"Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 148 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      5) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "5) арнайы тексеру жүргізу арқылы әскери қызметке кәсіби іріктеуді ұйымдастырады, Президент Күзет қызметінің кадрларын негізінен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлері арасынан жасақтайды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мамандарды даярлауды, зерттеу және қолданбалы жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Президент Күзет қызметінің кадрына әскери қызметке келетін адамдарды зерттеп-зерделеуге және арнайы тексеруден өткізуге Президенттің Күзет қызметіне көмек көрсетеді;";
      8) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "8) күзетілетін адамдардың авиация, автомобиль және басқа да көлік түрлерімен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оның ішінде олардың жүріп-тұру маршруттарын (бұдан әрі - арнайы трассалар) айқындайды, күзетілетін адамдардың жүріп-тұруы үшін бөлінген авиация, автомобиль және басқа да көлік түрлерінің қозғалыс қауіпсіздігі саласында қолданылатын ережелердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын бақылайды;";
      11) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "11) күзетілетін объектілердің аумағында және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарылғыш құрылғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру және жою жөніндегі іс-шараларды, жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы құқыққа қайшы іс-әрекеттерді іске асыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;";
      12) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "12) күзетілетін адамдар баруға арналған ғимараттарда, үй-жайларда, құрылыстарда және оларға іргелес аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;";
      12-тармақта:
      12) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "12) күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға жеке және заңды тұлғаларды жіберуді және тексеруді жүзеге асыруға;";
      18-тармақта:
      9) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "9) Президент Күзет қызметінің әскери қызметшілерін іссапарға жіберу, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы және ұйымдардағы лауазымдарды Президент Күзет қызметінің қолданыстағы резерві офицерлерінің атқаруы жөніндегі мәселелерді оларды әскери қызметте қалдыра және қолданыстағы резервке қабылдай отырып шешеді. Президент Күзет қызметінің қолданыстағы резервіне әскери қызметшілерді қабылдау тәртібін айқындайды;";
      10) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "10) жұмысшылар мен қызметшілердің санын осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде белгілейді;";
      мына мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою туралы жазбаша нұсқамалар енгізу тәртібін айқындайды;".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев