Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметi актiлерінің жинағында
жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 9) тармақшасына сәйкес және мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жаңғыртуға бағытталып жүргiзiлiп жатқан әкiмшiлiк реформа шеңберiнде, мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге арналған қаражатты пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру және оларға жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған органдардың (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) басшыларына:
1) мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң штат санын қысқарту туралы шешiмдердi дербес қабылдау;
2) осы Жарлыққа сәйкес штат санын қысқарту нәтижесiнде босаған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) қаражатын үстемеақылар белгiлеу жолымен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбекақысын арттыруға пайдалану құқығы берiлсiн.
1) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) есебiнен қалыптасқан қаражатты есептеу мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң 2007 жылғы 1 қаңтарға белгiленген штат санының лимиттерiн және мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген қаражат көлемiн ескере отырып жүзеге асырылады;
P080339
2) мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң санын қысқартқан кезде осы Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген, мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшерi мемлекеттiк органдарда 2008 және кейiнгi жылдарда сақталады;
3) осы Жарлыққа сәйкес қызметкерлер санының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған кезде өтемақылар төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген, осы Жарлықтың 2-тармағына сәйкес есептелген және сақталған қаражат тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының билiгiнде қалады және олар осы Жарлықтың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген мақсаттарда пайдалана алады.
4. Мемлекеттiк органдар осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) мемлекеттiк органдарға өз қызметкерлерiнiң 2007 жылғы 1 қаңтарға белгiленген штат санының лимиттерiн ұлғайтуды талап ететiн қосымша функциялар мен өкiлеттiктер беру туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзудi және шешiмдер қабылдауды шектесiн;
2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Жарлықты iске асыру практикасын талдасын және қажет болған кезде мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне
еңбекақы төлеу
жүйесiн одан әрi жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар берсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
4) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті