Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Әбіқаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай комитетінің төрағасы;
көрсетілген Комиссияның құрамынан Ә.Ш. Шаяхметов шығарылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 59, 510-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамындағы:
мына:
«Шер - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Раиса Петровна министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау
комитеті төрағасының орынбасары»
деген жолдағы «төрағасының орынбасары» деген сөздер «төрайымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 44, 578-құжат; 2006 ж., № 7, 51-құжат, 2007 ж., № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат):
аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына енгізілсін:
Әбіқаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай комитетінің төрағасы;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Ә.Ш. Шаяхметов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев