Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығы

Жаңартылған

Республикалық баспасөзде мазмұны
жариялануға тиіс        

      Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.06.28 № 1014 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.06.28 № 1014 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.
      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев