Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығы

Қолданыстағы

Республикалық баспасөзде мазмұны
жариялануға тиіс        

      Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев