Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304 Жарлығы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметi актiлерінің жинағында 
жариялануға тиiс         

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 9) тармақшасына сәйкес және мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жаңғыртуға бағытталып жүргiзiлiп жатқан әкiмшiлiк реформа шеңберiнде, мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге арналған қаражатты пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру және оларға жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған органдардың (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) басшыларына:
      1) мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң штат санын қысқарту туралы шешiмдердi дербес қабылдау;
      2) осы Жарлыққа сәйкес штат санын қысқарту нәтижесiнде босаған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) қаражатын үстемеақылар белгiлеу жолымен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбекақысын арттыруға пайдалану құқығы берiлсiн.

      2. Мыналар:

      1) (алып тасталды - ҚР Президентінің 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен);
      2) мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң санын қысқартқан кезде бекітілген штат санының лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшерi мемлекеттiк органдарда тиісті және кейiнгi жылдарда сақталады;
      3) осы Жарлыққа сәйкес қызметкерлер санының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған кезде өтемақылар төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. Мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген, осы Жарлықтың 2-тармағына сәйкес есептелген және сақталған қаражат тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының билiгiнде қалады және олар осы Жарлықтың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген мақсаттарда пайдалана алады.

      4. Мемлекеттiк органдар осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) мемлекеттiк органдарға өз қызметкерлерiнiң 2007 жылғы 1 қаңтарға белгiленген штат санының лимиттерiн ұлғайтуды талап ететiн қосымша функциялар мен өкiлеттiктер беру туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзудi және шешiмдер қабылдауды шектесiн;
      2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Жарлықты iске асыру практикасын талдасын және қажет болған кезде мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар берсiн;
      3) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
      4) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті