Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығы

Қолданыстағы

 Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      Агроөнеркәсіптік секторды тиімді дамытуды ынталандыру және оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ) құрсын;
      2) екі апта мерзімде:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды;
      акцияларының мемлекеттік пакеттері "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітсін;
      3) үш ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті