Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, № 25, 285-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген жауапты хатшының өкілеттіктерінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев