«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 8-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесінде:
«Штабтар, бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары - жедел жоспарлау департаментінің бастығы - генерал-майор» деген жолдағы «- жедел жоспарлау департаментінің бастығы» деген сөздер алып тасталсын;
«Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы - генерал-майор» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Департамент бастығы (халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік құпияларды қорғау, заң қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс және жұртшылықпен байланыс жөніндегі, Қорғаныс министрлігінің қызметін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатынды қоспағанда) - генерал-майор»;
«Қарулы Күштердің Әскер тегі қолбасшысы - генерал-майор, генерал-лейтенант» деген жолдағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер алып тасталсын;
«Қарулы Күштер түрлерінің Бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие жұмысы, тыл мәселелерімен айналысатынды қоспағанда) - генерал-майор» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштер түрлерінің Бас қолбасшысының орынбасары - генерал-майор, контр-адмирал»;
«Қарулы Күштердің Әскер тегі қолбасшысының бірінші орынбасары - генерал-майор» деген жолдағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер алып тасталсын;
«Дивизия командирі - генерал-майор» деген жол алып тасталсын;
2) (құпия).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев