Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері" төсбелгісі
Сипаттамаларға
84-қосымша
I дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
85-қосымша
II дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
86-қосымша
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері" төсбелгісі
Сипаттамаларға
87-қосымша
I дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
88-қосымша
II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
89-қосымша
"Құрметті шекарашы" төсбелгісі
Сипаттамаларға
90-қосымша
І дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
91-қосымша
II дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
92-қосымша
I дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
93-қосымша
II дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
94-қосымша
"Елбасы қорғаны" төсбелгісі
Сипаттамаларға
95-қосымша
I дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
96-қосымша
II дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
97-қосымша
"Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
98-қосымша
I дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
99-қосымша
II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
100-қосымша
"Сырбар қызметінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
101-қосымша
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
102-қосымша
"Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
103-қосымша
I дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
104-қосымша
II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
105-қосымша
"Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісі
Сипаттамаларға
106-қосымша
I дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
107-қосымша
II дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
108-қосымша
"Оқу орнының үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
109-қосымша
"Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
110-қосымша
I дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
111-қосымша
II дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі
Сипаттамаларға
112-қосымша
"Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
113-қосымша
I дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
114-қосымша
II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
115-қосымша
"Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісі
Сипаттамаларға
116-қосымша
"Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі
Сипаттамаларға
117-қосымша
"Оқу орнын үздік бітіргені үшін" төсбелгісі
Сипаттамаларға
118-қосымша
"Үздік құтқарушы-жауынгер" төсбелгісі
Сипаттамаларға
119-қосымша
"Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісі
Сипаттамаларға
120-қосымша
"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі
Сипаттамаларға
121-қосымша
I дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі
Сипаттамаларға
122-қосымша
II дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі
Сипаттамаларға
123-қосымша
III дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі
Сипаттамаларға
124-қосымша
"Халықаралық дәрежелі құтқарушы" төсбелгісі
Сипаттамаларға
125-қосымша
"Кеден қызметінің үздік қызметкері" төсбелгісі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 155 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау
органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау
(ведомстволық наградаларынан айыру)
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен марапаттаудың (ведомстволық наградаларынан айырудың) осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен марапаттаудың (ведомстволық наградаларынан айырудың) бірыңғай тәртібі мен қағидаттарын айқындайды.
2. Ведомстволық наградалар қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері мен сіңірген өзге де еңбегі үшін қызметкерлердің, жұмыскерлердің және өзге де адамдардың еңбегін көтермелеу мен ынталандыру нысандарының бірі болып табылады.
3. Ведомстволық наградалар: медальдар, төсбелгілер болып табылады.
4. Мемлекеттік рәміздердің бейнесін (Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба) ведомстволық наградалардың элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.
Бұл талап ведомстволық наградалардың геральдикалық негізінің құрамдас бөлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік рәміздер бейнесі пайдаланылатын объектілер бейнесі болған жағдайда қолданылмайды.
2. Ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) тәртібі
5. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметкерлерін, жұмыскерлерін, судьяларды және өзге де адамдарын ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) туралы ұсыныстарын (бұдан әрі - ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) туралы ұсыныстар) олардың басшылары бастамашылық етеді, олар орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті ұсыныстар жібереді.
Қазақстан Республикасы азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсыныстарға орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық етеді, олар орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті ұсыныстар жібереді.
6. Ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыныстар
мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу жағдайы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген еңбек сіңірген жылдарға жетуі бойынша қаралады.
Ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар сіңірген өзге де еңбегі үшін ерекше жағдайларда да енгізіледі.
7. Ведомстволық наградалармен марапаттау туралы мәселені шешу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныс;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда қағазы.
8. Ведомстволық наградалар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені енгізу үшін:
1) мемлекеттік органның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны;
2) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі болуы негіздер болып табылады.
9. Ведомстволық наградалармен марапатталған адамдар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тиісті ведомстволық наградалардан айырылуы мүмкін.
10. Ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені шешу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) айыру туралы ұсыныс;
2) мемлекеттік органдардың беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны немесе лайықсыз мінез-құлқы үшін жұмыстан шығарылуы туралы бұйрықтың көшірмесі немесе соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің көшірмесі.
11. Кадр қызметі қажетті құжаттарды дайындайды және ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы мәселені Комиссияның қарауына енгізеді.
Комиссия осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесімен айқындалған орталық мемлекеттік органдарда ведомстволық наградалармен марапаттауға (ведомстволық наградалардан айыруға) әділ көзқарасты қамтамасыз ету үшін бірінші басшының бұйрығымен тұрақты негізде құрылады.
12. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсыныс енгізілгеннен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Егер Комиссия мүшелері даусының жалпы санынан көп дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
13. Комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін:
1) ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсынысты қанағаттандыру;
2) ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсынысты қабылдамау;
3) ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсынысты материалдарды қосымша ресімдеу үшін кері қайтару.
14. Орталық мемлекеттік органның басшысы Комиссия шешімін енгізгеннен бастап 10 күннің ішінде:
1) Комиссия шешімінің негізінде;
2) осы мәселе Мемлекет басшысының актілерінен туындаған жағдайда - оны Комиссия қарауына енгізбестен ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы бұйрық шығарады.
15. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны мемлекеттік орган басшысының тиісті бұйрығын қабылдаған күннен бастап мемлекеттік органға бір ай ішінде қайтарады.
16. Ведомстволық наградаларды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының өзіне табыс етіледі.
17. Ведомстволық наградаларды тапсыруды орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды адамдар жүзеге асырады.
18. Әрбір награда алушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бір мезгілде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды адамдар қол қойған тиісті куәлік беріледі.
19. Дәрежелері бар наградалармен марапаттауды қоспағанда, бір наградаға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
20. Дәрежелері бар ведомстволық наградалармен марапаттау төменгі дәрежеден жоғарыға қарай сатыланып жүргізіледі. Алдыңғы дәрежелі ведомстволық награданы алмай тұрып одан жоғары дәрежелі ведомстволық наградамен марапаттауға жол берілмейді.
21. Ведомстволық наградалардың жоғары дәрежелісі I дәрежелі болып табылады.
22. Медальдар кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған ретте олар солардан кейін орналасады.
Төсбелгілер кеуденің оң жағына тағылады. Нысаны және өлшемі бойынша медальдарға арналған тағандарға сәйкес келетін тағандар болған ретте төсбелгілер кеуденің сол жағына тағылады.
3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі
23. "Мінсіз қызметі үшін" медалімен қызметі бойынша оң мінездемеге ие және өзінің қызметтік борышын үлгілі орындайтын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметінің қызметкерлері марапатталады.
24. "Мінсіз қызметі үшін" медалі үш дәрежеден тұрады:
1) 20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі;
2) 15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі;
3) 10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі.
"Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
25. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ басқа да адамдар және басқа мемлекеттердің азаматтары адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы тату көршілік қатынастарды нығайту саласында шетелдік құқық қорғау және ұқсас функцияларды орындайтын өзге де органдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда сіңірген еңбегі үшін марапатталады.
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі
26. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен қызметі бойынша оң мінездемеге ие, заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз етуде өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындайтын қаржы полициясы органдарының, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ құқық тәртібін қорғауға белсенді қатысқаны үшін басқа да адамдар марапатталады.
"Сот жүйесінің ардагері" медалі
27. "Сот жүйесінің ардагері" медалімен сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, ұзақ жылғы және жемісті жұмысы үшін:
сот жүйесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 15 және одан да көп жыл мінсіз жұмыс істеген, оның ішінде өкілеттіктері тоқтатылған судьялар;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ сот қызметін қамтамасыз еткен, сот жүйесінің игілігі үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 25 және одан да көп жыл жұмыс істеген өзге де адамдар марапатталады.
"Прокуратура ардагері" медалі
28. "Прокуратура ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде прокуратура органдарында 25 және одан да көп жыл мінсіз қызмет еткен прокуратура органдарының қызметкерлері марапатталады.
I, II, III дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі
29. "Қаржы сақшысы" медалімен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қаржы бақылау жоғары органының рөлін нығайтуға ықпал ететін жоғары жетістіктері үшін не қаржылық жолсыздықтарын алдын алудағы, жолын кесудегі және (немесе) анықтаудағы белсенді қызметі үшін өзге де адамдар марапатталады.
30. "Қаржы сақшысы" медалі үш дәрежеден тұрады:
1) мемлекеттік қаржы бақылау жүйесіндегі 15 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - І дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі;
2) мемлекеттік қаржы бақылау жүйесіндегі 10 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі;
3) мемлекеттік қаржы бақылау жүйесіндегі 5 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға — III дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалі.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" медалі
31. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті жұмысы үшін қызметі бойынша оң мінездемеге ие және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында жалпы еңбек сіңірген 25 және одан да көп күнтізбелік жыл болатын Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері марапатталады.
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалі
32. "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен:
жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты, мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуде жедел-қызметтік іс-қимылды шебер ұйымдастырғаны; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қорғауда барлау, қарсы барлау және әскери операцияны (оның ішінде тергеуді) табысты ұйымдастырғаны, өткізгені және іске асырғаны; үкіметтік байланыспен сенімді қамтамасыз еткені; күрделі арнайы техникалық іс-шараларды кәсіби өткізгені; республиканың қауіпсіздік органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлағаны және қайта даярлағаны; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердегі жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын қамтамасыз еткендігі үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері;
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттерді шешуге қосқан үлесі және оны іске асыруға жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.
I, II, III дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі
33. "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалімен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жедел-қызметтік іс-қимылда қол жеткізген оң нәтижелері, қызметтік міндеттерін адал орындағаны, мінсіз әскери тәртібі үшін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының, яғни Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органда әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілер марапатталады.
34. "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі үш дәрежеден тұрады:
1) ұлттық қауіпсіздік органдарында 20 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - І дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарында 15 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі;
3) ұлттық қауіпсіздік органдарында 10 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - III дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі.
"Шекараны үздік күзеткені үшін" медалі
35. "Шекараны үздік күзеткені үшін" медалімен:
Мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау кезінде диверсиялық-барлау топтарына қарсы болған ұрыс қимылдарында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы; Қазақстан Республикасының шекарасына қол сұқпаушылықты қорғау барысында шекара нарядының ұрыс қимылдарына шебер басшылық жасағаны; Мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау кезінде аса қырағылығы және бастамашылық іс-қимылы; мемлекеттік шекараларды нығайтудағы қызметті ұйымдастырудағы шеберлігі және үлгілі жұмысы; Мемлекеттік шекараны күзетуде мінсіз қызмет атқарғаны; Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін оқыту мен тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері;
Мемлекеттік шекараны нығайтуға қосқан үлесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудегі Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік әрекеттеріне белсенді көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.
"Қаржы полициясының ардагері" медалі
36. "Қаржы полициясының ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, қызметі бойынша оң мінездемеге ие және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы еңбек сіңірген жылдары 25 және одан да көп болатын Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлері марапатталады.
"Президент Күзет қызметінің ардагері" медалі
37. "Президент Күзет қызметінің ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, қызметі бойынша оң мінездемеге ие және жалпы әскери қызметінің ұзақтығы (еңбек сіңірген жылдары) 25 және одан да көп күнтізбелік жыл болатын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде кемінде 10 жыл болатын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілері марапатталады.
I, II, III дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды
атқарғаны үшін" медалі
38. "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, үлгілі әскери тәртібі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілері марапатталады.
39. "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі үш дәрежеден тұрады:
1) 17 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - I дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі;
2) 14 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі;
3) 7 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - III дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі.
"Республикалық ұлан ардагері" медалі
40. "Республикалық ұлан ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, қызметінде оң мінездемеге ие және жалпы әскери қызметінің ұзақтығы (еңбек сіңірген жылдары) 25 және одан да көп күнтізбелік жыл болатын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Республикалық ұланында кемінде 10 жыл болатын Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілері марапатталады.
"Сырбар" қызметінің ардагері" медалі
41. "Сырбар" қызметінің ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, қызметінде оң мінездемеге ие және ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздік органдарында, "Сырбар" сыртқы барлау қызметінде (бұдан әрі - "Сырбар" қызметі) әскери өтілі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 25 және одан да көп жыл болатын "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілері марапатталады.
"Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медалі
42. "Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медалімен:
"Сырбар" қызметінің әскери қызметшілері барлау ақпаратын табу, өңдеу және пайдалану бойынша жедел-қызметтік іс-қимылды шебер ұйымдастырғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдескені үшін; шифрлы байланыспен сенімді қамтамасыз еткені, күрделі арнайы техникалық іс-шараларды кәсіби жүргізгені үшін; республика сыртқы барлауына жоғары білікті кадрларды даярлағаны және қайта даярлағаны үшін; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердегі жетістіктері, сондай-ақ "Сырбар" қызметінің жедел-қызметтік іс-қимылын қамтамасыз еткені үшін;
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге қосқан үлесі және оларды іске асыруға жәрдемдескені үшін марапатталады.
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалі
43. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалімен қызметінде оң мінездемеге ие, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы еңбек сіңірген жылдары 25 және одан да көп болатын әскери қызметшілер марапатталады.
"Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" медалі
44. "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде жүргізілетін бітімгершілік операцияларына қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да адамдары және басқа да мемлекеттердің азаматтары марапатталады.
"Ішкі істер органдарының ардагері" медалі
45. "Ішкі істер органдарының ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, қызметінде оң мінездемеге ие және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы еңбек сіңірген жылдары 25 және одан да көп болатын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.
"Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі
46. "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері және қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласына, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметіне үлес қосқан адамдар марапатталады.
"Төтенше жағдайлар органдарының ардагері" медалі
47. "Төтенше жағдайлар органдарының ардагері" медалімен әскери қызметте тұрғандарды қоспағанда, ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, қызметінде оң мінездемеге ие және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы еңбек сіңірген жылдары 25 және одан да көп болатын Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері марапатталады.
"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік
шыққаны үшін" медалі
48. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалімен:
халықты авариялардан, апаттардан, өрттен және дүлей зілзалалардан қорғауда өз борышын үлгілі орындаған Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға белсене қатысқан және осы жағдайда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен басқа да адамдар марапатталады.
"Кеден қызметінің ардагері" медалі
49. "Кеден қызметінің ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 25 және одан да көп жыл кеден органдарында мінсіз қызмет өткерген лауазымды адамдар марапатталады.
I, II, III дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі
үшін" медалі
50. "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары марапатталады.
51. "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі үш дәрежеден тұрады:
1) 20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - I дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі;
2) 15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі;
3) 10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - III дәрежелі "Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі.
"Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін" медалі
52. "Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін" медалімен:
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары кеден одағы мемлекеттерімен кедендік ынтымақтастықты дамытудағы және басқа мемлекеттердің кеден органдарымен өзара іс-қимылды нығайтудағы жеке үлесі үшін;
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстанның кеден органдарына олардың алдында тұрған міндеттерді шешуде көмек көрсеткені үшін;
шетел азаматтары, оның ішінде басқа мемлекеттердің кеден органдарының қызметкерлері Қазақстанның кеден органдарымен өзара іс-қимылды және іскерлік байланысты нығайтқаны үшін марапатталады.
I, II дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі
53. "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) сот жүйесінің игілігі үшін кемінде 5 жыл жұмыс істеген судьяларды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ сот жүйесінің дамуына қосқан жеке үлкен үлесі үшін өзге де адамдарды марапаттау үшін - I дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі;
2) сот жүйесінің игілігі үшін кемінде 3 жыл жұмыс істеген судьяларды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сот төрелігін нығайту мен жетілдіруге жан-жақты қолдау көрсеткен өзге де адамдарды марапаттау үшін - II дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі.
"Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісі
54. "Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісімен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кемінде 20 жыл жұмыс істеген прокуратура органдарының қызметкерлері, заңдылық және құқық тәртібін нығайтуға сіңірген еңбегі, ұзақ жылғы және мінсіз қызметі, қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, сондай-ақ прокурорлық қадағалауды күшейтуге қосқан өзге де үлесі үшін марапатталады.
I, II дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі
55. I, II дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) прокуратура органдарында 10 жыл бойында мінсіз қызмет атқарған прокуратура қызметкерлерін аса маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны және қызметтегі басқа да жетістіктері үшін марапаттауға - I дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі;
2) прокуратура органдарында 5 жыл бойына мінсіз қызмет атқарған прокуратура қызметкерлерін Қазақстан Республикасында заңдылықты және құқық тәртібін нығайтудағы жетістіктері үшін марапаттауға - II дәрежелі "Прокуратура үздігі" төсбелгісі.
"Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері" төсбелгісі
56. "Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері" төсбелгісімен мемлекеттік қаржы бақылау органдарында кемінде 3 жыл жұмыс істеген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар сіңірген ерен еңбегі, сондай-ақ мемлекеттік қаржы бақылау жоғары органын дамытуға және бюджет тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталады.
I, II дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісі
57. "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісімен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар мемлекеттік қаржы бақылау жоғары органының функциясын іске асыруда жаңа нысандарды, әдістер мен тәсілдерді дамытудағы және енгізудегі қол жеткізген табыстары үшін марапатталады.
58. "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарында 7 жыл, оның ішінде атқарған лауазымында кемінде 3 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - I дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісі;
2) мемлекеттік қаржы бақылау органдарында 5 жыл, оның ішінде атқарған лауазымында 3 жылдан кем емес сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі" төсбелгісі.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері" төсбелгісі
59. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері" тесбелгісімен:
Қазақстан Республикасы ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздік органдарында, күнтізбелік есептеуде кемінде 20 жыл қызмет атқарған әскери қызметшілер жедел-қызметтік іс-қимылда, әскери және кәсіби дайындықта жеткен нәтижелері, жедел және жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындап, бұл орайда көрсеткен бастамашылығы мен табандылығы үшін; кадрларды тәрбиелеу мен оқытуда, әскери тәртіпті нығайтуда жеткен жетістіктері үшін;
шет мемлекеттердің арнаулы органдарының басшылары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін марапатталады.
I, II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі
60. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісімен әскери қызметшілер жұмыстағы өте жақсы көрсеткіштері үшін, барлау не қарсы барлау қызметін, жедел, жедел-іздестіру, тергеу, ақпараттық-талдау, инспекторлық және бақылау функцияларын, кадрмен, құқықтық, медициналық, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз етуді, халықаралық ынтымақтастықты, жұмылдыру дайындығын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін, оқу-әдістемелік жұмыстарды тікелей ұйымдастыруда және жүзеге асыруда нақты оң нәтижелерге қол жеткізгені, осы орайда шығармашылық, бастамашылық және табандылық танытқаны үшін марапатталады.
61. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) ұлттық қауіпсіздік органдарының аға офицерлік құрамының әскери қызметшілерін марапаттау үшін - I дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші офицерлік және сержанттық құрамының әскери қызметшілерін марапаттау үшін - II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі" төсбелгісі.
"Құрметті шекарашы" төсбелгісі
62. "Құрметті шекарашы" төсбелгісімен шекара қызметінде Мемлекеттік шекараны қорғаудағы, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі, жауынгерлік дайындықты және әскери тәртіпті нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз етудегі үлесі үшін және бұл орайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен, сондай-ақ Шекара қызметінде күнтізбелік есептеуде кемінде 20 жылдан аса қызмет атқарған:
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілері марапатталады.
I, II дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісі
63. "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) Мемлекеттік шекараны күзету ісіндегі жеке құрамды оқыту және тәрбиелеудегі, жауынгерлік дайындықты және әскери тәртіпті нығайтудағы ісіне сіңірген еңбегі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз етудегі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде кемінде 3 жыл келісімшарт бойынша қызмет атқарған әскери қызметшілерді марапаттау үшін - І дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісі;
2) Мемлекеттік шекараны күзету ісіне сіңірген еңбегі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз етудегі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде келісімшарт бойынша, мерзімді қызмет атқаратын әскери қызметшілерді, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамасыз ету ісіне үлес қосқан және Шекара қызметінің жеке құрамын тәрбиелеуге белсенді атсалысқан азаматтарды марапаттау үшін - II дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісі.
I, II дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісі
64. "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісімен өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған, қызметтік іс-қимылындағы жоғары көрсеткіштері үшін, қызметтік борышын орындау кезінде сіңірген еңбегі және жеке ерлігі үшін, сондай-ақ мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлері марапатталады.
65. "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) құқық қорғау органдарында 5 және одан да көп жыл, оның ішінде қаржы полициясы органдарында кемінде 3 жыл еңбек сіңіргені үшін марапаттауға - І дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" медалі;
2) құқық қорғау органдарында 3 және одан да көп жыл, оның ішінде қаржы полициясы органдарында кемінде 1 жыл еңбек сіңіргені үшін марапаттауға - II дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі" төсбелгісі.
"Елбасы қорғаны" төсбелгісі
66. "Елбасы қорғаны" төсбелгісімен:
күзетілетін адамдарды қорғау жөніндегі қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлік, батылдық және тапқырлық танытқан және әскери қызмет өтілі күнтізбелік есептеуде кемінде 20 жыл, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде кемінде 10 жыл болатын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілері;
басқа мемлекеттердің қауіпсіздік қызметтерінің басшылары және қызметкерлері; Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының басшылары және қызметкерлері; жедел міндеттерді шешуде Қазақстан Республикасы Күзет қызметіне көмек көрсеткен мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары және қызметкерлері марапатталады.
I, II дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі
67. "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісімен қызметте көзге түскен, әскери қызметін өтеу кезінде көрсеткен ерлігі, жауынгерлік даярлықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, сондай-ақ жауынгерлік қызметті үздік атқарғаны, тәртіп бұзушыны ұстау кезіндегі шебер іс-қимылы, батылдығы, табандылығы және әскери борышын үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілері мен қызметшілері марапатталады.
68. "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) 10 жыл қызметі үшін марапаттауға - I дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі;
2) 5 жыл қызметі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Республикалық ұлан үздігі" төсбелгісі.
"Сырбар" қызметінің үздігі" төсбелгісі
69. "Сырбар" қызметінің үздігі" төсбелгісімен "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілері барлау қызметін жүзеге асыруда оң нәтижелерге қол жеткізгені, жедел тапсырмаларды, ақпараттық-талдау, инспекторлық және бақылау функцияларын, кадрмен, шаруашылық және қаржылық қамтамасыз етуді, халықаралық ынтымақтастықты, жұмылдыру дайындығын, ғылыми-зерттеу әзірлемелерін үздік орындағаны үшін марапатталады.
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі" төсбелгісі
70. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі" төсбелгісімен өз әскери борышын үлгілі атқаратын, әскери мамандықты үздік меңгерген, оқу жылы ішінде жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша үздік және басқа пәндері бойынша жақсы бағалар алған, өзіне бекітілген қару-жарақты, жауынгерлік техниканы және әскери мүлікті жақсы күтуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз еткен мерзімді әскери қызметшілер марапатталады.
"Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісі
71. "Үздік спортшы-жауынгер" төсбелгісімен екі жыл қатарынан I дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі үшін белгіленген барлық жаттығулар мен талаптарды орындаған әскери қызметшілер марапатталады.
I, II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі
72. "Спортшы-жауынгер" төсбелгісімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген тиісті жасаралық топ немесе нормативтер санаты үшін белгіленген әскери-спорттық кешеннің барлық жаттығулары мен талаптарын орындаған әскери қызметшілер марапатталады.
73. "Спортшы-жауынгер" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) әскери қызметшілер барлық жаттығуларды "өте жақсы" деген бағаға орындаған, сондай-ақ әскери-спорттық кешен белгілеген талаптарды орындаған жағдайда I дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісімен марапатталады;
2) әскери қызметшілер жаттығулардың жартысын және одан көбін "өте жақсы", қалғандарын "жақсы" деген бағаға орындаған, сондай-ақ әскери-спорттық кешен белгілеген талаптарды орындаған жағдайда II дәрежелі "Спортшы-жауынгер" төсбелгісімен марапатталады.
"Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісі
74. "Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісімен:
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аға және жоғары басшы құрамының, Ішкі әскерлердің аға және жоғары офицерлік құрамының ішкі істер органдарында, ішкі әскерлерде кемінде 20 жыл қызметте болған, марапаттаудан бұрын бір жыл ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы, комитеттердің төрағалары мен олардың орынбасарлары, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлері және оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі департаменттерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, дербес басқармаларының бастықтары және олардың орынбасарлары, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің жоғары және орта кәсіби оқу орындарының бастықтары және олардың орынбасарлары лауазымдарында кемінде бір жыл болған адамдар;
ерекше жағдайларда Ішкі істер министрінің шешімі бойынша - 25 және одан көп жыл мінсіз қызмет атқарған, марапаттаудан бұрын бір жыл ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен ержүректігі үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ішкі әскерлер қызметшілері марапатталады.
I, II дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі
75. "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен марапаттаудан бұрын бір жыл ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жедел-қызметтік жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен бастамасы, батылдығы, жан қиярлығы үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері және Ішкі әскерлер әскери қызметшілері марапатталады.
76. "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) ішкі істер органдарында, Ішкі әскерлерде 10 жыл үздіксіз қызметі үшін марапаттауға - І дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі;
2) ішкі істер органдарында, Ішкі әскерлерде 5 жыл үздіксіз қызметі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі.
"Оқу орнының үздігі" төсбелгісі
77. "Оқу орнының үздігі" төсбелгісімен барлық сынақтар мен емтихандарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық жұмыста өзін көрсеткен, тәртіптік жазалары жоқ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының тыңдаушылары мен жоғары курстарының курсанттары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасымен оқып жатқан шет мемлекеттер оқу орындарының тыңдаушылары марапатталады.
"Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі" төсбелгісі
78. "Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі" төсбелгісімен қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, орындайтын тапсырмаларының жоғары сапасы, белсенділігі, мінсіз қызметі, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, арнайы атақтары жоқ қызметкерлерді қоса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері марапатталады.
I, II дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі
79. "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету ісіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінде келісімшарт бойынша кемінде 5 жыл қызмет атқарған әскери қызметшілерді марапаттауға - I дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі;
2) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету ісіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерін, сондай-ақ Ішкі әскерлер жеке құрамын тәрбиелеуге белсене қатысқан Қазақстан Республикасы азаматтарын марапаттауға - II дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі" төсбелгісі.
"Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісі
80. "Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісімен көп жылғы және жемісті еңбегі, төтенше жағдайлардың алдын aлу мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға ерекше үлес қосқан, кемінде 10 жыл жұмыс (қызмет) өтілі бар Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының басшылары мен қызметкерлері марапатталады.
"Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"
төсбелгісі
81. "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.
"Оқу орнын үздік бітіргені үшін" төсбелгісі
82. "Оқу орнын үздік бітіргені үшін" төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орындарын "өте жақсы" деген бағамен бітірген, бұл ретте өзін ғылыми және қоғамдық жұмыстарда танытып, үлгілі тәртіп көрсеткен түлектер марапатталады.
"Үздік құтқарушы-жауынгер" төсбелгісі
83. "Үздік құтқарушы-жауынгер" төсбелгісімен төтенше жағдайларды жою, адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ержүректігі мен ерлігі, қызметін үлгілі атқаруы, әскери борышын орындауға адал көзқарасы, жауынгерлік және қызметтік дайындықта жоғары көрсеткішке жеткені үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің прапорщиктері, келісімшарт бойынша қызметтегі әскери қызметшілер, мерзімді әскери қызметтің сержанттары мен сарбаздары марапатталады.
"Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісі
84. "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісімен төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға белсенді қатысқан, бұл ретте батылдық пен ерлік, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде әскери бөлімдерді, бөлімшелерді басқаруда шебер де бастамашыл іс-қимыл көрсеткен төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.
"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі
85. "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен азаматтық және қызметтік борышын орындау кезіндегі еңбегі, адам өмірін құтқаруда көрсеткен ерлігі үшін төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.
I, II, III дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі
86. "Құтқарушы" төсбелгісімен төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқан құтқарушылар, авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдары әскери бөлімдерінің және басқа да әскери құралымдарының, өрт сөндіру қызметінің әскери қызметшілері марапатталады.
87. "Құтқарушы" төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) I және II дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісімен марапаттау 2 жыл мерзімділігімен немесе ерен еңбегіне қызметіне байланысты жүзеге асырылады;
2) III дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісімен марапаттау кезінде өтілі бойынша талаптар белгіленбейді.
"Халықаралық дәрежелі құтқарушы" төсбелгісі
88. "Халықаралық дәрежелі құтқарушы" төсбелгісімен халықаралық құтқару операцияларына қатысқан құтқарушылар, авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдары әскери бөлімдерінің және басқа да әскери құралымдарының, өрт сөндіру қызметінің әскери қызметшілері марапатталады.
"Кеден қызметінің үздік қызметкері" төсбелгісі
89. "Кеден қызметінің үздік қызметкері" төсбелгісімен:
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары лауазымдық міндеттерін орындау кезінде көрсеткен кәсіпқойлығы және ерен еңбегі үшін;
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары және қызметкерлері лауазымдық міндеттерін мінсіз орындағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен таяу және алыс шетелдердің кеден қызметтерімен кедендік ынтымақтастықты дамытудағы ерен еңбегі үшін марапатталады.
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін
кейбір мемлекеттік органдардың, құқық
қорғау органдарының, соттардың, Қарулы
Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдардың ведомстволық наградаларымен
марапаттау (ведомстволық наградаларынан
айыру) қағидаларына
1-ҚОСЫМША
Награда қағазы
1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны _____________________________________
(кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің дәл атауы көрсетіледі)
3. Жынысы ___________________________________________________________
4. Туған жылы мен туған жері ________________________________________
5. Ұлты _____________________________________________________________
6. Білімі ___________________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен
марапатталған және марапатталған уақыты: ____________________________
9. Үйінің мекенжайы: ________________________________________________
10. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________
11. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ________________________________
13. Марапатталушының нақты айрықша еңбегі көрсетілген мінездеме: ____
Кандидатура _________________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау датасы, хаттаманың №)
__________________________________________ талқылап, ұсыным жасалады.
Мына наградаға ұсынылады ____________________________________________
(награданын түрі)
Кәсіпорынның, мекеменің,
ұйымның басшысы
________________________
(қолы)
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
_____ жылғы "___"_______
(толтыру датасы)
Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін
кейбір мемлекеттік органдардың, құқық
қорғау органдарының, соттардың, Қарулы
Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдардың ведомстволық наградаларымен
марапаттау (ведомстволық наградаларынан
айыру) қағидаларына
2-ҚОСЫМША
КУӘЛІК
Үстіңгі беті
КУӘЛІК |
---|
Ішкі беті
_________________________________ _________________________________ _________________________________ Удостоверение № __ к медали |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 155 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Есім Ғарифолла - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Алин - суретші-дизайнер (келісім бойынша)
Меңдібай Қойшыбайұлы
Мұратаев - өнертанушы, профессор (келісім бойынша)
Құрман Қалиұлы
Өмірбеков - Қазақстан Республикасы Суретшілер
Байтұрсын Есжанұлы одағының төрағасы (келісім бойынша)
Рыбаков - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Александр Вячеславович Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас технологы (келісім
бойынша)
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Дизайнерлер
Тимур Бимашұлы одағының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 155 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия туралы осы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларының геральдикалық сипаттамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қарау;
2) ведомстволық наградалар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия белгіленген тәртіпте және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметіне ведомстволық наградалар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) отырыстарда Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың жауапты өкілдерін тыңдауға құқылы.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
6. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.
7. Комиссияны төраға басқарады.
8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және ол өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді жұмыс органы жүзеге асырады.
10. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссияның төрағасы айқындайды.
11. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
12. Комиссияның отырыстары жарты жылда бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
13. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатқа ие.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 155 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медальдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 136-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградаларының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 169-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медальдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 281-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 16 маусымдағы № 1393 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 26, 331-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 129 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 200-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 2 шілдедегі № 358 Жарлығы.