Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 1024 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат; 2005 ж., № 20, 236-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен коса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттік кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың тиімділігін, қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады.";

      8-тармақта:

      3) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қор қаражатының пайдаланылуына;";

      5), 7) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органы жүргізген бақылаудың республикалық бюджеттің атқарылу бөлігіндегі нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, екінші деңгейдегі банктерден және өзге қаржы ұйымдарынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды республикалық деңгейде жоспарлау мен жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыруы үшін кажет болатын, өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге кіруге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, сұратады және өзі белгілеген мерзімде алады;";

      10-тармақта:

      1) тармақшада "алдында" деген сөзден кейін ", оның ішінде Есеп комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауда" деген сөздермен толықтырылсын;

      7), 8) тармақшаларда "тексерулердің" және "тексеру" деген сөздер тиісінше "бақылаудың" және "бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1)тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Есеп комитеті аппараты қызметкерлері қызметінің, олар жүргізген бақылаудың, оның ішінде мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес бақылау объектісінде бола отырып жүргізген бақылаудың жекелеген бағыттарының сапасына бақылау жүргізудің қажеттігін айқындайды;";

      17)тармақшада:

      "Қазақстан Республикасының Президенті" деген сөздерден кейін ", тиісінше Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Мәжілісі" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Президентіне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына, Мәжілісіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақта:

      6) тармақшада "тексеру" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Есеп комитетінің бақылау, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

      12-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшада "тексеру" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Есеп комитеті Төрағасының немесе мүшесінің орнынан түсу туралы өтініші оның себебі көрсетіле отырып, оны тағайындаған Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына немесе Мәжілісіне тиісінше беріледі.

      Есеп комитеті мүшесінің орнынан түсу туралы өтініші Есеп комитетінің Төрағасын алдын ала хабардар ете отырып беріледі.";

      17-тармақта:

      4) тармақша ", лауазымдық міндеттерін сақтамауы" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшада "себепті мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) басқа лауазымға тағайындалуы себепті мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін.";

      18-тармақта "мемлекеттік қызмет туралы, еңбек туралы заңнамамен" деген сөздер "мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен, еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. Есеп комитетінің қызметі Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам бекітетін стратегиялық жоспарға, Есеп комитетінің Төрағасы бекітетін операциялық, жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Сапаны бақылауды қоспағанда, Есеп комитетінің жылдық және тоқсандық жоспарлары ғана бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің және ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі адамдарының тапсырмалары бойынша бақылау Есеп комитетінің тоқсандық жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізінде жүргізіледі.

      19-2. Есеп комитетінің Төрағасы мерзімін белгілейтін тиімділікті бақылауды қоспағанда, бақылауды жүзеге асыру мерзімі алдағы жұмыстар мен қойылған міндеттердің көлемі ескеріліп, бақылау объектісінің басшысына тапсырма берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күнге дейін белгіленеді.

      19-3. Бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Есеп комитетіне оның міндеттерін орындауда жәрдем көрсетеді, құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, өздері жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты заңмен белгіленген тәртіппен оның сұратуы бойынша береді. Есеп комитетінің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      19-4. Есеп комитеті өзінің бақылау қызметін жүзеге асыру кезінде бақылау объектісінен тәуелсіз болады. Есеп комитетінің тәуелсіздігі:

      1) Есеп комитетінің қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың заңсыз араласуына жол бермеу;

      2) өз қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар жасау;

      3) Есеп комитетінің қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен жеткілікті қаржыландыру арқылы қамтамасыз етіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Есеп комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын ақпарат пен есептердің құрылымы, мазмұны мақұлданады, бақылау іс-шараларының қорытындылары, жоспарлау, әдіснама мәселелері, алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелер қаралады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Есеп комитетінің отырыстары ашық немесе жабық түрде өтеді.

      Есеп комитетінің шешімдері Есеп комитетінің отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:

      "3-1. Есеп комитетінің есептілігі

      21-1. Есеп комитеті жыл сайын есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бұдан әрі - жылдық есеп) жасайды, ол өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылады.

      21-2. Жылдық есеп:

      1) республикалық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын:

      республикалық бюджеттің түсімдері мен шығыстарын;

      салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін;

      2) орталық мемлекеттік органдардың өздерінің стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін, мемлекеттік, оның ішінде өткен кезеңдердегі бағдарламалардың және республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын;

      3) республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерінің пайдаланылуын;

      4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне республикалық бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануын;

      5) бақылау объектілерінің есепке aлy мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бағалауды қамтиды.

      Жылдық есепте Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөнінде қорытынды беріледі, сондай-ақ Есеп комитетінің есепті жылдағы қызметінің негізгі көрсеткіштері, анықталған қаржылық бұзушылықтардың құрылымы, сондай-ақ есепті жылда қаулылар мен ұсынымдардың орындалғаны туралы сандық деректер және олардың атқарылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.

      21-3. Есеп комитеті мақұлдаған жылдық есеп ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Парламентіне қарап, бекіту үшін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін жіберіледі. Жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынуды Есеп комитетінің Төрағасы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Парламенті жылдық есепті бекіткеннен кейін ол құпиялылық режимі және заңмен қорғалатын өзге де құпия сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

      21-4. Есеп комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсанына кемінде бір рет Есеп комитетінің жұмысы туралы есеп береді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есеп комитеті қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оған көлік қызметін көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:

      "24. Мемлекеттік органдар Есеп комитетінің қаржылық қызметін бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

H. Назарбаев