Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат; 2004 ж., № 14, 173-құжат; 2006 ж., № 20, 194-құжат; 2007 ж., № 43, 497-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақта «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
1-бөлімнің үшінші бөлігінде «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
5-бөлімнің 5.1-кіші бөліміндегі «Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында» деген тарауының бірінші бөлігінде «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев