Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 536 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті  
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс          

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 474-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақтың 1) тармақшасының он сегізінші абзацы алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті