Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс        

       МАЗМҰНЫ

      Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1) Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) екі апта мерзімде Жалпыұлттық жоспарды және Бағдарламаны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
      2) Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы»"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 шілдеге және 25 қаңтарға Жалпыұлттық жоспардың және Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары:
      1) Жалпыұлттық жоспардың және Бағдарламаның іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың және Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 528 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 13, 138-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 тамыздағы N 1630 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 427-құжат);
      3) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 10, 87-құжат).

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Президентінің
                                        2007 жылғы 6 сәуірдегі
                                           N 310 Жарлығымен
                                              бекітілген
 

     Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан
   халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі
негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары

Р/с N

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5


Атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы
нарықтық принциптерде дамыту

1.

"Қазақстан
Республикасының
кейбір заңнамалық
актілеріне әлеуметтік
қамсыздандыру
мәселелері бойынша
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау, атап
айтқанда:
1) зейнетақыны есептеу
үшін ескерілетін
табысты шектеуді 15
АЕК-тен 25 АЕК-ке
дейін көтеру бөлігінде
Қазақстан
Республикасында
зейнетақымен
қамсыздандыру туралы";
2) бала тууына
байланысты берілетін
біржолғы мемлекеттік
жәрдемақы, бала бір
жасқа толғанға дейін
оның күтіміне
байланысты берілетін
ай сайынғы
жәрдемақылардың
мөлшерін ұлғайту
бөлігінде "Балалы
отбасыларға берілетін
мемлекеттік
жәрдемақылар туралы";
3) жүктілігі мен бала
тууына байланысты,
бала бір жасқа
толғанға дейін оның
күтіміне байланысты
әлеуметтік қатерлерге
міндетті әлеуметтік
сақтандыру енгізу
жолымен Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру
қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
жүзеге асыру бөлігінде
"Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы";
4) зиянды және ауыр
еңбек жағдайларында
жұмыс өтілін
жинақтаған адамдарды
N 2 Тізім бойынша
әлеуметтік
қамсыздандыруды енгізу
бөлігінде "Жерасты
және ашық кен
жұмыстарында, еңбек
жағдайлары ерекше
зиянды және ерекше
ауыр жұмыстарда
істеген адамдарға
берілетін мемлекеттік
арнайы жәрдемақы
туралы"

Заң

Еңбекмині,
ЭБЖМ,
Қарыжымині,
Әділетмині

2007
жылғы
қараша

2.

Мемлекеттік базалық
зейнетақыны арттыру
бөлігінде тиісті қаржы
жылдарына арналған
республикалық
бюджет туралы
Қазақстан
Республикасының
заңдарын қабылдау

Заңдар

ЭБЖМ,
Еңбекмині

Жыл
сайын,
желтоқсан

3.

Тиісті жылдың 1
қаңтарынан бастап
"Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік
орталықтан төленетін
зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін арттыру
туралы" Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің қаулыларын
қабылдау (тұтыну
бағалары индексінің
болжамды өсімінен 2
проценттік пунктке
арттыра отырып
зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін арттыру)

Үкімет
қаулысы

Еңбекмині,
ЭБЖМ

Жыл
сайын,
желтоқсан

4.

Мемлекеттік
қызметшілер болып
табылмайтын
мемлекеттік
мекемелердің
қызметкерлеріне және
қазыналық кәсіпорындар-
дың қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу
деңгейін арттыру
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

Еңбекмині,
Қаржымині,
БҒМ, ДСМ,
МАМ, ТСМ,
ККМ, ИСМ, АШМ

2007
жылғы
қараша

5.

Еңбек демалысына
шыққан кезде бюджет
саласы қызметкерлеріне
сауықтыру жәрдемақысын
төлеуді енгізу

Еңбек
кодексі

ЭБЖМ

2007
жылғы
желтоқсан

6.

"Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау (табысы аз
отбасыларға (азаматтар-
ға) атаулы әлеуметтік
көмек көрсету
шарттарын нақтылау,
әлеуметтік көмек
көрсетудің атаулылығын
күшейту, табысы аз
азаматтарды қайта
оқуға, жаңа кәсіпті
меңгеруге
ынталандыруға ықпал
ететін тетіктерді
әзірлеу)

Заң

Еңбекмині

2008
жылғы
қыркүйек

7.

"Әлеуметтік қызмет
көрсетулер туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

Еңбекмині

2008
жылғы
желтоқсан

8.

Ел ішіндегі нақты
сектор жобаларын іске
асыру үшін жинақтаушы
зейнетақы қорларының
активтерін тарту
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Президент
Әкімші-
лігіне
ақпарат

Еңбекмині,
Қаржымині,
ИСМ, ЭБЖМ,
ҚҚА, ҰБ,
ККМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

2008
жылғы
қыркүйек 

9.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасында 2009-2010 жылдарға арналған бас келісім жасасу (тараптардың жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуі жөніндегі міндеттемелерін қарастыру)

Бас
келісім

Үкімет,
жұмыс
берушілердің
республика-
лық бірлес-
тіктері,
қызметкер-
лердің
республикалық
бірлестіктері

2008
жылғы
желтоқсан

10.

Қазақстан
Республикасының
көші-қон саясатының
тұжырымдамасын қабылдау

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

Еңбекмині

2007
жылғы
шілде

11.

"Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
көші-қон мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

Еңбекмині 

2007
жылғы
маусым

12.

"Халықты жұмыспен
қамту туралы" 2001
жылғы 23 қаңтардағы
Қазақстан
Республикасының Заңын
іске асыру жөніндегі
шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы
19 маусымдағы N 836
қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу

Үкімет
қаулысы

Еңбекмині

2007
жылғы
желтоқсан


I. ҚОЛЫМЫЗДА БАР МҮМКІНДІКТЕРДІ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУ, СОНДАЙ-АҚ ЖАҢА БӘСЕКЕЛІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҺАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАҒА ОЙДАҒЫДАЙ КІРІКТІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ


Бірінші бағыт - экономиканың бәсекеге
қабілеттілігінің орнықты сипатын қамтамасыз етуге
бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске
асыру

13.

Бәсекеге қабілеттілік
және экспорт жөніндегі
Ұлттық кеңес құру

Үкімет
қаулысы

ЭБЖМ, ИСМ,
АШМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ,
"Атамекен"
КЖЖО
(келісім
бойынша),
әлеуметтік-
кәсіпкерлік
корпорациялар

2007
жылғы
маусым

14.

Экономиканың бәсекеге
қабілеттілігі мен
экспорттық
мүмкіндіктерін сапалық
жаңа деңгейге жеткізу
стратегиясын қабылдау

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

ЭБЖМ, ИСМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ,
"Атамекен"
КЖЖО
(келісім
бойынша),
әлеуметтік-
кәсіпкерлік
корпорациялар

2007
жылғы
қараша

15.

Экономика салаларына
жүйелі мониторинг,
талдау және бағалау,
сондай-ақ басқа елдер
мен трансұлттық
корпорациялардың
бәсекелі салаларына
салыстырмалы талдау
жасау

Президент
Әкімші-
лігіне
ақпарат

ЭБЖМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ,
әлеуметтік-
кәсіпкерлік
корпорациялар

Жыл
сайын,
2007-2009
жж.
3-тоқсан 

16.

Бәсекені шектеу мен
нарыққа қатысушылардың
ымыраласуы фактілерін
анықтаудың,
экономиканың негізгі
салаларын "жасырын"
монополияландыруды
болдырмаудың айқын
тетіктерін жасау
мақсатында "Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
бәсеке және
монополиялық қызметті
шектеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

ИСМ,
"Атамекен"
КЖЖО
(келісім
бойынша)

2007
жылғы
желтоқсан

17.

Экономиканың тиісті
салаларындағы бәсекелі
қатынастарды қайта
құрылымдау мен дамыту
арқылы табиғи
монополиялар аясын
барынша қысқарту

Норматив-
тік
құқықтық
актілер

ТМРА, ИСМ

2007
жылғы
қыркүйек

18.

Қажетті заңнамалық
база қалыптастыру
мақсатында тәуелсіз
салалық реттеуіштер
жасау тұжырымдамасын
әзірлеу

Үкімет
қаулысы

ЭБЖМ, ИСМ,
ТМРА, ККМ,
ЭМРМ, АШМ,
АБА,
Еңбекмині

2007
жылғы
қазан

19.

Салалық тәуелсіз
реттеуіштердің қызметі
мәселелері бойынша
Қазақстан
Республикасының
заңдарын қабылдау

Заңдар

ИСМ, ТМРА,
ЭБЖМ, ЭМРМ,
АШМ, АБА, ККМ

2008
жылғы
шілде

20.

Рентабельді емес
мемлекеттік
кәсіпорындарды
тәуелсіз басқарушылар
институтын енгізу
жолымен
оңалту тетіктерін
қалыптастыру

Үкімет
қаулысы

Қаржымині,
ЭБЖМ

2007
жылғы
желтоқсан

21.

"Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
банкроттық мәселелері
бойынша өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

Қаржымині

2007
жылғы
желтоқсан

Екінші бағыт - әлемдік шаруашылық жүйесінде қазақстандық
"тауашаларды" іздестіру, оларға қол жеткізу және жасақтау

22.

Қазақстандық
экспорттаушыларды және
инвестицияларды қолдау
жүйесін әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, АШМ,
ЭМРМ, АШМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

Жыл
сайын,
2007-2009
жж.
3-тоқсан

23.

Қазақстандық
тауарлардың экспортын
сыртқы нарықтарға
жылжытуға жәрдемдесу
бағдарламасын қабылдау

Үкімет
қаулысы

ИСМ, АШМ,
ЭБЖМ

2007
жылғы
шілде

24.

Шекаралас аудандарда
сауда-экономикалық
аймақтарын құру мен
дамыту жөніндегі
шараларды әзірлеу және
іске асыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ,
Қаржымині,
ҰҚК,
облыстардың
әкімдері

Жыл
сайын,
2007-2010
жж.
желтоқсан

Үшінші бағыт - ірі және "серпінді" жобаларға қатысу

25.

Нақты "серпінді"
жобаларды іске асыру
шеңберінде ірі отандық
компаниялардың
трансұлттық
компаниялармен
ынтымақтастығын
ынталандыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, АШМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"ҚазАГРО"
ҰХ" АҚ

2007
жылғы
қыркүйек

Төртінші бағыт - мемхолдингтердің қызметін шоғырландыру
және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес
ұйымдастыру

26.

Мемхолдингтер
тарапынан экономиканы
әртараптандыру
процесінде шағын және
орта бизнесті
ынталандыру және
қолдау жөнінде шаралар
қабылдау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, АШМ,
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ,
"Атамекен"
КЖЖО
(келісім
бойынша),
әлеуметтік-
кәсіпкерлік
корпорациялар

2007
жылғы
қараша

27.

Мемхолдингтердің даму
тұжырымдамасын,
стратегиясын және
құрылымын әзірлеу

Прези-
денттің
қарауына
енгізу

ЭБЖМ, ИСМ,
АШМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ

2007
жылғы
тамыз

28.

Мемлекеттік
холдингтерді
корпоративтік басқару
принциптерін енгізу
және олардың
қызметінің ашықтығын
қамтамасыз ету

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭБЖМ, ИСМ,
АШМ,
Қаржымині,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ, "Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ

Жыл
сайын,
желтоқсан

29.

Венчурлік қаржыландыру
жүйесін дамыту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

2008
жылғы
1-тоқсан

30.

Қорлар қорын, оның
ішінде шетелдік қаржы
институттарының
қатысуымен құру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

2007
жылғы
желтоқсан

31.

"Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
агроөнеркәсіптік
кешенді мемлекеттік
реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

АШМ

2007
жылғы
желтоқсан

32.

Ауыл шаруашылығының
өнімділік деңгейін
арттыру, жердің
тозуының алдын алу,
еліміздің су және
басқа да табиғи
ресурстарын пайдалану
тиімділігін арттыру
жөніндегі ұсыныстарды
талдау және енгізу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

АШМ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ

2008
жылғы
ақпан

33.

Агроөнеркәсіптік
кешенді мемлекеттік
қолдау шараларына
талдау жүргізу және
агроөнеркәсіптік
кәсіпорындардың дамуын
ынталандырудың жаңа
тетіктерін әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

АШМ, ЭМРМ,
ИСМ,
Қоршағанор-
тамині,
"ҚазАГРО"
ҰХ" АҚ

2008
жылғы
ақпан

Бесінші бағыт - өндіруші сектордың тиімділігі мен
макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру

34.

Ірі компанияларды
экономиканы
әртараптандыру
процесіне тарту
жөніндегі шаралар
кешенін әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, ЭМРМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2007
жылғы
желтоқсан

35.

КҚК мұнай құбырын
кеңейтуді көздейтін
көмірсутегілерін
тасымалдаудың
мультимодальдық
жүйесін дамыту,
Қазақстан-Қытай мұнай
құбырын салу,
Ақтау-Баку-Тбилиси-
Джейхан бағыты бойынша
мұнай тасымалдау
жүйесін құру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭМРМ, "ҚМГ"
ҰК" АҚ

Жыл
сайын,
желтоқсан

36.

Орталық Азияда өңір
мемлекеттерінің
энергетикалық
желілерінің кешенді
жүйесін, сондай-ақ
Энергетикалық қауіпсіз-
дік жөніндегі кеңес
құру жөнінде жұмыстар
жүргізу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭМРМ, СІМ,
ИСМ,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

Жыл
сайын,
желтоқсан

37.

Мұнай мен газ
саласында теңдестіре
өндіру мен экспортқа
шығаруға,
көмірсутегінің жаңа
кен орындарын барлауға
бағытталған жаңа даму
стратегиясын әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭМРМ,
Қаржымині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

2007
жылғы
желтоқсан

38.

Мұнай-газды қайта
өңдеу қуаттарын
жаңғырту және жаңа
мұнай-химия
өндірістерін құру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭМРМ, ИСМ,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

Жыл
сайын,
желтоқсан

39.

Жер қойнауын
пайдаланудың және жер
қойнауын
пайдаланушылардың
келісімшарттық
міндеттемелерді
орындауының кешенді
мониторингін жүзеге
асыру

Норматив-
тік
құқықтық
актілер

ЭМРМ, ИСМ,
Қоршағанор-
тамині, ТЖМ,
Қаржымині,
Еңбекмині,
облыстардың
әкімдері,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

2007
жылғы
қыркүйек

40.

Кәсіпкерлікті
дамытудың тұтас аумағы
ретінде Теңіз,
Қарашығанақ, Өзен,
Қаламқас, Қашаған және
басқа да мұнай-газ кен
орындарын дамыту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭМРМ, ИСМ,
"ҚМГ" ҰК"
АҚ, Атырау,
Батыс
Қазақстан
және
Маңғыстау
облыстарының
әкімдері

Жыл
сайын,
желтоқсан

41.

Атырау облысында
"Ұлттық индустриялық
мұнай-химия
технопаркі" арнайы
экономикалық аймағын
құру

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

ЭМРМ, Атырау
облысының
әкімі

2007
жылғы
қараша

42.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы
29 қаңтардағы N 101
қаулысымен бекітілген
Қазақстан
Республикасының
мұнай-химия
өнеркәсібін дамытудың
2004-2010 жылдарға
арналған
бағдарламасына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Үкімет
қаулысы

ЭМРМ

2007
жылғы
желтоқсан

43.

Қалпына келетін
энергия көздерін
тиімді пайдалану және
ескірген әрі "лас"
технологияларды
әкелуге тыйым салу
мәселелері жөніндегі
заңнамалық базаны
қалыптастыру

Заңдар

Қоршағанор-
тамині,
ЭМРМ, АШМ,
ИСМ, ЭБЖМ,
ЖРА

2008
жылғы
желтоқсан

44.

"Қазақстан
Республикасының Су,
Қылмыстық кодекстеріне
бөгеттердің
қауіпсіздігі мен жерді
мелиорациялау
мәселелері бойынша
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

АШМ,
Қаржымині,
Қоршағанор-
тамині, ЖРА,
ТЖМ

2008
жылғы
сәуір

45.

"Жасыл мұнай" жүйесін
енгізу жөніндегі
шаралар кешенін
әзірлеу ("Жасыл мұнай"
принципі бойынша
халықаралық
стандарттарды енгізу,
нормативтік құқықтық
базаны жетілдіру)

Норматив-
тік
құқықтық
актілер

Қоршағанор-
тамині, ИСМ,
ЭМРМ

2008
жылғы
желтоқсан


Алтыншы бағыт - ырықтандыру жағдайында қаржы
жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің
жаңа деңгейі

46.

Шетелдік қаржы
институттарының
Қазақстанның қаржы
нарығына қол жеткізу
жағдайын қамтамасыз
ету үшін заңнамалық
және институционалдық
базаны жетілдіру

Президент
Әкімшілі-
гі мен
Үкіметке
ақпарат

ҚНРА, ҰБ,
Қаржымині,
ЭБЖМ, ИСМ,
ҚҚҚ, АҚОҚРА

2007
жылғы
желтоқсан

47.

Ірі инвестициялық
жобаларды ұлттық және
өңірлік деңгейде іске
асыруға қаржы
құралдарын тарту
жөніндегі шаралар
кешенін әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
ЭМРМ, ККМ,
АШМ, ҚНРА,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ,
"ҚазАгро"
ҰХ" АҚ

2007
жылғы
желтоқсан

48.

Электрондық сауда және
электрондық банк
қызмет көрсетулері
саласын кеңейту
жөнінде құқықтық
жағдай жасау

Норматив-
тік
құқықтық
актілер

ИСМ, ҰБ,
АБА, ҚНРА,
ҚҚҚ

2007
жылғы
желтоқсан 

49.

Қор нарығын дамыту
және қор нарығындағы
халықтың инвестициялық
белсенділігін, оның
ішінде халықтың
инвестициялық
сауаттылығын көтеру
жолымен арттыру
жөніндегі шаралар
кешенін әзірлеу және
іске асыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

Қаржымині,
ЭБЖМ, БҒМ,
МАМ, ҚНРА,
ҚБ, АҚОҚРА

Жыл
сайын,
желтоқсан

50.

Қазақстан
Республикасында
инфляцияның болжанатын
деңгейін ұстап тұру

Прези-
дентке
баяндау
және
Үкіметке ақпарат

ҰБ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
ТМРА, ИСМ,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

Тоқсан
сайын,
2007-2008
жж.


Жетінші бағыт - Қазақстан үшін тиімді жағдайларда
ДСҰ-ға кіру

51.

Тиісті хаттамаларға
қол қоя отырып,
Қазақстанның ДСҰ-ға
кіруі жөніндегі жұмыс
тобына мүше елдермен
екі жақты
келіссөздерді аяқтау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ

Жыл
сайын,
желтоқ-
сан,
2007-2009
жж.

52.

Ветеринария
саласындағы заңнаманы
халықаралық
нормалармен және ДСҰ
ережелерімен үйлестіру
мақсатында
"Ветеринария туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

АШМ

2008
жылғы
ақпан

53.

Қазақстанның ұлттық
мүдделерін ескере
отырып, Қазақстан
Республикасының
заңнамасын ДСҰ-ның
міндетті
келісімдерінің
нормаларына толық
сәйкес келтіру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ және
басқа да
мүдделі
мемлекеттік
органдар

Жыл
сайын,
желтоқ-
сан,
2007-2009
жж.

54.

Кедендік
әкімшілендіруді
жетілдіру және кеден
қызметі мамандарының
осы заманғы талаптарға
кәсіби сәйкестігін
қамтамасыз ету жөнінде
пәрменді әрі жүйелі
шаралар әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

Қаржымині

2007
жылғы
желтоқсан

55.

Отандық агроөнеркәсіп
және өнеркәсіп
кәсіпорындарын ДСҰ
жағдайында тиімді
жұмыс істеуге дайындау
жөніндегі жүйелі
бейімдеу шараларын
әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, АШМ,
"Атамекен"
ЖКЖО
(келісім
бойынша)

Жыл
сайын,
желтоқсан

56.

Қазақстандық
кәсіпкерлерді ДСҰ-ның
экономикалық және
заңдық тетіктері
туралы хабардар ету
жөніндегі шаралар
кешенін әзірлеу және
іске асыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ

Жыл
сайын,
2007-2009
жж.
желтоқсан

57.

ДСҰ-ға кіру жөніндегі
түпкілікті келіссөз
ұстанымын әзірлеу үшін
мемлекеттік қолдаудың
нақты көлемдерімен
салыстырғанда ауыл
шаруашылығы саласының
субсидиялауға негізді
қажеттілігін айқындау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

АШМ, ЭБЖМ

2007
жылғы
қазан

58.

Барлық заңды
тұлғаларды қаржылық
есептіліктің
халықаралық
стандарттарына
көшіруді қамтамасыз
ету жөніндегі
іс-шаралар жоспарын
қабылдау

Үкімет
қаулысы

Қаржымині

2007
жылғы
шілде


II. ӘРТАРАПТАНДЫРУ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОДАН ӘРІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІН
ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН
ТҰРЛАУЛЫЛЫҒЫН БАСҚАРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК
САЯСАТ


Сегізінші бағыт - экономиканы әртараптандыру және
шикізаттық емес секторды дамыту

59.

Экономиканың
басымдыққа не
шикізаттық емес
секторларындағы
"серпінді" және
инфрақұрылымдық
инвестициялық
жобаларды іске асыру
жөніндегі бас жоспарды
әзірлеу ("серпінді"
жобалардың және
орындау мерзімін
көрсете отырып, оларды
іске асыру
жоспарларының тізбесін
айқындау)

Норматив-
тік
құқықтық
акт

ИСМ

2007
жылғы
желтоқсан

60.

Еселенген тиімділік
беретін жаңа
технологиялық және
жүйе құрайтын
өндірістерді дамытуға
жағдай туғызу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ

2007
жылғы
желтоқсан

61.

Индустриялық-иннования-
лық даму стратегиясын
іске асыру тиімділігін
бағалау және жаңа
экономикалық жағдайлар
мен басымдықтарды
ескере отырып, оны
кейіннен түзету

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

ИСМ

2007
жылғы
шілде

62.

Қазақстан
Республикасының
агроөнеркәсіптік
кешенін орнықты
дамытудың 2009-2011
жылдарға арналған
шаралар кешенін әзірлеу

Үкімет
қаулысы

АШМ, ИСМ

2008
жылғы
наурыз

63.

Қазақстан
Республикасының
"Арнайы экономикалық
аймақтар туралы" (жаңа
редакция), "Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
арнайы экономикалық
аймақтар мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" заңдарын
қабылдау

Заңдар

ИСМ, ЭБЖМ

2007
жылғы
маусым

64.

Мемлекеттің қатысуымен
2007-2009 жылдары
құрылатын индустриялық
аймақтардың тізбесін
айқындау

Үкімет
қаулысы

ИСМ, ЭБЖМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
желтоқсан

65.

Жер қойнауын пайдалану
саласындағы
қазақстандық сервистік
нарықты дамыту
жөніндегі шаралар
кешенін әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, ЭМРМ

Жыл
сайын,
желтоқсан

66.

Астана, Теміртау
қалаларында
индустриялық аймақтар
салуды және оларды
жобалармен
"толықтыруды"
қамтамасыз ету

Инфрақұ-
рылым
объекті-
лерін
пайдала-
нуға
беру
актісі

Астана
қаласы мен
Қарағанды
облысының
әкімдері, ИСМ

2008
жылғы
қараша


Тоғызыншы бағыт - жоғарғы технологияларды енгізуге
және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас
мемлекеттік стратегия жүргізу

67.

Технологиялар
трансфертін
мемлекеттік қолдау
және конструкторлық
бюролар мен жобалау
ұйымдарының желілерін
құру шараларын әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

2007
жылғы
желтоқсан

68.

Экономиканың нақты
секторы қажетсінетін
инновациялық
әзірлемелердің
бағыттарын айқындау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

2007
жылғы
желтоқсан

69.

"Инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау (ГЗТКЖ мен
конструкторлық
қызметті
қаржыландыруға
бизнесті белсенді
тарту жөніндегі
ынталар жүйесін
әзірлеу)

Заң

ИСМ

2008
жылғы
маусым

70.

Ғылыми-техникалық
жұмыстардың
нәтижелерін экономика-
ның нақты секторына
беру тетіктерін әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, БҒМ

2007
жылғы
желтоқсан

71.

"Ақпараттық
технологиялар паркі"
арнайы экономикалық
аймағының екінші
кезегін салу

Объектіні
пайдала-
нуға
беру
актілері

ИСМ

2007-2009
жж.

72.

Халықаралық ұйымдардың
қатысуымен озық
технологиялар
орталықтары мен ашық
үлгідегі зертханалар
құру және дамыту
жөніндегі пилоттық
жобаларды іске асыру

Жобаларды
іске
асыру
туралы
келісім-
дер

ИСМ, БҒМ

2007
жылғы
маусым


Оныншы бағыт - экономикалық өсу мен бәсекеге
қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын қалыптастыру
және олардың жұмыстарын бастауы

73.

Еңбекті өңірлік және
ұлттық бөлудегі
ұстанымдаудың
перспективаларын
айқындай отырып, тірек
қалалардың даму
стратегияларын
(бәсекелі
стратегияларын)
қабылдау

Президент
Әкімшілі-
гіне
және
Үкіметке
ақпарат

ЭБЖМ,
облыстардың
әкімдері

2008
жылғы
қаңтар

74.

Орта және ұзақ
мерзімді кезеңдерге
арналған нақты
индикаторларды ескере
отырып, Алматы
қаласының, облыстардың
2015 жылға дейінгі
даму стратегияларын
(бәсекелі
стратегияларын)
қабылдау

Президент
Әкімшілі-
гіне
және
Үкіметке
ақпарат

ЭБЖМ, Алматы
қаласының
және
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
шілде

75.

Астана қаласының бас
жоспарына өзгерістер
енгізу

Үкімет
қаулысы

Астана
қаласының
әкімі

2008
жылғы
маусым

76.

Астана қаласында
"Қазақстан
Республикасының ұлттық
биотехнологиялар
орталығы" ұлттық
ғылыми-зерттеу кешенін
құру

Үкімет
қаулысы

БҒМ

2008
жылғы
4-тоқсан

77.

Астана қаласында
Еуразия су орталығын
құру жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
және
Үкіметке
ақпарат

Қоршағанор-
тамині, АШМ,
ЭМРМ, Астана
қаласының
әкімі

2007
жылғы
қараша

78.

Астана қаласында
медициналық кластер
құру шеңберінде жаңа
медицина орталықтарын
салуды аяқтау,
кейіннен оларды
басқару үшін жетекші
шетелдік компанияларды
тарту (Астана
қаласының медициналық
кластерге кіретін жаңа
денсаулық сақтау
объектілерін
пайдалануға беру және
оларды шетелдік
компанияларға
сенімгерлік басқаруға
беру)

Объекті-
лерді
қабылдау
туралы
актілер,
келісім-
шарттар

ДСМ

Жыл
сайын,
есепті
жылдан
кейінгі
жылғы 20
қаңтар,
2008-2009
жж.


Он бірінші бағыт - мемлекеттік-жеке меншік
серіктестіктің негізінде стратегиялық
инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы саладағы
басқару сапасын көтеру

79.

Батыс Еуропа - Батыс
Қытай автокөлік
дәлізін қайта жаңарту
жөніндегі жобаны іске
асыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ККМ

Жыл
сайын,
2007-2011
жж.
желтоқсан

80.

Осы заманғы
инфрақұрылымды дамыту
жоспарын әзірлеу

Үкімет
қаулысы

ЭБЖМ, ИСМ,
ККМ, ЭМРМ,
АБА, АШМ,
ДСМ, БҒМ,
Астана және
Алматы
қалаларының,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

2007
жылғы
қыркүйек

81.

Тиісті жоспарды бекіте
отырып, әмбебап
телекоммуникация
қызмет көрсетулері
тарифтерін қайта
теңгерімдеудің өзекті
моделін әзірлеу

Үкімет
қаулысы

ИСМ, АБА,
ТМРА,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

2007
жылғы
желтоқсан


Он екінші бағыт - электрэнергетикалық ресурстарды
дамыту және атом энергетикасының негіздерін жасау

82.

Экономика мен ел
халқын сенімді
электрмен жабдықтауды
қамтамасыз ету үшін
қолданыстағыларын
жаңғырту мен кеңейту
және жаңа
генерациялайтын
қуаттар мен электр
желілері объектілерін
салу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭМРМ,
"Самұрық"
холдингі"
АҚ, Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

Жыл
сайын,
2007-2009
жж.
желтоқсан

83.

Қазақстан
Республикасында атом
энергетикасын
дамытудың 2008-2030
жылдарға арналған
негізгі бағыттарын
айқындау

Норматив-
тік
құқықтық
акт

ЭМРМ, "ҚР
Ұлттық
ядролық
орталығы"
РМК,
"Қазатомөнер-
кәсіп" ҰАК"
АҚ

2008
жылғы
мамыр


Он үшінші бағыт - шағын және орта бизнесті қолдау
жөніндегі дәйекті іс-қимыл

84.

"Жеке кәсіпкерлік
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

ИСМ,
Еңбекмині,
ДСМ,
"Атамекен"
ЖКЖО
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
қазан

85.

Кәсіпкерліктің дамуын
және бизнестің
"көлеңкеден" шығуын
ынталандыру мақсатында
салық заңнамасын
жетілдіру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭБЖМ, ИСМ,
Қаржымині,
АШМ, ЭСЖКА,
"Атамекен"
ЖКЖО
(келісім
бойынша)

Жыл
сайын,
желтоқсан

86.

Жаңа кәсіпорындар мен
компаниялар құру
процесін жетілдіру
мақсатында "Заңды
тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді
есептік тіркеу туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

Әділетмині,
Қаржымині,
СА, ИСМ

2008
жылғы
сәуір


Он төртінші бағыт - халықаралық талаптарға сай
келетін техникалық стандарттарды жедел әрі барлық
жерлерде енгізу

87.

"Тамақ өнімінің
қауіпсіздігі туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

АШМ

2007
жылғы
мамыр

88.

Халықаралық талаптарға
сәйкес АӨК өнімі
қауіпсіздігінің
тәуекелін бағалау және
сапасын бақылау
жүйесін қалыптастыру
жөніндегі іс-шаралар
жоспарын қабылдау

Үкімет
қаулысы

АШМ, ИСМ, ДСМ

2007
жылғы
маусым

89.

"Сәйкестікті бағалау
саласындағы
аккредиттеу туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау және
қолданыстағы заңдарға
өзгерістер енгізу

Заң

ИСМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008
жылғы
мамыр

90.

Мемлекеттік
стандарттарды
халықаралық талаптарға
сәйкес 65 % деңгейге
дейін үйлестіруді
қамтамасыз ету және
менеджмент жүйесін
енгізуді ынталандыру
жөнінде шаралар
қабылдау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар

Жыл
сайын,
желтоқсан


Он бесінші бағыт - жеке меншік институтын және
келісімшарттық қатынастарды нығайту

91.

Қазақстан
Республикасының
"Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және онымен
жасалатын мәмілелерді
мемлекеттік тіркеу
туралы" (жаңа
редакциясы),
"Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және онымен
жасалатын мәмілелерді
мемлекеттік тіркеу
мәселелері бойынша
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" заңдарын
қабылдау

Заңдар

Әділетмині

2007
жылғы
желтоқсан

92.

"Қазақстан
Республикасының
Азаматтық кодексіне
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

Әділетмині

2009
жылғы
желтоқсан

93.

Жеке меншік институты
мен барлық деңгейдегі
келісімшарттық
қатынастарды
құрметтеуге
тәрбиелеуге
бағытталған құқықтық
насихат

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

Әділетмині,
ЖС, ИСМ,
БҒМ, МАМ

Жыл
сайын,
жарты
жылдықтың
қорытын-
дылары
бойынша


Он алтыншы бағыт - Қазақстанды одан әрі
индустрияландыру негіздерін қалыптастыру

94.

Негізгі қордың
ескіруіне талдау
жүргізу және күрделі
құрылғыларды,
құрал-жабдықтарды,
өндірістік
инфрақұрылым мен
технологиялық
процестерді түбегейлі
жаңартуға бағытталған
нақты іс-қимыл
бағдарламасын дайындау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ,
Қаржымині,
ККМ, АШМ,
АБА, СА,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
желтоқсан

95.

Қазақстан
Республикасының
технологиялық дамуын
қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар
кешенін әзірлеу

Үкімет
қаулысы

ИСМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

2007
жылғы
қараша

96.

Индустриялық-инновация-
лық инфрақұрылымды
қалыптастырудың және
дамытудың бірыңғай
саясатын әзірлеу

Үкімет
қаулысы

ИСМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар

2007
жылғы
желтоқсан


III. ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ ДАМУ ЫРҒАҒЫ МЕН КЕЛЕШЕГІНЕ
СӘЙКЕС КЕЛЕТІН БІЛІМ БЕРУ МЕН КӘСІПТІК ҚАЙТА
ДАЯРЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ


Он жетінші бағыт - бастауыш және орта білім беру,
сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік
стандарттарға жақындату

97.

Республикалық
бюджеттен
қаржыландырылатын
өңіраралық кәсіптік
орталықтарды
кезең-кезеңімен құру
жөнінде, экономиканың
жекелеген салалары
бойынша: өңдеуші сала
бойынша - Оңтүстік
Қазақстан облысында
(2008 ж.) және машина
жасау бойынша - Шығыс
Қазақстан облысында
(2009 ж.) техникалық
және қызмет көрсету
еңбегі кадрларын
даярлау және қайта
даярлау жөнінде
ұсыныстар енгізу

Үкімет
қаулылары

БҒМ, ЭБЖМ,
ИСМ,
Еңбекмині
және Шығыс
Қазақстан,
Оңтүстік
Қазақстан
облыстарының
әкімдері

2007-2008
жж.
желтоқсан

98.

Педагог қызметкердің
мәртебесі туралы
нормаларды көздейтін
"Білім туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау (жаңа
редакция)

Заң
жобасы

БҒМ

2007
жылғы
маусым

99.

100 білім беру
объектісін салу, соның
ішінде
мемлекеттік-жеке
меншік серіктестік
негізінде

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ,
ИСМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2009
жылғы
4-тоқсан

100.

Үш ауысымдық оқытуды
жою

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2009
жылғы
4-тоқсан

101.

Білім беру қызмет
көрсетулерінің сапасын
арттыру жөніндегі
шаралар кешенін
қабылдау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ

2007-2009
жж.
4-тоқсан

102.

"Он-лайн" режимінде
оқыту практикасын
дамыту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, АБА

Жыл
сайын,
қаңтар

103.

Елде оқу
телевидениесін жасау

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, МАМ

Жыл
сайын,
қаңтар

104.

Жалпы орта білім
беретін мемлекеттік
мекемелерге шетелдік
ағылшын тілі
оқытушыларын тарту

Норматив-
тік
құқықтық
актілер

БҒМ, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

2008-2009
жж.
4-тоқсан

105.

Жұмыстың жоғары
нәтижелеріне қол
жеткізген мектептерге
гранттар тағайындауға
мемлекеттік конкурстар
жүйесін енгізу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ

2007
жылғы
4-тоқсан

106.

Қазақстан
Республикасында
техникалық кәсіптік
білім беруді дамытудың
мемлекеттік
бағдарламасын қабылдау

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

БҒМ,
Еңбекмині,
ИСМ, ЭМРМ,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
қараша


Он сегізінші бағыт - оқу орындарын халықаралық
стандарттар деңгейінде аттестаттауды енгізу, жоғары
білім беру саласында нақтылы және инженерлік
ғылымдарды басым дамыту

107.

Жоғары оқу орындарын
аккредиттеудің
халықаралық моделіне
көшуді жүзеге асыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ

2009
жылғы
4-тоқсан

108.

Біліктілік және
аттестаттау талаптарын
күшейту, жоғары оқу
орындарын
аккредиттеудің
халықаралық моделіне
көшуді жүзеге асыру,
осы заманғы
мемлекеттік жалпыға
міндетті жоғары білім
беру стандарттарын
енгізу, жоғары
техникалық мектептер
жүйесін құру және
басқа да шаралар
жолымен жоғары оқу
орындарының желісін
оңтайландыруды жүргізу

Норматив-
тік
құқықтық
актілер

БҒМ

2007
жылғы
желтоқсан
- 2008
жылғы
тамыз

109.

Ғылыми кадрлар
даярлаудың сапасын
арттыру және ғылым мен
білімнің ықпалдасуы
үшін жағдай жасауды
қамтамасыз ету

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, АШМ

2007-2009
жж.
4-тоқсан

110.

Үкіметке бюджеттік
ғылыми-техникалық
бағдарламаларды Білім
және ғылым министрлігі
арқылы қаржыландыруға
кезең-кезеңімен көшу
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ

2007
жылғы
4-тоқсан

111.

Жаңа магистрлік
бағдарламалар әзірлеу
және ақпараттық
технологиялар
саласындағы
мамандықтар бойынша
кадрларды ағылшын
тілінде оқыта отырып
даярлауға квота
белгілеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, АБА

2008
жылғы
2-тоқсан

112.

Астана қаласында
халықаралық деңгейдегі
беделді университет
құру

Үкімет
қаулысы

БҒМ, Астана
қаласының
әкімі

2008
жылғы
3-тоқсан

113.

Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004
жылғы 11 қазандағы N
1459 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасында білім
беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

БҒМ

2007
жылғы
қараша


Он тоғызыншы бағыт - "парасатты экономика"
негіздерін қалыптастыру

114.

Қазақстан
Республикасында
ғылымды дамытудың
2007-2012 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасын қабылдау

Президент
Жарлығы

БҒМ

2007
жылғы
мамыр

115.

Алматы қаласында ашық
үлгідегі Ұлттық
нанотехнологиялық
зертхана құру

Үкімет
қаулысы

БҒМ, ИСМ

2007
жылғы
желтоқсан

116.

Білімнің баршаға ортақ
базасын ұдайы жаңартып
отыру үшін жоғары оқу
орындарында ақпараттық
ресурстық орталықтар
жүйесін құру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ

2007-2009
жж.
3-тоқсан

117.

Ғылыми зерттеулер мен
әзірлемелерді
қаржыландырудың
гранттық жүйесін дамыту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, "Ғылым
қоры" АҚ

2007-2009
жж.
2-тоқсан

118.

Тәжірибелік-конструк-
торлық жұмыстар
жүргізуге
ғылыми-зерттеу
ұйымдарының және
жоғары оқу орындарының
бірлесіп қатысуы үшін
халықаралық
материалтану орталығын
құру жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, "Ғылым
қоры" АҚ

2007
жылғы
3-тоқсан

119.

Басым, тәуекелді және
бастамашыл
ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструк-
торлық әзірлемелерді
қаржыландыруды жүзеге
асыратын мемлекет
қатысатын ұйымдардың
инвестициялық
мүмкіндіктерін арттыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

БҒМ, "Ғылым
қоры" АҚ

2008
жылғы
1-тоқсан


IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА -
АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫ МЕН МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС
ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ


Жиырмасыншы бағыт - тұрғын үйдің қолжетімді болуын
қамтамасыз ету және жылжымайтын мүлік нарығын
дамыту саласындағы дәйекті саясат

120.

Қазақстан
Республикасында тұрғын
үй құрылысының
2008-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасын әзірлеу
және бекіту

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

ИСМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
тамыз

121.

"Қазақстан
Республикасының Жер
кодексіне өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау (жеке тұрғын
үй құрылысына жер
учаскелерін ресімдеу
және беру рәсімдерін
оңайлатуды, олардың
ашықтығын қамтамасыз
ету)

Заң

ЖРА, ИСМ

2007
жылғы
желтоқсан

122.

Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
тұрғын үй құрылыс
жинақтары мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Заң

Қаржымині,
ЭБЖМ, ИСМ

2007
жылғы
қараша


Жиырма бірінші бағыт - медициналық қызмет көрсету
сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары
технологиялық жүйесін дамыту

123.

Денсаулық сақтау
саласында одан әрі
жаңғырту және
әкімшілік реформа
жүргізу (басқару
схемасын өзгерту,
қаржыландыру жүйесін
жетілдіру, медициналық
көмектің сапасын
басқару. Денсаулық
сақтау жүйесінде
индикаторлар әзірлеу
және енгізу)

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ДСМ,
Әділетмині,
ЭБЖМ,
Қаржымині,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

Жыл
сайын,
есепті
жылдан
кейінгі
жылғы 20
қаңтар,
2008-2009
жж.

124.

Медициналық ұйымдар
деңгейінде медициналық
қызметтердің сапасын
басқарудың осы заманғы
принциптерін енгізу
(ауруханаішілік аудит
жүйесін ұйымдастыруға
және оның жұмыс
істеуіне әдіснамалық
тәсілдер әзірлеу)

Әдістеме-
лік
ұсынымдар

ДСМ

2008
жылғы
мамыр

125.

Денсаулық сақтау
ұйымдарын аккредиттеу
жүйесін дамыту
(аккредиттеу
саласындағы мамандарды
даярлау, аккредиттеу
стандарттарын әзірлеу
және енгізу, денсаулық
сақтау ұйымдарын
аккредиттеуді жүргізу)

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ДСМ

Жыл
сайын,
есепті
жылдан
кейінгі
жылғы 20
қаңтар,
2007-2012
жж.

126.

Тегін медициналық
көмектің кепілді
көлемінің 2008-2009
жылдарға арналған
тізбесін әзірлеу
(мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен
кепілдік берілген
медициналық көмектің
көлемін айқындау)

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ДСМ

2007
жылғы
қыркүйек

127.

Үкіметке жеке меншік
медицинаны дамыту
жөнінде ұсыныстар
енгізу (жеке
медициналық сектордың
бәсекеге
қабілеттілігін дамыту)

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ДСМ

2007
жылғы
қыркүйек

128.

Ана мен бала өлімін
азайтудың 2008-2010
жылдарға арналған
шаралар кешенін
әзірлеу (ана мен
баланың өмірі мен
денсаулығын сақтау
жөніндегі халықаралық
тәсілдерді енгізу)

Үкімет
қаулысы

ДСМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
желтоқсан

129.

Қазақстан
Республикасында
халықты туберкулезден
қорғау жөнінде кезек
күттірмейтін шаралар
әзірлеу (инфекцияның
таралуына
эпидемиологиялық
бақылауды қамтамасыз
ету, індетке қарсы
іс-шараларды күшейту,
халықаралық
стандарттарға сай
келетін туберкулезге
қарсы сатып алынатын
препараттардың сапасын
жақсарту)

Үкімет
қаулысы

ДСМ,
Қорғанысмині,
ІІМ,
Әділетмині,
БҒМ,
Еңбекмині,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
желтоқсан

130.

Қазақстан
Республикасының қан
қызметін жетілдірудің
2008-2010 жылдарға
арналған шаралар
кешенін әзірлеу
(АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауруды
азайту, трансфузиялық
көмектің
қауіпсіздігін, сапасын
және қол жетімділігін
қамтамасыз ету)

Үкімет
қаулысы

ДСМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
желтоқсан

131.

"Халықтың денсаулығы
және денсаулық сақтау
жүйесі туралы"
Кодексті қабылдау

Кодекс

ДСМ

2008
жылғы
желтоқсан

132.

Қазақстан өңірлерінде
100 денсаулық сақтау
объектісін, оның
ішінде
мемлекеттік-жеке
меншік серіктестік
тетігін пайдалану
арқылы салу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ДСМ, ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

Жыл
сайын,
есепті
жылдан
кейінгі
жылғы 20
қаңтар,
2008-2010
жж.

133.

Денсаулық сақтау
ұйымдарының
дербестігін оларға
шаруашылық жүргізу
құқығындағы
мемлекеттік
кәсіпорындардың
мәртебесін және өзге
де ұйымдық-құқықтық
нысандарды
кезең-кезеңімен беру
жолымен арттыру

Үкімет
пен
әкімдік-
тердің
қаулылары

ДСМ, Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдіктері

Жыл
сайын,
есепті
жылдан
кейінгі
20
қаңтар,
2008-2009
жж.

134.

Қазақстанда ерікті
медициналық
сақтандыруды
ынталандыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ДСМ

2007
жылғы
желтоқсан

135.

Жаңа мемлекеттік
жалпыға міндетті
жоғары және орта
медициналық және
фармацевтикалық білім
беру стандарттарын
енгізу (медициналық
кадрлар даярлау
жүйесін халықаралық
талаптарды ескере
отырып әзірленген жаңа
стандарттарға көшіру)

ДСМ
бұйрығы

ДСМ

2007-2008
жж.
қыркүйек

136.

Медицина
қызметкерлеріне
еңбектің түпкі
нәтижелері бойынша
сараланған еңбекақы
төлеу тетіктерін
әзірлеу

ДСМ
бұйрығы

ДСМ,
Еңбекмині,
ЭБЖМ, Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
желтоқсан

137.

2003-2010 жылдарға
арналған "Салауатты
өмір салты" кешенді
бағдарламасын іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Үкімет
қаулысы

ДСМ, орталық
және
жергілікті
атқарушы
органдар

2007
жылғы
желтоқсан

138.

"Қазақстан
Республикасының
бірыңғай ақпараттық
денсаулық сақтау
жүйесін құру"
жобасының
техника-экономикалық
негіздемесіне, оның
ішінде пациенттердің
электрондық
медициналық
картотекасын жасау
және халықаралық
консалтингті жүзеге
асыру бөлігінде
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Норматив-
тік
құқықтық
акт

ДСМ, ЭБЖМ,
АБА

2007
жылғы
маусым

139.

Аудандар мен
республикалық және
облыстық бағыныстағы
қалаларда дене
шынықтыру-сауықтыру
кешендерін дамыту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

МТС, ИСМ,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

Жыл
сайын,
қаңтар


Жиырма екінші бағыт - жинақтаушы зейнетақы жүйесін
дамыту

140.

Жинақтаушы зейнетақы
жүйесін одан әрі
жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу,
оның ішінде мыналар
бойынша:
1) халықтың қатысуын
қамтуды кеңейту;
2) қаржы құралдарының
аясын кеңейту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

Еңбекмині,
ҚНРА, МАМ

2007
жылғы
қазан

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ҚНРА,
Қаржымині,
Еңбекмині,
ҰБ, ЭБЖМ,
ИСМ, ККМ

2007
жылғы
қазан


V. ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ ЫҒЫТЫНА ҚАРАЙ САЯСИ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК
ДАМУ


Жиырма үшінші бағыт - саяси жүйені дамыту

141.

Қазақстан
Республикасының
Конституциясына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
жөніндегі жұмыс тобына
ұсыныстар енгізу

Жұмыс
тобына
ұсыныстар
енгізу

Әділетмині,
МАМ, ЭБЖМ,
ІІМ, ОСК,
ЕК, ЖС, БП

Жұмыс
тобының
кестесіне
сәйкес

142.

"Саяси партиялар
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ұсыныстар

МАМ

2007
жылғы
желтоқсан

143.

"Қазақстан
Республикасында
азаматтық қоғамды
дамытудың 2006-2011
жылдарға арналған
тұжырымдамасы туралы"
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006
жылғы 25 шілдедегі N
154 Жарлығын іске
асыру барысын ауқымды
ақпараттық-насихаттық
сүйемелдеуді
ұйымдастыру және
жүргізу жөнінде
медиа-жоспар әзірлеу

МАМ
бұйрығы

МАМ, Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

Жыл
сайын,
2007-2009
жж.

144.

Мемлекеттік бұқаралық
ақпарат құралдарын
кезең-кезеңімен
жаңғырту жөніндегі
шаралар жүйесін әзірлеу

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

МАМ

2007
жылғы
желтоқсан

145.

Конституциялық
құрылыстың
қазақстандық
тәжірибесін ел ішінде
де, шетелде де, оның
ішінде халықаралық
ұйымдардың қатысуымен
конференциялар,
"дөңгелек үстелдер"
отырыстарын өткізе
отырып насихаттау
жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

КК, СІМ,
МАМ, Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007-2009
жж.

146.

Тиісті кеңестер және
идеологиялық активтер,
ғылыми-практикалық
конференциялар мен
"дөңгелек үстелдер"
отырыстарын өткізуді
ескере отырып,
Қазақстан Республикасы
Президентінің Жолдауын
республикалық және
өңірлік деңгейде,
сондай-ақ шетелде
насихаттау, түсіндіру
және жылжыту, барлық
деңгейдегі
ақпараттық-насихат
топтарының жұмысын
олардың барлық елді
мекендерді қамтуын
қамтамасыз ете отырып
ұйымдастыру жөніндегі
ұйымдық-практикалық
іс-шаралар кешенін
әзірлеу және іске асыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

МАМ, СІМ,
Астана және
Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

Тоқсан
сайын


Жиырма төртінші бағыт - әкімшілік реформаны іске
асыру және атқарушы билік органдарын жаңғырту

147.

"Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік басқару
жүйесін жаңғырту
жөніндегі шаралар
туралы" Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2007
жылғы 13 қаңтардағы N
273 Жарлығына сәйкес
әкімшілік реформаны
іске асыру жөніндегі
жұмысты жалғастыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ЭБЖМ

Жыл
сайын,
қаңтар

148.

Республикалық және
жергілікті деңгейде
көрсетілетін
мемлекеттік қызмет
көрсетулер тізілімін
бекіту

Норматив-
тік
құқықтық
актілер

МҚА, ЭБЖМ

2007
жылғы
маусым

149.

"Электрондық үкімет"
қалыптастырудың
2005-2007 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске
асыру нәтижелеріне
талдау жүргізу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

АБА, орталық
мемлекеттік
органдар

2008
жылғы
қаңтар

150.

"Қазақстан
Республикасында
"электрондық үкіметті"
дамытудың 2008-2010
жылдарға арналған
мемлекеттік
бағдарламасын әзірлеу
және бекіту

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

АБА, орталық
және
жергілікті
мемлекеттік
органдар,
"Атамекен"
ЖКЖО
(келісім
бойынша)

2007
жылғы
қазан

151.

Жергілікті атқарушы
органдардың
электрондық қызмет
көрсетулерін
(е-әкімдіктер)
ұйымдастыру,
электрондық
қызметтерге қоғамдық
қолжетімділігі
пункттерінің желісін
және компьютерлік
сауаттылыққа оқыту
орталықтарын құру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

АБА, Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2007
жылғы
желтоқсан

152.

Қазақстан Республикасы
Президентінің
жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясының
базасында ұлттық
басқару мектебін құру

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

МҚА, ЭБЖМ,
Қаржымині,
ТСМ

2008
жылғы
қараша

153.

Мәслихаттардың тексеру
комиссияларын нығайту

Президент
Әкімшілі-
гіне
және
Үкіметке
ақпарат

ЕК

2008
жылғы
желтоқсан


Жиырма бесінші бағыт - қоғамдық келісім мен
тұрақтылықты одан әрі нығайту үшін Қазақстан
халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру

154.

Қазақстан халықтары
Ассамблеясының беделін
арттыруға бағытталған
ұсыныстар әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ұсыныстар

МАМ, БҒМ

2007
жылғы
маусым


Жиырма алтыншы бағыт - Қазақстан халықтарының
рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты

155.

Тарихи-мәдени мұраны
жаңғырту және зерделеу
жөніндегі, оның ішінде
Қазақстан халықтарының
рухани даму қорын құру
мәселесі жөніндегі
шаралар кешенін
қабылдау

Үкімет
қаулысы

МАМ

2007
жылғы
желтоқсан

156.

"Тілдердің
үштұғырлығы" мәдени
жобасын
кезең-кезеңімен іске
асыру жөнінде
ұсыныстар енгізу

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

МАМ, БҒМ

2007
жылғы
қазан


Жиырма жетінші бағыт - құқық қолдану іс-тәжірибесін
жетілдіру және құқық тәртібін нығайту

157.

"Заңсыз жолмен алынған
кірістерді жария етуге
(жылыстатуға) және
терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
қабылдау

Заң

БП

2007
жылғы
желтоқсан

158.

Құқық тәртібін
қамтамасыз ету
саласындағы ұйымдық
және заңнамалық
шараларды жетілдіру
жөніндегі шаралар
туралы Мемлекет
басшысы Жарлығының
жобасын әзірлеу

Президент
Жарлығы-
ның
жобасы

БП, ІІМ,
ЭСЖКА,
Қаржымині,
Әділетмині

2007
жылғы
қазан

159.

Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне
кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық
бұзушылықтардың алдын
алу және оларды
болдырмау мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Заң

ІІМ, БҒМ,
ДСМ, МАМ, БП

2009
жылғы
мамыр

160.

Есірткінің заңсыз
айналымына қарсы
күрестің жаңа
нысандары мен
әдістерін әзірлеу,
есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі
бөлімшелердің
қызметкерлерін осы
заманғы
жедел-криминалистика
техникасын қолдануға
оқыту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ІІМ

2007
жылғы
желтоқсан

161.

2000 жылғы 13
қаңтардағы БҰҰ-ның
Трансұлттық ұйымдасқан
қылмысқа қарсы
конвенциясын
ратификациялау

Заң

ІІМ, ҰҚК,
ЭСЖКА, БП

2008
жылғы
мамыр

162.

Халықпен өзара
іс-қимылдың әлеуметтік
бағдарланған
әдістеріне
негізделген,
азаматтардың құқық
қорғау органдарына
сенімін нығайтуға
бағытталған алдын алу
қызметінде тұжырымдық
жаңа тәсілдер әзірлеу
және қолдану

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ІІМ, БП,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

Жыл
сайын,
желтоқ-
сан,
2007-2009
жж.

163.

Орталық Азия
мемлекеттерінің құқық
қорғау органдарымен
және арнаулы
қызметтерімен
ұйымдасқан қылмысқа,
есірткі бизнесіне және
заңсыз көші-қонға
қарсы күрес саласында
өзара іс-қимылдың
тиімді нысандары мен
әдістерін енгізу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ІІМ, ҰҚК,
Қорғанысмині,
ТЖМ, СІМ,
МҚА, ЭСЖКА

2007
жылғы
шілде


VI. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ӨҢІРЛІК ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


Жиырма сегізінші бағыт - Қазақстанның жаңа
халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы
саясатты дамыту және жаһандық қатерлерге қарсы
күреске қатысу

164.

Ресей Федерациясымен,
Қытай Халық
Республикасымен,
Америка Құрама
Штаттарымен, Еуропалық
Одақ елдерімен
сауда-экономикалық,
инвестициялық,
ғылыми-техникалық,
мәдени-гуманитарлық
салалардағы
ынтымақтастықты
тереңдету, сондай-ақ
ядролық таралмау және
ұйымдасқан қылмысқа,
терроризмге, есірткі
бизнесіне, заңсыз
көші-қонға қарсы
іс-қимыл және
энергетикалық
тұрақтылық пен
қауіпсіздікті
қамтамасыз ету
мәселелеріндегі өзара
іс-қимылды кеңейту

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

СІМ, БҒМ,
ЭМРМ, ИСМ,
АБА, ККМ,
Қаржымині,
МАМ, ІІМ,
Еңбекмині,
ҰҚК, ЭСЖКА

Жыл
сайын,
желтоқсан

165.

БҰҰ-мен және ЕҚЫҰ-мен
қазіргі уақыттың
проблемалары мен
қатерлерін шешу
жөніндегі
ынтымақтастықты
нығайту, Қазақстан
өкілдерінің
халықаралық ұйымдар
желісі бойынша
іс-шараларға белсенді
қатысуы

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

СІМ, ІІМ,
ҰҚК, МАМ,
ЭСЖКА

Жыл
сайын,
желтоқсан

166.

Ресеймен, Қытаймен
және Орталық Азия
елдерімен бассейндік
қағидаттың негізінде
орнықты дамудың
трансшекаралық
аймақтарын құру
жөніндегі қажетті
шарт-құқықтық база
әзірлеу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

Қоршағанор-
тамині, АШМ,
ИСМ, СІМ

Жыл
сайын,
желтоқсан


Жиырма тоғызыншы бағыт - Қазақстанның өңірлік
тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, Орталық Азия
елдерінің экономикалық ықпалдастығын дамыту мен
Каспий және Қара теңіз аймағындағы серпінді
нарықты қалыптастырудағы белсенді ролі

167.

Орталық Азия
мемлекеттерімен, Азия
мен Таяу Шығыс
өңірлеріндегі, оның
ішінде ЕурАзЭҚ, АӨСШК,
ШЫҰ сияқты өңірлік
құрылымдарды нығайту
жөніндегі
ынтымақтастықты
жандандыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

СІМ, ИСМ,
ҰҚК, ЭМРМ,
АШМ, МАМ,
АҚОҚРА, ЭСЖКА

Жыл
сайын,
желтоқсан

168.

Өңірде барынша қолайлы
іскерлік ахуалды
дамыту туралы, оның
ішінде шетелдік қаржы
институттары мен
отандық компанияларды
тарта отырып, Орталық
Азия мемлекеттеріндегі
жобаларды іске асыру
мәселелерінде
күш-жігерді үйлестіру
туралы, сондай-ақ
жұмыс күші
қозғалысының арнайы
режимін енгізу туралы
келіссөздер жүргізу

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

ИСМ, СІМ,
Еңбекмині,
Қаржымині,
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"Самұрық"
холдингі" АҚ

Жыл
сайын,
желтоқсан


Отызыншы бағыт - Қазақстанның " өркениеттердің
үндесуін " дамытудағы мәдениетаралық және
конфессияаралық орталық ретіндегі тұғырын бекемдеу

169.

Мәдениетаралық және
конфессияаралық
үндесудің маңызды
халықаралық
орталықтарының бірі
ретінде Қазақстанды
дамыту, оның ішінде
Мемлекет басшысының
"Мұсылман әлемі -
Батыс" бастамасын іске
асыру

Президент
Әкімшілі-
гіне
ақпарат

СІМ, МАМ,
Әділетмині

Жыл
сайын,
желтоқсан

      Ескертпелер:

      1. "Жауапты орындаушылар" бағанында бірінші көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары тұтастай Жалпыұлттық жоспардың тиісті негізгі бағыттары (іс-шаралары) бойынша жауап береді.
      2. Заң жобалары бойынша: Жалпыұлттық жоспарда айқындалған мерзімде "Заң" деген аяқтау нысаны заңды Парламенттің қабылдауын; "Заң жобасы" деген аяқтау нысаны заң жобасын Парламенттің қарауына енгізуді білдіреді.
      3. Президент жарлықтарының жобалары бойынша: Жалпыұлттық жоспарда айқындалған мерзімде "Президент Жарлығы" деген аяқтау нысаны Президент Жарлығын қабылдауды; "Президент Жарлығының жобасы" деген аяқтау нысаны Президент Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігіне қарауға енгізуді білдіреді.
      4. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ЭМРМ- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
АҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
"Самұрық" холдингі" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
"Қазына" ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы
"Ғылым қоры" АҚ - "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы
"ҚМГ" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Атамекен" КЖЖО - "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы
ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
РҰ - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
КК - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасы   
Президентінің        
2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы

Астана, 2007 жыл

      1. Кіріспе
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған қызметі ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іс жүзінде іске асыруға бағытталатын болады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламасының басым бағыттары ел Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы " Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында " (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы) және 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауларының, Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының негізінде қалыптастырылды.

      2. 2006 жылдың қорытындыларын және экономиканы дамыту үрдістерін талдау
      2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды.
      2006 жылы өткен жылдардағы сияқты экономика өсуінің жеткілікті түрде жоғары қарқыны сақталды. Бұл ретте 2006 жылы экономика 2005 жылға қарағанда неғұрлым жедел қарқынмен дамыды.
      2005 жылы экономика өсуінің қарқыны нақты мәнде 9,7 %-ті құрады. 2006 жылы ЖІӨ-нің көлемі 9,7 трлн-нан астам теңгеге жетті, ал нақты өсім болжамды мәннен 2,1 проценттік пунктке артып, 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 110,6 %-ті құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5046 АҚШ долларын құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге жоғары.
      Нақты жағдай Қазақстанның 2010 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарында қойылған ЖІӨ-ні 2000 жылдың деңгейіне қарағанда екі еселеу жөніндегі міндет 2008 жылдан кешіктірмей орындалатын болады.
      Өнеркәсіптік өндірісі көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7 %-ті, өңдеуші өнеркәсіпте - 7,3 %-ті, тау-кен өнеркәсібінде - 7 %-ті құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ті құрады. Көлік қызметтері 5 %-ке, байланыс қызметтері 20,4 %-ке, құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1 %-ке ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6 %-ке ұлғайды.
      Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37 %-ке, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3 %-ке, импорт 36,4 %-ке өсті.
      Еңбек нарығында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін және жалақы деңгейін одан әрі арттыру байқалды. Жұмыссыздардың саны 2,4 %-ке азайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда 0,3 проценттік пунктке азайды және 7,8 %-ті құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері 10,7 %-ке өсті. Орташа айлық жалақы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 2006 жылы 40775 теңгеге жетті және нақты мәнде 10,2 %-ке ұлғайды.
      Қаржы нарығы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылды. Ел экономикасына тартылған кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7 %-ке ұлғайды және 4,7 трлн. теңгені құрады. Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88,4 %-ке - 3,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайды.
      2006 жылы инфляциялық әлеуеттің ұлғаюын болдырмау және экономиканың»қызып кету»қаупін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде шаралар қабылданды. Есепті кезеңде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі рет: 2006 жылғы 1 сәуірден бастап - 8,0%-тен 8,5%-ке дейін, 1 шілдеден бастап 9,0%-ке дейін арттырылды. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставкалар 3,5%-тен 4,5%-ке дейін кезең-кезеңімен ұлғайды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша кірістілік 2005 жылдың аяғындағы 2,24 %-тен 2006 жылдың аяғында 4,76 %-ке дейін өсті.
      Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, 2006 жылы инфляция деңгейі 2005 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен 1 проценттік пунктке (7,6 %) және 2006 жылға жоспарланған шаманың жоғары шегінен 6,9 - 8,5 % дәлізінен 0,1 проценттік пункт артып, айтарлықтай жоғары деңгейде - 8,6 % болып қалыптасты.
      Теңгенің АҚШ долларына орташа өлшемді биржалық айырбас бағамы бір жылда номиналды мәнде 5,06 %-ке нығайып, 2006 жылы орта есеппен 1 АҚШ долларына 126 теңгені құрады.
      Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен кіріктіруді қамтамасыз ету, елдің экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Агенттік құрылды.
      Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап 74,5%-ке ұлғайып, 2006 жылғы 31 желтоқсанда 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта резервтерінің көлемі оларды есепке алғанда 33 млрд-тан астам АҚШ долларына жетті.
      Зейнетақы жинақтарының көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 40,3%-ке ұлғайды және 909,7 млрд. теңгені құрады.
      2006 жылдың ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер түсімінің жоспарын тұрақты түрде асыра орындау байқалды. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер жоспардан 6,5%-ке артып, 2,54 трлн. теңгені құрады, шығыстар 2,39 трлн. теңге сомасына немесе жоспардың 98,6%-іне жүргізілді. Жоспарланған 136,4 млрд. теңге тапшылық кезінде іс жүзінде 81,6 млрд. теңге сомасында профицит қалыптасты.
      Тұтастай алғанда Қазақстан экономикасының перспективаға серпінді және қарышты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін оң алғышарттар байқалды.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық мақсаты
      Үкімет қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму принциптерінің негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
      Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және оның азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды.
      Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының мынадай басым бағыттары белгіленген.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары

      4.1. Мемлекеттік жоспарлау
      Мақсаты
      Мемлекеттік жоспарлаудың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру.
      Міндеттері
      1. Мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдаудағы дербестігін және олардың түпкілікті нәтижелерге (мақсатты индикаторлар) қол жеткізуге жауапкершілігін арттыруға бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және ұстауға жаңа тәсілдерді көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу және енгізу.
      2. Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру: мемлекеттік
мақсаттар - мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары - тактикалық міндеттер - іс-шаралар - ресурстар - бюджет.
      3. Мемлекеттік органдар қызметінің және олардың бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз ету.
      4. Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік статистика жүйесін жетілдіру.
      Шешу жолдары
      Үкімет экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне және экспорттық мүмкіндіктеріне қол жеткізу стратегиясын әзірлейді және бәсекеге қабілеттілік пен экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құрады.
      Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі әзірленетін және енгізілетін болады.
      Бұл әрбір мемлекеттік органның өзінің дамуының стратегиялық жоспарын (5 жылға арналған) және оның негізінде мемлекеттік органдардың мақсатты бағдарламаларын, операциялық (жылдық) жоспарларын әзірлеуін көздейді. Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшылары арасында нысаналы индикаторларды белгілей отырып, үш жылдық кезеңге арналған меморандум жасалатын болады. Жыл сайын мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер жарияланатын болады. Өңірлерде осыған ұқсас жүйе енгізілетін болады.
      Мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 2007-2008 жылдары олар екі-үш пилоттық мемлекеттік органдарда және екі пилоттық өңірде енгізілетін болады. 2009 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуі жоспарланып отыр.
      Жоспарлаудың жаңа жүйесін іс жүзінде іске асыру үшін тиісті нормативтік құқықтық база жасалатын болады.
      Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
      мемлекеттік органдардың дербестігі мен қызметтің нәтижелеріне жауапкершілігін күшейтетін Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;
      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары міндеттерінің бюджеттік бағдарламалармен, ал жоспарлардың міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралардың бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларымен, мемлекеттік органдар қызметінің аралық және түпкілікті нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеумен байланысуы;
      мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған жылға арналған жоспары туралы баяндамасын стратегиялық жоспарлардың негізінде қалыптасқан және мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын болжамды шығындармен байланыстыратын бюджеттік өтінімнің құрамдас бөлігі ретінде практикаға енгізу;
      мемлекеттік органдардың жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде, мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізуді ескере отырып, олардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту;
      мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеуі;
      мемлекеттік стратегиялық мақсаттар мен тиісті түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингінің жүйесін енгізу.
      Мемлекеттік жоспарлаудың Жаңа жүйесіне көшкенге дейін қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды біріктіру, қысқарту және жекелеген міндеттерді шешуді мемлекеттік органдардың деңгейіне беру жолымен оларды оңтайландыру жүргізілетін болады.
      Мемлекеттік органдар қызметінің және олардың бюджет қаражатын пайдалануының ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз ету үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
      мемлекеттік органдар қызметін және олар іске асыратын бағдарламаларды үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер) мен халықтың мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы туралы пікірлерін ескере, осы бағалау нәтижелерін міндетті түрде жариялай және мемлекеттік органдардың алдағы жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар әзірлей отырып, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мәніне бағалау институтын енгізу;
      бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріне, олардың ашықтығына және бақылануына уақтылы қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін жетілдіру;
      мемлекеттік жоспарлау және оны іске асыру сатысында еңбек өнімділігін арттыру үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару рәсімдерін ықпалдастыру мақсатында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді оңтайландыру және жаңғырту.
      Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік статистика жүйесін жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық (жылдық) жоспарларын, олардың нысаналы бағдарламаларын орындау процесінде нысаналы индикаторлар жетістіктеріне статистикалық қадағалауларға негізделген мемлекеттік статистикалық есептілік енгізілетін болады.
      Нәтижелері
      Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу.

      4.2. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру

      4.2.1. Фискалдық саясат мақсаты
      Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
      Міндеттері
      1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.
      2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру.
      3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.
      Шешу жолдары
      Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын және орнықтылығын қолдау үшін мыналар көзделеді:
      орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету;
      бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;
      Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру;
      мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты, мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз алу үлесін азайтудың жолымен мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру.
      Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау мен бағалау және  әлемдік тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру мақсатында мыналар көзделеді:
      орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне халықтың әлеуметтік осал топтарына жүктеме деңгейін арттырмастан кезең-кезеңімен қайта бөлу бойынша салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
      кедендік және салық әкімшілігін жүргізу;
      салық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру;
      2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алудың хабарлау жүйесін енгізу.
      Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
      стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру;
      бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;
      бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
      бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту;
      бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.
      Нәтижелері
      Салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін толық орындау.

      4.2.2. Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын дамыту
      Мақсаты
      Ырықтандыру жағдайында баға тұрақтылығын, қаржы секторының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
      Міндеттері
      1. Инфляцияның деңгейін берілген параметрлерде ұстап тұру.
      2. Қазақстанның қаржы секторын нығайту, оның орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындар мен халықтың қаржы секторының қызметтерімен қамтылуын кеңейту, оның жекелеген сегменттерін одан әрі дамыту.
      3. Қазақстан Республикасының ТМД мен Орталық Азия өңірі шеңберінде қаржы ағындарын тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін өңірдің негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы.
      Шешу жолдары
      Инфляцияның деңгейін берілген параметрлерде ұстап тұру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің бірлескен іс-қимылдарымен жүзеге асырылатын болады.
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банк өзінің негізгі мақсатын орындауға бағытталған мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізетін болады. Атап айтқанда, бұл ақша-кредит саясатының құралдары мен операциялық негізін одан әрі жетілдіруді, банк жүйесінің шамадан тыс өтімділігі проблемасының өткірлігі сақталған жағдайда ақша-кредит саясатын қатайтуды болжайды.
      Үкімет, өз кезегінде, Ұлттық Банк қызметінің негізгі мақсатын орындауға оның ішінде мынадай бағыттар бойынша жәрдем көрсететін болады:
      көбінесе өндірістің тиімділігін арттыру және еңбек өнімділігін өсіру есебінен экономиканың өсуін ынталандыру;
      өлшемдері ақша-кредит саясатымен келісілетін біркелкі қатаң фискалдық саясат жүргізу;
      шикізат ресурстарына жоғары баға кезеңінде ұлттық қорда қаражатты жинақтау саясатын жүргізу;
      орта мерзімді тарифтік жоспарлар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлары мен қызметтер көрсетуіне бағаны реттеу;
      үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің тауарлары мен қызметтер көрсетуіне баға белгілеуді бақылау;
      баға жөнінде сөз байласу фактілерін, теріс пиғылды бәсекелестікті анықтау және жолын кесу;
      бәсекелі ортаны, бәсекелі ішкі нарықтарды дамыту үшін жағдай жасау;
      биржалық сауданың қалыптасуы және оны дамыту;
      сауда инфрақұрылымын дамыту;
      ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету.
      Нақты макроэкономикалық бағдарлар, оның ішінде ақша-кредит саясатының бағдарлары, сондай-ақ тараптардың оларға қол жеткізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдары Үкімет пен Ұлттық Банктің жыл сайынғы бірлескен мәлімдемелерінде айқындалатын болады.
      Экономиканы ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ мыналарға:
      қаржы институттарының орнықтылығы мен тұрақтылығын, қаржы секторы қызметтерінің сапасын және оларға қол жетімділікті арттыруға;
      қаржы қызметтері нарығында бәсекені арттыру мақсатында қаржы секторын реттеу стандарттарын жақсартуға, оны одан әрі ырықтандыруға;
      Ұлттық Банк, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және Үкімет арасында қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша меморандум жасасуға;
      Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың перспективалық секторларына нарықтық ақталған қолдау көрсету үшін жағдай жасауға және өңірлік экономикалық жобаларда, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде банктік қатысуды күшейтуге;
      Қазақстанның жиынтық сыртқы борышының оңтайлы мөлшерін ұстап тұру қажеттілігін ескере отырып, сыртқы қарыз алуды шектеу жөнінде қолданылатын шаралардың тиімділігі туралы мәселені қарауға;
      тиімді жұмыс істейтін қаржы нарығын құруға және халықты өздерінің жинақтарын бағалы қағаздарға белсенді түрде инвестициялауға тартуға;
      электрондық банктік қызметтердің инфрақұрылымын кеңейтуге байланысты болады.
      Халықтың инвестициялық сауаттылығын арттыру коммуникация құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстан Республикасының, ТМД мен Орталық Азия өңірі шеңберінде негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы қаржы секторының жекелеген сегменттерінің көшбасылық өңірлік ұстанымдарға қол жеткізуі есебінен мыналар:
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және оның тиімді жұмыс істеуі;
      ТМД мен Орталық Азиядағы неғұрлым өтімді және қол жетімді нарық ретінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту;
      валюталардың негізгі түрлері бойынша Қазақстанда неғұрлым өтімді валюта нарығының қалыптасуы;
      қазақстандық қаржы институттарының (банктердің, зейнетақы қорларының, сақтандыру компанияларының және басқа да қаржы институттарының) ТМД мен Орталық Азия өңірінің қаржы ресурстарына қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялары мен мүдделерін қолдауды, өңірлік нарықтарға жылжытуды қамтамасыз етуге қабілетті ірі өңірлік қаржы ұйымдары ретінде дамуы;
      Қазақстанның қаржы секторының мынадай көрсеткіштер: тұрақтылық, орнықтылық, айқындылық, сондай-ақ қаржы өнімдерінің деңгейі, сапасы мен әртүрлілігі бойынша ТМД мен Орталық Азиядағы көшбасылық бойынша экономикалық жағынан дамыған елдердің стандарттарына қол жеткізуі арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Бұл ретте Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында отандық қаржы институттарының орнықты ұстанымдар мен бәсекеге қабілеттілікті сақтауы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
      Нәтижелері
      Қолданылатын шаралар:
      инфляцияны жылына 5-7 % деңгейінде ұстауға;
      отандық қаржы секторының даму деңгейін, оның орнықтылығын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бұл өз кезегінде Қазақстанның ТМД мен Орталық Азия өңірі шеңберінде негізгі қаржы орталығына айналуға мүмкіндік береді әрі тұтастай алғанда республика экономикасының дамуына оң әсер етеді;
      халықтың инвестициялық сауаттылығы деңгейін арттыруға;
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының халықаралық қаржы нарығының Жаңа сегменті ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      4.2.3. Бәсекені дамыту, бәсекелі ортаны қорғау және табиғи монополиялардың қызметін тиімді реттеу
      Мақсаты
      Еркін бәсекені одан әрі дамыту, табиғи монополиялардың қызметін реттеу.
      Міндеттері
      1. Еркін бәсекелі орта құру және нарықтың барлық субъектілеріне тең жағдай жасау.
      2. Инвестицияларды активтерді жаңғыртуға және жаңартуға бағыттауды ынталандыратын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру, олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру.
      3. Бәсекені қорғау жүйесін жетілдіру.
      Шешу жолдары
      Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
      тарифтік және техникалық реттеу функцияларын біріктіретін тәуелсіз салалық реттеуіштерді жасау жолымен реттеуші органдардың рөлін, функциялары мен құрылымын қайта қарау;
      экономиканың инфрақұрылымдық салаларында, оның ішінде темір жол саласында, телекоммуникацияда және энергетикада монополияландыруды және келеңсіз экономикалық шоғырландыруды жою, осы салаларда бәсекені дамыту;
      жаңа компаниялардың нарыққа, оның ішінде республикаішілік авиатасымалдар нарығына шығуын бөгейтін кедергілерді жою жөніндегі шараларды іске асыру;
      үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің міндеттерін заңнамалық деңгейде белгілеу, ашық конкурстар өткізу жолымен монополиялық түрде сатылатын тауарлардың (жұмыстардың және қызмет көрсетулердің) өзіндік құнына елеулі әсер ететін тауарларды (жұмыстарды және қызмет көрсетулерді) сатып алуды жүргізу;
      ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарға сәйкес тексеріс жүргізу және оны жетілдіру;
      монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін барабар шаралар мен айыппұл санкцияларын енгізу;
      мұнай өнімдерінің айналымы және газбен жабдықтау, электр энергетикасы саласында халыққа коммуналдық қызметтер көрсету аясында бәсекені дамытуға келеңсіз әсер ететін артық делдал құрылымдарды алып тастау;
      тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін, оларда сатылатын тауарлардың бағасын қалыптастырудың айқын тетігін, биржа саудасына қатысушылар арасында адал бәсекені қамтамасыз ететін "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын қабылдау;
      бәсекені қорғау жөніндегі мемлекеттік органды институционалдық күшейту;
      қызметтерді тұтынушылардың бәріне кедергісіз және кемсітпейтін қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің желілері мен қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібін қайта қарау;
      табиғи монополиялар субъектілері персоналының санын және олардың шикізат, материалдар, отын, энергияның әр түрлі шығыстарын нормалау тәсілдерін қайта қарау;
      мыналарды:
      табиғи монополиялар субъектілерінің активтерін жаңғыртуға салынатын инвестициялық салымдарды ынталандыруға, олардың қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттыруға, менеджментті және қызмет көрсеткіштерін жақсартуға;
      табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерді көрсету шығындарын және технологияларын ұтымды етуге;
      табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін нормативтік техникалық шығындарының деңгейлерін төмендетуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.
      Нәтижелері
      Республиканың тауар нарықтарында еркін және адал бәсекені дамыту, нарықтарды монополияландыру дәрежесін төмендету, бәсеке үшін тең жағдай жасау, табиғи монополиялар салаларын қысқарту, реттелетін тауарларға (жұмыстар мен қызметтер көрсетуге) бағаны қалыптастыру тетігінің айқындылығын қамтамасыз ету.
      Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тарифтер деңгейінің айқындылығын, негізділігін және алдын ала белгілі болуын, табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі өндірістік қорларын жаңартуға және жаңғыртуға инвестициялардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруды және оларды өсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кешенді жүйесі қалыптастырылатын болады.

      4.2.4. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
      Мақсаты
      Кәсіпкерлікті тиімді дамыту үшін заңнамалық және институционалдық сипатта қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту, шағын және орта бизнесті, оның ішінде мемлекеттік холдингтердің қолдауы.
      Міндеттері
      1. Бизнесті дамытуды бөгейтін әкімшілік кедергілерді жою.
      2. Бизнес ахуалды жақсарту.
      3. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік холдингтермен ынтымақтастыққа тарту үшін ынталық туғызу.
      Шешу жолдары
      Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептілігін оңайлату;
      жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру процесін жетілдіру, оның ішінде фирманы тіркеудің мерзімін 2-3 күнге дейін қысқарту;
      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , оның ішінде»бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі»ұғымын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      қайталауды жою және рұқсат беру рәсімдері мен тексерулерді қысқарту;
      лицензиялау, келісу, сертификаттау, стандарттау, аккредиттеу және аттестаттау рәсімдерін оңайлату;
      аудиторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру;
      кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және бизнестің»көлеңкеден» одан әрі шығуы үшін салық заңнамасын жетілдіру;
      кеден заңнамасына экспорттық және импорттық рәсімдерді оңайлату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      елдің шағын қаржы секторын дамыту;
      Қазақстанның барлық өңірлерінде инфрақұрылым объектілерінің қызметін жақсарту және кеңейту жолымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консалтингтік және үйретуші қызметтер көрсету;
      "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның кредит беруінің жаңа өнімдерін әзірлеу, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ұзақ мерзімді кредит беруді енгізу;
      мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға тән емес функцияларды шағын және орта бизнеске беру (аутсорсинг);
      мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың тапсырыстарын Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында орналастыруды қамтамасыз ету.
      Нәтижелері
      Дүниежүзілік Банктің (Doing Busines) өлшемдеріне сәйкес бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінің мынадай индикаторлары жақсартылатын болады: бизнес ашу, лицензиялау, меншікті тіркеу, салықтар төлеу, халықаралық сауданы жүргізу, компанияны жабу. Нәтижесінде Қазақстанның жалпы рейтингі 2006 жылы 63-орыннан 2007 жылы 58-ге, 2008 жылы 53-ке және 2009 жылы 48-ге дейін жоғарылайтын болады.

      4.2.5. Мемлекеттік меншікті тиімді басқару
      Мақсаты
      Корпоративтік басқару принциптерін енгізу арқылы мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру.
      Міндеттері
      1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқару принциптерін енгізу.
      2. Мемлекеттік меншікті оңтайландыру.
      Шешу жолдары
      Мемлекеттік холдингтер мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда олардың жұмыс нәтижелерін бағалау, тәуелсіз директорлар институтын және корпоративтік басқарудың басқа да принциптерін енгізу жолымен корпоративтік басқару жүйесін жетілдіретін болады.
      Мемлекеттік холдингтерді тиімді басқаруды ұйымдастыру, олардың қызметін бақылау және олардың қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар енгізілетін, мемлекеттік холдингтерді дамыту тұжырымдамалары бекітілетін болады, мұның негізінде оларды дамыту стратегиялары қабылданады.
      Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар және олардың еншілес (тәуелді) ұйымдары үшін Корпоративтік басқарудың үлгі кодексі бекітілетін болады.
      Мемлекеттік меншікті оңтайландыру үшін мемлекеттік меншікті басқару саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған шаралар кезең-кезеңімен қабылданатын болады. Заңнамалық актілерге мемлекеттік кәсіпорындар қызметі салаларына және стратегиялық объектілерге байланысты мәселелерді реттеуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар дайындалатын болады.
      Мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті және мемлекеттік холдингтердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталына және бәсекелі ортаға беруге ұсынылатын мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) және мемлекеттік кәсіпорындардың тізбелері айқындалатын болады.
      Нәтижелері
      Мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру және мемлекетке тиесілі активтердің құнын ұлғайту.

      4.3. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту

      4.3.1. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
      Мақсаты
      Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде орнықты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану.
      Міндеттері
      1. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауға орнықты даму принциптерін енгізудің тиімді тетігін жасау.
      2. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су, орман, балық ресурстарын, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жаңартылатын энергия көздерін орнықты және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау.
      3. Нысаналы көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, Экологиялық кодекстің ережелерін іске асыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу есебінен қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету.
      4. Экология (жердің тозуы, биологиялық әртүрлілік және басқалар) және климатты сақтау мәселелерінде трансшекаралық және халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлін жандандыру.
      5. Ең жаңа экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, өндірістер құруды немесе қазіргі кәсіпорындарды қайта жаңартуды ынталандыратын тиімді тетіктерді қалыптастыру және стратегиялық су ресурстарын қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізу, халықты ауыз сумен қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада орнықты қамтамасыз етуге қол жеткізу.
      Шешу жолдары
      Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауға орнықты даму принциптерін енгізудің тиімді тетігін жасау үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
      дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларының теңгерімін қамтамасыз етуге, республиканың жекелеген өңірлерінің өткір экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін экологиялық орнықтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасының әлемдегі барынша дамыған елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету мақсатында кешенді экологиялық саясат жүргізу жөніндегі шаралар;
      елдің салалары мен өңірлері үшін орнықты дамудың нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту, бағдарламалық құжаттардың орнықты даму принциптеріне сәйкестігіне сараптама жүргізу.
      Су, орман, балық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жаңартылатын энергия көздерін орнықты және ұтымды пайдалануға жағдай жасау үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
      су ресурстарын басқарудың ғылыми негізделген мемлекетаралық, ұлттық және өңірлік бағдарламалар негізінде өзен бассейндерінің ағынын реттеу мен бөлудің қазіргі жүйесін қайта қарау;
      қолданыстағы және әзірленетін бағдарламалық құжаттардың негізінде су ресурстарын, ормандар, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
      өнеркәсіптің базалық салалары мен ауыл шаруашылығында су үнемдейтін технологияларды, су пайдаланудың айналымды және тұйық жүйелерін және су пайдаланудың қалдықсыз технологияларын әзірлеу мен енгізуді ынталандыру;
      үш мемлекеттік ұлттық парк, екі мемлекеттік табиғи резерват құра отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту, қазіргі төрт табиғи қорықтың, үш мемлекеттік ұлттық парктің алаңдарын кеңейту;
      су, орман, балық ресурстарын және жануарлар әлемін қорғау және молықтыру процесіне жеке меншік капиталды белсенді тарту, табиғат пайдаланушылардың осы салалардағы жауапкершілігін арттыру.
      Бұдан басқа, Бурабайда Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инновациялық жобаларды жинақтауға арналған орталық және орнықты даму проблемалары орталығын құру жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
      Нысаналы көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, Экологиялық кодекстің ережелерін іске асыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу есебінен қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
      қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері, эмиссияларға өңірлік квоталар енгізу, жетекші технологияларға кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз ету негізінде экологиялық нормалау моделін және рұқсат беру жүйесін енгізу;
      экологиялық кодекске сәйкес нормативтік құқықтық база қалыптастыру, табиғат қорғау заңнамасын халықаралық стандарттармен одан әрі үйлестіру;
      көмірсутек ресурстарын өндіретін, тасымалдайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарды неғұрлым қатаң экологиялық стандарттарға сәйкестікке сертификаттау бойынша "Жасыл мұнай" принципін әзірлеу және енгізу;
      пайдаланылған ресурсы бар технологиялар мен жабдықтарды елге әкелуге тыйым салуды енгізе отырып, 4R халықаралық принциптеріне сәйкес қалдықтарды басқарудың бірыңғай жүйесін құру;
      гидрометеорологиялық қызмет жүйесін реформалап және жаңғырта отырып, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру;
      ел аумағындағы "тарихи ластануды" түгендеу және оларды кезең-кезеңімен жою жөнінде ауқымды шаралар әзірлеу;
      шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде өңірдің экологиялық сыйымдылығын айқындау үшін ғарыштық технологияларды пайдалана отырып, Каспий теңізінде кешенді мониторингтік зерттеу.
      Экология және климатты сақтау мәселелерінде трансшекаралық және халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлін жандандыру үшін орнықты даму трансшекаралық аймақтары құрылатын, бассейндік принцип негізінде, бірінші кезекте, Балқаш-Алакөл, Жайық-Каспий, Ертіс аймақтарында мемлекетаралық келісімдер мен бағдарламалар іске асырылатын болады.
      Ең жаңа экологиялық жағынан таза технологияларды пайдалана отырып, өндірістер құруды немесе қазіргі кәсіпорындарды қайта жаңартуды және стратегиялық су ресурстарын қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізуді ынталандыратын тиімді тетіктерді қалыптастыру, халықты ауыз сумен қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада орнықты қамтамасыз ету үшін:
      экологиялық проблемаларды шешу үшін халықаралық ұйымдар мен донор елдердің мүмкіндіктерін пайдалану;
      орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын, Биоәртүрлілік жөніндегі БҰҰ Конвенциясының биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын және Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау мәселелерін пысықтау;
      мынадай:
      эмиссия үшін ақының және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларының ынталандырушы сипатын арттыру;
      прогрессивті технологияларды енгізу есебінен эмиссиялардың көлемін едәуір төмендеткен кәсіпорындарды ынталандыру;
      мемлекеттік тапсырыс шеңберінде экологиялық қауіпсіз өнімдер мен қызметтер өндірісін ынталандыру үшін "жасыл" сатып алу принципін пайдалану жолымен табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың жаңа экономикалық тетіктерін енгізу;
      жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін, жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуын, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың нығаюын кеңейту;
      халықты қажетті мөлшерде және кепілдік берілген сапада ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, ауыз су сапасының сараланған стандарттарын әзірлеу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      Елдің кәсіпорындары мен ұйымдарын ISO: 14001 экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттарымен неғұрлым кеңірек қамту жөнінде, қоршаған орта сапасының стандарттарын халықаралық аналогтармен үйлестіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      Астана қаласында континентте су ресурстарын зерттеу мен қорғау мәселелерін кешенді түрде шешуге арналған Еуразиялық су орталығы құрылатын болады.
      Нәтижелері
      2009 жылға қарай Қазақстан Республикасы халқының сапалы ауыз суға қол жеткізуін кемінде 15 %-ке ұлғайту қамтамасыз етілетін болады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорық қорының аумағы кемінде 1 232,6 мың га-ға ұлғайтылады.
      Ормандарды молайту және орман өсіру жөніндегі жұмыстардың жыл сайынғы көлемі 45 мың га-ға жетеді.
      ЖІӨ-нің бір бірлігіне атмосфераға эмиссиялар 20 %-ке, су объектілеріне - 12 %-ке, орналастырылатын қалдықтарға - 14 %-ке төмендейді.
      Баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үлесі өседі.
      Экологиялық орнықтылық индексі 68 баллға жетеді.
      ІSO: 14001 стандартына сәйкестігіне сертификатталған компаниялардың салыстырмалы көрсеткіші ЖІӨ-нің 10 миллион долларына шамамен 1-ден келеді.
      Ірі қалаларда атмосфераның ластануының орташа индексі 21 %-ке төмендейді.
      Қоршаған ортаға орналастырылатын улы қалдықтардың көлемі 8 %-ке төмендейді.
      Экологиялық ахуал жақсарады және "тарихи" экологиялық проблемаларды шешу үшін жағдайлар қалыптастырылады.

      4.3.2. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту
      Мақсаты
      Қазіргі заманғы білім берудің, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың нақты экономикалық жағдайларға барабар бәсекеге қабілетті жүйесін дамыту.
      Міндеттері
      1. Білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделін енгізу.
      2. Білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
      3. Жаһандық экономиканың талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы кәсібилігі жоғары жұмыс күшін даярлау жүйесін дамыту.
      Шешу жолдары
      Үкімет нысаналы индикаторларды белгілеу жолымен түпкі нәтижелерге қол жеткізуге, республиканың барлық өңірлерінде мектептегі және мектепке дейінгі білім беру қызметтерін тең де біркелкі көрсетуді қамтамасыз етуге бағдарланған білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделін құру мәселелерін пысықтайтын болады.
      Осы мақсатта білім беру саласының бюджет қаражатын орталықтандыру және өңірлік коэффициенттерді ескере отырып, жан басына шағу принципі негізінде оларды бөлу, министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасында білім беру қызметтерін көрсету, білім беру ұйымдарының жұмыс істеуі үшін жауапкершілікті бөле отырып, білім беруді басқарудың бірыңғай құрылымын жасау мүмкіндігі зерделенетін болады. Білім беру қызметтерінің сапасын бақылау жүйесі одан әрі дамиды.
      Үкіметтің білім беру қызметтерінің сапасын арттыру саласындағы күш-жігері мынадай бағыттар бойынша шоғырландырылатын болады:
      білім беру мазмұнын жақсарту, дәл және инженерлік ғылымдарға ерекше көңіл бөле отырып, барлық деңгейлер бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру мен үйлестіру;
      мемлекеттік білім беру ұйымдарының желісін дамыту және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру, оқу процесін тиісті технологиялармен қамтамасыз ету.
      Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі одан әрі дамитын болады.
      Мектепке дейінгі тәрбие беру саласында күш-жігер мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамту деңгейін арттыруға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталады. Бұдан басқа, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және инклюзивтік білім беруді дамыту жөнінде шаралар кешені қабылданатын болады.
      Мектепке барар алдындағы даярлық бөлігінде балаларды қамту ұлғайтылатын болады.
      Жалпы орта білім беру саласында:
      2008 жылдан бастап 12 жылдық орта білім беруге кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылады;
      Қазақстанның салыстырмалы халықаралық зерттеулерге қатысуы қамтамасыз етіледі;
      жалпы орта білім беру ұйымдарының желісін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады, бұл оның ішінде үш ауысымда оқытуды жою проблемасын шешуге, мектептердің авариялық ғимараттарын қайта жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
      үздік мектептерге жыл сайын гранттар тағайындалатын болады;
      педагогтарды, оның ішінде 12 жылдық білім беру жүйесі үшін қайта даярлау жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
      жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушылары тартылады;
      үздік оқытушылардың жұмысын бағалау және сыйлық беру жүйесі жетілдіріледі;
      отандық, оның ішінде электрондық оқулықтарды әзірлеу мен енгізу, білім беру процесіне қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, оның ішінде оқу теледидарын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
      мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерін физика, химия және биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен жарақтандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
      оқу процесіне "Мультисервистік ақпараттық-коммуникациялық білім беру желісі" көп функционалдық жүйесі енгізіледі;
      білім алушылардың жетістіктерін бағалау тетіктері жетілдіріледі;
      педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Кәсіптік жоғары білім беру саласында:
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылы: бакалавриат - магистратура - докторантура моделіне ауыстыру;
      техникалық білім беруді дамытуға ден қоя отырып, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру;
      Астана қаласында жаңа университет құрылысын жалғастыру;
      жоғары оқу орындарын аккредиттеудің халықаралық моделіне көшуді жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. 2008 жылдан бастап жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Оған қол жеткізу үшін нормативтік құқықтық база жетілдірілетін болады;
      сырттан бақылау жүйесін құру;
      аспирантурада оқитындардың санын бір уақытта қысқарта отырып, РһD докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылардың санын ұлғайту;
      мамандық пен жоғары оқу орнының мәртебесіне қарай мемлекеттік білім гранттарын саралауды міндетті түрде енгізе отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырудың жаңа принципін енгізу;
      экономиканың басым салалары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыруда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;
      республиканың жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен консультанттарды тарту, сондай-ақ отандық оқытушыларды шетелде тағылымдамадан өткізу;
      жоғары оқу орындарының базасында ақпараттық ресурс орталықтары жүйесін құру;
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының шеңберінде азаматтарды әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Жаһандық экономиканың талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы кәсібилігі жоғары жұмыс күшін даярлау жүйесін дамыту үшін Үкіметтің күш-жігері мыналарға:
      кәсіптік білім беру жүйесін ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл жасаудың "мемлекет - оқу орындары - жұмыс берушілер" жаңа моделін құруға;
      техникалық және кәсіптік білім берудің білім бағдарламаларын жоғары білім беру бағдарламаларымен үйлестіруге;
      экономиканың жекелеген салалары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнінде өңірлік кәсіптік орталықтар құруға;
      еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға шоғырландырылатын болады.
      Нәтижелері
      2009 жылға қарай кемінде 50 мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары жетілдіріледі және үйлестірілетін болады.
      Осы кезеңге қарай мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамтуы кемінде 30 %-ті, мектеп алдындағы даярлық 80%-ті құрайды.
      2009 жылы 12 жылдық білім берумен балаларды қамту 494 мың баланы құрайды.
      Қазақстанның салыстырмалы халықаралық зерттеулерге қатысуы 2008 жылы ТІМSS халықаралық зерттеуінде шамамен 55-тен төмен емес орынды алуға мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп салынатын болады.
      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде жылына кемінде 31 мың педагог қайта даярлаудан өтеді.
      Жыл сайын кемінде 30 үздік мектеп айқындалатын болады.
      2008 жылға қарай мектеп оқушыларының компьютерлермен қамтамасыз етілуі 20 оқушыға кемінде 1 компьютер келетін арақатынасты құрайды.
      2008 жылы білім беру ұйымдарының 4 және 9-сыныптары оқушыларының кемінде 50 %-і аралық мемлекеттік бақылаумен қамтылатын болады, ал ҰБТ рәсіміне қосымша пән енгізіледі.
      2007 жылдан бастап бекітілген отандық стандарттар бойынша ұлттық аккредиттеу жүйесін енгізу басталады және жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу жүзеге асырылады. 2008 жылдан бастап жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
      2009 жылға қарай экономиканың жекелеген салалары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі 2 өңіраралық кәсіптік орталық құрылатын болады, сондай-ақ тағы да осындай 2 орталық құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

      4.3.3. Ғылымды дамыту
      Мақсаты
      Жаңа білімдерді тиімді дамыту мен пайдалануды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті ұлттық инновациялық жүйенің негіздерін құру.
      Міндеттері
      1. Ғылыми және инновациялық қызмет үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту.
      2. Академиялық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары ықпалдастығын қамтамасыз ету.
      3. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тиімді жүйесін құру.
      4. Ғылыми-зерттеуді және конструкторлық қызметті жүргізуде жеке меншік сектор үшін ынталандырулар туғызу.
      5. Ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру және қазақстандық ғылымның әлемдік ғылымға кірігуі үшін жағдайлар жасау.
      6. Ғылыми қызметкерлердің жалақысының деңгейін арттыру.
      Шешу жолдары
      Мемлекет жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайтын басым бағыттар бойынша болашақ инновациялық экономиканы құру үшін негіз болатын іргелі және қолданбалы зерттеулерге қаражат бөлетін болады.
      Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландырудың гранттық жүйесі дамиды.
      Шетелдік үздік ғалымдарды тарта отырып, жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламаларға тәуелсіз сараптама жасау ғылыми жобаларды іріктеу мен бағалау жүйесінің маңызды буынына айналады.
      Инновациялық қызметті қаржыландырудың қосымша нысандары, оның ішінде»"Ғылым қоры" акционерлік қоғамы арқылы және жеке меншік бизнес қаражатын тарту есебінен кеңейтіледі.
      Үкімет қолданбалы ғылымды қаржыландыру саласындағы озық тәжірибе мен білімді енгізу, әлемдік деңгейдегі күрделі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту саласындағы қазіргі заманғы басқару әдістерін еншілеу жөнінде нысаналы бағытта жұмыс жүргізетін болады.
      Қабылданған халықаралық практикаға сәйкес білімді молықтыру және отандық кадрлар даярлау жүйесі болатын университеттік ғылым құрылатын болады. Жоғары оқу орындарының жанынан ғылымды дамытудың 5 басымдығы бойынша инженерлік бейінді 15 зертхана ашылатын болады.
      Мынадай бағыттар: нанотехнология, биотехнология, ядролық технологиялар, көмірсутек және тау-кен металлургия өнеркәсібіне арналған жаңа технологиялар, сондай-ақ ғарыштық технологиялар бойынша барлық ғалымдар мен ғылыми ұжымдар және жеке меншік сектор үшін ашық қолжетімді 5 ұлттық зертхана құрылатын болады.
      Ұлттық ғылыми зертханалардың қызметі мемлекеттік саясат пен жекеше бастама үшін бағдар ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың белгілі бір мемлекеттік басымдықтары шеңберінде халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
      2009 жылы ұлттық ғылыми зертханалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің халықаралық стандарттарына көшуі қамтамасыз етілетін болады (Good Laboratory Practice - тиісті зертханалық практика, Good Scientific Рrасtiсе - тиісті ғылыми практика).
      Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнама жетілдірілетін болады.
      Ғылыми әлеуетті барынша пайдалану мақсатында академиялық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының кірігуін күшейтуге бағытталған құрылымдық реформалар жүргізілетін болады.
      Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін инновациялық-білім беру консорциумдарын құруды қолдау жүзеге асырылатын болады.
      Ұлттық компаниялармен бірлесіп, олардың негізгі қызметіне байланысты болжамды перспективалық проблемаларды шешуге бағытталған арнайы ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірленетін болады.
      Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жанынан Халықаралық сараптамалық кеңес құрылатын болады, оның негізгі міндеттері ғылымды дамытудың әлемдік трендтерін талдау және отандық ғылыми-техникалық әлеуетке сараптама жүргізу болады.
      Шетелдік ғалымдарды, ұйымдар мен халықаралық бағдарламаларды, оның ішінде шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерін қатыстыра отырып, қазақстандық ғылыми жобаларды іске асыру ұйғарылып отыр.
      Ғылым саласының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
      Нәтижелері
      2009 жылға қарай ұжымдық пайдаланудағы 5 ұлттық ғылыми зертхана және басым ғылыми бағыттар бойынша жоғары оқу орындары жанындағы инженерлік бейінді 15 зертхана жарақтандырылатын болады, сондай-ақ олардың стратегиялық даму жоспарлары әзірленеді.
      2008-2009 жылдары шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда 100 қазақстандық ғалым үшін қысқа мерзімді тағылымдамалар ұйымдастырылатын болады.
      2008-2009 жылдары ұлттық компаниялармен бірлесіп бес басым бағыт бойынша арнайы ғылыми-техникалық бағдарламалар, сондай-ақ шетелдік ғалымдарды, ұйымдарды қатыстыра отырып, шамамен 10 қазақстандық ғылыми жоба және халықаралық бағдарламалар мен жобалар, оның ішінде шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерін қатыстыра отырып, іске асырылатын болады.

      4.3.4. Медициналық қызмет көрсетулердің жоғары сапасын қамтамасыз ету
      Мақсаты
      Денсаулық сақтаудың қолжетімді және бәсекеге қабілетті жүйесін құру.
      Міндеттері
      1. Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделін енгізу.
      2. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
      3. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәні бар проблемаларын шешу.
      4. Медициналық, фармацевтикалық білімнің және денсаулық сақтау
саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.
      Шешу жолдары
      Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделін құру жөніндегі міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
      ерікті медициналық сақтандыру жүйесін және бәсекеге қабілетті жеке меншік секторды одан әрі дамыта отырып, денсаулық сақтаудың бюджеттік моделін қалыптастыру;
      денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін әзірлеу және енгізу;
      саланы барлық деңгейдегі білікті басқарушы кадрлармен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүйесін құру, осы мамандарды даярлау, оның ішінде шетелде даярлау қажеттілігі мен кезеңділігін айқындау;
      денсаулық сақтау ұйымдарына шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін беру және өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарға ауыстыру жолымен олардың дербестігін кезең-кезеңімен арттыру, сондай-ақ қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу;
      түпкі нәтижеге бағдарланған еңбекақы төлеудің сараланған жүйесін одан әрі жетілдіру;
      саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс әзірлеу;
      "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың біртұтас ақпараттық жүйесін құру" жобасын іске асыру, осы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, оның ішінде пациенттердің электрондық медициналық картотекасын құру бөлігінде қажетті өзгерістер енгізу.
      Үкімет сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы бюджет қаражатын орталықтандыру, оларды өңірлік коэффициенттерді ескере отырып, жан басына шағу принципі негізінде бөлу, медициналық көмек көрсету, мемлекеттік денсаулық сақтау объектілерінің жұмыс істеуі үшін жауапкершілікті министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасында бөле отырып, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай құрылымын құру мәселелерін пысықтайтын болады.
      Медициналық көмектің қолжетімділігін және оның сапасын арттыру үшін мыналар көзделеді:
      бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының желісін мемлекеттік нормативке сәйкес келтіру және пайдалану үшін жарамсыздарының және ыңғайластырылған үй-жайларда орналасқандарының орнына үлгі объектілер, оның ішінде ауылда салу, дәрігерлерге арналған тұрғын үй салу;
      аурухана секторын халықаралық тәжірибені ескере отырып, көп бейінді және мамандандырылған ұйымдарды нормалау, типтендіру және біріктіру жолымен қайта құрылымдау. Көп бейінді стационарларды дамыту инвестициялық саясаттың басымдығы болып айқындалады. Бұл ретте уақтылы жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетулерге қабілетті жаңа объектілерді салу және пайдалануға беру қазіргі объектілерді ауыстыра және тиімсіз жұмыс істейтін төсектік қорды қысқарта отырып жүзеге асырылатын болады;
      2008-2010 жылдар аралығында, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалана отырып, оларға аса мұқтаж өңірлерде 100 денсаулық сақтау объектісін салу;
      медициналық қызмет көрсетулердің сапасын арттырудың орнықты жүйесін қалыптастыру үшін медициналық ұйымдарды кезең-кезеңімен тәуелсіз аккредиттеуді енгізу;
      тәуелсіз сараптама жүйесін дамыту жолымен тұтынушылар үшін медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыру;
      медициналық қызметтерді қоса алғанда, салада пайдаланылатын рәсімдерді одан әрі стандарттау, сондай-ақ оларды бақылау тетіктерін енгізу;
      үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрілік препараттардың қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын арттыруға бағытталған дәрілік қамтамасыз етудің жаңа моделін әзірлеу және енгізу.
      Денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәні бар проблемаларын шешу үшін:
      ұйымдық құрылымын жетілдіріп, қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратын сырқаттар мен мүгедектердің ауруларының алдын алудың, ерте диагностикалаудың, емдеудің және медициналық оңалтудың тиімді әдістерін енгізіп, ұйымдық құрылымдарды жетілдіре, кардиохирургиялық бейіндегі мамандарды даярлап және олардың біліктілігін арттыра отырып, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту;
      инфекцияның таралуын тиімді эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ете, індетке қарсы іс-шараларды күшейте, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін туберкулезге қарсы сатып алынатын препараттардың сапасын жақсарта, жұқпалы шағын түйіршікті нысандарымен ауыратын созылмалы сырқаттарды емдеу жөніндегі оңтайлы схемалар мен ұйымдық қағидаттарды әзірлей отырып, халықты туберкулезден қорғау;
      трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен аурудың өсу қарқынын төмендету үшін Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру;
      әлемде сынақтан табысты өткен нақты қағидаттар мен іс-шараларды жүйелендіре, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу және өлі туу өлшемдеріне көшуді жүзеге асыра және медициналық-статистикалық көрсеткіштер деректерінің болжамды өсуіне байланысты әкімшілік шаралар қабылдауға уақытша мораторий жариялай отырып, ана мен бала өлімін азайту;
      халықтың медициналық және санитарлық сауаттылық деңгейін, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен өзара іс-қимылын арттыру, ауыз судың сапасын бақылауды күшейту, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде алдын алу іс-шараларын өткізу, барлық білім беру ұйымдарында медициналық пункттер желісін кезең-кезеңімен қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделеді.
      Медициналық, фармацевтикалық білімнің және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру үшін мыналар көзделеді:
      медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасын іске асыру;
      халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген жоғары әрі орта медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жаңа стандарттарын енгізу;
      үздіксіз кәсіптік білім беру және медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру үшін халықаралық тәжірибе негізінде сертификаттау тетіктерін енгізу;
      халықаралық талаптарға сәйкес медициналық жоғары оқу орындарын ұлттық аккредиттеу жүйесін енгізу;
      танылған шетелдік агенттіктердің медициналық жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуді жүргізуі үшін жағдай жасау;
      қажеттілікті ескере отырып, мамандардың ауылдық жерлерде одан әрі жұмыс істеуі жағдайында оларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде квота белгілеу;
      медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін дәрігерлердің білімін бағалау жүйесін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
      ғылыми зерттеулер жүргізудің халықаралық стандарттарын енгізуді көздейтін медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасын әзірлеу, практикалық денсаулық сақтау сұраныстарын негізге ала отырып, медициналық зерттеулердің негізгі бағыттарын қалыптастыру;
      Астана қаласында құрылатын медициналық кластер базасында практикалық денсаулық сақтауға жаңа ғылыми, білім беру және басқару технологияларының трансфертін жүзеге асыру.
      Нәтижелері
      Медициналық көмек сапасының индикаторларын қоса алғанда, медициналық ұйымдар қызметінің көрсеткіштерін жақсарту.
      Денсаулық сақтау қызмет көрсетулерінің қолжетімділік деңгейі мен олардың сапасының өсуі, оларды әлемнің дамыған елдерінде қабылданған стандарттарға кезең-кезеңімен жақындатуға қол жеткізу.
      Ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін (қазіргі есептеу әдістемесіне орай), туберкулезбен сырқаттануды және одан қайтыс болуды азайту, басқа да әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша ахуалды тұрақтандыру.
      Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерінің білім деңгейін және оларды клиникалық даярлау сапасын арттыру.

      4.3.5. Халықты әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары және көші-қон
      Мақсаты
      Өңірлік және салалық аспектілерін ескере отырып атаулы әлеуметтік көмек саясатын жетілдіру және еңбек қатынастарын дамыту.
      Міндеттері
      1. Халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін дамыту.
      2. Нарықтық қатынастарға негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсету (тұрмысы төмен азаматтарға, оның ішінде әйелдер мен жастарға), ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту жөніндегі қағидаттарды жетілдіру.
      3. Өңірлік және салалық аспектілерін ескере отырып халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және еңбек көші-қонын үйлестіру.
      4. Әлеуметтік әріптестік негізінде әлеуметтік диалогты нығайту және ұжымдық келіссөздер жүйесін одан әрі дамыту. Бюджет саласында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру.
      5. Ерлер мен әйелдердің қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық
салаларында тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасау.
      Шешу жолдары
      Мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері арттырылатын болады, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін индекстеу тұтыну бағасы индексінің болжанатын өсімін 2 проценттік пунктке арттыра отырып, жүзеге асырылады.
      Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының өрісін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесі жетілдіріледі, зейнетақы жинақтауларын сақтау және қартайған шақта олардың жеткіліктілігі жөніндегі мемлекет кепілдіктерінің тетігі әзірленеді.
      Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.
      Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында әлеуметтік диалогтың рөлі артады және жұмыс берушілердің зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына ерікті, кәсіптік аударымдарды жүзеге асыруы үшін шарттық әлеует пайдаланылады.
      Әлеуметтік диалогты одан әрі нығайту, ұжымдық шарттар жүйесін, атқарушы билік органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар және өзге де уәкілетті қызметкерлер, барлық деңгейдегі адамдар мен ұйымдар арасындағы өзара сындарлы қарым-қатынастарды дамыту Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің жобасында қамтылған жаңа қағидаттардың негізінде жүзеге асырылатын болады.
      Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында:
      1998 жылғы 1 қаңтарға зиянды және ауыр еңбек жағдайларында еңбек өтілін жинақтаған адамдарға қосымша жәрдемақылар енгізіледі;
      балалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылады;
      жүктілігі бойынша демалыста және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын әлеуметтік төлемдерден зейнетақы жарналарын аударуды жалғастыра отырып, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, бала тууды және ана болуды міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі;
      әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы күшейтіледі;
      тұрмысы төмен халықтың жұмыссыз бөлігі арасында жұмыспен қамтудың белсенді нысандары пайдаланылады;
      мүгедектерді, оның ішінде сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулер жолымен, қолдау қамтамасыз етіледі.
      Орнықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
      Еңбек нарығында отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек көші-қонын реттеу мақсатында:
      ұлттық еңбек нарығының мүдделерін ескере отырып, өңірлік аспектіде шетелдік жұмыс күшін пайдалану проблемаларын кешенді шешуге бағытталған көші-қон саясатын жетілдіру;
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға және Қазақстан мен Орталық Азия өңірі елдерінің арасында білікті жұмыс күшінің басқарылатын қозғалысына бағытталған тетіктерді қалыптастыру;
      жергілікті мамандарды кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға айрықша ден қоя отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру жөніндегі саясатты жүргізу;
      еңбек нарығының өңірлік және салалық қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың икемді жүйесін құру;
      кәсіптік даярлыққа және біліктілігін арттыруға жіберу кезінде әйелдер мен жастарға басым құқық беру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
      Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды халықаралыққа кезең-кезеңімен жақындатуға сәйкес жұмыс күшінің қарапайым молықтырылуын қамтамасыз ететін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады.
      Бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақылары енгізіледі.
      Республика ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Республика ұйымдарында өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі ескерту, алдын алу шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларын сақтауды мемлекеттік және ведомстволық бақылау күшейтіледі.
      Отбасының жағдайын жақсарту, ерлер мен әйелдердің некедегі құқықтары мен мүмкіндіктеріне кепілдіктердің сақталуы мақсатында Қазақстанда неке мен отбасының беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады.
      Гендерлік саясатты одан әрі институционалдық дамыту мәселесі пысықталатын болады.
      Халықты гендерлік мәселелер бойынша ақпараттық ағарту ісі және білім беру жүйесіне гендерлік білімді енгізу жалғастырылады.
      Дағдарыс орталықтарын дамыту, сенім телефондарын, зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша баспана мен панажай желісін құру үшін шаралар әзірленетін болады.
      Нәтижелері
      2008 жылы шамамен жарты миллионға жуық зейнеткерге зейнетақы мөлшері және бір жарым миллионнан астам алушыларға базалық зейнетақы мөлшері 35 процентке арттырылатын болады.
      Бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар ұлғайтылатын болады. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту кеңейтілетін болады және демографиялық ахуал жақсартылады.
      Отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын шешу үшін жағдай жасалатын болады.

      4.3.6. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту
      Мақсаты
      Жастардың жан-жақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық жағдай жасау.
      Міндеттері
      1. Жастардың экономикалық белсенділігін дамытуға жәрдемдесу.
      2. Жас ұрпақтың азаматтық өзіндік сана-сезімін дамыту.
      3. Жастардың әлеуметтік мәні бар бастамаларын іске асыру.
      Шешу жолдары
      Жастардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында:
      жастар саясатын іске асыру саласындағы стандарттарды кейіннен тұжырымдай отырып, жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсетулер ұсынудың өлшемдері мен индикаторлары әзірленеді;
      жас отбасыларды тұрғын үймен басым қамтамасыз ету мәселесін шешу жөнінде шаралар көзделеді;
      жұмысшы мамандықтарды танымал ету және насихаттау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұрақты жүргізіледі;
      әрбір салада жастар үшін әлеуметтік қызметтер жұмысын дамыту қамтамасыз етіледі;
      жастардың экономикалық бастамалары іске асырылады;
      "Жасыл ел" ұлттық жобасын іске асыру жалғастырылады және жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тартуға бағытталған жаңа жобалар әзірленеді;
      азаматтық өзіндік сана-сезімді қалыптастыру, өз елімен ұштастыру мен сәйкестендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылады;
      жүйелі негізде табысты жас қазақстандықтың имиджін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Нәтижелері
      2009 жылы жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсетулердің бірыңғай стандарты бекітілетін болады.
      Қолданыстағы заңнамаға жас отбасыларды тұрғын үймен басым қамтамасыз ету, өзара еңбек қатынастарын және кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      Жұмысшы мамандықтарын танымал ету және оны насихаттау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізудің нәтижесі жастардың кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту мен оның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру болады.
      2009 жылы әрбір облыста облыс деңгейінде кемінде - екі және аудан деңгейінде бір жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыс істейтін болады.
      Жыл сайын әрбір өңірде жастардың кемінде бір бизнес-жобасы іске асырылады.
      Жастар ұйымдарының кемінде 60 % қызметі жастарға патриоттық тәрбие беруге жұмылдырылатын болады.

      4.3.7. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мәдениет саласын дамыту
      Мақсаты
      Ұлттың мәдени және рухани әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау.
      Міндеттері
      1. Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың факторы ретінде мемлекеттік тілдің, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерінің рөлін арттыру.
      2. Қазақстандық мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау.
      3. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту.
      4. Мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру.
      5. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігі тетігін жетілдіру.
      Шешу жолдары
      Мемлекеттік тілдің нақты мәртебесін қамтамасыз ету үшін:
      сараланған инновациялық-технологиялық әдістемелерді пайдалана отырып мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру;
      мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
      тіл туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      Бұдан басқа, орыс және ағылшын тілдерін одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданады.
      Қазақстандық мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау үшін:
      Қазақстан халықтарын рухани дамыту қорын құру туралы мәселе зерделенеді;
      мәдениет саласын жаңғырту, инновациялық менеджментті енгізу, орталықта және жергілікті жерлерде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру жөніндегі шаралар жүйесі іске асырылады;
      отандық мәдениет пен өнерді елде және шетелде одан әрі танымал ету жөнінде шаралар қабылданады;
      елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен тиімді пайдалану жөніндегі, оның ішінде тиісті заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Тұтастай алғанда шаралар маңызды халықаралық мәдениетаралық және конфессияаралық диалог орталықтарының бірі ретінде Қазақстанның рөлін арттыруға бағытталатын болады.
      Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жаңғыртылуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін олардың технологиялық базасын нығайтуға, ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасы мен жеделдігін жақсартуға бағытталған шаралар кешені кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
      Діни сенім бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі іске асыру үшін мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігі тетігін одан әрі нығайту үшін:
      мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру практикасы жалғастырылады;
      үкіметтік емес ұйымдармен диалог тетіктерін одан әрі нығайту және дамыту үшін жағдай жасалады;
      азаматтық қоғам институттарын дамытудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады;
      қазақстандық патриотизм идеяларын насихаттау негізінде этникааралық келісімді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.
      Нәтижелері
      16 өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жұмыс істеуі. 2009 жылға қарай оны меңгермеген мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытумен 100 % қамтуға қол жеткізу.
      Халықты мәдениет саласындағы қызмет көрсетулермен қамтамасыз етудің дәйекті жұмыс істейтін және тұрақты дамып келе жатқан қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру.
      2007 жылы - 25 тарих және мәдениет ескерткішін, 2008 жылы - 39 тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру.
      Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары ұстанатын қызмет көрсетулердің сапасын арттыру.
      Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің диалог тетіктерінің рөлін нығайту және қоғамдағы төзімділікті сақтау.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту.

      4.3.8. Туризм мен спортты дамыту
      Мақсаты
      Халықтың денсаулығын нығайту және жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия және дене шынықтыру мен спорттың тиімді жүйесін құру.
      Міндеттері
      1. Туристік кластерлерді одан әрі дамыту, елдің тартымды туристік имиджін және туризм инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жағдайлар жасау.
      2. Жоғары жетістіктер спортын және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамыту.
      Шешу жолдары
      Туризм саласында:
      бәсекелі басымдықтарын ескере отырып, Қазақстанның өңірлерінде туристік кластерлерді одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданады;
      Қапшағай су қоймасының жағалауында және Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туризм мен ойын-сауық объектілерінің дамыған инфрақұрылымы бар туристік орталықтар құрылады. Жібек жолы бойынша туризмді ұйымдастыру одан әрі дамиды, сондай-ақ Каспийде жағажайлық және круиздік туризмнің дамуы үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданады;
      елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызмет көрсетулерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Спорт саласында:
      спорт инфрақұрылымын, әсіресе ауылдық жерлерде дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады және халықтың барлық жігін бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту үшін жағдай жасалады;
      2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу жөнінде шаралар қабылданады;
      спорт резервін, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
      жоғары жетістіктер спорты проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты құрылады.
      Нәтижелері
      Туризм саласында туристер ағынының өсуі қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
      ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3400 мың туристен 2009 жылы 4000 мың туристке дейін;
      сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4500 мың туристен 2009 жылы 6000 мың туристке дейін.
      Сырттан келушілер туризмін дамыту есебінен халықтың туризм саласында жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2009 жылы 499,4 мың адамға дейін қамтамасыз етілетін болады.
      Спорт саласында:
      жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі ұлғаяды;
      балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны 8,5 %-ке жетеді;
      балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 2007 жылғы 400-ден, 2009 жылы 420-ға дейін ұлғаяды;
      аудан орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады;
      2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу қамтамасыз етіледі;
      жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасы құрылады.

      4.4. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін нығайту

      4.4.1. Қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
      Мақсаты
      Құқық тәртібін нығайту, құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру, ұйымдасқан және жасөспірімдер қылмысына, нашақорлық пен есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейту, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде жол қауіпсіздігін қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету.
      Міндеттері
      1. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, құқық қорғау органдарын нығайту және дамыту, олардың қызметін үйлестіруді жақсарту.
      2. Озық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру.
      3. Құқық қорғау қызметінің, бірінші кезекте, ұйымдасқан қылмыстың неғұрлым қауіпті түрлеріне, терроризм мен діни экстремизм көріністеріне, есірткінің заңсыз айналымына, жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру.
      4. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту. Экономиканың сыбайлас жемқорлық дәрежесін азайту бойынша елдің көрсеткіштерінің жақсаруы.
      5. Меншік иелерінің құқықтары мен заңдық мүдделерін олардың мүлкіне заңға қайшы қол сұғушылықтардан қорғаудың тиімді құқықтық тетіктерін құру.
      6. Заңға қайшы жасалған әрекеттер үшін жазаны бұлтартпауды қамтамасыз ету.
      7. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты күшейту.
      Шешу жолдары
      Құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру күшейтілетін болады.
      Ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі, қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу кеңейтіледі.
      Үкімет криминологиялық және криминалистикалық ғылымның соңғы жетістіктерін, сондай-ақ шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау қызметі мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
      Бейнеқадағалау желісін кеңейту, бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру және кіріктірілген деректер банктерін құру бөлігінде аумақтық ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары техникалық жағынан одан әрі дамытылады.
      Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысына жұртшылық пен халықты кеңінен тарта отырып, олардың алдын алудың мемлекеттік жүйесі құрылады.
      Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайтуға бағытталған халықпен өзара іс-қимылдың әлеуметтік бағдарланған әдістеріне негізделген алдын алу қызметіне тұжырымдамалық жаңа қағидаттар әзірленеді және қолданылады.
      Құқық қорғау органдары басшыларының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полиция мен басқа да құқық тәртібі күштерінің қызметін насихаттау мәселелері бойынша халықпен тұрақты есеп беру кездесулерін өткізуі практикаға енгізіледі.
      Қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары әзірленіп, енгізіледі.
      Елде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған шаралар кешені әзірленіп, іске асырылады.
      Қауіпсіз тыныс-тіршілік үшін жағдайлар жасау және қылмыс пен құқық бұзушылықтарды жасау үшін мүмкіндіктерді азайту мақсатында елді мекендердің инфрақұрылымына қойылатын талаптар әзірленетін болады.
      Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу мен ескертуге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту мәселелерін шешуге бағытталған тәрбие жұмысының тиімділігі арттырылатын болады.
      Жастардың демалыс орындарында есірткіні таратудың жолын кесу, есірткінің таралу фактілері анықталған көңіл көтеру орындарының, жастардың бос уақыттарын өткізу және демалыс орындарының басшылары мен иелерінің жауапкершілігін қатаңдату жөнінде қосымша шаралар қабылданады.
      Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің нысандары мен әдістері жетілдіріледі. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жақсартылатын болады.
      Тергеушілердің іс жүргізу тәуелсіздігі күшейтіледі, олардың мәртебесі арттырылатын болады, тергеу қызметкерлерінің кәсіби өзегін нығайту және тергеу органдарындағы кадрлардың тұрақтамауын азайту үшін жағдай жасалады.
      Адвокаттардың мәртебесі арттырылады әрі қылмыстық және әкімшілік процестерде азаматтардың құқықтарының сақталуы үшін адвокатураның әлеуметтік жауапкершілігі күшейтіледі, азаматтарды мәжбүрлеп әкелу орындарында адвокаттардың кезекшілік жасау практикасын енгізу жоспарланып отыр.
      Үкімет сот сараптамасы жүйесін материалдық-техникалық, ғылыми және кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде қосымша шаралар қабылдайды.
      Құқық қорғау органдарының қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс күшейтіледі.
      Шекаралық және паспорттық бақылаудың тиімділігі арттырылады, заңсыз көші-қонға, терроризм мен діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл жасау шаралары күшейтіледі.
      Еңбек иммигранттарының қазақстандық заңнаманы сақтауын бақылауды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылдау көзделіп отыр.
      Үкімет жол-көлік оқиғалары құрбандарының санын азайтуға бағытталған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар кешенін іске асыратын болады.
      Басым бақылау-қадағалау функциясынан қызмет көрсету функциясына көшу жоспарлануда.
      Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңдық мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғау қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, оны анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік-құқықтық база жетілдіріледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нысандары мен әдістері, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл оңтайландырылады, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығы жандандырылады;
      Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторларын жақсарту мақсатында коммерциялық шығындар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік шығыстарды қысқарту жөнінде қосымша шаралар әзірленіп, іске асырылады.
      Үкімет "рейдерлікке" қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды тұжырымдайды, меншік иелерінің құқықтарын қорғауға және осы құбылысқа ықпал ететін іс-әрекеттер үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгілеуге бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады.
      Нәтижелері
      Азаматтарда заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғалу сезімін қалыптастыру, құқық қорғау органдарының халықпен ынтымақтастығын дамыту.
      Жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың санын азайту.
      Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының санын қысқарту.
      Қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру, заңдылықты бұзу оқиғаларын болдырмау, тергеу қызметкерлерінің нақты іс жүргізу тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
      Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдардың іс-қимылын үйлестіруді жақсарту, есірткінің заңсыз айналымының ауқымын және нашақор қылмыскерлердің белсенділігін төмендету.
      Заңсыз еңбек көші-қон деңгейін төмендету, ішкі еңбек нарығы үшін залал келтірмей шетелдік жұмыс күшін бөлу.
      Көлік құралының бір бірлігіне шаққанда жол-көлік оқиғаларының санын қысқарту, ЖКО зардаптарының ауырлығын төмендету.

      4.4.2. Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту
      Мақсаты
      Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру.
      Міндеттері
      1. Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелеріндегі адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін арттыру.
      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.
      3. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының тиімділігін арттыру.
      4. Кадр құрамын нығайту, қызметкерлерді кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру, ҚАЖ мекемелері персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру, ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының санын азайту.
      Шешу жолдары
      Үкімет ҚАЖ-ды одан әрі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдайтын болады.
      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық қызмет көрсету сапасы арттырылады, қауіпті аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу мәселелері бойынша денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл күшейтіледі.
      Бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстың алдын алу және түзеу мекемелерінде сотталғандарды ұстау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жедел және режимді жұмыс күшейтіледі.
      Қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары үшін өндірістік қуаттар жаңартылады және мемлекеттік тапсырыстар көзделеді.
      Жергілікті атқарушы органдар жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі органдардың жұмысы жандандырылады.
      Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін, оның ішінде жұмыс берушілерді азаматтардың көрсетілген санатын жұмысқа қабылдауға ынталандыру жолымен жағдай жасалатын болады.
      Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаушы қылмыстық-атқару инспекцияларының функциялары кеңейтіледі. Олардың базасында мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы сынақтан өткізу қызметі құрылатын болады.
      Тиісті өңірлердің жағдайларын ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің сараланған жүйесі енгізілетін болады.
      Нәтижелері
      Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының, оның ішінде жедел және режимдік жұмысты ұйымдастыру, қылмыстың деңгейін және рецидивін, бас бостандығынан айыру орындарындағы өлімді азайту бөлігінде тиімділігін арттыру.
      Еңбекпен қамтылған сотталғандардың санын ұлғайту.
      Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.
      Жазалаудың балама шараларын атқарудың тиімділігін арттыру. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталғандардың арасында қайталама қылмысты азайту.
      ҚАЖ қызметкерлерінің сапалық құрамын жақсарту, ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту үшін жағдайлар жасау.

      4.4.3. Сұрапыл зілзалалардың, авариялар мен апаттардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шараларды іске асыру
      Мақсаты
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және мемлекеттік төтенше жағдайлар жүйесінің күші мен құралдарының сұрапыл зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жоюға дайындық деңгейін арттыру.
      Міндеттері
      1. Төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.
      2. Республика халқының кемінде 80 %-ін ТЖ туралы хабарлау жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету, су тасқыны, топырақ көшкіні, сел және қар көшкіні туындауы бойынша қауіпті ошақтар мен учаскелердің кемінде 70 %-іне мониторингті жүзеге асыру.
      3. ТЖ-ға, оның ішінде азаматтық қорғаныс (АҚ) жүйесінің және апаттар медицинасының жедел ден қою күштері мен құралдарын дамыту.
      4. Халықты оқытудың, ТЖ және АҚ саласында мамандар даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
      5. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде зардап шеккендердің және қаза болғандардың санын және олардан болатын материалдық шығын мөлшерін азайту.
      Шешу жолдары
      Жер сілкіністерінің мониторингі, оларды болжау және ғылыми зерттеу жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      Халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи сұрапыл зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені іске асырылатын болады.
      Жаңадан салынатын және қайта жаңғыртылатын объектілерде сейсмикалық төзімді құрылыс нормаларының сақталуын бақылау күшейтілетін болады.
      Халықты ТЖ-дан қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары әзірленіп, енгізілетін болады.
      Өнеркәсіп объектілерінде техногендік аварияларды жою кезінде құтқару операцияларын жүргізудің жаңа технологиялары енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының батыс өңірінде құтқару орталығын және Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік құтқару орталықтарын құру мәселелері пысықталады.
      Каспий теңізінде Төтенше жағдайлар министрлігінің түрлі сыныпты кемелермен, авариялық-құтқару және өрт-техникалық жабдықтарымен жарақтандырылған мамандандырылған теңіздегі авариялық-құтқару жасағы құрылатын болады.
      ТЖ және АҚ жүйесіне арналған бірыңғай корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық желі құру мәселесі пысықталатын болады.
      Өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді мекендерді өрттен қорғау әрі дала және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру жүйесі құрылатын болады.
      ТЖ саласында бақылау және рұқсат беру жүйелерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      Мемлекеттік материалдық резервті ұйымдастыру жетілдірілетін болады.
      Сұрапыл зілзалалардың, авариялар мен апаттардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық кеңейтіледі.
      Нәтижелері
      ТЖ және АҚ саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, тәуелсіз Қазақстанның геосаяси жағдайын ескере отырып, жаңа қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге жауап беретін дайындық деңгейіне дейін жеткізу.
      Халықты, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, аумақтарды сұрапыл зілзалалардан, авариялар мен апаттардан қорғау жүйесін жақсарту.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын залалды азайту.

      4.5. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру

      4.5.1. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
      Мақсаты
      Экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес экспортты ұлғайту.
      Міндеттері
      1. Әртараптандыру процесін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
      2. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру.
      3. Үлкен мультипликативтік тиімділігі бар жаңа технологиялық және жүйе құрайтын өндірістерді дамыту, оның ішінде "серпінді" инвестициялық жобаларды іске асыру.
      4. Жұмыс істеп тұрған өңдеуші өндірістерді жаңғыртуды ынталандыру.
      5. Өңдеуші өнеркәсіптің ғылымды қажетсінуін арттыру үшін
ынталандырулар туғызу және бизнестің инновациялық-кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыру.
      6. Нақты экспорттық "тауашаларды" айқындау және бағындыру жолымен қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы нарықтарға экспансиясы үшін жағдайлар жасау.
      7. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту.
      8. Экономиканы білікті еңбек кадрларымен қамтамасыз ету.
      Шешу жолдары
      Әртараптандыру процесін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін мыналар көзделеді:
      жетекші әлемдік агенттіктердің электрондық дерекқорларын пайдалана отырып, экономика секторларын талдау мен олардың мониторингі жүйесін құру, оның негізінде Қазақстан экономикасының негізгі салаларын жүйелі талдау мен бағалау, басқа да елдердің бәсекелі өндірістері мен салаларына, сондай-ақ халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық компанияларға салыстырмалы талдау жүргізіледі;
      қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін, оның ішінде дәстүрлі емес жаңа экспорттық "тауашаларды" айқындау;
      қолда бар талдамалық, маркетингтік және технологиялық пайдаланымдарға сыни талдау жүргізу және оларға қол жеткізудің түпкі нәтижелері мен мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік холдингтердің кейінгі іс-қимылдарын айқындау;
      қазақстандық экспорттаушылар мен экономика секторларының артта қалып қоюына әкелетін немесе керісінше оларға бәсекелі артықшылықтар беретін факторларды айқындау;
      пилоттық кластерлерді және тиісті үйлестіруші кеңестердің қызметін нақты қолдауға бағытталған кластерлік бастамаларды іске асыруды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
      перспективалық технологиялық "тауашаларды" анықтауды қамтамасыз ететін технологиялық талдау мен мониторинг жүйесін әзірлеу;
      перспективалық»"серпінді", оның ішінде өңірлік жобалар туралы отандық компанияларды хабардар ету жүйесін құру;
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру барысының мониторингі мақсатында жұмыс істеп тұрған өндіргіш күштерді, минералдық ресурстардың қорын, инфрақұрылымды, сондай-ақ іске асырылатын инвестициялық, оның ішінде "серпінді" жобаларды орналастырудың электрондық картасын қалыптастыру;
      жаңа экономикалық шарттар мен басымдықтарды ескере отырып, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын түзету.
      Экономиканың шикізаттық емес салаларын да инвестициялық белсенділікті ынталандыру үшін мынадай:
      елде әлеуметтік-саяси, нормативтік, ұйымдастырушылық-экономикалық факторлар сияқты инвестициялық қызметті жүргізудің базалық шарттарын жетілдіру;
      халықаралық стандарттарға жауап беретін тиісті өндірістік және көлік-коммуникациялық инфрақұрылым құру және білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспары әзірленетін болады;
      экономиканың шикізаттық емес секторларының инвестициялық тартымдылығына, оның ішінде жаңа өндірістерді ашу рәсімдерін жеңілдету есебінен теріс әсер ететін факторларды анықтау және жою жөнінде нысаналы бағыттағы жұмыстар жүргізу;
      жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндірістерге салынатын инвестицияларды, оның ішінде шетелдік әріптестерді іздестіру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу, инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу жолымен мемлекеттік қолдау;
      экономиканың шикізаттық емес секторларының инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде белсенді ақпараттық-тұсаукесер жұмысын жүргізу;
      инвестицияларды өзара қорғау мен көтермелеу саласында халықаралық-шарттық құқықтық базаны кеңейту;
      ифрақұрылымдық жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру үшін Қорлар қорын құру, Қазақстандағы және Еуразия өңіріндегі ірі экспортқа бағдарланған және жүйе құраушы өндірістерді дамыту жөніндегі шаралар көзделеді.
      Үлкен мультипликативтік тиімділігі бар жаңа технологиялық және жүйе құрайтын өндірістерді дамыту, оның ішінде "серпінді" инвестициялық жобаларды іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
      едәуір қосылған құны, мультипликативтік тиімділігі мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың құрылымын өзгертуге қабілетті бірқатар жобаларды айқындайтын "серпінді" инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бас жоспар әзірлеу;
      "серпінді" инвестициялық жобаларды іске асыруға, ел аумағында 5-6 кластер жасауға және дамытуға ірі отандық бизнесті тарту әрі оның шағын және орта бизнеспен өзара іс-қимылын ынталандыру;
      шекара маңы аудандарында, өнеркәсіптік-сауда және қаржылық белсенді орталықтарда жаңа сауда-экономикалық аумақтар құру және дамыту;
      өңірлердің индустриялық саясатын іске асыруға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың белсенді қатысуы;
      қаржы институттарын ұлттық және өңірлік деңгейлерде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға тарту;
      жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық сервистік нарықты дамыту жөнінде пәрменді шаралар, оның ішінде "Отандық өндірушілер мен шетелдік инвесторлардың бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесін құру есебінен, әзірлеу.
      Минералдық шикізат кешенінің аралас және ілеспе өндірістерін, мұнай-химия саласын, машина жасауды, химияны және өңдеуші өнеркәсіптің басқа да салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
      Орта мерзімді перспективада мұнай-химия өндірісін әлемдік деңгейде одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін тұңғыш әлемдік кластағы интеграцияланған мұнай-химия кешені құрылады. Атырау облысында "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы құрылады және Маңғыстау облысында мұнай-химия технопаркін қалыптастыру жөніндегі ұсыныс пысықталады.
      Өңдеуші кәсіпорындардың негізгі қорларының жай-күйіне талдау жасалады және технологиялық дамуды ынталандыру жөнінде шаралар кешені әзірленеді.
      Қазіргі заманғы технологияларды беруші компанияларды жаңа технологиялармен қазақстандық персоналды жұмыс істеуге міндетті түрде оқытуды жүргізуді ынталандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      Өңдеуші өнеркәсіптің ғылымды қажетсінуін арттыру, бизнестің инновациялық-кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыру және ұлттық инновациялық жүйені одан әрі дамыту үшін мыналар көзделеді:
      отандық инновациялық әзірлемелерді, оның ішінде гранттық қаржыландыру мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді бірлесіп қаржыландыру есебінен институционалды және қаржылық қамтамасыз ету;
      технологиялардың, оның ішінде шетелдік технологиялардың трансфертін ынталандыру;
      ұлттық патент жүйесін, оның ішінде патенттік белсенділікті арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жолымен одан әрі дамыту;
      технопарктер мен бизнес-инкубаторларды нығайту;
      авторлық құқықтарды, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тануды қоса алғанда, өркениетті технологиялар нарығын дамыту үшін жағдай қалыптастыру;
      ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін экономиканың нақты секторына беру тетігін әзірлеу;
      автоматтандырылған жобалау жүйесін пайдалана отырып, конструкторлық бюро мен жобалау ұйымдары желісін құру;
      экономиканың басым бағыттары үшін жаңа сынақ зертханаларын (орталықтарын) құру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған сынақ әрі калибрлейтін зертханалардың жұмысын жетілдіру;
      ұлттық ғылыми-техникалық ақпаратқа, регламенттерге, дерекқорларға және инновациялық қызметке қажетті басқа да көздерге ашық қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында инновациялар патенттер банкін қалыптастыру.
      Венчурлік қаржыландыруды дамыту, отандық және шетелдік венчурлік қорлардың қызметін құру және жандандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Мемлекет тарапынан венчурлік индустрияны дамытуға белсенді жәрдемдесу ұлттық экономикада инновацияларды құру және капиталдандыру процестерін жеделдетуге бағытталады.
      "Қазына" АҚ шетелден жоғары технологиялық компанияларды сатып алу және республика аумағына өндірістердің бір бөлігін орналастыру жөнінде жұмыс жүргізеді.
      Шетелдік венчурлік қорлармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық база құрылады.
      Технологиялық парктер желісін құру және дамыту жөніндегі, оның ішінде "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының екінші кезегін салу, парктің инфрақұрылымын қалыптастыру, технологиялық толықтыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Нақты экспорттық "тауашаларды" айқындау және бағындыру жолымен қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға экспансиясын ынталандыру үшін мыналар көзделеді:
      қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы нарықтарға экспортын жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын қабылдау, оның шеңберінде перспективалық экспорттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің тізбесі қалыптастырылды, әлемдік нарықтарға шығу стратегиялары әзірленеді, перспективалық экспорттық "тауашалар" айқындалады, сондай-ақ отандық экспорттаушыларды институционалды қолдау жүйесі құрылады;
      шетелдік сарапшыларды тарта отырып, тұрақты негізде экспортты жылжыту мәселелері жөнінде семинарлар, тренингтер мен оқыту курстарын жүргізу;
      өнім экспорты кезінде әкімшілік рәсімдерді оңайлату, өңдеуші өнеркәсіптің өнімін жеткізуге арналған экспорттық келісімшарттарды сақтандыру жүйесін құру, өңдеуші салаларға арналған экспорттық кредиттерді кепілдендіру жүйесін қалыптастыру, байланыстырылған кредиттерді беру практикасын кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Негізгі назар Ресей, Қытай, Орталық Азия, Каспий және Қара теңіз өңірлері нарықтарына аударылатын болады.
      Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту үшін мыналар көзделеді:
      индустриялық-инновациялық инфрақұрылым (индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) қалыптастырудың және дамытудың бірыңғай саясатын әзірлеу;
      арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды құру мен орналастыру мәселелеріне жүйелілік беруге бағытталған "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын қабылдау;
      2007-2009 жылдар ішінде құрылатын индустриялық аймақтардың тізбесін айқындау;
      басым бағыттар бойынша, оның ішінде халықаралық қатысумен мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы "технологиялық парктер" мен "технологиялық бизнес-инкубаторлар" желісін одан әрі дамыту;
      жер учаскелерін бөлу, осы қызмет түріне арналған инвестициялық преференциялар беру жолымен индустриялық аймақтар, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар құруға жеке меншік бизнесті тарту жөнінде шаралар кешенін әзірлеу;
      Үкімет пен мемлекеттік холдингтердің жеке меншік сектормен бірлескен күш-жігері құрылған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды сапалы толықтыруға, сондай-ақ Өзбекстанмен, Ресеймен және Қытаймен шекаралас өңірлерде капиталды қажетсінетін өңдеуші өндірістерді өрістетуге және кеңейтуге бағытталатын болады. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы негізінде "Қорғас-Шығыс қақпасы" сауда-экономикалық аймағы құрылады.
      Ұқсас шаралар Қазақстан ауқымында "өсу нүктесі" болатын өңірлерде де қабылданатын болады.
      2008 жылы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы аяқталады, оның өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен Астана мен Теміртау қалаларында индустриялық аймақтар ұйымдастыру жөніндегі жұмыс аяқталады.
      Экономиканың өңдеуші секторына талап етілетін "тапшы" кәсіптерді талдау негізінде экономиканы білікті еңбек кадрларымен қамтамасыз ету үшін жыл сайын мамандықтардың тізбесі жасалады, олар бойынша оқыту мемлекеттің қолдауымен жүргізіледі.
      Қазіргі заманғы қажетті шеберханалары, оқу жабдықтары бар қазіргі заманғы, жақсы жарақтандырылған оқу орындарының желісін кеңейту мақсатында кәсіптік-техникалық білім беруді қолдау әрі қаржыландыру принципі қайта қаралады.
      Техникалық орта білім беру желісін дамытудан басқа, Үкімет мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындарға мемлекеттік гранттарды кеңейту, стипендиялар төлеу мен жатақханалар беру жолымен халықты оқуға тарту үшін қосымша ынталандырулар туғызу мәселесін қарайды.
      Кәсіптік техникалық училищелер түлектерінің талап етілуін арттыру үшін оларды оқыту бағдарламалары қазіргі заманғы өндірістік процеске бейімделетін болады. Осы мақсаттарда оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін әлеуетті жұмыс берушілер - кәсіпорындар белсенді түрде тартылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарында ұзақ мерзімді өндірістік практикадан жыл сайын міндетті өту мәселесі зерделенеді.
      Нәтижелері
      2006 жылмен салыстырғанда 2009 жылы мыналар күтіледі:
      өңдеуші өнеркәсіпте өнеркәсіп өндірісі көлемінің нақты алғанда 8-9 % деңгейінде жыл сайынғы өсуіне қол жеткізу;
      өңдеуші өнеркәсіпке жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 1,5 есеге ұлғайту;
      шикізаттық емес экспорттың көлемін 1,5 есеге ұлғайту;
      өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының орташа тозу көрсеткішін кемінде 10 %-ке азайту;
      өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 30 %-ке ұлғайту;
      ЖІӨ-нің жалпы ғылымды қажетсінуін (ҒЗТКЖ-ға арналған ұлттық шығыстарға қатысты (мемлекеттік және жекеше) ЖІӨ-ге) 0,5 %-ке дейін арттыру;
      ҒЗТКЖ-ға арналған ұлттық шығыстарда жеке меншік сектордың үлесін 45 %-ке дейін ұлғайту;
      кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін 3 есеге арттыру (патенттердің санын арттыру);
      өңдеуші өнеркәсіпте кемінде 5 "серпінді" жобаны іске асыру.

      4.5.2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
      Мақсаты
      Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын оның салалары өнімділігінің өсуі мен кірістілігі негізінде қамтамасыз ету, отандық өнімнің бәсекелік артықшылығын дамыту. P081106
      Міндеттері
      1. Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру.
      2. Аграрлық өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз ету және оның инфрақұрылымын дамыту.
      3. Қазақстандық тауарлардың экспорттық нарықтарға жылжуы үшін негізгі бағыттар мен "тауашаларды" айқындау және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нақты "серпінді" жобаларды іске асыру.
      4. АӨК салаларын қазіргі заманғы прогрессивтік энергия, ылғал және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу негізінде техникалық және технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету.
      5. Аграрлық ғылым мен инновациялардың рөлін арттыру.
      Шешу жолдары
      Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясат агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін әзірлеуге және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталады. Балық шаруашылығын дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады.
      Агроөнеркәсіптік кешенді институционалдық қолдауды оңтайландыру үшін "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның құрылымдарын функционалдық талдау, тиімділігін бағалау мен бейіндеу жүргізіледі.
      Аграрлық өндірісті әртараптандыру және оның инфрақұрылымын дамыту мақсатында:
      агроөнеркәсіптік кешен салаларында өңірлерді мамандандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
      агроөнеркәсіптік кешен салаларының, ең алдымен, ауыл шаруашылығы құралымдарының өнімділігі мен кірістілігін арттыру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді;
      республикада ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме (коммуналдық) рыноктарын дамыту жалғастырылады;
      агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың және оның өнімінің рыноктарын реттеудің мынадай жаңа тетіктері енгізіледі:
      Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының қатысуымен микрокредит ұйымдарын құру;
      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттерге кепілдік беру жүйесін қалыптастыру;
      ауылдық округ деңгейінде ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету.
      Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және индустрияландыру:
      республиканың негізінен астықты белдеуі - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында экспортқа бағдарланған астықты қайта өңдеуші кластерлерді дамытуда;
      республиканың негізінен жеміс-жидекті белдеуі - Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан, көкөніс шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындардың қатысуымен бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс кластерін дамытуда;
      Қостанай облысында бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған сүт кластерін дамытуда кластерлік қағидатты іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі өндіріс, оның ішінде "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның қатысуымен дамиды.
      Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту басымдықтарын қалыптастыру мақсатында:
      шетелдік агроазықтүліктік рыноктардағы экспорттық "тауашаларды" анықтау жөнінде жұмыс жүргізіледі;
      агроөнеркәсіптік кешен өнімінің сыртқы нарықтарға жылжытылуы үшін экспорттық инфрақұрылымды қалыптастыру және оны одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданады.
      Үкімет астықты және оның қайта өңдеу өнімдерін сыртқы нарықтарға тасымалдауды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын әзірлейді, сондай-ақ Қара және Каспий теңіздерінің порттарында астық терминалдарын салу мен жарақтандыруды қамтамасыз етеді.
      Республикада қайта жаңартылған ресурстардан биоотын шығару жөніндегі өндірістерді, дамыған инфрақұрылымы бар осы заманғы бордақылау алаңдарын құру мен дамытуды ынталандыру мақсатында қажетті шаралар тұжырымдалады, сондай-ақ тиісті жобалар іске асырылады.
      АӨК салаларын қазіргі заманғы прогрессивтік энергия, ылғал және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу негізінде техникалық және технологиялық жаңғырту мынадай жолмен қамтамасыз етіледі:
      суармалы жерлерді дамыту және энергия, ылғал және ресурс үнемдеуші технологияларды, ауыл шаруашылығында су пайдалану мен қалдықсыз технологиялардың айналымды және тұйық жүйелерін енгізуді ынталандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сыналатын сорттарының сапасын бағалау жөніндегі зертханаларды жарақтандыру;
      ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың басым бағыттары бойынша өндірісті әзірлеу мен ұйымдастыру жөніндегі бас жобалау-конструкторлық бюролар құру мен олардың тиімді жұмыс істеуі жөнінде шаралар әзірлеу.
      Аграрлық ғылым мен инновациялардың рөлін арттыру үшін ғылыми зерттеулер негізінде тиімділігі жоғары технологиялар құру жөнінде іс-шаралар іске асырылатын болады.
      АӨК үшін ғылыми-білім беру кешендерін құру мақсатында салалас жоғары оқу орындарының әлеуетін шоғырландыру қамтамасыз етіледі, сондай-ақ аграрлық бейінді ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарын білікті ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар тұжырымдалады.
      Ғылыми-өндірістік орталықтардың, тәжірибе шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының базасында "ҚазАгроИнновация" мамандандырылған компаниясы құрылады және "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ға беріледі.
      Нәтижелері
      АӨК жалпы өнімінің көлемі 1 гектар егістікке шамамен 300 АҚШ долларын құрайды.
      2007-2009 жылдары тамақ өнеркәсібі өнімінің өндірісі көлемінің өсу қарқыны жылына шамамен 7 %-ті құрайды.
      Ауыл шаруашылығы өндірісінің энергиямен қамтамасыз етілуі 1 гектар егістікке 178 ат күшін құрайды.
      Республиканың машина-трактор паркі жыл сайын 2 %-ке жаңартылады.
      Егістік құрылымында жоғары рентабельді дақылдар егістігі 70 %-ке дейін ұлғаяды.
      Суғаратын суды тұтынуды үнемдеу 20-30 %-ті құрайды.

      4.5.3. Жер қатынастары, геодезия және картография
      Мақсаты
      Жер қатынастары, геодезия және картография, сондай-ақ жер ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру.
      Міндеттері
      1. Жер учаскелерін, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысына беру және ресімдеу рәсімінің ашықтығын әрі оңайлатылуын қамтамасыз ете отырып, жерді нарықтық айналымға тарту көлемін ұлғайту.
      2. Жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын, геодезиялық және
картографиялық іс-шараларды реттеу саласында заңнамалық, ғылыми-әдістемелік және нормативтік құқықтық қамтамасыз ету.
      3. Халықаралық талаптарға жауап беретін және мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз ететін геодезиялық және картографиялық өнім шығаруды ұлғайту.
      Шешу жолдары
      Алға қойылған міндеттерді шешу үшін:
      жер заңнамасына нарықтық операциялар үшін қолжетімді жерді арттыру, жер учаскелерін беру тәртібінің ашықтығын және оңайлатылуын қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі;
      жер қатынастарын, геодезияны және картографияны реттеу жөнінде ғылыми, әдістемелік, нормативтік-техникалық құжаттама әзірленеді;
      жерді қашықтықтан зондтау және жергілікті жерлердің қазіргі жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік топографиялық карталардың ауқымды қатарын жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізіледі;
      елдің геодезиялық және картографиялық өнімдерге мұқтажын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады.
      Нәтижелері
      Жер учаскелерін беру мерзімі, оның ішінде шағын бизнес субъектілері үшін он бес күнге дейін қысқартылады, жер учаскелеріне арналған құжаттарды бір айға дейін ресімдеу мерзімі белгіленеді.
      Нарықтық айналымға тартылған ауыл шаруашылығы жерінің саны осы санаттағы барлық жердің кемінде бес процент деңгейіне жетеді.
      Жер қатынастары, геодезия және картография саласында тұтастай нормативтік құқықтық, ғылыми, әдістемелік, нормативтік-техникалық база жасалады.
      Мемлекеттік және басқа да тілдерде мемлекеттік топономикаға сәйкес келетін ауқымды қатардағы мемлекеттік топографиялық карталардың 20 %-ке дейінгісі жаңартылды, тақырыптық, оқу карталары мен атластар жасалды және шығарылды.

      4.5.4. Минералдық шикізат кешенін дамыту
      Мақсаты
      Өндіруші сектор қызметінің тиімділігі мен экономикалық қайтарымын арттыру.
      Міндеттері
      1. Экономиканың шикізат секторын тиімді басқаруды арттыру.
      2. Табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
      3. Қазақстанның әлемдік және өңірлік энергетикалық кеңістіктегі ұстанымын нығайту қамтамасыз етілетін болады.
      Шешу жолдары
      Республиканың минералдық шикізат кешенінің ресурстық базасын одан әрі дамыту және нығайту қамтамасыз етіледі.
      Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
      алаңдарды геологиялық және гидрогеологиялық толық зерделеуді жүргізу;
      кенді аудандарды геологиялық-минерагеникалық картаға түсіру;
      перспективалы учаскелерде іздестіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу;
      пайдалы қазбалардың кен орындарын, бірінші кезекте, көмірсутегі шикізатын ғарыштық болжау және іздестіру жүйесін құру;
      жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мониторингін жүргізу;
      мұнайдың және өзінен-өзі құйылатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тұмшалау;
      геологиялық саланың басым бағыттарын ғылыми-техникалық қолдау;
      жер қойнауы мен минералдық шикізат ресурстары мағлұматтары бар осы заманғы ақпараттық база құру.
      Маңызды тау-кен өнеркәсібі және мұнай-газ өндіретін аудандар бойынша жаңа буындағы геологиялық-картографиялық негіз құрылады, минералдық шикізат кен орындары мен жер асты суларын орналастырудың заңдылығы айқындалады. Халықаралық стандарттарға сәйкес пайдалы қазбалардың қорлары қайта бағаланатын болады.
      "Электрондық үкімет" шеңберінде осы заманғы ақпараттық технологиялар базасында жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады.
      "Электрондық үкіметті" дамыту шеңберінде»Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (ЖП ББМЖ) ақпараттық жүйесін құру жоспарланып отыр, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың басқару және өзара іс-қимыл, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелерді, экология, әлеуметтік сала, білім беру саласындағы міндеттемелерді, қазақстандық кадрлар мен тауар өндірушілерді, жұмыстар мен қызметтер көрсетушілерді және басқаларды тарту жөніндегі міндеттемелерді орындау мониторингі мен оларды бақылау мәселелерін келісуге мүмкіндік береді.
      Заңнамалық база жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру тәртібін оңайлату бөлігінде оны беру жөніндегі рәсімдерді оңтайландыру жолымен жетілдірілетін болады.
      Қазақстанның Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын (ӨСҚАБ) енгізуі шеңберінде де тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
      Қазақстанның энергетикалық шикізатты жеткізушілердің әлемдік нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Каспий құбыржол консорциумының мұнай құбырын кеңейтуді, Ақтау - Баку - Тбилиси - Джейхан бағыты бойынша мұнай тасымалдау жүйесін жасауды, Қазақстан - Қытай құбыржолын (II кезең) салу жобасы жөніндегі жұмысты жалғастыруды көздейтін көмірсутегіні тасымалдаудың мультимодальді экспорттық жүйесін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Газ саласын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленетін болады.
      Қытайға газ жеткізуді кейіннен және ықтимал кеңейте отырып, Бейнеу - Бозой және Шалқар - Самсоновка газ құбыржолын салу мәселесі қаралады.
      Нәтижелері
      Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2009 жылы алтын қорларының өсімі 20 тоннаны, мыс 245 мың тоннаны, қорғасын 100 мың тоннаны, мырыш 290 мың тоннаны құрайды.
      Жер асты суларының пайдалану қорларымен 937 ауылдық елді мекен қамтамасыз етілетін болады.
      Мұнай өндірудің өсімі жылына 78 млн. тоннаға дейін және газ 35,7 млрд текше метрге дейін қамтамасыз етіледі, көмірсутегілер бойынша экспорттық әлеует ұлғайтылады. Атасу - Алашонкоу мұнай құбырының өткізу қабілеті кеңейтіле отырып жылына 20 млн. тоннаға жеткізіледі.

      4.5.5. Тұрғын үй құрылысының әлеуметтік бағдарланған саясатын іске асыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
      Мақсаты
      Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тиімді нарықтық тетіктер негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту.
      Міндеттері
      1. Тұрғын үй құрылысын, оның ішінде жеке меншік құрылысты дамыту.
      2. Тұрғын үйді жалға беру секторын дамыту.
      3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту.
      4. Тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру.
      Шешу жолдары
      Үкімет Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар дайындайды.
      Елде жылжымайтын мүліктің бәсекелі және ашық нарығын құру үшін мынадай шаралар көзделетін болады:
      жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында әкімшілік және заңнамалық талаптарды оңайлату;
      жер учаскелерін ресімдеу жөніндегі рәсімдерді оңайлату және оларды беру ашықтығын қамтамасыз ету;
      жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жетілдіру;
      жылжымайтын мүлікті бағалаудың тиімді әдістерін әзірлеу.
      Республикалық бюджеттен тұрғын үй салынған аудандарда инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым құрылысына қаражат бөлу жолымен жеке тұрғын үй құрылысы секторын дамытуды ынталандыру саясаты жалғастырылады. Республикалық бюджеттен кредит қаражаты есебінен тұрғын үйлерді одан әрі салу жоспарланады. Астана қаласында бюджет саласының қызметкерлері үшін тұрғын үй салу, оның ішінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесін дамыту арқылы жалғастырылатын болады.
      Ипотекалық кредит беруге байланысты қызметтерді көрсететін сақтандыру компанияларын ынталандыру үшін тиісті заңнамалық негіз жасалатын болады.
      Үкімет тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту мақсатында:
      тұрғын үйді жалға беру (коммуналдық) секторын дамыту және жеке меншік жалдау үйлерін салуды ұйымдастыру үшін жағдай жасауды;
      экономикалық өсу полюстерінің маңында құрылатын серіктес қалаларда инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым салуды ынталандыруды;
      ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйелерін одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар тұжырымдауды ұйғарып отыр.
      Қолданыстағы өңірлік бағдарламаларға сәйкес апатты тұрғын үйлерді бұзу жалғастырылатын болады.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеу және тұрмысы төмен азаматтарға берілетін тұрғын үй жәрдемақылары жүйесін жетілдіру мәселесі зерделенетін болады.
      Үкімет құрылыс сапасын мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды.
      Құрылыс индустриясын дамытуды ынталандыратын негізгі шаралар, оны мемлекеттік қолдаудың, оның ішінде бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жаңа өндірістерін құруды ынталандыру жөніндегі нысандары мен әдістері де айқындалатын болады.
      Нәтижелері
      2007-2010 жылдары жалпы алаңы кемінде 33,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.
      Әкімдіктерде коммуналдық (жалға алу) тұрғын үйін алуға кезекте тұрған 14,0 мыңнан астам отбасы және бұзуға жататын апатты тұрғын үйлерде тұрып жатқан 5,0 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.
      Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сатып алуға ипотекалық кредит беру жөніндегі ставка кемінде 10 %-тен төмендейтін деңгейге дейін азайтылатын болады.
      Құрылыс индустриясына прогрессивті технологияларды енгізу есебінен өндірістің материалды қажетсінуі, энергияны қажетсінуі және еңбекті қажетсінуі 25-30 %-ке төмендетілетін болады.
      2010 жылға қарай ішкі нарық қажеттілігінің шамамен 70 %-ін құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциялардың отандық өндірісі қамтамасыз ететін болады.

      4.6. Техникалық реттеудің жаңа моделіне көшу
      Мақсаты
      Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнім мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілерді жою.
      Міндеттері
      1. Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру.
      2. Техникалық регламенттерде ең аз қажетті талаптарды белгілеу
жолымен әкімшілік кедергілерді жою.
      3. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнім туралы
ақпарат жинау және алмасу жүйесін жасау.
      4. Мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру, техникалық регламенттерді әзірлеу үшін айғақтау базасын құру.
      5. Аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау.
      6. Сәйкестікті растау жөніндегі отандық органдар мен зертханаларды халықаралық деңгейде тану.
      7. Отандық кәсіпорындарды халықаралық менеджмент жүйесінің
стандарттарына өту үшін ынталандыру және оларға жағдай жасау.
      8. Экономика салаларының қажеттілігін метрологиялық қамтамасыз ету үшін эталон базасын жетілдіру.
      9. Техникалық реттеу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі
функциялар мен стандарттау және аккредиттеу жөніндегі функциялардың ара жігін ажырату.
      10. Техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау.
      Шешу жолдары
      Қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
      қажетті заңнамалық актілерді әзірлеу және қабылдау;
      мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қабылдануымен жойылуға жататын ведомстволық құжаттарды айқындау мақсатында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге және өзге де нормативтік құжаттарға талдау жүргізуі;
      техникалық регламенттерді әзірлеу және қабылдау;
      техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін ықтимал қауіпті өнімнің есебін жүргізу;
      өнімнің өмірлік кезеңінің барлық сатыларында қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша оны қадағалау жөніндегі функциялардың аражігін ажырату;
      анықталған тәртіп бұзушылықтар үшін жазаның қайтымсыздығы мен шамалас болуын қамтамасыз ету;
      аумақтық бақылау органдарын, оның ішінде жедел талдаулар жүргізу үшін арнайы жабдықпен қамтамасыз ету;
      мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласын қысқарту;
      техникалық регламенттердің талаптарын орындауда айғақтау базасы ретінде қызмет ететін үйлестірілген стандарттар әзірлеу;
      республикада стандарттау жөніндегі жаңа техникалық комитеттер құру және олардың халықаралық стандарттау ұйымы (ISO), Халықаралық электротехникалық комиссия (ІЕС) мен Еуропалық стандарттау комитеті (СЕН) халықаралық техникалық комитеттерінің жұмысына қатысуын қамтамасыз ету;
      қажетті халықаралық стандарттарды сатып алу және оларды түпнұсқа тілінен, оның ішінде материалдық, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, телекоммуникация мен инфрақұрылым мәселелеріне байланысты, әсіресе, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қазақ және орыс тілдеріне аудару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты кәсіпорны базасында стандарттау жөнінде ұлттық орган құру;
      салалық мемлекеттік органдарда стандарттау қызметтерін құру;
      техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты кәсіпорны базасында сәйкестікті растау органдарын аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган мен зертханалар құру;
      мемлекеттік органдардың сынақ зертханаларын (орталықтарын) құру жөнінде шаралар қабылдау және жұмыс істеп тұрған сынақ зертханаларының (орталықтарының) жұмысын жетілдіру;
      шекара маңы сауда орталықтарын салу шеңберінде, сондай-ақ бейінді емес мемлекеттік активтерді бәсекелі ортаға беру есебінен өнім жөніндегі сынақ зертханаларын құру;
      аккредиттелген ұйымдар, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде беретін аккредиттеу, сертификаттар мен хаттамалар жүйелерінің баламалығы жөніндегі көп жақты және екі жақты келісімдер жасасу жөнінде шаралар қабылдау (қазақстандық экспортты жылжыту үшін»жасыл дәліз құру);
      ұлттық эталон базасын жетілдіру, оның шетелдік ұқсас желілерге сәйкес келуіне қол жеткізу;
      жаңа материалдар, биотехнология, ядролық технологиялар мен жаңартылатын энергия көздері технологиялары, көмірсутегі және тау-кен-металлургия секторларына арналған технологиялар және оларға байланысты сервистік салалар, сондай-ақ ақпараттық және ғарыш технологиялары саласындағы жоғары технологиялы өлшеу, сынау жабдығы құралдары мен эталондарын жаңғырту және олармен жарақтандыру жөнінде талдау жүргізу;
      өлшеу құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын құру;
      кәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджменті, экологиялық менеджмент жүйелеріне және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне арналған стандарттарды енгізуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету;
      өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында менеджмент жүйелерін жедел енгізу үшін халықаралық сарапшыларды тарту;
      менеджмент жүйелерін енгізетін және халықаралық стандарттар бойынша өнім шығаратын кәсіпорындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының лауреат кәсіпорындарын ынталандырудың экономикалық және қаржылық тетіктерін әзірлеу;
      техникалық регламенттерді, стандарттарды әзірлеуді, зертханалар құруды, даму институттарының қызметі шеңберінде жаңа өндірістер ашу кезінде менеджмент жүйелерін енгізуді қамтамасыз ету;
      халықаралық деңгейдегі сарапшы аудиторларды даярлау және біліктілігін арттыру;
      бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық реттеудің халықаралық моделіне көшу идеясын кеңінен жария ету.
      Нәтижелері
      Кемінде 100 техникалық регламент қабылдау.
      Өнім қауіпсіздігі мен нарықты қорғау деңгейін және отандық өнімнің шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      Өнімге және процестерге қойылатын талаптарды белгілеуде ведомстволық нормалауды және мемлекеттік органдардың функцияларды қайталауын болдырмау.
      Ұлттық стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру деңгейін 65 %-ке дейін жеткізу.
      Жұмысына Қазақстан қатысатын халықаралық техникалық комитеттердің санын 14-ке дейін арттыру.
      "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.
      Сәйкестікті растау жөніндегі кемінде 10 орган мен зертханаларды аккредиттеу.
      Сәйкестікті растау мен аккредиттеу нәтижелерінің шет елде мойындалуы.
      Ұлттық аккредиттеу жүйесін жетілдіру.
      Сәйкестікті растау рәсімдерін қысқарту немесе қайталама рәсімді болдырмау есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендету.
      Менеджмент жүйелерін енгізген кәсіпорындардың саны 1500-ге дейін артады.
      Өлшеу құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын құру.
      Метрология саласында бәсекелі ортаны дамыту және жекелеген қызметтер нарығын дамыту.
      Техникалық реттеу мен өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тиімді ұйымдық құрылымы.

      4.7. Инфрақұрылымды дамыту

      4.7.1. Көлік
      Мақсаты
      Экономика мен халықтың көлік қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация инфрақұрылымын озық дамыту, ол ең алдымен көлік инфрақұрылымының алуан түрлерін біртұтас көліктік, оның ішінде энергия-көліктік дәліздерге біріктіруге негізделген.
      Міндеттері
      1. Қозғалыс қарқындылығының перспективалық өсуін ескере отырып, автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келтіру.
      2. Темір жол саласын, әуе тасымалдары нарығын, транзиттік дәліздерді, көлік-логистика орталықтарын дамыту.
      3. Қазіргі заманғы жоғары технологиялық теңіз көлігін, порт және сервистік инфрақұрылым құру.
      Шешу жолдары
      Үкімет инфрақұрылым қызметтерінің сапасын арттыруға және құнын азайтуға назар аударатын болады.
      Автомобиль жолдарының негізгі транзиттік дәліздерін олардың параметрлерін оське кемінде 13 тонна жүктемесі бар кем дегенде II техникалық санатқа дейін жеткізе отырып, қайта жаңарту жалғасады, жергілікті маңызы бар жолдар желісі кеңейтіледі. Прогрессивтік технологиялар мен материалдарды енгізу жолымен автомобиль жолдарын салу мен оларға қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      Транзиттік әлеуетті дамытуда Батыс Еуропа - Ресей - Қазақстан - Батыс Қытай бағытындағы автокөлік дәлізін, Каспий теңізінің қазақстандық теңіз порттарын елдің шығыс қақпаларымен байланыстыратын ендік бағыттағы автомобиль және темір жол дәліздерін салу жөніндегі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылатын болады.
      Қазақстанның көлік тораптарында, оның ішінде Достық станциясында, Ақтау теңіз портында, "Қорғас" және "Тасқала - Озинки" өтпелерінде, Астана, Алматы және басқа қалаларда көлік-логистикалық орталықтар құрылатын болады.
      Инфрақұрылым объектілерін салу кезінде бұл процеске "Самұрық" және»"Қазына" акционерлік қоғамдары тартыла отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі кеңінен қолданылатын болады.
      Экономиканың және халықтың темір жол тасымалдарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мыналар көзделеді:
      темір жол саласын қайта құрылымдау процесін аяқтау;
      темір жол көлігімен тасымалдау саласында қызметтер көрсету құрылымын қайта қарау және оңтайландыру;
      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта құрылымдау және темір жол тасымалдары нарығында бәсекені дамытуға бағытталған темір жол саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
      темір жол желісін жаңғырту;
      жылжымалы құрамды жаңарту және жаңғырту, сондай-ақ локомотивтер мен вагондардың отандық өндірісін ынталандыру есебінен тасымалдар инфрақұрылымын дамыту;
      әлеуметтік мәні бар жолаушылар бағыттарының халық үшін қолжетімділігін сақтау;
      контейнерлік тасымалдарды дамыту;
      тасымалдар мен тарифтік саясат саласындағы нормативтік базаны жетілдіру.
      Азаматтық авиацияны одан әрі дамыту мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
      әуе кемелері паркін жаңарту;
      жергілікті және сыртқы әуе нарығында бәсекелестікті дамыту;
      ұшу құрамын (ұшқыштарды) бастапқы даярлау жүйесін жетілдіру және дамыту;
      Астананың, Алматының, Атыраудың, Павлодардың және Шымкенттің тораптық әуежайларын және Қазақстанның өнеркәсіптік және дамушы өңірлерінде (Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда, Қостанай, Орал) орналасқан әуежайларды қалыптастыру, оларды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру;
      жер үсті және аэродром инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту.
      Су көлігі саласында теңіз және өзен порттарын дамыту және жаңғырту көзделеді.
      Нәтижелері
      2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда мыналар күтіледі:
      жүк тасымалдарының көлемі құбыржол көлігін ескермегенде 2275,4 млн. тоннаны құрайды (өсім 24 %);
      жолаушылар тасымалдарының көлемі 12910,2 млн. адамды құрайды (өсім 22%);
      жалпы жүк айналымы құбыржол көлігін ескермегенде 306,8 млрд. тонна-км-ді құрайды (өсім 24 %);
      жолаушылар айналымы 147,4 млрд. жолаушы-км-ді құрайды (өсім 25 %);
      Ақтау портында жүк аударудың жалпы көлемі 2009 жылға қарай 13 млн. тоннаны құрайды;
      контейнерлік тасымалдар көлемі 3,4 млн. тоннаны құрайды (өсім 200 %);
      жүктерді автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдау 3,5 есеге ұлғаяды және шамамен 0,5 млн. тоннаны құрайды; темір жол көлігімен - 30 %-ке ұлғаяды және 13,6 млн. тоннаны құрайды;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде қызмет көрсетілген млн. ұшақ-км саны 9 %-ке артады;
      8425 км автомобиль жолдары жақсы, 9250 км-і қанағаттанарлық күйде болады;
      1400 км-ге жуық жаңа темір жол желілері салынады және темір жолдардың жүк тасымалы жоғары учаскелерінің 1700 км-ден астамы электрлендіріледі;
      Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Жезқазған және Шымкент қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтары ИКАО халықаралық талаптарына сәйкес келетін болады.

      4.7.2. Электр энергетикасы
      Мақсаты
      Экономиканың өскелең қажеттіліктерін қамтамасыз ететін елдің энергетикалық әлеуетін арттыру.
      Міндеттері
      1. Жинақтағыш қуаттар мен электр желілік объектілерді жаңғырту және озық дамыту.
      2. Атом энергетикасының негіздерін жасау.
      3. Энергияның жаңартылатын көздерін дамыту.
      4. Энергия үнемдейтін технологияларға көшуді ынталандыру.
      Шешу жолдары
      Елдің электр энергиясына деген өскелең қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қазіргі электр станцияларын қайта жаңарту және кеңейту әрі жаңаларын салу жөніндегі бірқатар жобаларды іске асыруға кірісуді жоспарланады. Мұндай жобаларға Ақсу МАЭС-індегі энергия блоктарын жаңғырту, Екібастұз МАЭС-1-дегі жұмыс істемейтін энергия блоктарын оңалту және Екібастұз МАЭС-2-де жаңа қуаттарды қосу, Астана қаласында ЖЭО-2-ні кеңейту және қайта жаңарту, сондай-ақ ЖЭО-3 салу, Бұлақ СЭС-ін салу.
      "Солтүстік-Оңтүстік" ЖВЖ-500 кВ транзитінің екінші желісін салу және іске қосу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл транзиттің өткізу қабілетін екі еседен астамға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қапшағай СЭС-інің ең жоғары қуатын ұлғайтуға мүмкіндік беретін Кербұлақ СЭС-ін (Қапшағай СЭС-інің қарсы реттеуіші) салу мәселесі пысықталатын болады.
      Ақтөбе энергия торабын энергиямен қамтамасыз ету проблемалары "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" ЖВЖ-500 кВ өңіраралық электр беру желісін салу және Қандыағаш ҚЖЭС-ін салу арқылы шешілетін болады.
      Ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуеті ұлғайтылады және Қазақстан Республикасы энергия жүйесінің сенімділігі артады.
      Қазақстанның оңтүстігін энергиямен жабдықтау мәселелерін шешу мақсатында»"Самұрық" холдингі жаңа ірі жылу электр станциясын салудың әр түрлі нұсқаларын қарастыратын болады.
      Үкімет шектес мемлекеттермен кешенді энергетикалық жүйе құру мәселелерін зерделейтін болады.
      Энергетикалық қуаттарды дамыту мен қалпына келтірудің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін шаралар кешені әзірленетін болады.
      Ұлттық электр желісін жаңғырту және көмір саласын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі жұмыс жалғасады және аяқталады.
      Концессиялық негізде инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі жобаларды іске асыруға "Самұрық" мемлекеттік холдингі және "Қазына" орнықты даму қоры, ірі отандық және шетелдік компаниялар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары тартылатын болады.
      Үкімет өңірлік ынтымақтастық ұйымдары шеңберінде энергетикалық биржа құрудың мүмкіндігі мен орындылығы мәселесін зерделейтін болады.
      Атом өнеркәсібін және энергетиканы дамыту жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады, оның ішінде:
      Қазақстанда атом электр станциясын салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді;
      уранды байыту жөніндегі өндірістің жобасын әзірлеу және оның құрылысын бастау мәселесі қаралады;
      Қазақстан Республикасының аумағында уранды, жылу бөлетін элементтерді және жиналымдарды конверсиялау бойынша өндірістер құру жөнінде шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіледі;
      ядролық реакторлардың инновациялық жобалары үшін ядролық отынның жаңа түрлерін әзірлеу және сынау жүзеге асырылады.
      Республиканың жинақтағыш қуаттарын ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру кезінде энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін тартуға ерекше назар аударылатын болады. Ең алдымен, бұл - су энергетикасы, жел энергиясы мен күн энергиясын пайдалану. Осыған байланысты елдің әрбір өңірінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану әлеуетін анықтау жөніндегі мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізілетін болады. Энергетиканың осы секторына инвестицияларды ынталандыру шаралары әзірленетін болады.
      Энергияны тиімді пайдалануды ынталандыруға, сондай-ақ энергетика саласына ғылымды қажетсінетін энергия үнемдеу технологияларын және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу тетіктерін әзірлеуге бағытталған энергия үнемдеу туралы заң жобасының жаңа редакциясы әзірленетін болады.
      Нәтижелері
      2009 жылы электр энергиясын өндіру шамамен 84 млрд. кВт/сағатты, көмір өндіру 96 млн. тоннаны құрайды.
      Электр энергетикасында "Солтүстік-Оңтүстік" транзитінің ЖВЖ-500 кВ екінші желісін, "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін және Қандыағаш ҚЖЭС салу жөніндегі жұмыс аяқталатын болады.
      Ұлттық энергетика желісін жаңғырту аяқталатын болады.

      4.7.3. Телекоммуникациялар
      Мақсаты
      Телекоммуникациялардың бәсекелі нарығын серпінді дамыту бойынша жағдай жасау және халықты сапалы әрі қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету.
      Міндеттері
      1. Мемлекеттік реттеу тетігін жетілдіре отырып, бәсекені дамыту және телекоммуникация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      2. Телекоммуникация инфрақұрылымын, оның ішінде ауылдық жерде дамыту.
      3. Интернет қызметтерін дамыту және оның қолжетімділігі үшін жағдай жасау.
      Шешу жолдары
      Телекоммуникация саласын ырықтандыру және телекоммуникация желілерін дамыту жалғастырылатын болады.
      Ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысы аяқталады, сондай-ақ телекоммуникацияның, ұялы байланыстың жергілікті желісін, деректер беру мен Интернет қызметтері желісін дамыту және жаңғырту жалғастырылады.
      Үкімет кейіннен ауылдық байланыс желілерін дамытуды қамтамасыз ететін тетікті әзірлей отырып, ауылдық байланыстың шығындарын субсидиялаудың қолданыстағы тәртібін жетілдіреді.
      "КАZSАТ-1" байланыс және хабар тарату спутнигінің сыйымдылығын толтыру жөніндегі жұмыстар жалғасады, сондай-ақ»"КАZSАТ-2" спутнигін жасау жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.
      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының орта мерзімді перспективада ұтқыр, тіркелген байланыс қызметтері және Интернетке қолжетімділік нарықтарында экономикалық шоғырлануын азайту жөнінде шаралар кешені әзірленетін және қабылданатын болады. Цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесі дамиды.
      Ұтқыр байланыс нарығындағы бәсекені дамыту мақсатында радиожиіліктерді 1800 МГц диапазонында пайдалану жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады.
      Жергілікті тіркелген байланыс пен Интернет қызметтері нарығындағы бәсекені одан әрі дамыту, сондай-ақ тарифтерді төмендету мақсатында жергілікті баламалы байланыс операторлары мен Интернет-провайдерлерге үстем байланыс операторларының абоненттік желілеріне тең құқықты қол жеткізу регламенттелетін болады.
      Нәтижелері
      2007 жылы:
      тіркелген телефон желілерінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына 20-ны;
      ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 45; телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрлау деңгейі - 85 процент;
      Интернетті пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 8;
      2008 жылы:
      тіркелген телефон желілерінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына 23-ті құрайды;
      ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 60;
      телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрлау деңгейі - 90 %;
      Интернетті пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 10;
      2009 жылы:
      тіркелген телефон желілерінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына 24-ті құрайды;
      ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 95;
      телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрлау деңгейі - 95 %;
      Интернетті пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 15-ті құрайды.
      Телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы, ақпараттық қоғамның экономикалық жағынан дамуына ықпал ететін технологиялық негізі ретіндегі тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылатын болады.

      4.8. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін аумақтық даму
      Мақсаты
      Бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру негізінде ел өңірлерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету.
      Міндеттері
      1. Экономикалық өсу орталықтарын дамыта отырып, елдің және оның өңірлерінің ұстанымының жаңа міндеттеріне сәйкес келетін аумақтарды экономикалық жағынан ұйымдастыруды қалыптастыру.
      2. Халыққа мемлекет кепілдік беретін қызметтер көлемінің өңірлер бойынша тең ұсынылуын қамтамасыз ету.
      Шешу жолдары
      Өңірлік саясат 2007-2009 жылдары Аумақтық даму стратегиясына сәйкес айқындалады және мынадай іс-шаралар арқылы іске асырылатын болады:
      өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын айқындайтын облыстардың, Алматы қаласының 2015 жылға дейінгі даму стратегияларын (бәсекелік стратегияларын), сондай-ақ тірек қалаларды дамыту стратегияларын әзірлеу;
      облыс аумақтарын қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және халықты таратып қоныстандыру мен өндірістік күштерді орналастыру жүйесін қоса алғанда, оның негізгі ережелерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу;
      өнеркәсіп орындары баламалы негізде орналасатын, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар құрылатын экономикалық өсу орталықтарының (тірек қалалардың) тізбесін айқындау;
      Астана қаласында - оң жақ және сол жақ жағалауда оңтүстік-шығыс бағытында екі жаңа орталық салу;
      құрылысты ұтымды салу және олардың орналасу жиілігі мәселелерін шешу мақсатында ірі мегаполис қалалардың айналасындағы серіктес қалаларды дамыту мәселелерін пысықтау;
      өңірлерді дамыту стратегияларының (бәсекелік стратегияларының) мақсаттарын негізге ала отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді кезеңге арналған нысаналы индикаторларын белгілей отырып, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың стратегиялық жоспарларын қабылдау;
      инфрақұрылым объектілерін дамыту және құру жолымен халықаралық ынтымақтастықтың аса маңызды аймақтары ретіндегі шекара маңы аумақтарының әлеуетін күшейту;
      мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастықтар және басқа да мүдделі құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өңірлер әкімдіктерінің жанынан консультативтік-кеңесші органдар ретінде бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер құру;
      аралас өңірлердің экономикалық белсенділігін шоғырландыратын және бәсекеге қабілетті өңірлік кластерлерді қалыптастырудың қозғаушысы болуға қабілетті ірі өңірлік орталықтарды құруға ықпал ететін өңірлік даму институттары ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметін ұйымдастыру;
      өңірлердегі серпінді жобаларды іске асыру үшін»"Самұрық", "Қазына" және»"ҚазАгро" акционерлік қоғамдарын тарту;
      "үдемелі" өсу аймақтарын қалыптастыру жөніндегі өңірлік бастамаларға селективті қолдау көрсету және халықаралық қаржы даму институттарымен бірлесіп, ірі инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтау;
      әр түрлі өңірлердегі халыққа бюджеттік қызметтердің бірдей деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеу;
      экологиялық жағынан қолайсыз және ауылдық аумақтардың проблемаларын шешуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру, олардың тиімді дамуын қамтамасыз ету.

      4.9. Қазақстандық экономиканың әлемдік экономикаға табысты кірігуін қамтамасыз ету
      Мақсаты
      Экономика салаларын Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шарттарына бейімдеу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру және Қазақстанның әлемдік нарыққа кірігуі.
      Міндеттері
      1. Қазақстан үшін тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіру.
      2. Қазақстан нарығына импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің кемсітусіз енуіне салаларды ашуға бейімдеу.
      3. Өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т.б.) шеңберінде экономикалық кірігуді тереңдету.
      4. Сауда-экономикалық қатынастар кешенінің негізгі құрауышы ретіндегі шекара маңы ынтымақтастығын дамыту.
      5. Барлық заңды тұлғалардың қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына көшу процесін жеделдету.
      Шешу жолдары
      Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар көзделетін болады:
      Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын ДСҰ міндетті келісімдерінің нормаларына толық сәйкес келтіру;
      Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше елдермен тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұлттық экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда қазақстандық нарықтарға шығуы жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтау;
      Қазақстанның тиісті келіссөз ұстанымын белгілеу үшін оны мемлекеттік қолдаудың іс жүзіндегі көлемімен салыстырғандағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға деген негізделген қажеттілікті айқындау;
      тараптардың ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесін ескере отырып, ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын кезең-кезеңімен қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
      ЕурАзЭҚ-ты дамытудың басым бағыттарын, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен іс-шараларды іске асыру;
      қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуын шектейтін сыртқы сауда дауларын реттеу жөнінде шаралар қабылдау;
      отандық өндірушілерді демпингтік және субсидияланатын тауарлар импортынан қорғау тетігінің тиімділігін арттыру;
      Қазақстан Республикасының шет елдегі халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз ету;
      "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (I кезең) іске асыру;
      "Қорғас - шығыс қақпасы" сауда-экономикалық аймағын құру;
      Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Қырғыз Республикасымен сауда-экономикалық аймақтар құру;
      қазақстандық инвестицияларды жылжыту жүйесін құру және қазақстандық бизнесті шекара маңы елдеріндегі ірі өңірлік инвестициялық жобаларға қатысуға ынталандыру, қазақстандық компаниялардың басқа елдерде жақсы жағдайдағы мемлекеттік келісім-шарттар алуына жәрдемдесу;
      қазақстандық инвестицияларды салу үшін ықтимал тартымды шетелдік жобаларды (объектілерді) іздеу, талдау және іріктеу және шетелдік нарықтарға шығуға ықтимал мүдделі отандық компаниялармен консультациялар өткізу;
      сыртқы инвестицияларды қолдау және шикізаттық емес экспортты ынталандыру жөнінде заңнамалық негізді әзірлеу;
      Сауда және инвестициялар жөніндегі Америка-Орталық Азия кеңесінің шеңберінде (ТИФА) ынтымақтастықты жандандыру;
      Еуропалық одақтың демпингке қарсы тексерулер жүргізуі кезінде Қазақстанның нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін алуы мәселесін одан әрі пысықтау;
      экономика дамуының жаңа кезеңінің талаптарына жауап беретін бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау.
      Нәтижелері
      Қазақстан елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін шарттарда ДСҰ-ға кіреді. Интеграциялық бастамаларға қатысу шеңберінде Қазақстанның өңірлік деңгейдегі саяси және экономикалық рөлі күшейеді, шекаралас мемлекеттермен шекара маңы ынтымақтастығы саласындағы сауда-экономикалық қатынастар кеңейтіледі.

      4.10. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

      4.10.1. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту: мемлекеттік аппараттың кәсібилігін, тиімділігін арттыру және оның қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету
      Мақсаты
      Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғамға есеп беру принциптерінде әрекет ететін ұтқыр және кәсіби мемлекеттік аппарат құру.
      Міндеттері
      1. Мемлекеттік органдардың қызметін түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлау.
      2. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру.
      3. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, орнықтылығын және
басқарымдылығын қамтамасыз ету.
      4. Жоғары білікті кадрларды мемлекеттік қызмет жүйесіне тарту және оларды ұстау үшін ынталандыру жасау.
      Шешу жолдары
      Министрлердің, әкімдердің алдына қойылған міндеттерді іске асыру барысында олардың саяси шешім қабылдаудағы дербестігі артады және олардың түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапкершілігі күшейтіледі.
      Үкімет саяси және әкімшілік қызмет арасындағы өкілеттіктердің аражігін дәл ажыратуға және корпоративтік басқару принциптеріне негізделген менеджменттің жаңа жүйесін қалыптастыру үшін қажетті құқықтық негіз жасайды. Бұл мемлекеттік органның мемлекеттік саясатты әзірлеу мен оның қызметінің ішкі процесі мәселелеріне бөлуді, оның ішінде мемлекеттік органдардың бас директорлары институтын енгізу жолымен көшуді көздейді. Үкіметтің ауысуына қарамастан мемлекеттік органдардың аппараттары жұмысының тұрақтылық тетіктері белгіленетін болады.
      Оларды стратегиялық, жүйелілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларына айқын бөле отырып, мемлекеттік функцияларды сыныптау, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлері арасында аражікті ажырату тәсілдері әзірленетін және енгізілетін болады. Осыны ескере отырып, мемлекеттік органдарға жүйелі негізде функционалдық талдау жүргізілетін болады.
      Үкімет мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің санын оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
      Әрбір мемлекеттік орган корпоративтік басқару принциптеріне негізделген және әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын айқындайтын стратегиялық даму жоспарын қабылдайтын болады.
      Мемлекеттік органдарға көбірек дербестік беру және олардың түпкі нәтижелерге қол жеткізуі үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджеттік рәсімдер жетілдірілетін болады.
      Стратегиялық даму жоспары шеңберінде персоналды басқару және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
      Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау жөнінде халыққа әлеуметтанушылық сауал қою нәтижелері ескеріле отырып, бағалау және аудит жүйесі әзірленіп, енгізіледі. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі енгізілгенге дейін мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалауды пайдалану мүмкіндігі қарастырылатын болады.
      Мемлекеттік органдардың қызметі туралы жыл сайынғы есептерді, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және оның аудитінің нәтижелерін міндетті түрде жариялау жолымен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетін болады.
      Үкімет мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін олардың жұмысының нәтижелерін бағалауды және уәждемені күшейтуді ескере отырып жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Мемлекеттік қызметшінің жалақысы кәсібилігіне және ол орындаған жұмыстың тиімділігіне байланысты болады және жеке меншік сектормен бәсекеге қабілетті деңгейге дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.
      Мемлекеттік органдардың әкімшілік регламенттері әзірлене отырып, әкімшілік рәсімдер жөніндегі заңнама жетілдіріледі және мемлекеттік органдардың арасында өзара іс-қимыл жасау тетіктері күшейтіледі. Мемлекеттік органның үлгі регламенті қабылданады, оның негізінде әрбір мемлекеттік орган өз регламентін қабылдайды.
      Нәтижелері
      Кәсіби, ұтқыр және ықшам мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, олардың жауапкершілігі мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету.

      4.10.2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
      Мақсаты
      Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру
      Міндеттері
      1. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламенттері мен стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу.
      2. Мемлекеттік қызметшілер мен ұйымдар қызметкерлерінің жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге бағдарланған уәждемесі жүйесін жасау.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану.
      Шешу жолдары
      "Мемлекеттік қызмет көрсету" ұғымы заңнамамен бекітіледі және мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті бекітіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізілімі, сондай-ақ оларды ұсыну стандарттары әзірленетін болады.
      Мемлекеттік органдар мен халыққа мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгі регламенті негізінде регламенттер әзірлейді және енгізеді.
      Халыққа "жалғыз терезе" принциптеріне негізделген мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Үкімет мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мен оның аудиті элементтерінің бірі ретінде халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын ішкі және тәуелсіз сыртқы бағалауды енгізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау жөнінде халыққа әлеуметтанушылық жүйелі сауал қою енгізілетін болады. Бағалау нәтижелері жалпыға бірдей қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жатады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өңірлік орталықтарында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну мәселелері бойынша оқу модульдері мен бағдарламалары іске асырылатын болады. Мұнымен қатар мемлекеттік органдар мен халыққа мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың жауапкершілігі күшейтілетін болады.
      2007 жыл "электрондық үкіметті" дамытудағы интерактивтік кезең басталатын жыл болып табылады, оның шеңберінде е-үкімет инфрақұрылымының өзегі пайдалануға енгізіледі және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың интерактивтік қызметтер көрсетуіне көшуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жетілдіріледі.
      Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету үшін»"Жеке тұлғалар",»"Заңды тұлғалар",»"Мекенжай тіркелімі",»"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" бірыңғай дерекқорын кең ауқымда пайдалану енгізіледі және оны пайдаланушылардың тізбесі кеңейтіледі.
      Нәтижелері
      Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын қызметтердің сапасы артады, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы, қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер туралы қажетті ақпаратты халыққа уақтылы жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету қамтамасыз етіледі, әкімшілік кедергілер жойылады, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі артады.

      4.10.3. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру
      Мақсаты
      Халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру.
      Міндеттері
      1. Мемлекеттік қызметшілерді патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін қатаң әрі мүлтіксіз сақтауға тәрбиелеу.
      2. Көпшілік санасында кәсібилік, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттілік ұғымдарына негізделетін мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру.
      Шешу жолдары
      Неғұрлым білікті үміткерлерді іріктеу мақсатында әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мен мемлекеттік қызметке кіруге арналған тестілеу жүйесі жетілдірілетін болады.
      Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түсіндіру-насихаттау жұмысы жүргізілетін болады. "Электрондық үкімет" порталын мемлекеттік органдардың қызметі және үздік мемлекеттік қызметшілер туралы материалдарды жариялау бөлігінде жүйелі түрде жаңарту қамтамасыз етілетін болады.
      Мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жөніндегі практикалық шаралар қабылданып, құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмысының нәтижелілігі күшейтілетін болады. Атап айтқанда, азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа тарту, бұқаралық ақпарат құралдарының халықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға қатысуы және мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыру қамтамасыз етілетін болады.
      Нәтижелері
      Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы тартымдылығы артады, мемлекеттік қызметшілерді, әсіресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етудің, мемлекеттік қызметті жоғары кәсібилік, патриоттық, адал атқарудың үздік үлгілерінде тәрбиелеу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      5. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету
      Үкімет Бағдарламасының белгіленген мақсаттарына қол жеткізу және басым бағыттарын іске асыру мақсатында оларды тиімді құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      Үкіметтің құқықтық саясаты, ең алдымен, Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру үшін тиісті заңнамалық база құруға бағытталатын болады.
      Осы ауқымды әрі күрделі міндетті дәйекті орындауды нақтылау Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының тиісті кезеңдерге арналған жоспарларында көрініс табады.
      Ұлттық заңнаманы, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, атаулы әлеуметтік көмек, банкроттық, тұрғын үй-коммуналдық сала, жеке кәсіпкерлік, монополияға қарсы реттеу, лицензиялау, бағалау қызметі, міндетті сақтандыру, техникалық реттеу, зияткерлік меншік, бюджет және салық салалары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіне, ДСҰ-ға кіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты қоғамдық қатынастар мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік заңнамалары және сот-құқықтық жүйесі мәселелері бойынша жетілдіру жүзеге асырылатын болады.
      Тиісті заң жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу арқылы әкімшілік реформа жүргізуді заңнамалық қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқаруды құқықтық регламенттеуді ұйымдастыру қажет.
      Норма түзушілік қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, оны ескі және қайталанатын нормалардан босату, қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыру, салалар бөлінісінде заңнаманы одан әрі топтастыру, заңдардағы сілтеме ережелерді барынша азайту және тікелей қолданылатын заңнамалық актілерді қабылдау практикасын кеңейту арқылы заңға тәуелді норма түзуді қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын тұрақты талдауға негізделетін заң жобалау қызметін жоспарлау кезінде олардың кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін болжамды-талдамалық аспектіге ерекше назар аударылатын болады. Заңдар мониторингін, оның ішінде ғалымдармен бірлесіп, жүзеге асыру туралы мәселе қаралатын болады, бұл құқық қолдану практикасына ғылыми талдау жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік органдардың ведомстволық норма түзудегі, заңнаманың олардың құзыретіне жатқызылған тиісті құқықтық қатынастар саласындағы мониторингін жүргізудегі және оны жетілдірудегі рөлі мен жауапкершілігі артады.
      Заң шығару жаңа қоғамдық қатынастарды толыққанды әрі сапалы нормативтік реттеу, шектеулі ведомстволық норма түзуді болдырмау және тиімді жұмыс істейтін құқықтық база құру мақсатында іргелі жалпымемлекеттік көзқарасты ұстанатын болады.
      Құқықтық жүйе тұрақтылығын және заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қабылданатын болады.
      Маңызды қоғамдық қатынастарды қозғайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған негіз қалаушы принциптер мен нормаларды белгілейтін заң жобаларын ғана әзірлеу жоспарлануда. Осы шаралар заң шығару процесіндегі сыбайлас жемқорлық бастамаларына пәрменді тосқауыл жасауға мүмкіндік береді.
      Көрсетілген жұмысқа заңнамалық бастама субъектілері ғана емес, жұртшылық өкілдері де, үкіметтік емес ұйымдар және жеке кәсіпкерлік субъектілері де тартылатын болады.
      Заң шығару қызметін тиісті заң жобасын әзірлеудің орындылығы туралы шешім қабылдау сатысынан бастап ғылыми пысықтау жөніндегі шаралар күшейтіледі, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілерге ерекше назар аударылатын болады.
      ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын және еркін сауда аймағын қалыптастыру жөніндегі халықаралық міндеттемелерге сәйкес, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне дайындыққа байланысты ұлттық заңнаманы біріздендіру және үйлестіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Комплексность и системность предстоящей нормотворческой деятельности призваны модернизировать правовой фундамент в контексте стратегии развития государства, в том числе по выстраиванию качественно новой модели государственного управления на принципах корпоративного управления, результативности, прозрачности и подотчетности.
      В целом вышеуказанные мероприятия по правовому обеспечению реализации приоритетов Правительства будут способствовать повышению конкурентоспособности страны на основе принципов устойчивого развития и формированию необходимой правовой базы для решения стратегической задачи по вхождению Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира.

      6. Основные ожидаемые социально-экономические результаты от реализации Программы
      В ближайшие три года Правительство ставит перед собой задачу достижения следующих ключевых индикаторов выполнения Программы.
      Среднегодовой реальный прирост валового внутреннего продукта Казахстана в 2007-2009 годы составит 8-9 %, что позволит решить стратегическую задачу по удвоению ВВП в 2008 году по отношению к 2000 году. При этом ВВП на душу населения увеличится до 8900 долларов США к 2009 году, что в 1,8 раза превысит уровень 2006 года.
      Уровень среднегодовой инфляции будет удерживаться в 2007-2009 годах в коридоре 5-7 %.
      В рамках проводимой фискальной политики предполагается снижение дефицита государственного бюджета к 2009 году до 0,5 % к ВВП, ненефтяного дефицита - до 2,5 % к ВВП. Среднегодовой номинальный темп роста расходов государственного бюджета сложится на уровне 115,6 % при номинальном росте ВВП - 119 %.
      Темпы ежегодного прироста производства промышленной продукции в среднем за 2007-2009 годы прогнозируются на уровне 7-8 %.
      Прирост валовой продукции сельского хозяйства в планируемом периоде в среднем составит 3 %, а рост объема строительных работ - 20 % в год.
      В 2007-2009 годах ожидается дальнейший рост отраслей торговли, транспорта, связи. Услуги транспорта возрастут в среднем на 6-7 % в год, а объем предоставляемых услуг связи - на 20 % в год.
      Темп роста объемов инвестиций в основной капитал составит в планируемом периоде в среднем 14-15 %.
      Среднегодовые темпы прироста реальной заработной платы за 2007-2009 годы составят порядка 9-10 %, а пенсии - 6,5-7,0 %.
      В указанный период общая численность населения Казахстана возрастет в сравнении с 2006 годом, по оценке, на 2,9 % и превысит 15,8 млн. человек.
      (соңғы екі беттің қазақша аудармасы жоқ)