Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы N 294 Жарлығы

Жаңартылған

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының  4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берілiп отырған, концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2007 жылғы 5 наурыздағы 
N 294 Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН      

  Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi

      1. Жер, су (концессия шартын iске асыру мақсатында жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiк әлемi және жануарлар дүниесi.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

      3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажеттi штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер.

      4. Магистральды темiр жол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер.

      5. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар).

      6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.06.28  № 348 Жарлығымен.

      7. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.06.28 № 348 Жарлығымен. 

      8. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.06.28 № 348 Жарлығымен.

      9. Мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектiлерi.