Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 787 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 470 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 8-қосымшадағы "Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы - ішкі қызмет генерал-майоры" деген жолдағы "ішкі" деген сөз "өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев