Қазақстан Республикасы
Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң
жинағында және республикалық
баспасөзде мазмұны жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында туризмдi дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр ай мерзiмде Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011
жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана - 2006 жыл
МАЗМҰНЫ
1.
Мемлекеттiк бағдарламаның паспорты
2.
Кiрiспе
3.
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
3.1.
Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырудың қорытындылары
3.2.
Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру
3.3.
Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйi
3.4.
Туризм инфрақұрылымы
4.
Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
5.1.
Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу және қолдау жүйесiн дамыту
5.2.
Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және iлгерiлеуi
5.3.
Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы
5.4.
Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi - iшкi туризмдi дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi
5.5.
Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi және туризм саласын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету
5.6.
Туризмдi ақпараттық қамтамасыз ету
5.7.
Туристер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
5.8.
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
5.9.
Халықаралық маңызы бар "белсендi" жобаларды iске асыру
6.
Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
7.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер және оның көрсеткiштерi
Қосымшалар
1. Мемлекеттiк бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк
бағдарлама)
Әзiрлеу үшiн Мемлекеттiк бағдарлама Қазақстан Республикасы
негiздеме Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау
қарсаңында" атты Қазақстан халқына
Жолдауын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарына және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасына, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан
Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта
мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес
әзiрлендi
Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлiгi
Бағдарламаның Сырттан келушiлер туризмi және iшкi туризм
мақсаты көлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халық
кiрiсiнiң тұрақты өсуiн, халықты жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi
туристiк индустрия құру
Бағдарламаның Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарламаның
мiндеттерi бiрiншi кезектегi мiндеттерi мыналар болып
табылады:
туризм инфрақұрылымын дамыту;
туризмдi мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың
тиiмдi тетiгiн жасау;
елдiң тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру;
туристiк әлеуеттi арттыру;
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар
аймақтар қалыптастыру
Iске асыру 2007-2011 жылдар
мерзiмдерi Бiрiншi кезең: 2007-2009 жылдар
Екiншi кезең: 2010-2011 жылдар
Қажеттi ресурстар Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн
және 2007-2011 жылдарға көзделiп отырған шығыстар:
қаржыландыру республикалық бюджеттен 59 318 221 мың
көздерi теңгенi құрайды, оның iшiнде:
2007 жылға - 2 329 668 мың теңге; 2008 жылға
- 20 637 405 мың теңге; 2009 жылға -
30 635 357 мың теңге; 2010 жылға - 2 774 656
мың теңге; 2011 жылға - 2 941 135 мың теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да
көздерден қаражат пайдалану болжанады.
Бұл ретте Мемлекеттiк бағдарламаны iске
асыруға қажеттi бюджеттiк қаражаттың көлемi
тиiстi жылға республикалық бюджеттi бекiту
кезiнде нақтыланатын болады.
Бағдарламаны iске Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру
асырудан күтiлетiн барысында мынадай нәтижелерге қол
нәтижелер жеткiзiледi:
туристер ағынының тұрақты өсiмi:
бiрiншi кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
iшкi туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн.
туристен 2009 жылы 4,0 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2007
жылғы 4,5 млн. туристен 2009 жылы 6,0 млн.
туристке дейiн.
екiншi кезеңде (2010-2011 жылдар):
iшкi туризм бойынша 2010 жылғы 4,1 млн.
туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2010
жылғы 7,0 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн.
туристке дейiн.
Шартты түрде орта есеппен бiр шетелдiк
турист өзiнiң болуы уақытында бюджетке
63500-гe жуық теңге әкелсе, 2007 жылдан 2011
жылды қоса алғанда сырттан келушiлер
туризмiнен бюджетке түсетiн түсiм 603,2 млрд.
теңгенi құрайды.
Сырттан келушiлер туризмi есебiнен сонымен
қатар халықтың туризм саласында жұмыспен
қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011
жылы 550,0 мың адамға дейiн қамтамасыз
етiледi.
Мемлекеттiк бағдарлама ұлттық туристiк
өнiмнiң тартымдылығын арттыруға және
Қазақстанның әлемдiк туристiк нарық жүйесiне
кiруiне, қызмет көрсетулердiң халықаралық
саудасы мен мемлекет экономикасының кiрiс
секторы шеңберiнде халықаралық кәсiпкерлiк
пен iскерлiк ынтымақтастықтың маңызды саласы
ретiнде бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия
құруға жәрдем ететiн болады
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына
Жолдауын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445
қаулысымен
бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.
Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.
3. Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
3.1. Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асырудың қорытындылары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445
қаулысымен
бекiтiлген Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында Қазақстанның туристiк имиджiн қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, заңнамалық нормативтiк актiлер әзiрлеу, туризм инфрақұрылымын қалыптастыру, статистиканы, кадр, бiлiм беру және өңiрлiк саясатты жетiлдiру, туризм саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi мiндеттер қойылды.
Бағдарламаны iске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы N 450
қаулысы,
"Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен объектiлердi құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер үшiн жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 240
қаулысы
қабылданды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген жаңа Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбi туралы
нұсқаулық
қабылданды, онда елiмiздiң бұрынғы азаматтарын қоса есептегенде, 54 мемлекеттiң шетелдiк азаматтары үшiн визалық рәсiмдердi оңайлату көзделген, "Туристерге медициналық қызмет көрсету және шұғыл көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 14 қазандағы N 746 бұйрығы шығарылды.
Туристiк сала үшiн кадрлар даярлау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттiгiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89 бұйрығымен Туристiк ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристiк кадрлардың әр түрлi санаттарын даярлау
ережесi
бекiтiлдi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туризм саласындағы қызметтер мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң статистикалық номенклатурасын (ТҚҚСН), одан әрi ұлттық шоттар жүйесiне Туризмнiң қосымша шотын (ТҚШ) енгiзу жобасын iске асыру үшiн қосымша талдамалы зерттеулер жүргiзiлетiн сауалнамалар мен кестелер әзiрледi.
Туризмнiң қарышты және тұрақты дамуына сырттан келушiлер мен iшкi туризм көлемiнiң өсу қарқыны мен туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң құрылуы куә бола алады.
Бұл ретте елдiң туристiк имиджiн қалыптастыруға және ұлттық туристiк өнiмдi туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына шығаруға айрықша назар аударылды: 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Берлин (ГФР), Лондон (Ұлыбритания), Мадрид (Испания), Мәскеу (РФ) қалаларында, ал 2006 жылғы қаңтардан бастап Утрехт (Голландия) қаласында өткiзiлетiн iрi халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етiлiп келедi.
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристiк ұйымдарының өкiлдiктерi кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнiмнiң сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгiнде (Лондон қ.) 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бiрiншi туристiк өкiлдiгi ашылды.
Бүкiләлемдiк туристiк ұйымның Іс-шаралар күнтiзбесiне енгiзiлген КIТF - Қазақстан халықаралық туристiк жәрмеңкесi Алматы қаласында, "Белуха" халықаралық туристiк фестивалi Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткiзiледi. 2005 жылы KITF жәрмеңкесiне әлемнiң 23 елiнен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттерi 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негiзгi мақсаты туристер ағынын елдiң орталық және солтүстiк өңiрлерiне тарту, ел ордасы - Астананың үшiншi мыңжылдық қаласы ретiнде имиджiн қалыптастыру болып табылатын "Астана-Демалыс" халықаралық қазақстандық туристiк көрме жыл сайын өткiзiлiп тұрады.
Туристiк бизнес кәсiпкерлерi үшiн гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткiзу қамтамасыз етiлген. Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерiн шетелде көрсету үшiн инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткiзушiлердегi басқа да жарнамалық-ақпараттық өнiм шығарылды.
Қазақстанның оң туристiк имиджiн қалыптастыруға және туристiк индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемiн тигiзедi, оның шеңберiнде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделi мүшелерi қатарынан туризм жөнiндегi шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан бастап ШИК веб-сайтында "Қазақстандағы туризм" Интернет-парағын ашу туралы шешiм қабылданды.
Бүгiнде республика iс жүзiнде туризмнiң қолданыстағы барлық түрiн ұсынып отыр. Туристiк кластердi дамыту шеңберiнде республикада туризмдi дамытудың iскерлiк, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлерi сияқты басым бағыттары айқындалды.
Туристiк қызмет көрсетулердiң негiзгi жеткiзушiсi туристiк ұйымдар болып табылады, оларды туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристiк ұйым мен 30 жеке кәсiпкер ұсынады. Әрекет етушi туристiк фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсiпорындарының басым көпшiлiгi Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79)
(1-қосымша)
. Қазақстанның туристiк қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кәсiби гид пен экскурсияшы жұмыс iстейдi. Туристiк нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-iн шағын кәсiпорындар (жұмыс iстейтiндердiң саны 50 адамға дейiн) бiлдiредi. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсiпорындар 1,3%-тi, ал iрiлер 0,4%-тi құрайды. Талдауға қарағанда, туристiк ұйымдардың көпшiлiгiн шағын және орта кәсiпорындар құрайды, олар әлем елдерiнiң көбiнде инновацияларға негiзделген экономикалық өсiмнiң тиiмдi генераторы болып табылады. Қазақстанның туристiк ұйымдары әлемнiң жетпiс елiмен ынтымақтаса жұмыс iстейдi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17,8 процентке артық.
Жоғарыда көрсетiлгендермен қатар, ұлттық туристiк нарықта шетелдер қатысатын 37 туристiк ұйым қызметiн жүзеге асырады.
Тек қана туристiк ұйымдардың қызметiнен Қазақстан Республикасының кiрiсi 2005 жылы 5902,6 млн. теңгенi құрады.
Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристiк индустрия кәсiпорындарының кiрiсi 16,8 процентке көбейiп, 30553,4 млн. теңгенi құрады, сонымен қатар бюджетке 6526,5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 37,6 процентке артық
(2-қосымша)
. Көрсетiлген қызметтердiң жалпы көлемi де 43,3 процентке артып, 24516,8 млн. теңгенi құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң төлем теңгерiмiнiң деректерi ("Сапарлар" бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер көлемi 2005 жылы 684,5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент еместерден алған қызмет көрсетулер көлемi 667,1 млн. АҚШ долларын құрады
(3-қосымша)
. 2005 жылы елдiң IЖӨ-ге туризмнiң салымы 1,3 проценттi құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша сырттан келушiлер туризмi көлемiнiң 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 мың туристке дейiн тұрақты арту үрдiсi байқалады. Iшкi туризм бойынша көрсеткiштер 2004 жылғы 2793,8 мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке дейiн өсуде
(4-қосымша)
. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерiн талдау сырттан келушiлер туризмi географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылы 161 елге дейiн кеңейгенiн көрсетедi.
Сырттан келушiлер туризмiн талдау көрсеткендей, туристердiң 58,4 процентiнiң бiздiң елге iскерлiк және кәсiби мақсаттармен келгенiн көрсеттi. Елiмiзде демалу мақсатында 12017 турист (30,1 %), таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша 10,2 процент коммерциялық мақсатпен - 1,2 процент турист келген.
Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмiнiң көлемi артуда. Егер 2000 жылы туристiк фирмалар шетелге 67360 туристi жiберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристi құрады. Алыс шетел мемлекеттерiнiң iшiнде Түркия - 63,1 мың адам (30%), Қытай - 48, 6 мың адам (23,1%), Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi - 23,8 мың адам (1 1,3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.
Сыртқа шығушылар туризмiнде бос уақыт, рекреация және демалыс (44,7%) мақсатымен шығу басым болып келедi. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық - шоп-турлар (29 %), iскерлiк және кәсiби (18,7%) болып табылады.
Елде әр түрлi туристiк қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдiк азаматтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға кең мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк кешеннiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасалуда, ұлттық туристiк өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету үшiн стандарттар әзiрленiп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнiң материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшiн жағдайлар айқындалды.
Туризмдi дамыту көлiк инфрақұрылымын дамытумен тiкелей байланысты. Елiмiзге туристер негiзiнен әуе көлiгiмен келедi. Iшкi туризм мақсатында көбiнесе автожол көлiгi пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тiзбесi толықтырылып, олардың құрамында iрi туристiк объектiлерге апаратын жолдар бар.
Сырттан келушiлер туризмi мен iшкi туризм көлемiн ұлғайтудың негiзгi факторлары тармақталған көлiк желiсiн дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерiнiң географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы мен "Жолаушылар тасымалы" акционерлiк қоғамы туризм саласындағы уәкiлеттi органның қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарқанд - Үргенiш - Бiшкек - Рыбачье - Алматы бағыты бойынша "Жiбек жолы меруертi" мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөнiндегi жобаның бiрiншi кезеңiн iске асырады.
Болашақта Тегеранға дейiн екiншi кезеңдi, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы Пекинге дейiн үшiншi кезеңдi жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтiк құқықтық базасы кеңейдi. Қазiргi кезде туризм саласында 26 келiсiм қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келiсiм жобалары контрагенттерге келiсу үшiн жiберiлдi. Қазiргi уақытта Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесi болып табылатын Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен және Дүниежyзiлiк туристiк ұйымға мүше елдердiң ұлттық туристiк әкiмшiлiктерiмен ынтымақтастық нығайтылды.
Резидент еместерден ел экономикасына шетелдiк валюта ағынының тұрақты артуы есебiнен елдiң төлем теңгерiмi жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесi шешiлуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлемiндегi қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристiк жәрмеңкелер өткiзудi қоса алғанда, туристiк қызмет жөнiнде ic-шаралар ұйымдастыруға бөлiндi. 2003 жылдан бастап туристiк iс-шараларды қаржыландыру көлемi Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы - 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлiнген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгенi құрады.
3.2. Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi
шараларды iске асыру
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына
Жолдауын
iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Маркетингтiк-талдамалы зерттеулер орталығы және "J.E. Austin Associates Inc." америкалық консалтингтiк компания "Қазақстан экономикасының қолданыстағы және әлеуеттi болашағы бар секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды дамыту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау" жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты елдiң экономикалық өсiмi үшiн әлеуетi бар Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес салаларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады. Қорытындысында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн және әртараптылығын арттырудың индустриалдық негiзiн құру үшiн шикiзаттық емес жетi басым саланың iшiнде алғашқылардың бiрi болып туризм айқындалды.
Сарапшылардың пiкiрiнше, Қазақстанның бәсекелiк артықшылығы бiрегей мәдениетiнде (мәдени-танымдық туризм), бай табиғи әлеуетiнде (экологиялық туризм), өсiп келе жатқан iскерлiк белсендiлiгiнде (iскерлiк туризм), сондай-ақ спорт және хикаялы (шұғыл) туризм сияқты демалыстың белсендi түрлерiмен шұғылдану мүмкiндiгiнде.
Италия, АҚШ, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi мен Түркиядағы туристiк орталықтар дамуының тәжiрибесi айтарлықтай.
Аталған елдердiң туризм индустриясын дамыту негiзiнде туристiк сала инфрақұрылымын, көлiктi және қызмет көрсетулер салаларын дамыту жатты.
Туристiк орталықтардың белсендi дамуы Италияда (Рим, Венеция), Түркияда (Бодрум, Мармарис, Анталья), AҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай аралдары), Египетте (Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок) байқалды.
Осы әлемдiк туристiк орталықтар туризмi инфрақұрылымының негiзiн қазiргi заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар аталған туристiк орталықтардың дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи-климаттық жағдайлардың рөлi маңызды болды.
Осы өңiрлердiң туризм индустриясының тиiмдi дамуына мемлекеттiң бизнестiң кәсiпкерлiк бастамаларына қолдау көрсетуi, сондай-ақ туризм инфрақұрылымын қалыптастыруда мемлекеттiк-жеке әрiптестiк ықпал еттi.
Шетелдердiң мысалы көрсеткендей, ұлттық парктерге келетiн туристер (мысалы, Кенияда, Америкада, Қытайда) онда жыл сайын 1 млн.-ға дейiн АҚШ долларын қалдырып кетедi. Қорықтарға, ұлттық парктерге тауарларды сату және ақылы қызмет көрсетулер есебiнен өз бетiнше ақша табуға рұқсат берiлген. Ұлттық парктер табатын қаржылық қаражат оларды дамытуға, сондай-ақ қорғау мен қалпына келтiру ic-шараларын жүргiзуге жұмсалады.
Осыдан шыға отырып, "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633
қаулысымен
Алматы қаласы мен Алматы облысында "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлдi.
Туристiк кластер жасаудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi туристiк индустрияны одан әрi дамыту стратегиясын айқындау мақсатында Қазақстан өңiрлерiнiң туристiк әлеуетiне маркетингтiк зерттеулер жүргiзу үшiн 65 млн. теңге көлемiнде қаржылай қаражат бөлдi. Аталған зерттеулердi жүргiзу үшiн стратегиялар әзiрлеуде және туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына туристiк өнiмдi жылжытуда көшбасылық орынды иеленушi "International consulting group оn tourism "IРК" (бұдан әрi - "IРК International") компаниясы тартылды.
Жүргiзiлген зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанның бәсекелiк артықшылықтары мен ұзақ мерзiмге арналған кластерлiк бастамалар ескерiле отырып, елдiң туристiк индустриясын дамыту стратегиясы жөнiнде ұсынымдар тұжырымдалды, бiрқатар жобаларды iске асыру көзделдi, олардың бiрi осы Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу болып табылады.
Жоғарыда аталған Жоспарды iске асыру шеңберiнде мынадай жұмыстар жүргiзiлдi:
туристiк сала Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 қыркүйектегi N 925
қаулысымен
бекiтiлген экономикалық қызметтiң басым түрлерi тiзбесiне енгiзiлдi, бұл әлеуеттi инвесторларға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды пайдалануға мүмкiндiк бередi;
бұрын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 ақпандағы N 196
қаулысымен
Қазақстан Республикасының резидент еместерi мен резиденттерiне арналып республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн 0,1 - 0,2 ең төмен есептiк көрсеткiш көлемiнде бiрыңғай төлем ставкалары белгiленедi;
Қазақстандық-ресейлiк үкiметаралық комиссиясының кезектi отырысында (2005 жылғы 18-19 қазан) хаттамалық шешiмге "Байқоңыр" ғарыш айлағында iшкi және сырттан келушiлер туризмiн дамыту жөнiндегi iс-шаралар енгiзiлдi;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi 2004 жылдан бастап Туризмнiң қосалқы шотын құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзiп келедi, сондай-ақ экономикалық қызмет түрлерi бойынша (ЭҚТЖ) және экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жөнiндегi (ЭҚТӨЖ) қолданыстағы жiктегiштерге өзгерiстер енгiзу туралы мәселе де пысықталуда;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның және Еуропа үшiн Дүниежүзiлiк туристiк ұйым комиссиясына мүше-елдердiң ұлттық туристiк әкiмшiлiктерiнiң қолдауымен 2006 жылғы 25-27 сәуiрде Алматы қаласында Тұрақты туризмдi дамыту мәселелерi жөнiндегi Еурокомиссияның 45-отырысы өткiзiлдi;
Дакар (Сенегал) қаласында 2005 жылы 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткен Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Бас ассамблеясының XVI отырысында 2007 жылы Қазақстанды Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Атқарушы Кеңесiнiң құрамына ұсыну туралы мәселе енгiзiлдi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2005 жылғы 20 маусымдағы N 220 бұйрығымен туризм саласындағы уәкiлеттi органның жанындағы туризм жөнiндегi сараптама кеңесi бекiтiлдi.
Қазақстан экономикасының орнықты дамуы, елдiң индустриялық-инновациялық дамуы жөнiндегi iс-шаралар кешенiн iске асыру шетелдiк капиталды белсендi түрде тартуға ықпал етедi. Сондықтан да туристiк индустрияны дамытуға шетелдiк және iшкi инвестицияларды тарту, орталық және өңiрлiк билiк деңгейлерiнiң iс-қимылын нақты үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында жоғары деңгейлi туристiк менеджмент қалыптастыру, жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңiстiгiн құру, қазақстандық турөнiмнiң сыртқы және iшкi нарыққа жылжуының тиiмдi жүйесiн әзiрлеу, инвестициялау және салық салу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл әзiрлену үстiндегi өңiрлiк шебер-жоспарлар шеңберiнде iске асыру жоспарланып отырған туризмнiң кластерлiк дамуының негiзгi бағыттары.
3.3. Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйi
Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сырттан келушiлер туризмiнiң барынша кең көлемi байқалады, бұл ретте iскерлiк туризм басым. Көрсетiлген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар туризмi дамыған.
Iшкi туризмнiң барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстарында байқалады.
Тұтастай алғанда, республика бойынша туризмнiң барлық түрлерiнен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетiлген
(5-қосымша)
. Бұл өңiрлердегi туристердiң сапар мақсаты негiзiнен iскерлiк және кәсiби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады.
2001 жылдан бастап, жергiлiктi атқарушы органдар саланы дамытуға қажеттi қаржылай қаражатты бөлiп келедi, алайда, талдау көрсеткенiндей, облыстардағы туристiк индустрияның дамуын тежеушi факторлардың бiрi жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн басымдықтардың бiрi ретiнде аталған салаға жеткiлiксiз назар аударуы болып табылады. Айталық, туризмдi дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлiк және республикалық бағдарламасын iске асыруға Солтүстiк Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында - 1,5 млн. теңге шегiнде бөлiндi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары) - 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды.
Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Республика бойынша туристердi орналастыру объектiлерiн пайдаланудан түскен кiрiс 2005 жылы 21156 млн. теңгенi құрады, аталған кәсiпорындар көрсеткен қызмет көлемi 17737,5 млн. теңге, оның iшiнде - мейрамханалары бар қонақ үйлер - 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 1533,3 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристiк базалар - 57,7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотiркемелердi қоюға арналған тұрақтарда көрсетiлетiн қызметтi қоса алғанда - 0,7 млн. теңге, қалған орналастыру объектiлерi - 218,8 млн. теңгенi құраған
(6-қосымша)
.
Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерiн 257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйiнде, пансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына "Сарыағаш" (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы), "Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), "Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2003 жылы туризм объектiлерiнiң негiзгi жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге, 2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция бөлiнген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдiстерiне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристiк индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткiлiксiз. Талдау көрсеткенiндей, елдiң инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристiк ұйымдардың қызметiн жүзеге асыруға 2003 жылы тек 139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге тартылған.
Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын (iскерлiк туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады.
Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.
Әуе көлiгi саласында
Халықаралық туризмдi дамытуға ықпал етушi негiзгi факторлардың бiрi жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазiргi уақытта республикаға алыс шетелдiң алты авиакомпаниясы ("КLМ", "Lufthansa", "British Airlinees", "Asiana Air Arabia", "Сhinа South Airlines", "Turkish Аirlinеs") тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы "Эйр Астана" Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстiк Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндiстан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.
Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.
Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлiгi қызмет көрсетулерiн 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған.
Сапарлардың басым көпшiлiгiнiң әуе көлiгiн пайдалану арқылы жүргiзiлетiнiн ескерсек, авиапарктi жаңарту, жолаушыларды әуе көлiгiмен тасымалдау географиясын кеңейту, туристiк ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
Темiр жол көлiгi саласында
Соңғы жылдары темiр жол көлiгi билет құнының қолжетiмдiлiгiне байланысты республика халқының негiзгi жол жүру құралына айналды.
Статистика деректерi бойынша, 2005 жылы темiр жол көлiгiн 87615 турист (10,27 процент) пайдаланған.
Қазақстан аумағы бойынша өзiмiзде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүрiп өтедi. Оның iшiнде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергiлiктi қатынаста - 49, мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық қатынаста - 3 поезд жүредi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерiнде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтедi.
Жолаушыларға темiр жол көлiгiнде сервистiк қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында бiрқатар iс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшiн ланч-бокстар құрудың технологиялық процесiнiң жобасы қарастырылуда, "ЖВ купе", "РИЦ купе" санатындағы вагондардың жолаушылары үшiн безендiрiлiп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзiрлендi.
Сонымен қатар "Жолаушылар тасымалы" акционерлiк қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейi халықаралық стандартқа сәйкес келмейдi. Вагон паркiнiң әбден тозуы және бiршама бөлiгiнiң ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттiлiгi жолаушылар тасымалының өзiн-өзi ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатындығымен түсiндiрiледi.
Автокөлiк саласында
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809
қаулысына
сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және туризмдi одан әрi дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгiзiлуiне байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi түрде пайдаланылып жүр:
1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
3. Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;
4. Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркiменстан шекарасы;
5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
6. Астана - Қостанай - Челябi - Екатеринбург.
Статистика деректерi бойынша 2005 жылы қалааралық автобустардың қызмет көрсетулерiн 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлiнген жолақта мынадай объектiлер жұмыс iстейдi: 925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.
Су көлiгi саласында
Каспий теңiзiндегi Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркiменстан, Әзiрбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен iшкi су жолдары бойынша қатынастар бар.
Шығыс Қазақстандық су жолдары республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристiк қызметке кiрiктiрiлген кемелер yшiн Өскемен мен Бұқтырма шлюздерi арқылы шлюздеу құнының 25 процентi мөлшерiнде жеңiлдетiлген тариф белгiледi. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздерi арқылы aз мөлшерлi флотты шлюздеу ұзындығы 10 м. дейiнгi кеменi - шлюздеу құнының - 10%-iмен және 10 метрден ұзын кеменi - шлюздеу құнының 20%-iмен жеңiлдетiлген тариф бойынша белгiленген кестемен жүргiзiледi. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсiпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.
Елдiң басқа да су артериялары туристiк мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде Еуропадан келген туристердiң Каспий теңiзi бассейнi аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмiнде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.
4. Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты - сырттан келушiлер туризмi және iшкi туризм көлемiн арттыру есебiнен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кiрiсiнiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бiрiншi кезектегi мiндеттер мыналар болып айқындалды:
туризм инфрақұрылымын дамыту;
туризмдi мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құру;
елдiң тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру;
туристiк әлеуеттi арттыру;
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
5. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
мен тетiгi
5.1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiн
дамыту
Бұл бағытта мынадай шараларды iске асыру қажет:
Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруiн ескере отырып, туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер жобасын әзiрлеу;
сырттан келушiлер туризмi мен iшкi туризмдi дамыту, көшi-қон, визалық және тiркеу рәсiмдерiн, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелерi жөнiндегi ұлттық заңнаманы жетiлдiру;
сырттан келушiлер және iшкi туризмдi дамыту үшiн инвестициялау және салық салу мәселелерi жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
туризм саласындағы статистикалық есеп пен есептiлiк жүйесiн жетiлдiру, Туризмнiң қосымша шотын (ТҚШ) ұлттық шоттар жүйесiне енгiзу;
туристiк саланың төлем теңгерiмiн қалыптастыру әдiстемесiн Дүниежүзiлiк туризм ұйымның ұсынымдарын және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып жетiлдiру;
шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасын кеңейту негiзiнде жандандыру;
туристiк және қонақ үйлiк қызмет көрсетулердiң сапасын техникалық реттеу жүйесiнiң белгiленген талаптарына сәйкес арттыру;
туризм саласындағы қызметтi мүдделi орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдар, сондай-ақ мемлекеттiк және жеке меншiк секторлар арасында үйлестiрудiң ең жоғары деңгейiн қамтамасыз ету;
туристiк менеджменттiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
туристiк инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттiк қолдауды және орталық пен жергiлiктi атқарушы органдардың осы бағыттағы iс-қимылдарын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
туристiк саладағы жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету.
Туризм инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерiн шешу үшiн мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
электр беру желiсiн жүргiзу;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесiнiң құрылысын салу;
телефон желiсiн төсеу немесе өткiзу және спутниктiк байланыспен қамтамасыз ету;
көлiк жолдарын салу және қайта салу.
Бiрiншi кезекте коммуникациялық жүйелердi Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлiнде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңiзi жағалауындағы (Кендiрлi ауданы), жағажай туризмi және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнiң орталығы - Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан қаласында қамтамасыз ету қажет.
Рекреациялық ресурстардың iрi шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасында санаторийлiк-курорттық iстi дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды iске асыруды талап етедi:
санаторийлiк-курорттық объектiлерге сертификаттау және жiктеу жүргiзу;
санаторийлiк-курорттық oбъектiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу;
санаторийлiк-курорттық мақсаттағы объектiлердiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету.
Туризм инфрақұрылымының жеткiлiксiз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулiлiгiн ескере отырып, мынадай өңiрлерде үш, екi жұлдызды санаттағы қонақ үйлер желiсi мен туркластар құрылысына бағытталған өңiрлiк деңгейдегi "Еурокемпинг" жобасын iске асыру шеңберiнде мейманханалар, қонақ үйлер мен мәтелдер, сондай-ақ кемпингтер желiсiн салудың бiрiншi кезектегi құрылысының басымдықтарын айқындау қажет:
Ақмола облысы - Көкшетау қ. Зерендi ауданының Зерендi к. және Щучинск қ.;
Алматы облысы - Текелi қ., Жаркент қ.;
Жамбыл облысы - Тараз қ. ("Тектұрмас") архитектуралық кешенiнiң аумағында), Байзақ ауданы ("Ақыртас") көне қалашығының аумағында), Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында.
Мынадай жерлерде туркласс санатындағы мейманханалар, қонақ үйлер мен кемпингтер желiсi құрылысын қамтамасыз еткен жөн:
Шығыс Қазақстан облысында - Алакөл және Марқакөл көлдерiнде, Бұқтырма су қоймасында;
Қызылорда облысында - Шымкент-Самарқан трассасы бойындағы Ұлы Жiбек Жолының учаскесiнде;
Атырау облысында - Сарайшық қалашығында;
Маңғыстау облысында - Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында;
Павлодар облысында - Баянауыл МҰТП аумағында.
Болжамдарды ескерсек, 2011 жылдың соңына қарай елде 368300 орынға арналған қонақ үйлер салу қажет.
Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай мәселелердi шешу қажет:
халықаралық бизнес-қоғамдастықтың Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерi туралы хабардарлығын арттыру және осы бағытта шетелдiк ұйымдармен, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджiн арттыру мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту;
туристiк-этнографиялық кешендер түрiндегi объектiлердiң құрылысы, бос уақытты өткiзу және ойын-сауық индустриясы желiсiн құру жөнiндегi жобаларды шетелдiк және отандық даму институттарының инвестициялауына жәрдемдесу;
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау қоры мен басқа да отандық даму институттарының мүмкiндiктерi мен ресурстарын тарту арқылы туристiк және жәдiгерлiк өнiм индустриясын құру және дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;
сырттан келушiлер туризмiн дамыту үшiн неғұрлым тартымды, әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн туристiк инфрақұрылым объектiлерi бар аудандар салудың өңiрлiк бас жоспарларын әзiрлеу;
киiз үйлер дайындайтын кәсiпорындарды қалпына келтiру және жаңаларын салу, ұлттық қолөнердi қайта жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу.
Инвестициялау институтын дамыту тиiмдiлiгi бұл бағытта жүйелi мемлекеттiк саясат жүргiзуге және туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi мемлекеттiк, жекеше және туристiк қоғамдық ұйымдардың күш-жiгерiн шоғырландыруға байланысты болады.
2007-2008 жылдары әзiрленген шебер-жоспарлар негiзiнде Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында туристiк кластерлер құру және оны дамыту жөнiнде iс-шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның әлеуетi туристiк мақсатта iс жүзiнде елдiң барлық өңiрiн пайдалануға мүмкiндiк бере алатындықтан, экономикалық орындылығын ескере отырып, сонымен қатар басқа да әлеуеттi өңiрлерде шебер-жоспарлар жасаудың мүмкiндiгiн қарау қажет. Бұл ретте оларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қажеттi деңгейде қаржыландыруды қамтамасыз етуге айрықша назар аударған жөн.
5.2. Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және
iлгерiлеуi
Ұлттық турөнiмнiң маркетингiн және iлгерiлеуiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан белгiлi халықаралық туристiк көрмелерге белсендi қатысып келедi және осындай iс-шаралардың республикада жыл сайын өткiзiлуiн ұйымдастырады.
Елдi әлемдiк туристiк нарыққа iлгерiлету мақсатында Қазақстан Республикасының тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды одан әрi жүзеге асыру қажет.
Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясын iске асыру және Қазақстанды туризм елi ретiнде алға жылжыту шеңберiнде мынадай шаралар қабылдау қажет:
туризмнiң экономикалық көрсеткiштерi өсiмiн қамтамасыз етудiң жаңа бағыттарын қалыптастыру және оны кең ауқымды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
халықаралық маңызы бар "белсендi" туристiк жобалар әзiрлеу және оны iске асыру;
көлiк инфрақұрылымын және туристiк қызмет көрсетулер нарығын дамыту;
халықаралық экономикалық ұйымдар мен одақтарға қатысу арқылы елдiң туризм саласындағы жаһандық экономикаға енуi;
елдiң еуразиялық тарихи даму факторын және қазақстандық қоғамның көпұлтты, көпконфессиялы және мультимәдени сипатын, оның құндылықтарын, дәстүрлерiн, асханасын, өнерiн, Қазақстан халықтары ассамблеясын, республиканың мәдени және ғылыми күштерiн тарта отырып, белсендi пайдалану;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйым, ЮНЕСКО (Бiлiм беру, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы), БҰҰДБ (Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы), Дүниежүзiлiк Банк, Азия Даму Банкi, Ислам Даму Банкi сияқты халықаралық ұйымдарды және отандық даму институттарын тарта отырып, Қазақстанды әйгiлендiру және шетелдiк жұртшылық өкiлдерiн оның әкiмшiлiк және мәдени-тарихи орталықтарымен таныстырудың пәрмендi тетiгiн әзiрлеу;
Қазақстан Республикасындағы туризмнiң мамандандырылған түрлерiн дамыту жоспарын әзiрлеу;
"Атамекен" этномемориалдық кешенi секiлдi өңiрлiк деңгейде тақырыптық парктер салу мәселесiн пысықтау;
туристiк қызмет көрсетулердiң iшкi және сыртқы нарығында қазақстандық турөнiмдi тиiмдi жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету.
5.3. Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен - халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады.
Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер, түрлi тарихи кезеңдерде Қазақстан аумағына орын тепкен халықтардың мәдени және этникалық мұрасы құрайды.
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды тұлға мәртебесiндегi ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2005 жылы 391,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристiк топтардың келуiнен түскен кiрiс 2005 жылы 9,1 млн. теңгенi құраған.
Алайда экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты.
Қазақстандағы экологиялық туризмнiң экономикалық әлеуетi iс жүзiнде шектелмеген, алайда оны қалыптастыру мен дамыту елеулi капитал салымы мен шығындарды қажет етедi. Экологиялық туризмге қажеттi инфрақұрылым жасау туристер үшiн табиғаттың бiрегей жерлерiнiң тартымдылығын және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Шығыс Қазақстан облысындағы Мұзтау тауы маңындағы Рахманов бұлақтары туристiк кешенiнiң құрылысы, Алматы облысындағы тау шаңғысы курорттарының желiсiн құру және басқалары сияқты экологиялық туризм объектiлерi бойынша инвестициялық жобаларды iске асыру мақсатында инвестициялар мен жеке капитал тарту үшiн жағдайлар жасау қажет.
Осы процестi жандандыруға бағытталған шаралар мыналар болып табылады:
ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық туризмнiң инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттiк табиғи резерваттардың техникалық-экономикалық негiздемесiн, инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын әзiрлеу бөлiгiнде түзету;
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлiгiнде дамыту;
Қазақстан бекiткен конвенциялар бойынша биологиялық әркелкiлiктi сақтау және дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұраны қорғау бөлiгiндегi мiндеттемелердi орындау.
Сонымен қатар Бүкiләлемдiк экологиялық саммитте 2002 жылғы мамырда қабылданған экологиялық туризмдi дамыту мәселелерi жөнiндегi Квебек декларациясының ұсынымдарын iске асыруды қамтамасыз ету қажет:
табиғатты, жергiлiктi мәдениеттi қорғауды және жергiлiктi халықпен, жеке сектормен, үкiметтiк емес ұйымдармен серiктестiкте ұлттық дәстүрлер мен генетикалық ресурстарды сақтау жөнiндегi шараларды ескере отырып, экотуризмдi дамыту жөнiндегi ұлттық, өңiрлiк және жергiлiктi саясатты тұжырымдау;
табиғи ортаға керi әсер етудiң алдын алу үшiн пәрмендi тетiктер әзiрлеу;
шағын және орта бизнес өкiлдерi үшiн техникалық, қаржылық және адами ресурстарды дамытуға қолдау жасауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау саласында үкiметтiк және үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Аталған ұсынымдарды орындау мен қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризм ерекше қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, халықтың өзiндiк мәдениетi және дәстүрлерiмен үйлесiмдiлiкте сирек кездесетiн жануарлар мен өсiмдiктердi сақтау, сондай-ақ турлардың географиясын үнемi кеңейтiп тұру Қазақстанда туризмнiң осы түрiнiң табысты дамуын батыл болжамдауға мүмкiндiк бередi.
5.4. Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi - iшкi туризмдi
дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн
қалаушы факторлардың бiрi
Бала жастан туризмнiң әр түрiмен айналысу азаматтық сезiмге, туристiк мәдениетке және қонақжайлылыққа тәрбиелеуге мүмкiндiк бередi, iске асыру кезiнде туризм экономиканың пәрмендi секторы ретiнде табиғат пен қоғам үшiн ең төмен салдарлар әкеле отырып, мемлекеттiң тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететiн болады.
Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi туризмнiң белсендi түрi бола отырып:
өскелең ұрпақты табиғатпен байланыстыру арқылы оны салауатты өмiр салтына баулуға, жiгер мен руханилыққа тәрбиелеуге;
туған өлкенi iс-жүзiнде тануға, қоршаған ортамен, тарих және мәдениет ескерткiштерiмен танысуға ықпал етедi.
Балалар мен жасөспiрiмдер (мектеп жасындағы) туризмiн дамытуды мектептiк бiлiм беру жүйесiндегi он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiн қалпына келтiру, көптеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын уақыт талабына сәйкес жаңарту арқылы кешендi түрде жүргiзу қажет:
оқу бағдарламаларының тақырыптық жоспарларына туристiк техника мен дайындық, Қазақстанның тарихи объектiлерiн, бiрегей табиғи ескерткiштерi бiлiмдерiн, жердi бағдарлау және карта бойынша бағдарлау дағдыларын қалыптастыру жөнiнде сабақтар енгiзу арқылы туристiк бiлiмнiң жалпы бiлiм беру деңгейiн жетiлдiру;
балалар мен жасөспiрiмдердiң мектептен тыс туристiк мекемелерiнiң желiсiн: балалар мен жасөспiрiмдер туризмi станцияларын республикалық буыннан аудандық буынға дейiн, туристiк клубтарды, балаларға арналған туристiк базаларды қалыпқа келтiру және кеңейту.
"Менiң Отаным - Қазақстан" жобасын iске асыруға, сондай-ақ туризмнiң белсендi түрлерiн ұйымдастыру кезiнде гидтер және экскурсияшылар ретiнде жастарды кеңiнен тартуды қамтамасыз ету.
5.5. Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жүйесi және туризм саласын ғылыми-әдiстемелiк
қамтамасыз ету
Туристiк кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшiн мыналарды орындау қажет:
Халықаралық тәжiрибеге сәйкес Дүниежүзiлiк туристiк ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды "Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктегiшi" ҚРМЖ08-2004 Мемлекеттiк жiктегiшке енгiзу;
туристiк сала үшiн кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристiк бiлiм беру сапасының "WTO - Теd Qual" сертификатын енгiзу;
республикада ғылыми-практикалық конференциялар өткiзудi және кадр дайындау мен туристiк индустрияны дамытудың негiзгi мәселелерi жөнiндегi халықаралық туристiк iс-шараларға Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру;
туристiк кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшiн оқу бағдарламаларын, оқу-әдiстемелiк құралдарды, оқулықтар мен көрнекi материалдарды әзiрлеуге қатысу;
гидтар, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристiк индустрия мамандарын, оның iшiнде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттiк ұлттық парктер үшiн, оқытып-үйрету семинарлары мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын тұрақты негiзде жүргiзу;
Еуропа бiлiм беру қорымен халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде дайындалған "Туризм саласындағы ұлттық бiлiктiлiк құрылымы" (ҰБҚ) пилоттық жобасын iске асыруды және Алматы қаласында ҰБҚ әзiрлеу жөнiндегi Үйлестiру орталығын және орталықазиялық өңiр елдерi үшiн басқа да бiрлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру.
Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристiк саланы дамыту жөнiндегi маңызды шаралардың бiрi оның ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдiстемелiк базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секiлдi әлемнiң дамыған елдерiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнiң даму болашағын зерттеу және болжамдау жөнiндегi орталықтар бар.
5.6. Туризмдi ақпараттық қамтамасыз ету
"IРК International" компаниясының Қазақстанның туристiк әлеуетiн бағалау бойынша жүргiзген зерттеулерiнiң қорытындысы және оны ұзақ мерзiмдi кезеңге одан әрi дамыту жөнiндегi ұсынымдары туристiк саланы одан әрi дамыту мақсатында әлемдiк практикада пайдаланылатын жаңа технологияларды қолдана отырып, дамуды ақпараттық көрсетудiң жүйелi тұжырымдамасын жасауды көздейдi. Бүгiнгi таңда жаhандану, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу ғасырында аталған мәселенi шешуге жаңа қағидат қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерi туралы барлық қажеттi ақпаратты, оның iшiнде туризм объектiлерi, авиа билеттер мен қонақ үйлердегi орындарды брондау, клиенттiң тiлегi бойынша туристiк қызмет көрсетулер пакетiн қалыптастыру туралы барлық қажеттi ақпаратты тұрақты негiзде ұсынып отыруға мүмкiндiк бередi. Әлемдiк туризмде виртуалды туризм деп аталатын бағыт пайда болды. Толыққанды ақпарат алу мен оны әлемнiң кез келген нүктесiндегi әлеуеттi туристке дейiн жеткiзуде қазiргi заманғы технологиялар мүмкiндiгi бiрегей де теңдессiз. Бұл ретте ақпараттық орталықтардың мүмкiндiгi туристiк қызмет көрсетулер нарығын дамытуды мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi шаралары ретiнде пайдаланылады.
Мұндай орталықтар туризм жай-күйiнiң көрсеткiштерi мен оның дамуының әлеуеттi мүмкiндiктерiн жүйелеу, туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығындағы отандық туристiк өнiмнің тұтынылуы үшiн сұраныстарды зерделеу мен ұсыныстар қалыптастыру, туризм индустриясына жаңа технологиялар мен ғылыми әзiрлемелер енгiзу, мемлекеттiң тартымды туристiк имиджiн нығайту мақсатында iрi халықаралық iс-шаралар мен форумдар ұйымдастыру жөнiнде қарқынды жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Туристiк саланы ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет:
"Ақпараттық туристiк орталық" акционерлiк қоғамын құру;
қажеттi көлiк жолдарының, инженерлiк және инфрақұрылымдық объектiлердiң болуын ескере отырып, ел өңiрлерi бойынша туристiк индустрия мониторингiнiң тетiгiн әзiрлеу;
ұқсас халықаралық желiлермен одан әрi оны кiрiктiру мақсатында Қазақстан аумағында бiртұтас туристiк-ақпараттық желi құру;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның ресми тiлдерiнде берiлетiн қажеттi ақпаратты орналастыра отырып, елдiң туристiк әлеуетi, Қазақстанның мәдениетi мен тарихы, туристiк ұйымдар мен қонақ үйлiк қызмет көрсетулер, көлiктiк коммуникациялар мен байланыс, виза алу тәртiбi, тiркеу және әкiмшiлiк рәсiмдерi туралы жаңартылып отыратын деректер банкi бар бiртұтас Интернет-портал ашу.
Сонымен қатар Қазақстанның тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру мақсатында шетелдiк, республикалық және өңiрлiк жетекшi бұқаралық ақпарат құралдарында кең ақпараттық-жарнамалық науқанды қамтамасыз ету қажет. Мiндеттiң маңыздылығын ескере отырып, тиiстi мемлекеттiк тапсырысты орналастыру арқылы Қазақстан Республикасында туризмдi дамытуды жүйелiк ақпараттық қамтамасыз ету практикасын пайдаланған жөн.
Сонымен қатар, Германияда, Францияда, Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда және АҚШ-та туристiк ақпараттық орталықтар ашу жоспарланып отыр.
5.7. Туристер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Туризмдi дамытудың негiзiн қалаушы шарттардың бiрi оны туристер үшiн қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету болып табылады. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Дүниежүзiлiк туристiк ұйым Бас ассамблеясының София қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен VI сессиясында мақұлданған Туризм хартиясында, Сантьяго қаласында (Чили) 1999 жылғы 1 қазанда қабылданған Этикалық туристiк кодексте жарияланды.
Туристiң қауiпсiздiгi мемлекеттiң саясатына, туроператорлар мен турагенттердiң турларды ұйымдастыру кезiнде қабылдайтын шараларына тiкелей байланысты. Террорлық актiлердiң, iндет пен техногендiк сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсiп отырған жағдайында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi өткiр қойылып отыр.
Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет:
туристiк кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөнiндегi туроператорлар мен турагенттердiң қызметiнде қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нормалардың, ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселесiн пысықтау;
туристiк ортаны қорғау және күзету;
қорғану және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша халықты және туристердi ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестiкке және адам саудасына, әйелдер мен балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргiзу;
Қазақстанға туристiк және өзге де көшi-қон ағындарының кiрiп кету, оның iшiнде туристiң атын жамылған экстремистердiң "ыстық нүктелерге" өтiп кету мүмкiндiгiнiң алдын-алу үшiн бақылауды күшейту;
облыстар мен Астана және Алматы қалаларында туристерге көмек ретiнде "hot line" режимiндегi телефондық ақпараттық қызмет құру.
5.8. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектiсi Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен (ЮНДТҰ) өзара iс-қимыл болып табылады. Қазақстан ЮНДТҰ өткiзетiн iс-шараларға белсендi түрде қатысады. Туризмдi дамытудағы және әлемдiк туристiк қоғамдастық елдерi арасында ынтымақтастық орнатуда бұл ұйымның рөлiне баға жетпейдi және оның үстiне ЮНДТҰ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының арнаулы мекемесi болып аталған ұйымның өз кезегiнде әлемдегi туризмдi белсендi алға жылжыту мен тұрақты дамыту жөнiндегi позициясын күшейтiп отырған кезде оның барлық мүшелерi үшiн маңызды.
Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен ынтымақтастық шеңберiнде Қазақстанға 1997 жылы елдiң туристiк әлеуетiн алдын-ала зерттеуде техникалық көмек көрсетiлдi, ол Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының негiзi болды. Республикада "Экологиялық туризм - ТМД, Қытай және Монғолия елдерiнiң өтпелi экономикасы үшiн тұрақты даму құралы", "Әлемдiк туризмнiң даму үрдiстерi мен әдiстемелерi" атты ЮНДТҰ-ның өңiрлiк семинарлары өткiзiлдi.
Халықаралық туризмдi дамытудағы басты бағыттар халықаралық туристiк байланыстарды кеңейту және туризм саласындағы үкiметаралық келiсiмдердi iске асыру болып табылады.
Бұл ретте:
туризм саласындағы бұрын жасалған үкiметаралық келiсiмдердiң iске асырылуын қамтамасыз ету;
республикаға келетiн негiзгi туристiк ағынға күш берiп отыратын елдердегi Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң жанынан туристiк өкiлдiктер ашу жөнiндегi мәселенi пысықтау;
Қазақстанда iрi халықаралық форумдар, саммиттер, конференциялар мен семинарлар өткiзуге бастамашылық ету және өтуiн қамтамасыз ету;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйым Бас ассамблеясының XVIII сессиясын 2009 жылы Астана қаласында өткiзу мәселесiн пысықтау;
iргелес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастық шеңберiнде туристер үшiн бiрлескен туристiк бағдарлар ұйымдастыру және шекара, кеден бақылауының оңайлатылған рәсiмдерiн енгiзу жөнiнде жұмыс жүргiзу;
трансшекаралық туристiк бағдарларды дамыту жөнiнде Орталық Азия мемлекеттерiмен, бiрiншi кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөл өңiрiмен өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Атқарушы Кеңесiне 2007 жылы Қазақстанды шығару жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.
5.9. Халықаралық маңызы бар "белсенді" жобаларды іске асыру
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.
Түрлі еуропалық және азиялық нарықтардағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:
тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;
"Қазақстан" сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;
еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі нақты болашақта шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін көрсетті.
Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік өнімдері "Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейін" бағдары бойынша саяхатқа шығуды көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.
Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2011 жылдары үш басымдықты туристік нарық айқындалды:
1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай.
2. Франция, Жапония.
3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.
Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.
Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай "белсенді" жобаларды іске асыруға беріледі:
1. Алматы қаласын және Алматы облысын дамыту:
дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер құру мен дамытудың шебер-жоспарлары шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Қапшағай қаласында Диснейленд-парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;
iлеспелi қызмет көрсетулер саласын қалыптастыру мақсатында "Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы" АҚ жанындағы инфрақұрылымды одан әрi дамыту үшiн жағдайлар жасау.
2. Астана қаласын және Ақмола облысын дамыту:
Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ойын-сауық индустриясын қоса алғанда, iлеспелi қызмет көрсетулер саласын дамыту үшiн жағдайлар жасау;
"Бурабай" ұлттық табиғи паркiнде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамыту;
Ақмола облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км қашықтықта) Перғауындар ауылы (Мысыр), "От-бос" кешенi (Квебек, Канада) тақылеттес сақтардың көшпелi тұрмысын, олардың өзiндiк мәдениетi мен дәстүрлерiн әйгiлеуге бағытталған "Шеберлер сарайы" деп аталатын көрме орталығы бар "Шебер ауылы" этнографиялық кешенiн салу.
Ақмола облысының Щучье ауданында "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу.
Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.02.11.
N 735
Жарлығымен.
3. Жiбек жолы бойында туризмдi дамыту:
Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелiк артықшылығы Жiбек жолының қазақстандық бөлiгiнiң бiрегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелiлердiң тарихи-мәдени мұрасымен әрi көне қалалар халықтарының мәдениетiмен үйлесiм тапқан құрама турлар болып келуiнде.
Аталған жобаны iске асыру үшiн мыналар жоспарланып отыр:
"Жiбек жолы меруертi" халықаралық туристiк пойызын ұйымдастыру жөнiндегi жобаның бiрiншi кезеңiн Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарқанд - Үргенiш - Бiшкек - Рыбачье - Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары жүзеге асыру;
"Жiбек жолы меруертi" халықаралық туристiк пойызын ұйымдастыру жөнiндегi жобаның екiншi кезеңiн Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнiнде мемлекетаралық келiссөздер жүргiзу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейiн ұзартуды қамтитын үшiншi кезеңiн iске асыруға дайындау;
"Қорғас" және "Достық" шекара пункттерiнен Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласына дейiн жол бойы инфрақұрылымының объектiлерiн көрсете отырып жол картасын жасау;
Түркiстан қаласында, оның iшiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзiлiк туристiк ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы) өңiрлiк бағдарламасының "Жiбек жолы: өңiрлiк ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуеттi нығайту" халықаралық жобасын iске асыру шеңберiнде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желiсiн салу және оларды дамыту;
Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшiн туристiк визаларды өзара тану және одан әрi бiрыңғай туристiк виза енгiзу мәселелерiн шешу жөнiндегi мемлекетаралық келiссөздер процесiн, оның iшiнде аталған ұйымдар қызметiнiң шеңберiнде жандандыру.
4. Каспий теңiзiнде жағажай және круиз туризмiн дамыту:
Жобаны iске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
Каспий теңiзi бойынша Ақтау - Астрахань (Ресей) - Махачкала (Дағыстан) - Баку (Әзiрбайжан) - Энзели (Иран) - Түркменбаши (Түрiкменстан) - Ақтау халықаралық круизiн дайындау және оны ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
жағажай туризмiн дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөнiндегi мәселенi пысықтау мақсатында Кендiрлi демалыс аймағын жайластыру.
5. "Қазақстан - ғаламшардың бiрiншi ғарыш айлағы" жобасының шеңберiнде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмiн дамыту үшiн жағдайлар жасау.
Жобаны iске асыру 2008 жылдың соңына дейiн жаңа технологияларды (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды басқарудың шағын орталықтары, кәдесыйлар сататын сауда орталығы және т.б. құру) пайдалана отырып Байқоңыр қаласының маңында ойын-сауық индустриясы бар туристiк кешен құрылысын салу жөнiндегi мәселелердi пысықтауды көздейдi.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
2007-2011 жылдары Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы 59318221 мың.теңгенi құрайды, оның iшiнде:
2007 жылы - 2329668 мың теңге; 2008 жылы - 20637405 мың теңге; 2009 жылы - 30635357 мың теңге; 2010 жылы - 2774656 мың теңге; 2011 жылы - 2941135 мың теңге.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi бюджеттiк қаражат көлемi тиiстi жылға республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Жергiлiктi бюджеттер есебiнен өңiрлiк деңгейде өткiзiлетiн туризмдi дамыту жөнiндегi iс-шаралар қаржыландырылуы мүмкiн.
7. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
және оның көрсеткiштерi
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысында туристер ағынының тұрақты өсiмiн былайша қамтамасыз ету көзделедi:
бiрiншi кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
iшкi туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2009 жылы 4,0 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2009 жылы 6,0 млн. туристке дейiн.
екiншi кезеңде (2010-2011 жылдар):
iшкi туризм бойынша 2010 жылғы 4,1 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2010 жылғы 7,0 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн. туристке дейiн
(7-қосымша)
.
Шартты түрде орта есеппен бiр шетелдiк турист өзiнiң болуы уақытында бюджетке 63500-гe жуық теңге әкелсе, 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы дейiнгi кезеңде сырттан келушiлер туризмiнен бюджетке түсетiн түсiм 603250 млн. теңгенi құрайды.
Сырттан келушiлер туризмi есебiнен сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейiн қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген шаралар кешенiн iске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушiлердiң де есебiнен одан әрi көбейтуге жәрдем ететiн болады. Ақырғы қорытындысында бұл ұлттық турөнiмнiң тартымдылығын елеулi арттыруға әкеледi және Қазақстанның қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы шеңберiнде халықаралық кәсiпкерлiк пен әскери ынтымақтастықтың маңызды саласы ретiнде әлемдiк туристiк нарыққа кiруiне жәрдем ететiн болады. Мемлекет экономикасының шикiзаттық емес секторы iшiндегi бiршама кiрiстi саласына айналуға мүмкiндiгi бар, дамыған бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның орталықазиялық өңiрдiң туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкiндiктер жасалады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасына
1-ҚОСЫМША
Туристік қызметтің
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ (2005 жыл)
|
Кәсіпорындар, бірліктер саны |
||||
барлығы |
Оның ішінде |
||||
туристік фирмалар |
туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер |
орналастыру нысандары |
келушілердіорналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер |
||
Қазақстан Республикасы |
1424 |
846 |
30 |
385 |
163 |
Ақмола |
44 |
16 |
5 |
15 |
8 |
Ақтөбе |
52 |
20 |
|
23 |
9 |
Алматы |
71 |
30 |
3 |
20 |
18 |
Атырау |
63 |
22 |
|
38 |
3 |
Шығыс Қазақстан |
124 |
34 |
2 |
55 |
33 |
Жамбыл |
33 |
11 |
|
10 |
12 |
Батыс Қазақстан |
19 |
6 |
5 |
8 |
|
Қарағанды |
122 |
46 |
5 |
45 |
26 |
Қостанай |
27 |
10 |
|
10 |
7 |
Қызылорда |
28 |
3 |
1 |
12 |
12 |
Маңғыстау |
28 |
15 |
|
12 |
1 |
Павлодар |
55 |
23 |
|
31 |
1 |
Солтүстік Қазақстан |
30 |
15 |
|
10 |
5 |
Оңтүстік Қазақстан |
44 |
16 |
1 |
18 |
9 |
Астана |
79 |
28 |
4 |
36 |
11 |
Алматы |
605 |
551 |
4 |
42 |
8 |
кестенің жалғасы:
Көрсетілген қызмет жұмысының көлемі, мың теңге |
||||
барлығы |
Оның ішінде |
|||
|
туристік фирмалар |
туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер |
орналастыру нысандары |
келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер |
24516807,1 |
3208760,1 |
146330,2 |
20767394,1 |
394322,7 |
213882,9 |
9281,2 |
5504,4 |
192064,3 |
7033,0 |
698463,3 |
31296,7 |
|
659172,4 |
7994,2 |
425202,2 |
69062,7 |
9591,0 |
238230,0 |
108318,5 |
2502050,0 |
187782,0 |
|
2309704,0 |
4564,0 |
684646,8 |
19356,0 |
304,0 |
596028,1 |
68958,7 |
155354,4 |
7494,0 |
|
139371,4 |
8489,0 |
624549,6 |
73683,8 |
58463,8 |
492402,0 |
|
1161009,1 |
47226,9 |
52209,9 |
967875,8 |
93696,5 |
137316,8 |
8681,0 |
|
123577,4 |
5058,4 |
176425,8 |
6821,2 |
550,3 |
147641,5 |
21412,8 |
1442290,0 |
75772,0 |
|
1366413,0 |
105,0 |
360478,1 |
15322,7 |
|
344993,9 |
161,5 |
196155,6 |
40227,0 |
|
151286,3 |
4642,3 |
236310,2 |
14808,2 |
2065,8 |
215644,0 |
3792,2 |
4468011,3 |
1278246,7 |
15653,0 |
3129741,1 |
44370,5 |
11034661,0 |
1323698,0 |
1988,0 |
9693248,9 |
15726,1 |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасына
2-ҚОСЫМША
Туристік индустрияның
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ (2005 жыл)
|
Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны, мың адам |
|||
барлығы |
оның ішінде |
|||
кіріс |
шығыс |
ішкі |
||
Барлығы: |
10649,0 |
4365,0 |
3004,0 |
3280,0 |
оның ішінде: |
|
|
|
|
туристік ұйымдар |
456,1 |
40,4 |
218,0 |
197,7 |
орналастыру объектілері |
1361,3 |
264,2 |
|
1097,1 |
санаторийлік-курорттық мекемелер |
209,6 |
69,0 |
|
140,6 |
айрықша қорғалатын табиғи аумақтар |
391,6 |
130,4 |
|
261,2 |
мәдениет мекемелері |
2412,0 |
828,6 |
|
1583,4 |
кестенің жалғасы:
|
Туристік қызметтен түскен кіріс, млн. теңге |
Бюджетке түскен қаржы, млн.теңге |
Барлығы: |
30553,4 |
6526,5 |
оның ішінде: |
|
|
туристік ұйымдар |
5902,6 |
554,6 |
орналастыру объектілері |
23153,5 |
5317,5 |
санаторийлік-курорттық мекемелер |
256,0 |
532,6 |
айрықша қорғалатын табиғи аумақтар |
9,1 |
2,2 |
мәдениет мекемелері |
1232,2 |
119,6 |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасына
3-ҚОСЫМША
Қазақстандағы резидент еместердің және
шетелдердегі резиденттердің шығыстары көлемінің
КӨРСЕТКІШТЕРІ
(млн. АҚШ долл.)
ҚР Ұлттық Банкінің "Сапарлар" бабы бойынша
төлем теңгерімінің деректері
3-қосымшаның диаграммасын қағаз мәтіннен қараңыз
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасындағы туризм түрлері бойынша
туристік ағын көлемінің
ӨСУ СЕРПІНІ (мың. адам.)
Туристік ағын көлемінің өсу серпіні
4-қосымшаның диаграммасын қағаз мәтіннен қараңыз
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасына
5-ҚОСЫМША
Облыстар тұрғысынан туризм түрлері бойынша қызмет
көрсетілген келушілер саны
|
Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны |
|||
барлығы |
оның ішінде |
|||
сырттан келушілер |
сыртқа шығушылар |
ішкі |
||
Қазақстан Республикасы |
1817402 |
304664 |
217961 |
1294777 |
Ақмола |
58529 |
1377 |
480 |
56672 |
Ақтөбе |
63733 |
9222 |
4765 |
49746 |
Алматы |
152593 |
971 |
32080 |
119542 |
Атырау |
91883 |
30963 |
5122 |
55798 |
Шығыс Қазақстан |
168320 |
8434 |
3200 |
156686 |
Жамбыл |
40101 |
2204 |
4416 |
33481 |
Батыс Қазақстан |
36498 |
6333 |
7905 |
22260 |
Қарағанды |
161477 |
14387 |
14164 |
132926 |
Қостанай |
39148 |
4482 |
2424 |
32242 |
Қызылорда |
15141 |
2020 |
746 |
12375 |
Маңғыстау |
59050 |
8203 |
2487 |
48360 |
Павлодар |
60353 |
2626 |
2900 |
54827 |
Солтүстік Қазақстан |
53843 |
6237 |
8911 |
38695 |
Оңтүстік Қазақстан |
55020 |
4172 |
1217 |
49631 |
Астана |
251432 |
31900 |
31783 |
187749 |
Алматы |
510281 |
171133 |
95361 |
243787 |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасына
6-ҚОСЫМША
Өндірілген өнім (жұмыстар мен қызмет көрсетулер)
КӨЛЕМІ (млн. теңгеде)
|
2003 ж. |
2004 ж. |
2005 ж. |
БАРЛЫҒЫ
|
9055,0 |
22386,9 |
29944,0 |
Туристік фирмалар |
2926,2 |
3204,2 |
5028,0 |
Қысқа мерзімде тұруға арналған қонақ үйлер және басқа да орындар, оның ішінде: |
2181,4 |
14530,7 |
17737,5 |
мейрамханалары бар қонақ үйлер |
1547,5 |
12886,4 |
15927,0 |
мейрамханалары жоқ қонақ үйлер |
524,4 |
1297,5 |
1533,3 |
жастар туристік лагерлері және таулы туристік базалар |
33,5 |
41,4 |
57,7 |
кемпингтер |
- |
148,9 |
0,7 |
басқа да тұрғылықты жерлер |
76,0 |
156,5 |
218,8 |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасына
7-ҚОСЫМША
Туризмнің басым түрлері бойынша туристік ағынның арту
БОЛЖАМЫ
Туризмнің басым түрлері бойынша туристік
ағынның арту болжамы (мың адам)
7-қосымшаның диаграммасын қағаз мәтіннен қараңыз