Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      және республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      Ескерту. Мәтіндегі "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі", "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2009.02.24. N 748 Жарлығымен.

      Агроөнеркәсіптік секторды тиімді дамытуды ынталандыру және оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрсын;

      2) екі апта мерзімде:

      "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды;

      акцияларының мемлекеттік пакеттері "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітсін;

      3) үш ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;

      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті