Қазақстан Республикасы Президентінің сот әкімшілігі мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 387 Жарлығы

Қолданыстағы

        ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; N 49, 623-құжат; 2006 ж., N 7, 50-құжат; N 26, 264-құжат; N 28, 299-құжат; N 30, 320-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 471  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 2-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
      мәтінде "әкімшілері", "әкімшілерінен", "әкімшілерінің" деген сөздердің алдынан "соттар" деген сөзбен толықтырылып, "әкімшілер", "әкімшілерді", "әкімшілердің", "Әкімші" деген сөздер тиісінше "соттар әкімшілері", "соттар әкімшілерін", "соттар әкімшілерінің", "Соттар әкімшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "қызметін" деген сөзден кейін "ұйымдастырушылық," деген сөзбен толықтырылсын;
      "уақтылы атқаруды" деген сөздерден кейін ", сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды, жергілікті соттардағы сот статистикасын жүргізуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-5 және 14-тармақтардағы "оның" деген сөз алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 39-үй.";

      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;";
      3) тармақшадағы "судьялар мен жергілікті соттар аппаратының" деген сөздер "судьялардың, Комитет, жергілікті соттар кеңселері және соттар әкімшілері қызметкерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "жергілікті соттар аппараттарының," деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы "жергілікті соттар аппаратын" деген сөздер "соттар әкімшілерінің ұсынуы бойынша жергілікті соттар кеңселерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) жергілікті соттардың сот статистикасын жүргізуді, іс жүргізуді және мұрағаттардың жұмысын ұйымдастырады;";
      мынадай мазмұндағы 17)-19) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) сот орындаушыларының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық-құқықтық актілердің шеңберінде құқықтық көмек көрсету барысында сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарынан және атқарушылық өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды жүзеге асырады.";

      12-тармақта:
      2) тармақшадағы "және атқарушылық өндіріс органдары" деген сөздер ", Комитет, жергілікті соттар кеңселері және соттар әкімшілері" деген сөздермен, "енгізуге хақылы." деген сөздер "енгізуге;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баспа басылымдарын шығаруға хақылы.";

      17-тармақта:
      1) тармақшадағы "Комитет қызметкерлері мен" және "жалпы" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) сот орындаушыларының жетондары мен эмблемаларының үлгілерін бекітеді;";

      20-тармақта:
      3) тармақша "сот қызметкерлері" деген сөздерден кейін "және алқабилер" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада "сот аппараттарын" деген сөздер "жергілікті соттар кеңселерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада ", іс жүргізуді және мұрағат жұмысын жүргізуді" деген сөздер "жүргізеді, іс жүргізуді және мұрағат жұмысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1)-8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) тиісті сот төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті соттар кеңселерінің құрылымын, штат санын әзірлеп Комитетке ұсынады;
      8-2) сот орындаушылары мен сот приставтары қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      8-3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық-құқықтық актілердің шеңберінде құқықтық көмек көрсету барысында сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      8-4) атқару құжаттары бойынша борышкерлердің тыйым салынған мүлігін тасымалдау, сақтау, бағалау және сату бойынша шарттар жасасады;";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      "20-1. Жергілікті соттардың кеңселері судьялардың сот төрелігін іске асыру, сот тәжірибесін қорытындылау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысын қамтамасыз етеді.";
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің құрылымында "әкімшілердің", "әкімшілер" деген сөздер тиісінше "соттар әкімшілерінің", "соттар әкімшілері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Президентінің
                                            2007 жылғы 23 тамыздағы
                                                N 387 Жарлығына
                                                    ҚОСЫМША

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Президентінің
                                           1999 жылғы 22 қаңтардағы
                                                N 29 Жарлығына
                                                   3-ҚОСЫМША

           Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
               Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің
                          штат санының
                             ЛИМИТІ

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты жанындағы Сот
әкімшілігі жөніндегі комитет                                     64

Астана және Алматы қалаларындағы,
облыстардағы соттар әкімшілері                                 8088
оның ішінде:
соттар әкімшілерінің аппараттары                                549
облыстық және оларға теңестірілген соттар кеңселері             836
аудандық және оларға теңестірілген соттар кеңселері            4301
сот орындаушылары                                              1791
сот приставтары                                                 611

      Қазақстан Республикасы жергілікті соттар судьяларының
                            штат санының
                                ЛИМИТІ

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары          579
Аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары         1854