Ескерту. Осы Жарлық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 07.03.2013 N 523 (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құрылымдары мен штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде аталған лауазымдар атауларына қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) бұрын қабылданған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 39, 429-құжат):
атауындағы "тәртібі туралы ережені" деген сөздер "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы аппараттарының басшылары" деген жолда "Іс басқармасы" деген сөзден кейін ", Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген сөздермен толықтырылсын;
"Заңды тұлға құқығы бар комитеттердің төрағалары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары";
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану тәртібі туралы ережеде:
атауындағы "тәртібі" деген сөз алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 562-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:
1-бөлімнің сегізінші абзацындағы "С-О-7," және ",С-R-6" деген санаттар алып тасталсын;
3) "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат; 2004 ж., N 14, 172-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жаңадан құрылған не басқа мемлекеттік органда жұмыспен қамтылатын тұлғалар Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес өздерінің келісуімен тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өздерінің біліктілігіне сай конкурссыз тағайындалады.
9. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстан тыс орналасу құқығын өз өкілеттігін тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентінің бұрынғы депутаттары, мәслихаттардың тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер мен судьялар, өз өкілеттіктерін жағымсыз себептер бойынша тоқтатқандарды қоспағанда, депутаттық, мемлекеттік саяси қызметшінің немесе судьяның өкілеттігі тоқтатылған сәттен бастап бір жыл бойы сақтайды.";
10-тармақтағы "Заңның 24-бабының 4-тармағында және осы Ереженің 9-тармағында" деген сөздер "осы Ереженің 8 және 9-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тараудың тақырыбындағы "әкімшілік қызметшінің" деген сөздер "қызметшінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
18-1-тармақтағы "әкімшілік қызметшісін" деген сөздер "қызметшісін" деген сөзбен ауыстырылсын;
18-2-тармақтағы "әкімшілік қызметшіні", "әкімшілік қызметшінің" деген сөздер тиісінше "қызметшіні", "қызметшінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Кадр қызметі мемлекеттік қызметшінің талап етуі бойынша оған комиссия шешімінің үзінді көшірмесін береді және оны растайды.";
4) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 372 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат):
2-тармақта:
1) тармақшадағы "республиканың төтенше және өкілетті елшілері;" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшада:
екінші абзацтағы "Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары" деген сөздер "Премьер-Министр Кеңсесі Басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы:
"Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры мен оның орынбасарлары," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры мен оның орынбасарлары;" деген сөздермен толықтырылсын;
"республика Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының бастығы, оның орынбасарлары;" деген сөздерден кейін "республика Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы;" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы "бірліктердің әкімдері;" деген сөздерден кейін "облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері аппараттарының басшылары;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министріне - республиканың төтенше және өкілетті елшілері.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды тұлғаға Ант береді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлғаға Ант береді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының жетекшісі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлғаға Ант береді.";
мынадай мазмұндағы 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
"5-2. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік әкімшілік қызметтен мемлекеттік саяси қызметке ауысқан кезде Ант қабылдайды.
5-3. Мемлекеттік саяси қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметке ауысқан жағдайда, сондай-ақ басқа мемлекеттік саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланғанда, Қазақстан Республикасының Президентіне Ант беруді көздейтін жағдайларды есептемегенде, қайталап Ант беруден босатылады.";
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің Ант беру тәртібінде:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Салтанатты ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталады.";
үшінші абзацтағы "сол" деген сөз алып тасталсын.
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 1556 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 174-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығының 3-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 329-құжат);
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1606 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 345-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 1614 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 380-құжат).
7. Осы Жарлық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N№501 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
лауазымдарының санаттары бойынша
ТІЗІЛІМІ
Ескерту. Тізілім алып тасталды - ҚР Президентінің 07.03.2013 N 523 (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.