Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 және 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 313 Жарлығы

Қолданыстағы

 Қазақстан Республикасының Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 254-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамына Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;

      аталған комиссияның құрамынан А.Ө.Сәрсенбаев шығарылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия құрамына Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;

      аталған Комиссияның құрамынан А.Ө.Сәрсенбаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті