Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының Қарағанды облысының "Ұлытау ауданының Мәдениет бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне 030 "Мәдениет объектiлерiн дамыту. Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша Ұлытау тауында "Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтарының бiрлiгi монументi - рәмiзiн" салу жөнiндегi "Бекетаев К.А." жеке кәсiпкермен жасалған 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 26 және "СтройЭкс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен жасалған 2004 жылғы 13 наурыздағы N 25/31 шарттар бойынша аккредитив (бұдан әрi - аккредитив) ашу және оның қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен аккредитив ашсын және оны ұзартсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы