Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 905 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
      8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары,» деген сөздер алынып тасталсын;
      13-тармақтың бірінші абзацындағы «100» және «25» деген цифрлар тиісінше «500» және «125» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Комиссия қазақстандық тараптың төрт өкілінен және шетелдік тараптың төрт өкілінен тұрады.
      Қазақстандық тараптан Комиссия мүшелері лауазымы бойынша мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы).»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Комиссия отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев