Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған және одан әрі кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тиісті шешімдер әзірлеу кезінде Тұжырымдаманың негізгі қағидаларын басшылыққа алсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 28 тамыздағы
N 399 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының
2007-2015 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
Кіріспе
1.
Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары
2.
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі принциптері
3.
Көші-қон саясатын жетілдірудің мақсаты мен негізгі міндеттері
4.
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі бағыттары
4.1.
Эмиграция саласындағы көші-қон саясаты
4.2.
Иммиграция саласындағы көші-қон саясаты
4.3.
Еңбек көші-қонын реттеу
4.4.
Ішкі көші-қонды реттеу
4.5.
Заңсыз көші-қонды реттеу
5.
Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру тетігі
5.1.
Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету
5.2.
Көші-қон процестерін басқарудың институционалдық және кадрлық негіздері
5.3.
Көші-қон процестерін мемлекеттік басқаруды ақпараттық сүйемелдеу
5.4.
Көші-қон саясатын жетілдіруді қаржылық қамтамасыз ету
6.
Күтілетін нәтижелер
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған бұл тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін басқарудың қолданыстағы бағыттарын жетілдіруді және оның сапалы жаңа бағыттарын дамытуды көздейді. Осы Тұжырымдамада көрініс тапқан көші-қон саясатының стратегиясы әлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның барынша кірігуі жағдайында елдің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе адами әлеуеттің санымен және сапасымен анықталатынынан туындайды. Адамның жүріп-тұру еркіндігінің жалпы танылған құқықтарын негізге ала отырып, Тұжырымдама жалпы мемлекеттік мүдделерді іске асыру контексінде таяудағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған көші-қон процестерінің негіздерін айқындайды.
Тұжырымдама елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді»"Қазақстан - 2030"
стратегиясына
негізделеді және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына
Жолдауына
сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы негізгі бағыттарды көрсетеді. Ұлттық бірдейлікті сақтау мақсатында Тұжырымдама Қазақстанның көп этникалылығын ескере отырып, іске асырылатын болады.
Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес әзірленді.
1. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің
қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестері әлеуметтік-экономикалық, саяси, этникалық, экологиялық және басқа да факторлардың ықпалымен дамыды. Қазақстан дамуының әрбір кезеңінде көші-қонның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамалары болды және болып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1346
қаулысымен
мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде:
1) көші-қонның оң сальдосына және одан берідегі жылдары өсуіне:
(мың адам)
Жылдар |
Келгендердің
|
Кеткендердің
|
Көші
-
қон
|
2001 |
34,4 |
104,3 |
-69,9 |
2002 |
58,2 |
120,2 |
-62,0 |
2003 |
65,6 |
73,9 |
-8,3 |
2004 |
68,3 |
65,5 |
+2,8 |
2005 |
74,3 |
52,2 |
+22,1 |
2006 |
67,4 |
33,9 |
+33,5 |
2) Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен
бекітілетін оралмандардың көшіп келу квоталары шеңберінде этникалық
көшіп-қонушылардың жыл сайын өсуіне қол жеткізілді. 2007 жылғы 1
шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 608 мың адамнан тұратын 155
мың оралман отбасы тұрады.
Қазіргі уақытта республикадағы көші-қон жағдайы мыналармен сипатталады:
еңбек көші-қоны көлемінің өсуі. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын белгілейтін Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы шегінде 40,9 мың адам немесе экономикалық белсенді халыққа шаққанда 0,51% адам тартылды. Қазақстанның өсіп отырған экономикалық тартымдылығына байланысты Қазақстанда жұмыс істеуді қалайтын еңбек көшіп қонушыларының саны ұлғайып отыр;
заңсыз көші-қон ауқымының ұлғаюы. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, ТМД елдерімен шекаралардың ашықтығы, бірыңғай келісілген саясаттың болмауы және заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, қолайлы экономикалық ахуал, әлеуметтік-саяси тұрақтылық, либералдық халықаралық көші-қон саясаты заңсыз көші-қонға ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады. 2006 жылы заңдастыру кезеңінде республика аумағында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып жүрген 164,5 мың шетел азаматы анықталды;
босқындардың болуы. Босқындардың мәртебесі туралы 1951 жылғы БҰҰ конвенциясына және 1967 жылғы оған хаттамаға қосылу, көршілес бірқатар мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай Қазақстан Республикасына босқындардың келуіне негіз болды. 2006 жылы еліміздегі босқындардың саны 582 адамды құрады;
қарқынды ішкі көші-қон. Мұны құрайтындар ауылдық елді мекендерден тіршілік деңгейі неғұрлым жоғары әрі инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден жайлы экологиялық ортасы бар өңірлерге халықтың көші-қоны болып табылады.
2006 жылғы статистикалық деректер республика ішінде халықтың мейлінше көп көшіп кетуі мына облыстарға келетінін көрсетеді: Жамбыл облысы, онда көші-қон сальдосы - минус 7682 адам, Шығыс Қазақстан (- 6635 адам), Солтүстік Қазақстан (- 4786), Қызылорда (- 4272 адам).
Халықтың көшіп келетін негізгі өңірлері Алматы (21959 адам), Астана (17938 адам) қалалары және Маңғыстау облысы (382 адам) болып табылады.
Халықтың қоныстануының және атап айтқанда көші-қонының әлеуметтік-экономикалық проблемалары барлық дамыған мемлекеттердің негізгі
мәселелерінің қатарында тұрады. АҚШ, Канада, Австралия сияқты елдер және бірқатар еуропалық мемлекеттер қазіргі уақытта келуші шетелдік азаматтарға қатысты ерекше сұрыптаушылық көші-қон саясатын жүргізуде. Сонымен қатар, бірқатар елдер, бірінші кезекте Германия, Израиль және Польша өз мемлекеттерінің ұлттық бірдейлілігі мен өзіндік ерекшелігін сақтау мақсатында арнайы этно-тарихи көші-қон саясатын жүргізіп отыр.
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бағалауынша Қазақстан әлемдегі мейлінше күшті көші-қон процестері байқалатын елдерге жатады. Қазақстандағы көші-қон процестерінің ауқымы өсе түспек, олардың бағыттары мен саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы тереңдейді, тіпті, республика көші-қон ағынының қысымын қазірдің өзінде сезініп отыр. Сонымен қатар, көші-қонның ұлттық, аймақтық және әлемдік ауқымда дамуына болжамды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көші-қон мониторингі жүйесі жоқ.
Мемлекеттік саясаттың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге бағыт ұстауын, халықаралық байланыстардың кеңеюі мен дамуын, елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескерсек, таяудағы перспективада мынадай көші-қон ахуалының дамуы айқын болмақ:
Қазақстан жоғары білікті кадрларды жоғалту, заңсыз көші-қонның өсуі, көшіп келушілердің ел аумағы бойынша тең қоныстанбауы салдарынан шиеленістің ұлғаюы сияқты келеңсіз факторларға байланысты елеулі проблемалардан арыла қоймайды;
Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі көші-қонның ауқымына ғана емес, оның құрылымы мен аумақтарға бөлінісіне байланысты болады;
еңбек көші-қоны шеңберінде күрделі көші-қон әлеуеті бар елдерден көшіп келу ұлғаяды;
Орталық Азия мен басқа да мемлекеттерден көшіп келушілердің түрлі санатының ағыны өседі;
ауылдық өңірлерден қалаға көші-қон облысаралық аумақтық орналастырудың басым нысаны болып қала береді, мұның өзі урбанизация процесінің күшеюін көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі
принциптері
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мынадай принциптерге негізделеді:
Қазақстан Республикасының Конституциясында, басқа да нормативтік актілерде, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері, мүліктік жағдайы немесе кез келген басқа да себептер бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;
тұлға мен мемлекет мүдделерін ұштастыру, барлық билік тармақтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіру;
көші-қон процестерін басқару және реттеу саласындағы халықаралық танылған стандарттарды сақтау контексінде әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықты, этникааралық және конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті қамтамасыз ету және сақтау бөлігінде ұлттық мүдделердің басымдығы;
ең алдымен шетелде тұратын отандастарымыздың қайтып оралуын ынталандыруға бағдарланған саясаттың жүйелі де дәйекті жүргізілуін көздейтін елдің ұлттық бірдейлілігін сақтау және дамыту;
басым салаларда жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды ынталандыруға және білікті өз кадрларымызды даярлауға негізделген Қазақстанның бәсекелестік артықшылығын дамыту;
білімін, кәсібін, инвестициялық және қаржылық әлеуетін ескере отырып, көшіп келушілерді таңдау тәсіліне негізделген сұрыптау;
Қазақстанға көшіп келушілердің елде болуының ашықтығы мен заңдастырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың елде болуын құқықтық қамтамасыз етудің түрлі шараларын ұйымдастыру жөніндегі техникалық, ұйымдық, экономикалық шараларды қамтитын үздіксіз мониторингтің жүргізілуін көздейтін айқындық және заңдылық;
баспана беру туралы өтініш сұраған адамдарға немесе босқындарға қатысты мәжбүрлеп қайтаруды (nonrefonlment) болдырмау принципін сақтау.
3. Көші-қон саясатын жетілдірудің мақсаты мен негізгі
міндеттері
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының мақсаты - еліміздің ұлттық бірдейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды қысқарту мен сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік билік органдарының алдында орта және ұзақ мерзімді перспективада мынадай міндеттер тұр:
көші-қон процестерінің келеңсіз салдарының алдын алу, болдырмау және азайту;
көшіп-қонушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау;
жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібін оңайлату және тартылатын шетелдік жұмыс күшінің сапалы құрамын реттеу жолымен жоғары инновациялық әлеуеті бар шетелдік мамандардың ағынын ынталандыру;
шетелде тұратын этникалық қазақтардың қайтып оралуын ынталандыру;
көшіп келушілердің тез арада бейімделуі мен етене араласуына жәрдемдесу және көмек көрсету;
отандық жұмыс күші тарапынан бәсекелестік жоқ салаларға шетелдік жұмыс күшін тарту;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көшіп-қонушыларды қоныстандыруды оңтайландыру және ынталандыру;
заңсыз көші-қон мен адам саудасының жолын кесу, сондай-ақ шекара посттарына және өзге де пункттерге көшіп келушілердің елдің аумағында заңсыз болуының мониторингін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу;
мигрантофобияның туындауының алдын алу мен оны жою жөніндегі ақпараттық-насихат жұмыстарын дамыту, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
көші-қон процестерін реттейтін халықаралық шарттарға қосылу, көшіп-қонушыларға қатысты ақпарат алмасу;
көші-қон мәселелерін шешу бөлігінде шет мемлекеттердің көші-қон қызметтерімен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл;
оралмандардың, босқындардың, еңбек мигранттарының проблемаларын шешу саласында екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар жасасуға бастамашылық жасау;
көші-қон саласында ТМД елдерінің ұлттық заңнамасын үйлестіру және жүйелендіру.
4.1. Эмиграция саласындағы көші-қон саясаты
Ел халқының табиғи көбеюі мен өздігінен қозғалысының проблемалары елде ерекше эмиграциялық саясат жүргізу қажеттігін тудырады.
Эмиграциялық саясат:
елдің әрбір азаматына халықаралық танылған құқықты - тысқары жерлерге кетуі мен тұрғылықты жерін еркін таңдауы құқығын одан әрі де сақтауға бағытталған. Сонымен қатар ықтимал қолайсыз моралдық, экономикалық, саяси және өзге де проблемалардың алдын алу мақсатында көшіп-қонушыларға олардың болашақтағы тұратын жерлері туралы мейлінше толық ақпарат ұсынылатын болады;
республикада туылғандарға және оның шегінен тыс көшіп кеткендердің бәріне этникалық қатыстылығына қарамастан жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық бірдейлігін сақтау және дамыту мақсатында азаматтық алудың жеңілдетілген құқығын беруге;
шетелде тұратын отандастарымыздың тарихи отанына оралу құқығын іске асыруларына жәрдемдесуге бағытталған.
4.2. Иммиграция саласындағы көші-қон саясаты
Нысаналы ел бола отырып, оның ұлттық бірдейлігін сақтау мен дамыту, сондай-ақ ел экономикасын жаңғыртуды жеделдетуде көші-қон факторының рөлін күшейту мақсатында иммиграция саласындағы көші-қон саясатын іске асыру стратегиясы:
мамандарды іріктеу критерийлеріне негізделген көшіп-қонушыларды тарту тетіктерін әзірлеуді;
өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін, өңірлік еңбек нарықтарын негізге ала отырып, көшіп келушілерді тиімді қоныстандыру тетіктерін әзірлеуді;
көшіп келушілерді заңдастыру, бейімдеу және қазақстандық қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралардың жүйелерін әзірлеуді;
шет мемлекеттердің практикалық тәжірибесін пайдалануды қамтиды, мұның өзі белгілі бір дәрежеде көшіп келушілерді етене араластыру контексінде мемлекеттің саясатын күшейтіп, жақсартуға мүмкіндік береді.
Еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі көші-қон саясаты мемлекет стратегиялық басымдық деп айқындаған салаларда (нанотехнология, биотехнология, ақпараттық жүйелер, көлік пен коммуникация және қызметтің басқа да индустриалдық-инновациялық салалары) жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды көздейді. Келісімшарт негізінде жұмыс істеу үшін елдің даму мүддесі мен мақсаты үшін қатер төндірместен көптеген қазақстандық мамандардың шетелге шығуы көзделеді. Сонымен қатар халықаралық еңбек нарығына кіру жағдайында республикада қайталама еңбек нарығына және жұмыспен қамту саласына біліктілігі жоқ еңбек көшіп-қонушылары тартылатын болады.
Аталған бағытты іске асырудың негізгі мақсаты еңбек көшіп-қонушыларының көмегімен Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, атап айтқанда:
ғылымның, экономиканың жоғары технологиялық және инновациялық секторларының зияткерлік еңбек ресурстарына ұзақ мерзімдік сандық және сапалық қажеттіліктерін бағалау және оларға жүйелік мониторинг жүргізу;
өңірлік еңбек нарықтарының мүмкіндіктерін ескере отырып, халықтың көші-қон ұтқырлығын арттыру тетіктерін жетілдіру;
жергілікті кадрларды даярлауды және жұмысқа орналастыруды жүзеге асыратын шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар үшін экономикалық ынталандыру шараларын жасау;
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін заңды және тіркеу жүргізіп әкетудің тетіктерін жетілдіру болып табылады.
Ауылдық аудандардан қалаға көшіп-қону облысаралық аумақтық орналасудың басым нысаны болып табылады, мұның өзі урбанизация процесі күшеюінің дәлелі.
Перспективасы жоқ өңірлерден перспективалы өңірлерге халықтың көші-қоны байқалып отыр.
Ішкі көші-қон саясаты, ең алдымен:
жұмыс күшінің аумақтық ұтқырлығын арттыру үшін экономикалық жағдай жасауға (тұрғын үй нарығы мен еңбек нарығының тең дамуын қамтамасыз етуге);
өңірлік еңбек нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенді халықты аумақтық қайта бөлуді ынталандыру тетігін әзірлеуге;
өңірлердің экологиялық жағдайының, атап айтқанда таза ауыз судың болуының, қоршаған ортаның ластануының, сондай-ақ оның әлеуметтік және экономикалық күйзелуінің мониторингіне;
ішкі көшіп-қонушыларды тең де теңгерімді орналастыруға бағытталған шараларға негізделеді.
Тұтастай алғанда, халықтың ішкі көші-қон мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму
стратегиясын
және Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын
іске асыруды ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының маңызды құраушысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес болып табылады. Бұл бағытта елдің шекарасы жаңадан техникалық және ұйымдық нығайтылатын әрі қайтадан жабдықталатын, техникалық рәсімдеу және виза беру жүйесі жетілдірілетін болады. Транспаренттілік пен заңдылық принциптерін сақтау мақсатында көшіп-қонушылардың елге заңды түрде жіберілуі және адал ниетпен болуы бөлігінде оларға тұрақты негізде мониторинг жүзеге асырылады. Елде болудың қандай да бір талаптарын бұзған жағдайда заңсыз көшіп-қонушыға оны ұстаудың, қайтарудың және/немесе депортациялаудың, не олардың елге келуін заңдастырудың ұлттық және халықаралық танылған ережелері қолданылатын болады.
5.1. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету
Тұжырымдаманы іске асыру этникалық және еңбек көші-қоны мәселелері бойынша:
бейімдеу қызметін көрсете отырып, оралмандарды бейімдеу және кіріктірудің аймақтық орталықтарын құруға;
білімі мен біліктілік деңгейін, кәсіптік тәжірибесінің болуын қоса алғанда, көшіп келу квотасына оралмандарды енгізудің нақты критерийлерін белгілеуге;
шетелдік жұмыс күшін квоталауды және экономикалық мақсаттылық тестін сақтауға;
іріктеу әдісін қолдана отырып, икемді визалық тетігін жасауға;
жоғары білікті көшіп-қонушыларды тартудың рәсімін жеңілдетуге;
заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа тартқаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған қолданыстағы заңнамалық базаны жетілдіруді талап етеді.
Көші-қон мәселелері бойынша шекаралас мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық форумдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл республикадағы көші-қон ағынын басқарудың маңызды құралы болып табылады. Барлық деңгейдегі тиімді ынтымақтастық үшін ШЫҰ пен АӨСШК қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық шарттар жасасудың мүмкіндігін қарастыру қажет.
5.2. Көші-қон процестерін басқарудың институционалдық және
кадрлық негіздері
Көші-қон процестерін үйлестіру мен реттеудің қазіргі заманғы жүйесі соншалықты тиімді болмай отыр. Осыған байланысты көші-қон саясатын құрылымдау және үйлестіру бағытында жұмыс жүргізу қажет. Қазіргі кезде көші-қон процестерін бақылау саласында жеткілікті институционалдық база құрылған. Алайда көші-қон саясаты субъектілерінің жұмысында функциялардың қайталануы және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткіліксіз деңгейі жиі ұшырасады.
Көші-қон процестерінің күрделілігі мен көп қырлылығын, мүдделі мемлекеттік органдар мүмкіндіктерінің тар бейінділігін, сондай-ақ олардың қызметінің үйлесімсіздігін ескере отырып, осы процеске және мониторинг жүргізуге жауапты барлық ведомстволардың қызметін үйлестіру үшін бірыңғай буын құру тиімді.
Көші-қон дамуының үлгі заңдылығын мониторингтеу, сөйтіп, көші-қон процестерін мемлекеттік реттеуде кешенді көзқарасты іске асыру үшін қажетті алғышарттарды жасау мақсатында:
сыртқы көші-қон процестеріне және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсеріне талдау жүргізу;
көші-қон процестерін болжау және реттеу мәселелері бойынша ғылыми ізденістерді (зерттеулер) ұйымдастыру;
көші-қон процестерін мониторингтеу және бағалау үшін индикаторларды енгізу қажет (Тұжырымдамаға қосымша).
Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланысқа кірігуі жағдайында көші-қон процестерін басқарудың, сондай-ақ ұсынылып отырған институционалдық өзгерістердің айрықша маңыздылығын негізге ала отырып:
көші-қон мәселелерімен айналысатын кадрлардың біліктілігін мақсатты да жүйелі арттыруды қамтамасыз ету;
көші-қон саласында мамандарды кәсіптік даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету арқылы көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі кадрлық қамтамасыз ету жетілдірілетін болады.
5.3. Көші-қон процестерін мемлекеттік басқаруды ақпараттық
сүйемелдеу
Кез келген елдің қазіргі заманға сай дамуы және түрлі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру оларды тиісті сапалық ақпараттық сүйемелдеу мен қамтамасыз етуге байланысты. Осыған байланысты, тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік органдардың жедел ақпарат алмасу жөніндегі тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ететін шаралар қолдану қажет.
Көші-қон процестерін ақпараттық сүйемелдеудің маңызды сәті көші-қон саласында болып жатқан объективті процестерді, елдің дамуы үшін оның мәні мен қажеттілігін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау болуға тиіс.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру елдегі көші-қон процестерінің нақты көрініс табуына бағытталған әр түрлі ақпараттық-талдау кітапшаларын, анықтамалықтарды, буклеттерді тарату, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарларды өткізумен, әр түрлі теле және радиохабарларды таратумен қоса жүргізіледі.
5.4. Көші-қон саясатын жетілдіруді қаржылық қамтамасыз ету
Мемлекеттік көші-қон саясатын ресурстық қамтамасыз ету оның тиімділігінің негізгі шарты болып табылады. Оралмандарды қабылдау және орналастыруға республикалық бюджеттен 2003 жылы 3,4 млрд. теңге, 2004 жылы 7,0 млрд. теңге, 2005 жылы 11,4 млрд. теңге, 2006 жылы 11,1 млрд. теңге, 2007 жылы 12,1 млрд. теңге бөлінді. Көші-қон саясатын іске асыру жақын болашақта қаржыландырудың мөлшерін ұлғайтуды қажет етеді.
Бұл ретте, қаржыландыру көлемі мен көздері Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде анықталатын болады.
Осы Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіруге, этникалық қазақтарды қабылдау, оларды бейімдеу және қазақстандық қоғамға етене араластыру үшін жағдай жасауға, білікті ұлттық еңбек нарығын қалыптастыру үшін сыртқы еңбек көші-қонын пайдалануға мүмкіндік береді деп күтіледі.
Көрсетілген шаралар басымдықтарына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады: 2008-2010 жылдары елде көші-қонды реттеудің бірыңғай жүйеленген және бір ізге салынған нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілетін және қалыптасатын болады; 2010-2012 жылдары білімі, инновациялық және инвестициялық әлеуеті жоғары көшіп-қонушыларды тартуға негізделген көші-қон саласында іріктеу саясатын жүргізу жүйесі қалыптасатын болады; 2013-2015 жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс күші нарығы реттелетін болады.
Жалпы алғанда, Тұжырымдаманы іске асыру:
көшіп-қонушылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға;
көшіп келушілердің қоғамға ойдағыдай бейімделуі және етене араласуына;
экономиканың жоғары білікті жұмыс күшін қажет етуін және республиканың еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 28 тамыздағы
N 399 Жарлығымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының
2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына
ҚОСЫМША
Көші-қон процестеріне мониторинг жүргізу және
бағалау үшін қолданылатын
ИНДИКАТОРЛАР
Индикатор |
Анықтама |
Қолдану/
|
1 |
2 |
3 |
1. Оралмандар-
|
Заңнамаға сәйкес
|
Көшіп
|
2. Қазақстан
|
Республиканың
|
Жұмыс
|
3. Жұмыспен
|
Жұмыспен қамту
|
Жұмыссыз
|
4. Көші-қон
|
Жалпы республика
|
Көші-қон ағыны
|
5. Жұмысқа
|
Жұмысқа орналасу-
|
Оралмандардың
|