Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 мамырдағы N 326 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139  Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2006 ж., N 2, 10-құжат; 2006 ж., N 17, 156-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Агенттіктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы штат санының лимиті 418 бірлік санымен белгіленсін.";

      2) 5-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
      17-тармақтың екінші абзацындағы "жеті" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      10-1) көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімшесінің жұмысын үйлестіру және бақылау;";

      22-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің құрылымында:
      "Қаржы ұйымдарын тарату департаменті" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті";
      "Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" деген жол алынып тасталсын;
      "Үйлестіру бөлімі - өкілдік (Астана қаласы)
      Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үйлестіру басқармасы - өкілдік (Астана қаласы)
      Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімі".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің қызметін қамтамасыз етуге қажетті қаражаттарды есептеуді осы Жарлықпен белгіленген штат қызметкерлері санының лимитін негізге алып жүзеге асырсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті