Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 1023 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453қбп Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.12.25 № 453 қбп Жарлығымен.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 8-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесінде:
      «Штабтар, бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары - жедел жоспарлау департаментінің бастығы - генерал-майор» деген жолдағы «- жедел жоспарлау департаментінің бастығы» деген сөздер алып тасталсын;
      «Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы - генерал-майор» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Департамент бастығы (халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік құпияларды қорғау, заң қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс және жұртшылықпен байланыс жөніндегі, Қорғаныс министрлігінің қызметін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатынды қоспағанда) - генерал-майор»;
      «Қарулы Күштердің Әскер тегі қолбасшысы - генерал-майор, генерал-лейтенант» деген жолдағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер алып тасталсын;
      «Қарулы Күштер түрлерінің Бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие жұмысы, тыл мәселелерімен айналысатынды қоспағанда) - генерал-майор» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қарулы Күштер түрлерінің Бас қолбасшысының орынбасары - генерал-майор, контр-адмирал»;
      «Қарулы Күштердің Әскер тегі қолбасшысының бірінші орынбасары - генерал-майор» деген жолдағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер алып тасталсын;
      «Дивизия командирі - генерал-майор» деген жол алып тасталсын;
      2) (құпия).
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев