Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, экономиканы әртараптандыру мен үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы процестерін үйлестіру және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеу және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін, тұрғын үй қатынастарын және коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқару саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Агенттікті бөліп шығару жолымен;
оның кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне бере отырып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның:
ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне;
елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оның ЖЭО және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары орнатылған қазандықтардан басқа, электрмен жабдықтау (0,4 кВт электр желілік объектілер), жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Агенттікке елді мекендер шегінде тұтынушыларды газбен жабдықтау салаларындағы және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функция;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлеу жөніндегі функция берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін оның функцияларын құрылатын Агенттікке бере отырып таратсын;
2) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта
ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев